Ежелгі түркі өркениеті. Орхон-Енисей ескерткіші көне түркі жазбасы

бет2/5
Дата09.11.2023
өлшемі0.56 Mb.
#482836
1   2   3   4   5
Ежелгі түркі өркениеті шырай

Түркі өркениеті тарихта жеке-жеке емес, бір жүйе, бір процесс түрінде пайда болған. Ол әртүрлі өркениеттердің Еуразия бойынша ұрпақ өзгерістерінің генераторы (қуат көзі) қызметінде осы өзгерістерден нәр алған, жаңадан пайда болған өркениеттерге тың серпін берген. Осы орайда, түркі өркениеті тек өзін ғана тудырған бір жүйе емес, сонымен қатар әлем өркениетін құраушы басты детерминаттардың (айқындауыштардың) бірі екенін айтып өту керек. Түркі өркениетін жоққа шығарушылардың пікірінше, түркілердің тек мәдениеті ғана қалыптасқан, ал өркениет тудыру деңгейіне жете алмаған.

Түркі өркениеті де тарихи даму заңдылығына сәйкес бір-бірімен генетикалық байланысы бар әртүрлі мәдениеттер тудырған. Бұл ұлттық мәдениеттер (түрк, әзербайжан, қазақ, қырғыз, өзбек, түрікмен, ұйғыр, башқұрт,татар және т.б.) ғасырлар бойы өзіне тән ерекшеліктер алуына қарамастан, ұқсас сипаттарын да жоғалтпаған. Сонымен қатар, олар түркі өркениетінің ішінде әмбебап құндылықтарға ие мәдениеттер секілді тармақтала түскен.

Түркі өркениеті өз ішінде де, басқа өркениеттермен қарым-қатынасында да әрдайым үндестік пен үйлесім тудыруға тырысады. Өзара алмасу мәдениетіндегі толеранттылық осы өркениеттің ішкі тепе-теңдігі мен тұрақтылығын сақтайды. Түркілер кең-байтақ Еуразия кеңістігінде қаншама мемлекет пен империялар құрса да, әрі осы саяси құрылымдарда тарих бойы жеке-жеке ұлттық мәдениеттер қалыптасса да, бұл тарихи-этникалық, саяси-мәдени тармақталу түркі өркениетінің өзегін ыдыратып, жоймаған. Түркі өркениеті тарихтың барлық кезеңдерінде түркі ұлттық мәдениеттерінің бірлестіруші базасы ретінде сақталып қалған, әрі осы «ағымдардан» келген қуатпен әрдайым күшею, мызғымас іргетас болу мүмкіндіктеріне қол жеткізген.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5

©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет