Ежелгі шығыстың таптық қоғамындағы саяси ой-пікірлер. Ежелгі Индиядағы саяси-ой-пікірлер


Ежелгі Римнің саяси ой-пікірлері. Үш кезеңге бөлінеді



бет4/4
Дата09.04.2024
өлшемі35.4 Kb.
#498215
1   2   3   4
Жоспар полит

5. Ежелгі Римнің саяси ой-пікірлері. Үш кезеңге бөлінеді:
1) Патшалық (754-510), республикалық (509-28).
2) Императорлық (27-476).
Біртұтас Рим империясы б.з.д. 395 жылы түпкілікті түрде Батыс (Рим) және Шығыс (Константинополь) болып екі империяға бөлініп кетті. Олар Шығыс Рим және Византия болып 1453 жылға дейін өмір сүреді. Римнің тарихы ұзақ дамыды. Көбінде құлдардың күресімен байланысты болды. Құлдар өз алдына саяси концепциялар ұсынбаса да қоғамдық ой-пікірдің дамуына ықпал етті. Ежелгі Грек концепцияларының ықпалы болды. Әсіресе б.з.д. Y — ғасырдағы Солонның заңдары ықпалды болды. Ежелгі Грек авторларына Сократтың, Платонның, Аристотльдің көзқарастары жатымды ықпал жасады.
Марк Туллий Цицерон (106-43) – мемлекет, құқық туралы ілім жасаған. Шешен, мемлекет қайраткері, ойшыл болған. Мемлекетті халықтың игілігі деп түсіндіреді. Мемлекет халықтың бірлесіп өмір сүру қажеттілігінен келіп шыққан дейді. Араласпа билікті дұрыс деп түсіндіреді. Патшалық билік пен сенаттық республиканы дұрыс дейді. Соңғысы жетілген түрі. Мемлекет ісін басқаратын адамдар кемеңгер, ақылды, шешен, әділ болуы керек. Ал құқық туралы ілімінің негіздерінде әділдік болу қажеттігі байқалады. Ақиқат заң болуы шарт. Қабылданған заңдар елдің тұрмыс-дәстүріне сай болуы керек. Азаттық және әділдік жолындағы қажырлы күрескер республикалық идеядағы Цицеронның көз-қарастары француз революционері Мирабоға, Робеспьерге, Аквинскийге, Монтаскьеге әсер етті. Қазіргі зерттеушілер де немқұрайды қарамайды.
Рим стоицизмінің негізін қалаушылар: Луций Анней Сенека (3-65), Эпиктет (50-138), Марк Аврелий Антонин (121-180). Олардың ілімдері Рим ұлы державалық елге айнала бастағанда қалыптасты. Сенека барлық адамдардың қоғамдық жағдайына қарамастан рухани бостандық идеясын жақтады. «Адамдар бір-біріне туысқан» дейді. Адамдар тағдырға, табиғат заңдарына бағынуы керек. Шыққан тегі құл Эпиктет және Марк Аврелий Антонин де сондай идеяларды жақтады. Эпиктет: адамгершілік жағынан жетілуге шақырды. Байлықты, құлдықты сынады. «Өзіңе не қаламасаң, өзгеге де соны қалама» деді. Антонин: барлығына ортақ заң бар, билікті теңдік тұрғыда жүргізетін мемлекет идеясын қолдады. Рухани бастама, ақылдылық және заң басты болу керек.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет