Сабақ тақырыбы: «ХХ ғасырдың басындағы Қазақстан» және «Қазақстанда кеңестік биліктің орнығуы» бөлімдерін қайталау
Қазақстан тарихы 9-сынып Нұр-Сұлтан қаласы Білім беруді жаңғырту орталығы Оқу мақсаты: 9.3.1.2 – ХХ ғасырдың басындағы Қазақстандағы қоғамдық-саяси процестерге баға беру; 9.3.1.6 – Қазақстанда құрылған ұлттық автономиялардың маңыздылығына баға беру.
Бағалау критерийлері:
ХХ ғасырдың басындағы Қазақстандағы қоғамдық-саяси процестерге баға береді.
Қазақстанда құрылған ұлттық автономиялардың маңыздылығына баға беру.
№ 1-тапсырма: 1916 жылғы көтеріліс барысы туралы кестені толтырыңыз
1. Көтерілістің сипаты
2. Қозғаушы күші
3. Жетекшілері
4. Ұзақ мерзімді себептері
5. Көтеріліс ошақтары
6. Жеңілу себептері
Ұлт-азаттық Қарапайым шаруа халық А.Иманов, Ә. Жанбосынов, Б. Әшекеев, Ұ. Саурықов, Ж. Мәмбетов, т.б. Жетісу, Торғай Бытыраңқылық, көтеріліс ошақтары арасындағы байланыстың жеткілікті болмауы, патша өкіметі қарулы жазалаушы күштерінің басымдылығы. 1) Жер мәселесі 2) қоныстандыру саясаты 3) алым-салық 1893-1905 жж. Қазақтардан 4 млн десятина, 1906-1912 жж. 17 млн десятина, 1916 ж. Қарай 40 млн десятина, 1917 ж. 45 млн десятина жер тартып алынды. Соғыс салығы енгізіліп, әрбір отбасы 1 сом 84 тиыннан төлеуге міндетті болды. № 2-тапсырма:Ақпан революциясының 2 себебі мен 2 нәтижесін анықтаңыз