Екі немесе одан да көп жай сөйлемдерден құралып, күрделі ойды білдіретін



бет4/6
Дата21.12.2023
өлшемі25.15 Kb.
#487524
1   2   3   4   5   6
курмалас

Себеп-салдар салалас құрмаластар жалғаулықты және жалғаулықсыз болып бөлінеді. Себеп-салдар салаласты байланыстыратын жалғаулық шылаулар: себебі, өйткені, сондықтан, сол себепті, неге десеңіз.
Салалас құрмаластың құрамындағы жай сөйлемдердің байланысуы:
1.Себеп мәнді сондықтан 2. Салдар мәнді жай сөйлем сол себепті жай сөйлем
1. Салдар мәнді өйткені, себебі 2. Себеп мәнді жай сөйлем неге десеңіз жай сөйлем
Себеп-салдар салаластың құрамындағы жай сөйлемдердің орындарын ауыстырып айта беруге болады. Мысалы, Мен сұлап жатқан орнымнан тұра алмадым, себебі Тортай мінер ақ боз ат менің тақымымда кеткендей еді. Тортай мінер ақ боз ат менің тақымымда кеткендей еді, сондықтан мен сұлап жатқан орнымнан тұра алмадым.
Жалғаулықсыз себеп мәнді сөйлем салдар мәндіден бұрын тұрса, арасына үтір қойылады. Мысалы, Үлкендер көрші ауылға кеткен еді, сондықтан жастар кешкілік сауық-сайран құрмақ болады.
Жалғаулықсыз салдар мәнді сөйлем себеп мәндіден бұрын тұрса, арасына қос нүкте қойылады. Мысалы, Жастар кешкілік сауық-сайран құрмақ болады: өйткені үлкендер көрші ауылға кеткен еді.
3. Қарсылықты салаластың құрамындағы жай сөйлемдердің біріндегі іс-оқиға екіншісіндегі іс-оқиғаға қарама-қарсы болады. Қарсылықты салаластың құрамындағы жай сөйлемдер бірақ, алайда, дегенмен, сонда да, әйтсе де деген шылаулар арқылы байланыссажалғаулықты қарсылықты салалас деп аталады. Мысалы, Ауырғанда жаным көзіме көрініп барады, бірақ анамды қинағым келмейді. Жалғаулықты салалас құрмаластардың арасына үтір қойылады.
Қарсылықты салалас құрмалас сөйлем жалғаулық шылаусыз іргелес тұрып байланысса, жалғаулықсыз қарсылықты салалас деп аталады. Мысалы, Балықшылар ауды бірнеше рет салды, – балдырдан басқа ештеме ілінбеді. Жалғаулықсыз қарсылықты салалас сөйлемнің баяндауыштары көбіне антоним сөздерден және болымды-болымсыз формадағы сөздерден жасалады. Мысалы, Атаның баласы болма, – адамның баласы бол. Жалғаулықсыз қарсылықты салаластың аражігі үтір мен сызықша арқылы ажыратылады. Мысалы, Көктем шықты, – ауада суық ызғар бар.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет