Алымдар алматы 2020 «Салық және салық салу» пәні бойынша



бет1/6
Дата04.11.2023
өлшемі2.13 Mb.
#482363
  1   2   3   4   5   6
Алымдар

Алымдар


АЛМАТЫ 2020
«Салық және салық салу» пәні бойынша
Ахмадиева Э.М.
Қарастырылатын сұрақтар
1. тіркеу алымдары;
2. автокөлік құралының Қазақстан Республикасы аумағымен жүргені үшін алым;
3. аукционнан алынатын алым;
4. жекелеген қызмет түрлерімен айналысу құқығы үшін лицензиялық алым;
5. телевизия және радио тарату ұйымдарына радиожиілік спектрін пайдалануға рұқсат беру үшін алым.
Қарастырылатын сұрақтар
Алым дегеніміз белгілі бір қызмет түрін бастар алдында немесе осы қызмет түріне құқық берер кезде төленетін міндетті төлем.
2002 жылы алымның 13 түрі болды.
2007 жылы алымдардың 10 түрі қолданыста болды.
1. Тіркеу алымдары;
2. Автокөлік құралының Қазақстан Республикасы аумағымен жүргені үшін алым;
3. Аукционнан алынатын алым;
4. Жекелеген қызмет түрлерімен айналысу құқығы үшін лицензиялық алым;
5. Телевизия және радио тарату ұйымдарына радиожиілік спектрін пайдалануға рұқсат беру үшін алым.
Бүгінгі таңдағы алымдардың 5 түрі қолданыста бар:
1. Тіркеу алымдары
Тіркеу алымдары – уәкілетті мемлекеттік органдар тіркеу іс-әрекеттерін жасаған кезде, сондай-ақ осындай тіркеу іс-әрекеттерінің жасалғанын куәландыратын құжаттың телнұсқасын берген кезде өздері алатын бір жолғы міндетті төлемдер.
Тіркеу іс-әрекеттерін Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен және жағдайларда уәкілетті мемлекеттік органдар жүзеге асырады.
Алым төлеушілер – өз қалауымен уәкілетті мемлекеттік органдарға Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес тіркеу іс-әрекеттерін жүргізуге өтініш берген жеке және заңды тұлғалар.
Салық салу объектісі:
Алымдар мынадай тіркеу іс-әрекеттер үшін алынады:
1) мыналарды:
- заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркегені (есепке қойғаны) және филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркегені, сондай-ақ қайта тіркегені;
- дара кәсіпкерлерді;
- жылжымайтын мүлікке және олармен жасалатын мәмілелерге құқықтарды;
- радиоэлектрондық құралдар мен жоғары жиіліктегі құрылғыларды;
- көлік құралдарын, сондай-ақ оларды қайта тіркегені;
- дәрілік құралдарды, сондай-ақ оларды қайта тіркегені;
- туындылар мен сабақтас құқықтар объектілеріне құқықтарды, туындылар мен сабақтас құқықтар объектілерін пайдалануға арналған лицензиялық шарттарды, сондай-ақ оларды қайта тіркегені;
- мерзімді баспа басылымын және ақпарат агенттігін мемлекеттік тіркегені (есепке қойғаны);
2) жоғарыда аталған тіркеу іс-әрекеттерінің жасалғанын куәландыратын құжаттың телнұсқасын бергені үшін алынады.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет