«Ежелгі әлем мәдениеті» ПӘні бойынша оқыту бағдарламасы



жүктеу 299.74 Kb.
Дата09.06.2016
өлшемі299.74 Kb.


Пәні бойынша оқыту бағдарламасының (Syllabus) титулдық парағы




Нысан

ПМУ ҰС Н 7.18.3/37




Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі

С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университеті


Тарих және құқық факультеті
Философия және мәдениеттану кафедрасы
5В020400 - Мәдениеттану мамандығының студенттеріне арналған

«Ежелгі әлем мәдениеті»

ПӘНІ БОЙЫНША ОҚЫТУ БАҒДАРЛАМАСЫ

(Syllabus)

Павлодар




Пәні бойынша оқыту бағдарламасын (Syllabus) бекіту парағы




Нысан

ПМУ ҰС Н 7.18.3/38








БЕКІТЕМІН

ТжҚ факультет деканы

___________ Ақышев А.А.

(қолы)

20__ж. «___»____________



Құрастырушы: _________________ аға оқытушы Ержанов Е.А.

Философия және мәдениеттану кафедрасы


5В020400 - Мәдениеттану мамандығының күндізгі оқу нысанының студенттеріне арналған «Ежелгі әлем мәдениеті»
ПӘНі БОЙЫНША ОҚЫТУ БАҒДАРЛАМАСЫ

(Syllabus)

Бағдарлама 20___ж. «___» _________ бекітілген жұмыс оқу бағдарламасының негізінде әзірленді.


Кафедра отырысында ұсынылды 20___ж. «____»______ №_____ Хаттама

Кафедра меңгерушісі__________ Ахметова Г.Ғ. 20____ж. «____»______


Тарих және құқық факультетінің оқу-әдістемелік кеңесімен мақұлданды

20___ж. «____»______ №_____ Хаттама

ОӘК төрағасы_________ Сулейменова Ш.К. 201_ж. «__»_____№_____Хаттама



КЕЛІСІЛДІ

Кафедра меңгерушісі _________________Ахметова Г. Ғ. 20___ж. «____»______



1 Оқытушы туралы мәлеметтер:

Ержанов Ертіс Ахметұлы «Философия және мәдениеттану» кафедрасының аға оқытушысы, (дәріс және тәжриебе сабақтар); философия және мәдениеттану кафедрасы корпус «А» орналасқан, аудитория 546 контакты телефон 673683 (ішкі т. 1153). Консультация уақыты: сәрсенбі - 11.15 – 13.00 № 546 ауд.



Жалпы сағат саны – 135с. Оның ішінде: дәр.– 30с., тәж.. – 15с. ӨОЖ –90с.

Бақылау түрі –емтихан.
2 Пән туралы мәліметтер

Қурстың қысқаша мазмұны«Ежелгі әлем мәдениеті» пәні - мемлекеттің өркениет жолымен дамуының анықтаушы факторларының бірі өткен уақыт мәдениеттері дамуының деңгейі болатыны сөзсіз. Сондықтан болашақ мәдениеттанушы мамандардың әлемдік мәдениет жетістіктерімен танысуының маңызы зор. Ежелгі шығыс елдері дамуының бастауы болған рухани, материалдық құндылықтар жетістіктерінен деректер беретін әдебиеттер білімі пәнді түсінуге мүмкіндік береді.
3 Пәннің еңбек сыйымдылығы

Семестр

Кредиттер саны

Аудиториялық сабақ түрлері бойынша байланыс сағаттарының саны

Студенттің өздік жұмысының сағат саны

Бақылау түрлері

барлы-ғы

дәріс

практи-ка

зертха-налық

студия-лық

жеке

барлығы

СОӨЖ

2

3

3



135

30

15

-

-

-

90

45

Емт.

Барлығы

3

135

30

15










90

45





4 Пәннің мақсаты және міндеттері

Пәннің мақсаты: Жоғарғы оқу орындарында мәдениеттанушы мамандарды дайындау әлемдік өркениет дамуының сатысын көрсететін ұғымдардың игерілуінсіз мүмкін емес. Сондықтан мәдениеттанушылар үшін Ежелгі Шығыс мәдениеті пәнін игеру міндетті. Осы пәннің меңгерілуі:

- ежелгі өркениеттердің мәдени жетістіктері туралы түсініктер мен білімді,

- өткен уақыт пен қазіргі заманның байланысын түсініп, болашаққа ой жіберу мүмкіндіктерін,

- тоқтаусыз өзіндік білімін жетілдіруді, тұлғалық жеке дүниетанымдық көзқарастарды қалыптастырады.



Пәннің міндеттері:

- Ежелгі Шығыс елдері мәдениетінің қалыптасуын және дамуы сатыларын білу;

- ең үлкен танымдық қызығушылық туындататын пән құрлымымен, оның гуманитарлық білім жүйесіндегі орнымен танысу;

- шығармашылық қызметке қызығушылық қабілетін дамытып, өз білімін жетілдіру сұраныстарын қанағаттандыру.

- Ежелгі Шығыс мәдениеті пәнінің негіздік құрлымын, әлемдік мәдениет пен өркениеттің тарихи дамуын бейнелейтін нұсқа мен өзекті мәселелерді;

- ежелгі мәдениеттердің қалыптасу ерекшеліктерін, оның тұрғындарының аңыздық, діни, ғылыми білімдерінің бастауларын;

- материалдық құндылықтары, бейнелеу өнері жетістіктері, сәулет өнері туындылары туралы;әдет – ғұрпы, тұрмыс – салты, наным – сенімдері туралы білетін боласыз.

- ежелгі Шығыс елдеріне деген пікіріңізді шыңдап, оған деген көзқарасыңызды жетілдіріп, өзіндік жеке ой қалыптастыруды жүзеге асырасыз;

- ежелгі Шығыс мәдениетін зерттеуге атсалысып, оның мәдени жетістіктерін әлемге паш еткен ғалымдардың көзқарастарымен, пікір, пайымдауларымен танысасыз;

- сол тарихи дәуір адамдарының бағытты білім бастаулары, олардың ғаламдық діни түсінігі, адам өмірінің мәні, оның материалдық – рухани құндылықтары туралы пікір қалыптастыратын мүмкіндікті жүзеге асыра аласыз;

- ежелгі Шығыс мәдениетін зерттеуші ғалымдардың еңбектерімен, негізгі идеяларымен танысып, түпдеректік мәтіндермен жұмыс істеу мүмкіндігіне ие боласыз;

- адамзат қауымдастығының ғасырлар бойы қалыптасқан рухани мұраларының алғашқы үлгілерімен танысу сізге өз ортаңызда басқалармен сұхбаттың жаңа үлгілерін көрсетуге мүмкіндік береді.
5 Білімге, икемділікке және дағды-машықтарға қойылатын талаптар:

- Қазақ мәдениетінің тарихы мәселелерін түсіну үшін теориялық негізді құрайтын базалық, өзекті түсініктерді қодана білуі тиіс ;

- Қазақ мәдениетінің тарихы негізгі жетістіктерін;

мәдениеттің рәмізденуінің әдістері мен антика мәдениетінің паттерндерін;

- Қазақ мәдениетінің тарихы динамикасының негізгі кезеңдерін.

Студент істей білуге керек:

- негізгі ұғымдар сөздігін, «Ежелгі әлем мәдениеті» тарихы терминдерін меңгеріп алу;

- Қазақ мәдениетінің тарихы динамикасының негізгі векторлары туралы мағлұматтылығын көрсету.


6 Пререквизиттер: мәдениеттану мамандығының бірінші курс студенттеріне міндетті түрде жүргізілуі керек, себебі бұл пән – жалпы мәдениеттанумен, Қазақстан тарихымен, әлеуметтану, саясаттану, философия және т.б. пәндермен тығыз байланысты.
7 Постреквизиттер: «Ежелгі әлем мәдениеті» оқу пәні тарихи мәдениеттанудың төмендегідей тарауларымен тығыз байланысты: әлем тарихы, мәдениет философиясы.


Тақырыптық

жоспары





Нысан

ПМУ ҰС Н 7.18.2/07




8 ТАҚЫРЫПТЫҚ ЖОСПАР


(күндізгі оқу нысанының студенттеріне арналған)





Тақырыптар атауы

Сағат саны

Дәріс.

Тәж.

Зертха-налық

студия-лық

жеке

СӨЖ

1

Кіріспе

4

2

-

-

-

10

2

Ежелгі Египет мәдениеті

4

2

-

-

-

10

3

Қос өзен мәдениеті

4

2

-

-

-

10

4

Ежелгі Үнді мәдениеті дамуының негізгі кезеңдері

4

2

-

-

-

15

5

Ежелгі Қытай мәдениеті дамуының негізгі бағыттары

4

2

-

-

-

15

6

Ежелгі Иран мәдениеті

5

2

-

-

-

15

7

Ежелгі еврей халқының мәдениеті

5

3

-

-

-

15

БАРЛЫҒЫ :

30

15







45

90


9 Пәннің қысқаша сипаттамасы:

«Ежелгі әлем мәдениеті» деп аталынатын бұл пән философиялық-теоритикалық ізденістерді қайта қалпына келтіруге, өзіндік ерекшелігін ұғынуға, ұлттық мәдениеттің мифі, архетипін түсінуге мүмкіндік береді. «Ежелгі әлем мәдениеті» пәнін оқу барысында студент дүниежүзілік мәдениеттің негізгі концепцияларымен танысады, қөне замандағы ойларын өздерінше талдау жасай білген алдыңғы қатарлы өкілдерінің мәтіндерімен танысады.

«Ежелгі әлем мәдениеті» - дүниежүзілік мәдениетінің тарихының негізгі теорияларын, ағымдарын және бағыттарын оқып зерттейді. Дүниежүзілік мәдениетінің тарихының феномені болып адамды ұлттық мәдениет контексінде қалыптастыру сипаттау болып табылады. Дүниежүзілік мәдениетінің тарихы құрылымы мен типологиясындағы ұрпақтар сабақтастығы оның көрсеткіштік процессі болып табылады.
10 КУРС КОМПОНЕНТТЕРІ

Дәріс сабақтарының мазмұны

Дәріс І Кіріспе

Ежелгі Шығыстағы мәдениет пен өркениет дамуының белгілері. Әлемдік өрекниет тарихындағы ежелгі Шығыстың алатын орны және оны оқып зерттеудің ғылыми алғы шарттары. Ежелгі әлем мәдениетін түсінудің негіздік мәселелері. Ежелгі мәдениеттердің өзіндік ерекшеліктері мен бірлігі үдерісінің О.Шпенглер мен К.Ясперс концепцияларындағы түсіндірмесі. Ежелгі Шығыс мәдениетін талдауға жасалған ғылыми талпыныстар. /В.Г.Гегель, С.Н.Крамер, т.б./. Ежелгі Шығыстың белдеулік уақытқа дейінгі мәдениеті. К.Ясперстің әлемдік мәдениеттердің алғашқыларының бірі ретінде Қос өзен мәдениетін ерекшелеуі. Қала, егін шаруашылығы, жазу өнері, дін және ғылым жетістіктері. Ежелгі Египет мәдениеті жетістіктері туралы. Практикалық білім ретіндегі математика, астрономия, медицина салаларының жетістіктері. Ғимараттар мен пирамидалар тұрғызудағы жетістіктер, дін жіне діни рәсімдер ерекшеліктері, иероглифтік жазудың дамуы. Ежелгі Шығыстың белдеулік уақыттағы мәдениеті. Ежелгі Индия мәдениетінің өзіндік ерекшелігі. Вед жазба деректерінің мәліметтері, діни философияның қалыптасуы және материалдық мәдениет жетістіктері. Ежелгі қытай мәдениеті. Конфуцилік әлеуметтік саяси этика және дао философиясы. Ежелгі Иран. Палестина.



Дәріс II Ежелгі Египет мәдениеті

Ніл өзені аңғарында ежелгі әлемдік өркениет ошақтарының бірі қалыптасуының алғы шарттарының пайда болуы. Ежелгі Египет халқының мәдени өміріндегі Ніл өзенінің орны. Ежелгі Египет мәдениеті дамуының өзіндік ерекшеліктері. Бұл мәдениеттің дамуының әр түрлі тарихи кезеңдері. Ұлы фараондар І Яхмос, І Тутмос, Хатшепсут, ІІ Аменхотептің саяси - әлеуметтік қызметтері. Дін реформаторы ІҮ Аменхотеп /Эхнатонның/ қызметі. Египетті А.Македонскийдің жаулап алуы. Птолемейлер династиясы билігі. Клеопатра патшайым.

Египеттіктер мәдениетінің құдайлық табиғаты туралы түсініктер және оның дәріптелуі. Көп құдайға сенушілік египеттіктер діни түсінігінің бастауы. Амон – Ра культі, Раның қызы ретінде көрсетілетін Маат – әйел құдай, парасат, есеп пен жазу өнерін жасаушы сөз құдайы – Тота, өнер мен қол өнерінің жасампаз құдайы – Птаха, Осирис туралы аңыз. Патша билігі және оның дінмен дәріптелуі. Фараонның құдайлық табиғаты туралы. ІҮ Аменхотеп жүргізген діни реформа. Бір құдайға деген сенім бастауы. Жерлеу рәсімінің, дәстүрінің жоғарғы деңгейі.

Ежелгі Египет мәдениеті “аймақтық патшалық” мәдениеті ретінде. Қауымдық құрлымнан әлдеқайда тиімді әлеуметтік жүйеге жетудің жолын қарастырудан мемлекеттің пайда болуы. Астрономиялық білім мен аңыздық түсініктердің тығыз байланысы осы мәдениетке деген сенім ретінде. Кеңістік пен уақыт бірлігін қалыптастырудың мақсаты. Фараон билігі мен жер мен көкті біріктіретін Гора құдай бейнесі байланысын философиялық ойдың елегінен өткізу. Египеттің барлық аймағында фараонның бар болуы идеясы. Ежелгі Египет құдайларының “жергілікті” тек бір жердің шеңберінен аспайтын болмауы. Бір және сол құдайдың кез келген жерде бола алуы. Өлімге айрықша қатынас. Өлімді жоққа шығарып, мәйітті мумиялап, пирамидалар салу, өлімді о дүниелік өмірге деген сеніммен жеңу.

Пирамидалар – мәйітке арналған табыт қана емес, бұл Аспан Ұлы болып есептелетін фараонның көкке де көтерілетін орны.

Дәріс III Қос өзен мәдениеті

Қос өзен аймағында Шумер және Аккад, Вавилон, Ассирия мәдениеттерінің қалыптасуы. Б.д.д. 5000 жыл бұрын Тигр мен Евфрат өзендері аңғарларын қоныстану, егін шаруашылығының дамуы, қала мәдениетін жасау, мемлекеттің пайда болуы. Шумерлерде: Ур, Урук, Киш, Лагаш, Адап қала мемлекеттерінің гүлденуі. Б.д.д. 24000 жылы Саргонның (Шаррукен) шумерлерді жаулап алып, Аккадқа бағындыруы. Шумер – Аккад мемлекетінің гүлденуі. Б д.д. 2000 жылдан 539 жылға дейінгі Вавилон мәдениеті. Хаммурапидің (б.д.д. 1800 ж.) патшалық құруы. Б.д.д. 14000 жылдан 600 жылдар аралығындағы құл иеленуші Ассирия мемлекеті. Б.д.д. 800 – 700 жылдар аралығындағы Ассирия мәдениетінің гүлденуі. Б.д.д. 1230 жыл шамасында Ассирия патшалығының Вавилонды жаулап алуы. Ассархаддон (681 – 669 ж.ж.) кезінде Вавилонның қалпына келуі. Ашшурбанипал (669 – 631 ж.ж.) билігі. Мидиялықтар мен Вавилондардың Ассирия астанасы Ниневияны қиратуы. Б.д.д. ҮІІ – ҮІ ғасырларда Навуходоносор – ІІ кезінде Вавилонның қайта өрлеуі. Б.д.д. 587 жылы Вавилонның Иерусалимді жаулап алуы.

Ежелгі қос өзендіктердің жазу өнері, діні. Шумер тілі пайда болуының құпиялылығы. Шумер тілінің Кавказ, этрус және түрік тілдерімен жақындығын түсіндіруге ұмтылған ғалымдар әрекеті. Аккад және ассириялық семит тілдерінің таралуы. Б.д.д. ҮІІІ – ҮІІ ғасырларда Қос өзен аңғарында арамей тілінің таралуы. Аккадтық сына жазуының діни мазмұнда және мемлекеттік мақсатқа қолданылуы. Жазу өнерінің гүлденуі.

Қос өзен аңыздары: Абзу бейнесіндегі тұщы су тұңғиығы, саздан жасалған Гора Кур, Иннан мен Дузума (Шумерлерде), Иштар мен Таммуз (Вавилонда), Гильгамеш ерліктері туралы айтылғандар. Қос өзендіктердің діни түсініктері “Илу”; (Ил, Эл, Илим, Элим, Элоах, Элохим, Аллах) сөздерімен белгіленген көптеген құдайлар туралы идеяларға негізделуі. Бұл атаулар “күшті”, “күш” деген мағына береді. Бір қаланың басқа қалаларға әсеріне байланысты жоғарғы құдай деңгейіне әр түрлі құдайлардың ие болуы – Ан, Энки, Мардук т.б. Барлық құдайлардың еркін басқарушы күш. Ол тұтас әлемдік әділеттілік үдерісі – ме. Бұлар жер мен аспанды басқаратын құдіретті, әлемдік күштер.



Дәріс IV Ежелгі Үнді мәдениеті дамуының негізгі кезеңдері

Инд және Ганга өзендері аңғарларында ежелгі Үнді мәдениетінің пайда болуы. Б.д.д. 1500 – 1000 жылдықтарда Инд өзені аңғарында және Хараппа иен Мохенджо - Дарода ежелгі үнді мәдениетінің арийлер мәдениетімен араласуы. Б.д.д. 1000 – 600 жылдардағы арийлердің Ганга өңіріне қоныстануы. Касталық жүйенің қалыптасуы, адам еркіндігінің шектелуі. Өмір мен өлім арасындағы байланыс туралы ерекше түсініктің пайда болуы. Өмірдің – сыйлық , ал өлімнің азаптан құтылу ретіндегі ұғымдары.

Б.д.д. ҮІ ғасырда Магадха мемлекетінің қалыптасуы. Индия жерін Ахеменидтердің (Иран), сосын А.Македонскийдің (б.д.д. 327 – 325 ж.ж.) жаулап алуы. Маурья династиясы. Будда дінін дәріптеудегі Ашока патшаның қызметі (б.д.д. 273 – 232 ж.ж.).

Ежелгі Үнді мәдениеті. Ежелгі Үнді аңыздары мен дінінің өзіндік ерекшеліктері. Мәдениетті қалпына келтірудегі вед әдебиетінің ежелгі мәтіндерінің айрықша орны. Ең ежелгі діни гимндердің жинағы – Ригведа. Осы гимндерді жасаушы Ришалар, қасиетті ақындар адам мен құдайлар арасындағы байланысты жүзеге асырушылар. Құдайлар ортасынан әр түрлі табиғи күштер мен құбылыстарды бейнелейтін Индра, Варуна, Агни, Сомы құдайларының бөлектенуі. Ғаламның үш аймағы туралы түсініктер (аспан, жер және олардың ортасындағы кеңістік антарикша). Жанның көшетіні туралы ілімнің қалыптасуы. Құрбандық шалу рәсімінің пайда болуы. Үш құдай (тримутри) культі – Брахма, Вишну және Шива. Вишналық және шивалық негізгі екі бағыттың индуизмде пайда болуы. Будда дінінің негізін қалаушы Сидхартха Гаутама Шакьямуни (б.д.д. 563 – 483 ж.ж.). Будда дінінің негіздік қағидасы – азаптан құтылу жолдарының көрсетілуі. Әлеуметтік теңдік туралы этикалық ілімдер. Будда дінінде шыдамдылық, төзімділік және қоршаған ортаға, айналаға зиян тигізбеу мәдениетінің айрықша дәріптелуі. Махаяна, хинаяна түрлеріндегі будда діні эволюциясы. Будда дінінің Үнді шекарасынан шығып, әлемдік дін ретінде қалыптасуы.



Дәріс V Ежелгі Қытай мәдениеті дамуының негізгі бағыттары

Ежелгі Қытай мәдениеті дамуының тарихы. Хуанхэ өзені аңғарында Қытай мәдениетінің қалыптасуы. Б.д.д. ХҮІ – ХІ ғасырларда Шань мемлекетінің пайда болуы. Отырықшылықты, жер өңдеу мен мал шаруашылығын дәлелдейтін материалдық мәдениет жетістіктері.. Мүлік теңсіздігі, билік иелерінің (ван), патшалардың (Аспан ұлдарының), билік тұқым қуалайтын әулеттің пайда болуы. Б.д.д. ХІ-ҮІІІ ғасырларда Чжоу мемлекетінің құрылуы. Алғашқы бір орталыққа бағынған құл иеленуші Цинь (б.д.д.221 – 207 ж.ж.) және Хань (б.д.д.206 жылдан б.д. 220 ж.) империяларының құрылуы. Қол өнерінің, сауданың, жібек өндірудің, темір еңбек құралдарының, жер суландыатын жүйелердің пайда болуы. Бірінші император ретіндегі Цинь Шихуанди (б.д.д 246 – 210 ж.ж.) тұлғасы. Ол билік құрған кездегі Ұлы Қытай қорғанының салынуы.

Ежелгі иероглифтік жазу өнері. Цинь дәуірінде жазу өнерінің үйлестірілуі. Белдеулік уақытқа жету. Сиқырлы-магиялық санадан парасат – рационалдыққа өту ретіндегі тұлғалық, рефлексивтік сананың пайда болуы. Конфуцилік саяси этика жүйесінің қалыптасуы.

Ежелгі Қытай мәдениетінің жетістіктері: жібек, қағаз, компас, оқ дәрі және т.б. Қытай мәдениетінің дәстүрлі шекарасынан шықпауы. Б.д. ХІІІ ғасырына дейін сыртқа жабық, өзгеріссіз қалпында сақталуы.

Ежелгі Қытай елінің рухани мәдениеті: өнері, ғылымы, философиясы және білім беру жүйесі, тәрбие жұмыстары. Қытай мәдениеті жетістіктерінің өміршеңдігі. Ян шао, Лун шань түріндегі қыш құмыралар. Ағаштан жасалған сәулет өнері негізінің қалыптасуы. Ақсүйектерді жерлеу рәсімі. Рәсімдік бағыттылығы бар қола құмыралар, қару-жарақ, нефриттен, сүйектен жасалған ою-өрнек, керамика. Қалалар тұрғызу жүйесінің дамуы. Қола құмыра ыдыстар және айна, жібектен жасалған өнімдер.

Дәріс VI Ежелгі Иран мәдениеті

Ежелгі Иран мәдениетінің тарихи дамуы. Элам мемлекеті. Суздағы биліктің иерархиялық жүйесі. Эламның мәдени дамуының Қос өзен мәдениетімен байланысы. Б.д.д. ҮІІ ғ. Эламның Вавилонмен одағы. ІІ-Кир патша (б.д.д.); Парсы мемлекетінің астанасы Пасаргад; Кирдің Мидия патшасы Астиагты жеңуі (550 ж.), Вавлонды өзіне қаратуы (539 ж.). Кирдің массагеттерден жеңілісі (530 ж.). І-Дарийдің сақ тайпаларына жорығы. Тарихта бірінші әлемдік Ахеменидтер державасының құрылуы. А.Македонскийдің Шығысқа жорығы. Ахеменидтер державасының құлауы.

Б.д.д. ІІІ-мыңжылдықта ежелгі эламдық пиктографиялық сурет түріндегі жазудың жасалуы. Сосын сызықтық, буындық жазу өнерінің өмірге келуі. Саны 80-ге жеткен буындық белгілер тек шаруашылық мақсатында ғана емес, саяси және діни мәтіндерді жазуға да пайдаланылған. Ахеменидтер державасының ресми – арамейлік тілі. Ежелгі парсылық тастағы жазулар. Эламның пұтқа табынуы. Жоғарғы құдайлар - әйел құдай Пинекир мен күн құдайы Наххунта.

Зороастризм діні қайрымдылық пен жауыздық күштерінің күресі. Заратуштраның пайғамбарлық аңыздық бейнесі (б.д.д. Х-ҮІІ ғ.ғ.). Қасиетті кітап Авеста. Тарихшылардың Зороастра дінінің Қазақстан аймағында пайда болғаны туралы гипотезасы. Ахурамазда құдай. Әлемдік әділеттілік заңдары – Арта, Зервана, әлемдік себептілік заңы туралы түсініктер.



Дәріс VII Ежелгі еврей халқының мәдениеті

Ежелгі Палестина, оның географиялық орны. Б.д.д. 1850 жылдарда Ыбраим жетекшілігімен семит тайпаларының Ханаан жеріне келуі. Израилдің Египет қол астына көшуі. Еврей халқының Египет қарамағынан шығуы. Мұса мен Иса. Өсиеттер (Мұса заңдары) еврейлер заңдарының негізі ретінде. Тайпалық және “аймақтық патшалықтардан” өзгеше қоғамның пайда болуы. Ханаанның жаугершілікке ұшырауы (б.д.д. 1200 ж. шамасы.). Жаңа мәдениет негізінің қалыптасуы.Інжіл әлемдік мәдениет ескерткіші ретінде. Оның мазмұны мен мәні. Ескі наным әлемдік әдеби мұра.

Израилдің алтын ғасыры (б.д.д. 1040 – 932 ж.ж.). иудейлер патшасы Сүлеймен тұлғасы (963 - 925). Сүлеймен храмының салынуы (961 ж.). Храмды 587 жылы халдейлердің қиратып, еврейлердің Вавилон құлдығына түсуі. Б.д.д 539 жылғы Вавилон құлдығынан құтылу және 515 жылы храмның қайта жаңғыруы. Б.д.д. 70 жылғы римдіктердің храмды қиратуы. Қираудан аман қалған храм бөлігінің иуда дінін тұтынушылар үшін қасиетті орынға айналуы.
ПӘННІҢ ТӘЖІРИБЕЛІК БӨЛІМІНІҢ МАЗМҰНЫ

Тәжірибелік сабақтардың тақырыптары

Тақырып №1 Кіріспе

1 Ежелгі Шығыс мәдениетін талдауға жасалған ғылыми талпыныстар. /В.Г.Гегель, С.Н.Крамер, т.б./.

2 Ежелгі Шығыстың белдеулік уақытқа дейінгі мәдениеті. К.Ясперстің әлемдік мәдениеттердің алғашқыларының бірі ретінде Қос өзен мәдениетін ерекшелеуі.

3 Ғимараттар мен пирамидалар тұрғызудағы жетістіктер, дін жіне діни рәсімдер ерекшеліктері, иероглифтік жазудың дамуы.

