К.Аманжоловтың «Түркі халықтарының тарихы» кітабында «түрік» терминінің қолдану аясы көрсетіледі. VI ғасырдың екінші жартысынан бастап түрік деген сөз (термин) алғаш рет кездеседі де, осыдан кейін кеңінен тарала бастайды. Бұрын соғды тілі түріктер мен қытайлар арасындағы дипломатиялық қарым-қатынастарда пайдаланылып келсе, кейінірек «түрік» сөздері араб, византиялық, сириялық, санскрит тілдерінде кездесе бастайды. Қағандық -империя құрылғанға дейін «түрік» сөзі 10 (кейінірек 12) тайпа бірлестігінің атауы ретінде жүрді. Бұл термин қағандык өмір сүрген дәуірлерде де сақталып қалды. Бұл сөз ертедегі түрік жазбаларында «түрік бұдұн» атауы ретіндес кездеседі (бұд-тайпа), яғнн жекелеген тайпалардан құралған тайпалар одағы. VIII ғасырдың ортасынан бастап тарихи жазбаларда «12 тайпа түрік елі» деген термин кездеседі. Кеңінен алып қарасақ, бұл термин түріктер құрған -көшпелі державаның атауы. Визянтиялықтар мен ирандықтар «түрік елі» деген сөзді жиі қолданса, кейде түріктердің өзі де осы сөзді көп қолданған. Терминнің әрі қарай өріс алуы ІХ-ХІ ғасырлардағы араб тарихшылары мен географтарының еңбектерінде молынан кездеседі, ал бұл кезде «түрік» сөзі бір халықтың немесе мемлекеттің атауы ретінде қолданылды. Орыс жылнамасында 985 жылы «торк» деген атау кездеседі. Бірақ бұл -Ұлы даланы мекендеген печенег, половец тайпаларымен қатар өмір сүрген көшпелі бірлестіктердің бірінің ғана атауы.
Қоғамдық құрылысы
Мемлекет негізінен ру-тайпа жіктері бойынша баскарылды. Осы он ірі тайпаның әрқайсысының басқарушысы болды, оны «шад» деп атады. Он тайпа «оң қанат» және «сол қанат» деп екіге бөлінді. «Сол қанатқа» дулулардың бес тайпасы, «оң канатқа» нушебилердің бес тайпасы кірді. Мемлекет аумағы кеңейіп, оны басқару жеке неліктерге бөлініп, оларды кіші хандар басқарды. Бұлардың бәрі Ұлы қағанға бағынды. Қаған елдің барлық жарлығын, үкімін, заңдарын өзі қабылдайтын болды. Ол өзінен кейінгі лауазымдарды, яғни, жадтарды, әскер басыларын, ұлыстарды, бектерді, кіші хандарды сайлап отырды. Бұл орынға тек Ашина руынан шыққан адамдар ғана отыра алатын. Оның жанында қаған әулетінің белді мүшелері, туысқандары құрметті саналатын. Билік мұрагерлік жолмен беріліп отырды, атадан балаға, ағадан ініге қалып отырды. Қағандықтың ең жоғарғы ұйымы шонжарлар кеңесі болып табылды. Қағаннан кейінгі жоғарғы билік иесі-жабғу, одан кейінгі билік иесі –тегін, үшінші билік иесі- бек, төртінші билік иесі- түмен деп аталды. Бұл төрт билік иесін көне хундардағы сияқты қағанның төрт тірегі деп атаған. Бұлардан кейінгі әкімшілік әскери басшыларға тиесілі болып, оларға 20 түрлі лауазымдық атақ берілген.
Достарыңызбен бөлісу: |