Ежелгі түрік қағанатының құрылуы


«Көне түрік әдебиеті туралы зерттеулер»



бет3/3
Дата27.09.2023
өлшемі24.42 Kb.
#478812
1   2   3
СӨЖ 1 қ.тарих

«Көне түрік әдебиеті туралы зерттеулер» атты 2013 жылғы кітапта (Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институты) Түрік қағандығының мемлекеттік заңдары туралы баяндалады: 1-бап. Көтеріліс жасап, бүлік шығарған кісілерге өлім жазасы кесілсін; 2-бап. Түрік жұртының мүддесін сатып, елге опасыздық еткендер өлім жазасына кесілсін; 3-бап. Қағанат ішінде жазықсыз кісі өлтіргендер өлім жазасына кесілсін; 4-бап. Сәйгүлік атты ұрлаған кісіге өлім жазасы бұйырылсын; 5-бап. Ұрланған бағалы мүлік үшін он есе артық айып төленсін. Сот билігі қағанның және оның атынан іс жүргізетін бұйрықтар мен тархандардың қолында болды. Сот ашық түрде екі жақты толық тыңдау арқылы жүргізілді.

Әлеуметтік-экономикалық және саяси жағдайы
552-553 жылдары түріктер Орта Азиядағы қуатты мемлекеттердің бірі - эфталиттердің Хотан және Жетісудағы тәуелді княздіктерін басып алған еді. Осы екі арадағы соғыс 8 жылға созылды. Соғыстың ұзаққа созылу себебі -ол кезде эфталиттер Үндістанмен соғыс жүргізіп жатқан болатын, сонымен бірге Ираннан қауіптеніп түріктерге қарсы соғыса алмады. Иран шахы Хосрав түріктермен одақ болуға 564 жылы ұсыныс жасады және Түріктер ирандықтардың ұсынысын қабыл алып, Истемидің қызын Хосравқа әйелдікке береді. Ары қарай эфталитеттерге соғыс ашып эфталит жерінің бәрін Хосрав өзіне қосып алады. Орта Азияны жаулап алғаннан кейін түріктер Қытайдан Жерорта теңізінің елдеріне келетін сауда жолдарының бөлігі «Ұлы Жібек жолына» билік етті. Түріктер жібек саудасына да басшылық етті, соғдылықтар жібек өндіретін еді. Орта Азия үшін VI ғасыры экономикалық және мәдени өрлеу дәуірі болады. Қалалар өсіп, байи түсті, егін шаруашылығы, қол өнері мен сауда – саттық өркендеп, гүлдене түседі. Сол заманда соғдылар нағыз тәжірибелі және епті көпес – делдалдар қызметін атқарады. Олар ежелгі керуен жолын пайдаланып, Қытай мен Жерорта теңізі арасында тиянақты байланыс орнатады. Бірақ сауда-саттыққа жужандардың қарақшылығы, эфталиттердің ұдайы көршілерімен үздіксіз жүргізген соғыстары кесірін тигізеді. Түріктер соғдылармен жерді біріктіреді де сауда – саттық үшін кереметтей қолайлы жағдай тудырады, сол себепті де соғды көпестері түрік хандарының адал бодандарына айналды. Сөйтіп Орта Азия қағанаттың тұтас бөлшегіне айналады. Иранмен жібек сауда байланысы үзілгендіктен жібектерін сатып алатын Византиямен сауда-саттық жасаспақшы болады. 567 жылы Маниах Қонстантинопольге жіберілген Түрік қағанының елшілігін басқарады. Византия да Иран сияқты соғды жібегіне аса мұқтаж болмағанмен, ол парсыларға қарсы бағытталған түріктермен одақтасуға мүдделі болды. Түрік елшілері император сарайында үлкен құрметпен қабылданып, түріктер мен Византия арасында Иранға қарсы әскери келісім шарт бекіді. Иштеми 571 жылға қарай Солтүстік Кавказды жаулап алды және көп ұзамай Босфорға шықты. Византия тарихшысы Менандар 568-576 жылдары түріктерге византиялықтар жеті рет елші жібергенін жазды. 576 жылы Валентиннің елшілігіне 106 «түрік» елшісі келген. Жібек саудасының маңызын Л. Н Гумилев кітабында былайша түсіндіреді: «VI –ғасырда жібек валюта болды. Византияда алтын, асыл тастармен қатар бағаланды. Жібекке Византияда одақтас тапты, жалдамалылар жалдады, құл және кез – келген тауарды сатып алды». Дегенмен Иштеми қаған өлген соң байланыс нашарлайды.
Қытайдың күшеюі тұсында түріктердің басшы топтарының, әсіресе Ашин руының ішінде әр түрлі араздықтар мен ашаршылық қатар жүріп жатты. Қытай тарихшысы бұл орайда түріктер нанның орнына ұнтақталған сүйекті пайдаланды деп көрсетеді. Түрік аристократиясы үздіксіз соғыстар жүргізіп, басып алған жерлерінде жеке билік орнатуға ұмтылу саясаты карапайым көшпенді халықты қалжыратты. Оған 581-583 жылдардағы жұт келіп қосылды. Осының бәрі қағандықты дағдарысқа алып келді. 582-603 жылдары батыс және шығыс болып екіге бөлінуі түпкілікті аяқталды. Түріктердің Қытаймен қарым-қатынасы шиеленісіп кетті. Өйткені VІ ғасырдан бастап түріктерге қарсы шығуды Қытай көздеді. Қытай феодалдары мен шиновниктерінің негізгі мақсаты -Азияға түгелдей өз билігін орнату еді. Осы мақсатпен Қытай империясы 602 жылы түріктерге қарсы соғыс жариялап, 2 рет күйрете соққы берді. Осы кезде түріктердің өз ішінен теле тайпалары (оғыздар) көтеріліске шықты. Көтеріліс солтүстік-шығыстағы Селенгіден оңтүстік-батыстағы Тянь-Шаньға дейінгі аралықты қамтиды. Биліктің бәрін өз қолында ұстаған қаған жалпы халықпен байланысын үзіп, азғана аристократиялық топтың мүддесін қорғады. Соғыстар соларға ғана тиімді болды. Елдің негізгі бөлігі мал шаруашылығының өнімдерімен күнелтті. Ел (Эль) каған өзінен бұрынғылардың рулық-тайпалық ел басқару жүйесіне өзгерістер енгізді: басты басшыларды түсіріп, олардың орнына қытайлықтар мен соғдылықтарды қойды. Жат жұрттыктардың басқаруындағы халық шектен тыс қанауға түсіп, өз билеушілеріне қарсы күрес ашуға мәжбүр болды. 629 жылы Ел қаған Шаньсида көтерілісшілерден жеңіліс тапты. Оған қарсы бұған ілесе оғыз тайпалары көтерілді. Қытай императорының армиясы осы жағдайды пайдаланып қағанат жеріне басып кірді.
Қорытындылай келе, Түрік империясы тұсында Орта Азияның экономикасы мен мәдениеті гүлденіп өсті. Сауда, жер өңдеу және колөнер өте тез дамыды. Жібек керуені Қытайдан Византияға қарай Бұхара, Самарқан, Ташкент, Қашқар, Турфан арқылы үздіксіз ағылып жатты.


Қолданылған әдебиеттер:

  1. К.Аманжолов, Қ.Рахметов «Түркі халықтарының тарихы», 1996 ж Алматы.

  2. Л.Н.Гумилев «Көне түріктер», 1994 ж Алматы

  3. «Көне түрік әдебиеті туралы зерттеулер», 2013 ж, Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институты.

  4. Махмұд Қашқари «Диуани лұғат-ат-түрік», 1997 ж, Алматы.

  5. Қ. Сартқожаұлы «Орхон мұралары», 2003 ж, Астана.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет