«Менің әкем-бәрінен де керемет әке!» тақырыбында балалар жұмысынан көрме қойылады.
-Балалар әлі де әкелері жазу білмесе де, әкелерін бар ынталарымен тамаша суреттер салған. Өз балаларыңыздың салған суретін әке жүрегімен сезіп, тауып алыңыздар.
( Өз балаларының өзін салған суретін тауып алу ұсынылады. )
-Сонымен бірге балалар өз әкелерін сондай ақылды, тапқыр деп мақтан тұтады.
Осы залда отырған әкелер де өз балаларымен қуанатынын, мақтана алатынын білеміз. Дәл қазір сіздерге сондай мүмкіндік туып тұр , сіздер өз балаларыңыздың қандай мақтан тұтатын қасиеттері бар екенін айтуларыңызға болады.
«Міне, менің балам қандай!» тақырыбында эпитет айту.
-Бұл әңгімені кеңінен жүргізу үшін мен сіздерге бірнеше сұрақтар қоямын.
1. Сіздің балаңыз бақытты, дені сау болып өсіп келеме?
2. Ол көңілді жүре ме? Қай жағдайларда көп күледі?
3. Қай жағдайда ол ренжиді?
4. Сіздің балаңызды қандай жұмыс түрі қызықтырады?
Жұмбақ шешіп, жаңылтпаш айтқанды ұната ма?
5. Балаңыз сізге көп сұрақтар қоя ма?
6. Балаңыздың ойлағаны болмай жатса, ол не істейді?
7. Ол қандай жұмысты жақсы орындайды?
8. Оның қолынан қандай жұмыс істеу келмейді, егер сіз балаңыздың жасында болсаңыз ол жұмысты қалай жасар едіңіз?
9. Балаңыздың өтірік айтатынын кездері бола ма? Қалай ойлайсыз,ол бұлай неге істейді,не үшін бұл қадамға барады?
10. Сіздің балаңыздың сүйікті ойыны қандай? Ойын барысында бала көргенін жасайды ма әлде ертегі,мултьфильм кейіпкерлеріне еліктей ме?
11. Сіз қалай ойлайсыз балаңыз сізді жақсы көре ме? Олай ойлауыңыздың себебі неде ?
- Балдырған балаңыз өте жақсы боп өсіп келе жатыр. Оларды дұрыс жолмен тәрбиелеу ең қиын іс. Біз балаларымызды тәрбиелеу барысында өте көп жағдайлармен бетпе-бет келеміз. Ненің дұрыс,ненің бұрыс екенін тез арада шешіп, балаларымызға дұрыс жолды көрсету ол біздің парызымыз. Қандай да бір баладан «бұл жағдайлар шешімінде әкең дұрыс орындады ма?»- деп сұрасаң, ол ойланбастан «өте дұрыс шешім» -деп айтатынын сөзсіз.