4 Ежелгі Шығыстың белдеулік уақыттағы мәдениеті. Ежелгі Индия мәдениетінің өзіндік ерекшелігі.

Тақырып №2 Ежелгі Египет мәдениеті

1 Ежелгі Египет өнері. Джосердің сатылы пирамидасы. Гизадағы пирамидалар кешені: б.д.д. Хеопстің, Хефреннің, Микериннің (ХХҮІІІ – ХХІІІ ғ.ғ.). Архитектор, астроном, дәрігер Имхотеп (Асклепий). Мүсіндеу өнерінің гүлденуі. Күн шіркеулері. Нахта, Мена, Рамос және басқалардың қабірлеріндегі жазбалар (б.д.д. 1408-1370 ж.ж.).

Нефертити бейнесі. Тутанхамон қабірі (б.д.д. ХІҮ ғ.).

2 Ежелгі Египеттегі ғылым бастауы, философиялық ойлар көрінісі. Сәулетті пирамидалар салу ғылым жетістігінің көрінісі ретінде. Қолданбалы математиканың дамуы, теңдесі жоқ 36 математикалық мәтін. Египет күнтізбесі, Ніл өзенінің тасуы мен қайтуы мезгілдерінің анықталуы.

3 Ежелгі діни мәтіндер (“Пирамидалар мәтіндері”). “Гераклеопольдық патшаның өз ұлы Мерикараға өсиеттері”.

4 Философия бастаулары: “Әміршінің өз құлымен әңгімесі”, “Арфистің өлеңі”, “Көңілі қалғанның өз жанымен айтысы”, күдік, скептиктік, болашаққа сенімсіздік.

5 Күн сағаттарын және су сағаттарын жасау. Құдайлар дәріптелген гимндер, лирикалық поэзия. Эдфу храмындағы кітапхана.

Тақырып №3 Қосөзен мәдениеті

1 Қос өзен аймағы елдерінің өнері. Шумер және Аккад. Тасқа өсімдіктер мен жануарлар әлпетін графикалық көркем суреттеу, фантастикалық жан иелері бейнелері. Хаффадждағы “Сопақ” храм, Киш сарайындағы колонналар залы (б.д.д. 2700 жылдар шамасы).Уруктегі “Ақ храм”, Урдағы зиккурат құрылысы (б.д.д. 2200 – 2000 ж.ж.).

2 Аккад өнерінің гүлденуі. Өнердегі фольклорлық – эпикалық тақырыптар, тасқа салынған графикалық суреттердің бейнелеу өнерімен ауыстырылуы. Уруктен табылған әйелдің бас бейнесі, Ниневиядағы “Саргонның бас суреті” (б.д.д ХХІІІ ғ.). Ур патшасы Мескаламдуганың алтын бас киімі (б.д.д. ХХҮІІ ғ.). Хаммурапи басына қойылған жазуы бар ескерткіш (стела б.д.д. ХҮІІІ ғ.).

3 “Ұлы империялар” дәуірінің өнері. Ежелгі Ассирия өнері. Б.д.д. 722 – 705 жылдардағы Саргон – ІІ қорған сарайы. Дур – Шаррукиндегі Саргон сарайына кіре берістегі қанатты шеду - өгіздерінің мүсіндері.

4 Британ музейіндегі Ассирия патшалары сарайларының бедерлері. Ашшурбанипал бедерлері – Ассирия сарайлық өнерінің шарықтау шыңы. Жарасымды Вавилон архитектурасы.”Аспалы бақ”.

5 Жазу өнері пайда болуының алғы шарттары, жазба мәдениеттің қалыптасуы. Әбу – Салабиханың әдеби мәтіндері, мақалдар.

6 Білім беру жүйесінің пайда болуы, Э – дубтар мектебі. Білім беруді ұйымдастыру, әлеуметтік өмірдегі мектептің орны. Б.д.д. 2676 жылдар шамасындағы Фарыдағы ежелгі математикалық тапсырма жазылған мәтіндер. Барлық қала мемлекеттерде 12 ай тізбесінің қолданылуы.

7 Емдік шөптердің терминдік тізімі, дәрігерлік трактаттар. Қарапайым есептеу жүйесіне көшу. Ашшурбанипал кітапханасы. Б.д.д. ҮІІ – ҮІ ғасырлардағы арамей тіліндегі “Ахикардың үйретулері” повесті.



Тақырып №4 Ежелгі Үнді мәдениеті дамуының негізгі кезеңдері

1 Ежелгі Үнді өнері. Уақыт бойынша алғанда Инд өзені аймағында пайда болған хараптық өркениет дәуіріне жататын алғашқы сәулет және бейнелеу өнері ескерткіштері.

2 Қыш жазулар. Тік бұрышты жоспарлы салынған қалалар. Жан-жануарлар кескінделген мөрлер.

3 Ганга өзені аймағындағы алғашқы қалалар (б.д.д. 1500 – 1000 ж.ж.). Қала бекіністері. Терракоталар, бедерленген ақшалар.

4 Тас сәулет өнері (б.д.д. Ү ғ.).

5 Ежелгі Үндінің мүсіншілер мектептері.

6 Батыс Гатадағы алғашқы үңгірлік монастырлар. Маурийлік терракота, әйел бейнесін көрсететін мүсіндер.

7 Шунга стилінің дамуы (б.д.д.ІІІ ғ.). Матхурлық мектеп.

8 Аджантадағы қабырғалық ежелгі бейнелеу.

Тақырып №5 Ежелгі Қытай мәдениеті дамуының негізгі бағыттары

1 Қытайдың алғашқы қауымдық сенімдері. Ата-баба, Аспанға ғибадат, табыну. Қытай аңыздары.

2 Табиғаттың алғашқы бес элементі (ағаш, жер, су, от және металл) туралы ілім және қарама- қарсы күштер инь – ян. Конфуцилік, даолық, легистік, моистік философиялық ағымдардың қалыптасып, дамуы.

3 Иероглифтердің пайда болып, олардың санының көбеюі. Жазу өнерін жетілдіру. Математикалық білім мен техникалық өнертапқыштықтың жоғарғы деңгейі, кітап шығару, шойын балқыту. Жұлдыздар каталогінің жасалуы. Жыл ұзақтығының 365, 25 тәулікке дейін нақтылануы.

4 Цинь дәуірінде Қытайға будда дінінің енуі. Қытай білімінің негізі – “у цзин”(бес кітапша) және “сы шу” (төрт кітапша). Конфуций және даостық этикалық идеал. Отбасы және тәрбие.

Тақырып №6 Ежелгі Иран мәдениеті

1 Элам өнері. Суздағы Напирасу патшайым (б.д.д. ХІІІ ғ.) мүсіні. Хасанлудан табылған үлкен алтын табақ..

2 Марлик мәдениеті ескерткіштері. Дарий І патшаның ежелгі парсы, элам және аккад тілдерінде жазылған Бехустин жазба деректері

3. Суздағы сарай (б.д.д. 521 ж.). Персеполе мен Пасаргадтағы сарайлар кешені.

4 І-Кир мен І-Дарийдің қабірлері.

5 Зороастр ілімі және қасиетті кітап Авеста. Ежелгі құдайлар Митра мен Анахит культі.



Тақырып №7 Ежелгі еврей халқының мәдениеті

1 Бір құдайға дәйекті сенім және мәдениет ерекшеліктері.

2 Құдайдың барлық адамдарға қамқоршы әке ретіндегі түсінігі.

3 Інжілде құдайдың ғаламды жоқтан жасауы және Күн мен Аспанға табынудың тоғарылуы. Израильдің христиан дінінің орталығына айналуы.

4 Еврей халқының педагогикалық дәстүрлері.

5 Діни ілімдер отбасы тәрбиесінің негізі ретінде. Білім беру сатылары. 6 Сауаттылық және берілетін білім мазмұны.


СТУДЕНТТІҢ ӨЗДІК ЖҰМЫСЫНЫҢ МАЗМҰНЫ

№ п/п

СӨЖ түрі

Есеп беру формасы

Бақылау түрі

Сағат көлемі

1

Дәрістерді қайталау

материалды бекіту

Сабақтарға қатысу

10

2

Тәжіриебелік сабақтарға дайындалу

тәжірибеліктапсырмаларды орындау

Сабақтарға қатысу

25

3

Дәріс сабақтарға кірмеген материалдарды игеру

конспектер

конспекттер

50

4

Бақылау шарарларына дайындық.

МБ1, МБ2

Тест


5




Барлығы







90


ӨЗДІГІНІНЕН ОҚЫП БІЛУГЕ АРНАЛҒАН ТАҚЫРЫПТАР ТІЗІМІ

1) Әлемдік мәдениет тарихындағы ежелгі Шығыс. Ежелгі өркениеттер бастаулары. Ежелгі Египетің материалдық мәдениеті мәдениеті жетістіктері.

Ежелгі Египеттің рухани мәдениеті: діні, ғылымы, өнері салалары.

[4- 12-15бб; 8- 15-18бб; 12- 16-20бб ]

2) Ежелгі өркениеттер бастаулары.

[1- 49-50бб; 9- 80-99бб; 12 - 26-35бб]

3) Ежелгі қос өзендік Шумер - Аккад мәдениетінің жетістіктері.

Ежелгі Вавилон мәдениеті.

[3- 52-59бб; 4- 45-49бб; 13- 26-29ббб; 15- 30-35бб]

4) Үнді жеріндегі ежелгі мәдениет орталықтары.

Ежелгі үнділіктердің рухани мәдениеті жетістіктері.

[5- 47-49бб; 6- 88-90бб; 8- 25-28бб]

5) Ежелгі Қытай мәдениетінің қалыптасуы. Материалдық мәдениет жетістіктері. Ежелгі Қытай философиясы және білі беру және тәрбие жүйесі.

[2- 66-38бб; 7- 13-25бб]

6) Ежелгі Иран мәдениеті.

[4- 48-52бб; 5- 35-38бб]

7) Ежелгі Израиль мәдениеті.

[5- 56-58бб; 1- 35-38бб]


11 КУРСТЫҢ САЯСАТЫ

Өтпелі үлгерімдер мен қорытынды бақылау түрлері бойынша сапа бөлігін бөлу

Университеттің Ғылыми кеңесінің бектіу бойынша бақылау түрлері мен өтпелі үлгерімдері бойынша келесі кестеде (1) берілген сапалық бөлу ұсынылған.


Кесте. 1. Өтпелі үлгерімдер мен бақылау түрлері бойынша сапалық бөлу

Қорытынды бақылау түрі

Бақылау түрі

Сапалық бөлігі

Емтихан

Емтихан

0,6

Өтпелі үлгерім қорытындысы

0,4

Қорытынды рейтинг пән бойынша балл бойынша төмендегі формула бойынша есептелінеді

Қ= (Р1+Р2/2)* ВДту + е*ВДэ

Мұнда Р1, Р2, Е – с бірінші, екінші рейтинг қоры тындысы және емтихан бойынша алынған баллға сәйкес, 100 баллдық шкаламен анықталады.

Қорытынды пәннің рейтингі балл бойынша (Қ), 2 кестеге сәйкес сандық эквивалетке алмастырылады, әріптік немесе дәстүрлі бағаға және сонымен қатар оқушылардың жетістіктерінің «Рейтинг ведососына» енгізіледі.

Өтпелі үлгерімдердің қорытынды баллы әр семестрдің жартысында (Р1, Р2) жинаған баллдарының қосындысынан тұрады, бұған студенттің сабаққа дайындық, топтағы сабаққа белсенді қатысуы, бақылау жұмыстарынан, өздік жұмыстарды уақытында тапсыру, аралық бақылау, сабаққа қатысуы жатады.


Қосымша 2 Студенттердің білімін бағалау

Қорытынды баға балл бойынша(Қ)

Баллдардың сандық эквиваленті (С)

Әріптік баға жүйесі (Б)

Дәстүрлі жүйедегі баға(Д)

Емтихан, диф. сынақ

Сынақ

95-100

4

А

Өте жақсы

Сынақ

90-94

3,67

А-

85-89

3,33

В+

Жақсы

80-84

3,0

В

75-79

2,67

В-

70-74

2,33

С+

Қанағаттарлық

65-69

2,0

С

60-64

1,67

С-

55-59

1,33

D+

50-54

1,0

D

0-49

0

F

Қанағаттарлық емес

Сынақ емес



КҮНДІЗГІ ЖӘНЕ СЫРТТАЙ ОҚУ НЫСАНЫНЫҢ 5В020400 «МӘДЕНИЕТТАНУ» МАМАНДЫҒЫНЫҢ СТУДЕНТТЕРІНЕ АРНАЛҒАН БАҚЫЛАУ ІСШАРАЛЫНЫҢ КҮНТІЗБЕЛІК КЕСТЕСІ 050204 «ЕЖЕЛГІ ӘЛЕМ МӘДЕНИЕТІ» ПӘНІ БОЙЫНША

1 рейтинг

апталар

1-сабақ үшін макс.балл

1

2

3

4

5

6

7

8

Всего

Максималды балл

22

26

26

26

100

Дәрістерге қатысу және дайындалу

СӨЖ түрі

 

ДЗ1,2

ДЗ3,4

ДЗ5,6

ДЗ7,8

8

Бақылау түрі

 

У

У

У

У

Макс.балл

1

2

2

2

2

Практикалық сабақтарға қатысу және дайындалу

СӨЖ түрі

 

ДЗ1,2

ДЗ3,4

ДЗ5,6

ДЗ7,8

56

Бақылау түрі

 

У

У

У

У

Макс.балл

7

14

14

14

14

Зертханалық жұмыстарды ресімдеу және қорғау

СӨЖ түрі

 

СИ1

СИ2

 СИ3

СИ4

СИ5 

СИ6

 СИ7

СИ8

36

Бақылау түрі

 

ПК

ПК

Т1

ПК

ПК

Т2

ПК

ПК

Макс.балл

 5

1

5

5

5

5

5

5

5

2 рейтинг

апталар

Макс.балл за 1 занятие

9

10

11

12

13

14

15

Всего

Максималды балл

28

28

28

16

100

Дәрістерге қатысу және дайындалу

СӨЖ түрі

 

ДЗ9,10

ДЗ11,12

ДЗ13,14

ДЗ15

7

Бақылау түрі

 

У

У

У

У

Макс.балл

1

2

2

2

1

Практикалық сабақтарға қатысу және дайындалу

СӨЖ түрі

 

ДЗ9,10

ДЗ11,12

ДЗ13,14

ДЗ15

56

Бақылау түрі

 

У

У

У

У

Макс.балл

8

16

16

16

8

Зертханалық жұмыстарды ресімдеу және қорғау

СӨЖ түрі

 

СИ9

СИ

10


 СИ

11


СИ

12


СИ

13 


СИ

14


 СИ15

37

Бақылау түрі

 

ПК

ПК

Т1

ПК

Т2

ПК

ПК

Макс.балл

 5

5

 5

5

5

5

5

7

Шартты белгілеулер: 1 ДҮТ – №1 дәрісті дайындау үшін берілетін үй тапсырмасы; Қ – оқу үрдісіне қатысу; ПҮТ 1 – №1 практикалық сабақтарға дайындалу үшін үй тапсырмасы; ӨОҮТ1 – материалды өздігінен оқуға №1 үй тапсырмасы; КТ – конспект тексеру; 1Т –№1 тест.



12 Әдебиеттер тізімі

Негізгі:

1. Жамалов Қ. Ежелгі Шығыс әдениеті: мәдениеттану мамандықтарына арналған оқулық. – Алматы, «Дәуір», 2011. – 280 бет.

2. Ежелгі әлем мифологиясы. – А., 2007.

3 Әлем елдерінің мифтері. – А., 2007.

4. Ежелгі өркениеттер. – А., 2007.

5. Ежелгі әлем тарихы. – А., 2007..



Қосымша:

6. История древнего мира. І. Ранняя древность. М., 2007.

7. История древнего мира. ІІ. Расцвет древних обществ. М., 2007.

8. История древнего мира. ІІІ. Упадок древних обществ. М., 2007.




Кафедра отырысыңда ұсынылды «___»____201___ж. «___» №____ Хаттама.
Кафедра меңгерушісі____ _________ Ахметова Г.Ғ. 201___ ж. «___» ________
ІСКЕ СӘТ ТІЛЕЙМІЗ!



©dereksiz.org 2016
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет