тырбасыдай мәрт болсын!» «– Бәйдібек батырдың аруағы қолдасын!» «–
Домалақ анамыз жар болсын!» – десіпті. Сөйтіп, шілдехана тойға ұласыпты.
Той соңында Имаш атам алақан жайып, ел қарияларынан бата сұраған
екен.
Жарық дүниеге келгеніме екі-үш ай болғанда, шешем мені күн көзіне шыға-
рып, Имаш атамның алдына әкеліпті. Атам ерте көктем алдында ағаш
отырғызып жүр екен. «– Атасының қолын ұзартып, қолғабыс беруге келді,» –
депті. Атасымен алғашқы дидарласуының құрметіне деп, алғашқы өсиет өмір-
лік өнеге болсын деп, әкем сол күні кешке мал сойып, ауыл ақсақалдарының ба-
сын қайта қосыпты
Мен туғанда әкем елуді еңсеріп қалған кісі екен. Әжем жарықтық әкемді ба-
лаларымның ішіндегі еті тірісі осы болды деп отырар еді. Әкем өз бетінше тал-
пынып жүріп, ескіше сауатын ашып алыпты, өз бетінше оқып-тоқыған адам. Ол
есеп-қисапты, орыс алфавитін де білетін. Жас күнінде ағаш ұста болыпты,
етікші де атаныпты, тәуіпшілдігі де бар екен. Әсіресе зергерлікті жақсы
көрген. Біздің елде одан өткен зергер ұста болмаған. Жігіт күйінде қыз-келін-
шектің көңілін аулау амалымен үйренген зергерлік өнерін әкем қартайғанда та-
стамаған.
Әкем өз жанынан өлең шығарып, жиын-тойда айтысқа да түсіп жүріпті.
Ескі ақын-жыраулардың термелерін, қиссаларын жақсы көріп тыңдайтын. Бірақ
жатқа айта алмаушы еді.
Имаш бабамның көзі тірісінің өзінде біздің шағын ауылды «Момыш ауылы»
дейді екен. Жас кезінде әкемді әйелдер жағы «Молда бала» дейді екен, кейін
«Ұста бала» дейтін болыпты. Ал әжем оны «Қара қатпа», «Тарамыс» деп те
атайтын. Сол күштілігіне бола атаса керек.
Ертексіз өскен бала - рухани мүгедек адам.
Үбиан әпкесі биікке бой создырып ойнатады, ал ортаншы әпкесі Әлиман ой-
нап жүріп, қораға қамап кетеді. Ал көкесі оны оң алақанына тұрғызып, арлы-
берлі жүретін, ескі түлкі тымаққа отырғызып қойып, керегеге ілген екен, дуана
келеді деп қорқытады екен.
|