Ежелгі түркі өркениеті. Орхон-Енисей ескерткіші көне түркі жазбасы

бет1/5
Дата09.11.2023
өлшемі0.56 Mb.
#482836
  1   2   3   4   5
Ежелгі түркі өркениеті шырай

Ежелгі түркі өркениеті.Орхон-Енисей ескерткіші көне түркі жазбасы.

орындаған : Оңғарбаева Шырайлым

Түркі өркениеті - әлемнің іргелі құндылықтарға ие ең белгілі өркениеттерінің бірі. Біздің дәуірімізге дейінгі мыңжылдықтарда Еуразияның ортасында пайда болған бұл өркениет шығыс пен батыс, солтүстік пен оңтүстік бағыттарда үнемі кеңейіп, жаңа ерекшеліктермен толығып отырған.

Жалпы түркі мәдениетінің өзегінде қалыптасқан түркі өркениеті мыңдаған жылдар бойы барлық негізгі өркениеттермен (қытай, жапон, үнді, араб, иран, еуропа, славян) үнемі қарым-қатынаста болып, Еуразияның трансконтиненттік архитектоникасы мен мультикультурализм кеңістігін қалыптастыру қызметін жоғары деңгейде жүзеге асырып, көп нәсілді, көп тілді, көп мәдениетті және көп дінді түркі қалаларының мультикультуралист дүниетанымының нақты көрінісі ретінде дамыған.

Тарих сахнасынан кеткен ежелгі дәуір өркениеттерінің (Мысыр, шумер, майя т.б.) жаңа өркениеттермен түрленіп, өзгергені мәлім. Ал түркі өркениеті болса, көне дәуірден қазіргі дәуірге дейін жалғасып келе жатқан бірегей өркениеттердің бірі. Алайда өркениет проблемаларына қатысты бірқатар теория мен тұжырымдамаларда әлем өркениеттері жіктелген кезде түркі өркениеті феноменінің белгілі бір саяси көзқарастар мен мүдделерге байланысты ғылыми назардан әдейі шетқақпайланғанын да ескеру керек. Көптеген жағдайда, осы өркениеттің әлемнің саяси-мәдени тарихындағы рөлін азайтып, не болмаса толықтай жоқ етіп көрсетуге тырысу әрекетін байқауға болады.

Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5

©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет