Күзде оқу басталып, жеті менен он жастың аралығындағы өңшең
бірөңкей балалар бірінші класқа бардық, Иманжанов күн сайын үйінен
әкелген қағазды бір-бір парақтан үлестіріп беріп, әріптерді үйрете баста-
ды.
Майдандағы әке-ағамызға хат жазу бәріміздің де көкейіміздегі асыл арма-
нымыз еді. Сонымызды сезгендей Иманжанов та бізге тезірек хат танытуға
бар күшін салып бақты. Сөйтіп, бас-аяғы бірер айдың ішінде әріптерді тегіс
жаттап, бірлі-жарым сөздерді құрап, жаза алатындай халге жеттік. Ал Аян
болса кәдімгідей: «Аса жаннан артық көретін аға…» деп бастап, хат жазатын
болды.
«Хат жазуды үйретші,» – деп жата жабысатынбыз, сөйте-сөйте хат жазуды
бәріміз де үйрендік. Енді біздің ауылдан күніне майданға сөзі де, мазмұны
да, кейде тіпті кісі аттары бірдей жиырма-отыз хаттан кетіп жататын
болды. Дәл біздің хат тануымызды күтіп жүргендей-ақ екі айдан кейін Иман-
жанов қатты науқастанып, төсек тартып жатып қалды. Бір қол, бір аяғынан
паралич болған. Басқа мұғалім келмеді. Осылайша біздің оқуымыз да келер
жылға дейін тоқтаған еді.
Бірде Аян өрістен мал қайырып келе жатып үйретемін деп, өзінің қасқа
бұзауына секіріп мінген. Семіз бұзау мөңкіп-мөңкіп жығып кетті. Сол
жолы Аянның тобығы тайып бір айдай үйінде ауырып жатыып, осыдан
кейін-ақ Аянның тобығы тайғыш болып алды.
Бұл кезде қыс түсіп қар жауған. Біз болсақ сырғанақтың қызығына кіріскен-
біз.
Ауыл Ешкіөлмес деген кішкене қоңыр таудың дәл етегінде еді.
Кенет бүкіл ауылды шулыға шыққан ащы дауыстар селт еткізді. Төбе құйқа-
ны шымырлатып жоқтау айтқан дауыстар Аянның үйінен шығып жатыр,
әжесі қайтыс болған екен. Бірақ Аян жыламады. «Ертегі тыңдайсыңдар ма
деді?» – деді.
Барлық ертегісі «Ертеде бір жетім бала бопты…» деп басталады.
«Е, жұлдыздың нуы жиі екен, ертең күн ашық болады,» – деп қойды үлкен
кісіше Аян.
Достарыңызбен бөлісу: |