Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Қазақстан



бет54/74
Дата23.02.2016
өлшемі5.76 Mb.
#3108
1   ...   50   51   52   53   54   55   56   57   ...   74
508-бап. Азаматтардың әскери есепке алу жөніндегі мiндеттерiн орындамауы

Әскери есепте тұрған немесе тұруға мiндеттi азаматтың жергілікті әскери басқару органының шақыруы бойынша белгiленген мерзiмде дәлелдi себепсіз келмеуi не әскери есептен шықпай басқа ауданға не қалаға (аудандарға бөлiнбейтiн) тұрақты немесе уақытша (үш айдан астам мерзiмге) тұрғылықты жерге (шетелге алты айдан астам мерзiмге) кетуi немесе әскери есепке тұрмай тұрақты немесе уақытша (үш айдан астам мерзiмге) тұрғылықты жерге (шетелден оралуы) келуi, сондай-ақ әскери есептi жүзеге асыратын органға өзiнiң отбасы жағдайының, аудан немесе қала (аудандарға бөлiнбейтiн) шегiнде тұрғылықты жерi, білімi, жұмыс орны мен лауазымы өзгергендiгi туралы дер кезiнде хабарламауы, -

ескерту жасауға немесе айлық есептiк көрсеткiштiң екiден бір бөлiгiнен беске дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.

 

509-бап. Медициналық тексеруден немесе жиындардан жалтару



1. Азаматтарды әскери есепке алу жөніндегі комиссияның немесе шақыру комиссиясының жолдамасы бойынша медициналық куәландырудан не тексеруден жалтару, -

әскери мiндеттiлерге айлық есептiк көрсеткiштiң - екiден бір бөлiгiнен беске дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға, ал шақырылушыларға ескерту жасауға не үш айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға әкеп соғады.

2. Әскери мiндеттiлердiң әскери жиындардан жалтаруы, -

айлық есептiк көрсеткiштiң екiден беске дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.



 

510-бап. Әскери есепке алу құжаттарын қасақана бүлдiру немесе жоғалту

Әскери билеттi немесе әскери қызметке шақырылуға тиiс азаматтың басқа да әскери есепке алу құжаттарын қасақана бүлдiруi немесе жоюы, сондай-ақ әскери билеттiң немесе әскери қызметке шақырылуға тиiс азаматтың басқа да әскери есепке алу құжаттарының иесiнiң кiнәсiнен жоғалуы, -

ескерту жасауға немесе айлық есептiк көрсеткiштiң екiден бір бөлiгiнен беске дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.



 

2007.22.05. № 255-III ҚР Заңымен 511-бап өзгертілді (бұр.ред. қара)



511-бап. Әскери қызметке даярлықтан жалтару

Шақырылушылардың жергілікті әскери басқару органдарының жолдамасымен әскери-техникалық мамандықтар бойынша әскери қызметке даярлықтан жалтаруы немесе дәлелдi себептерсіз оқу ұйымдарының сабақтарына қатыспауы, -

ескерту жасауға немесе бір айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға әкеп соғады.

 

512-бап. Азаматтарды мерзiмдi әскери қызметке заңсыз шақыру, оларды шақыруды заңсыз кейiнге қалдыру



Азаматтарды мерзiмдi әскери қызметке заңсыз шақыру не оларды шақыруды заңсыз кейiнге қалдыру, -

айлық есептiк көрсеткiштiң оннан он жетiге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.

 

2009.10.07 № 177-IV ҚР Заңымен 512-1-баппен толықтырылды

512-1-бап. Әскери қызметшіні қорлау

1. Әскери қызмет міндеттерін орындау уақытында немесе орындауға байланысты олардың арасында бағыныстылық қатынастар болмаған кезде бір әскери қызметшінің екінші әскери қызметшіні қорлауы, -



айлық есептік көрсеткіштің оннан жиырма беске дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға немесе он тәулікке дейін әкімшілік қамауға алуға әкеп соғады.

2. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған әрекет, —



айлық есептік көрсеткіштің жиырма бестен елуге дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға не он бес тәулікке дейін әкімшілік қамауға алуға әкеп соғады.

 

2009.10.07 № 177-IV ҚР Заңымен 512-2-баппен толықтырылды

512-2-бап. Бөлімді немесе қызмет орнын өз бетімен тастап кету

1. Бейбіт уақытта, әскерге шақыру немесе келісім-шарт бойынша әскери қызметін өткеріп жүрген әскери қызметші жасаған, бес тәуліктен артық, бірақ он тәуліктен аспайтын уақытқа бөлімді немесе қызмет орнын өз бетімен тастап кету, сол сияқты бөлімнен босатылу, тағайындау, ауыстыру кезінде, іссапардан, демалыстан немесе емдеу мекемелерінен қызметке дәлелсіз себептермен мерзімінде келмеу, -

айлық есептік көрсеткіштің оннан жиырма беске дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға немесе он тәулікке дейінгі мерзімге әкімшілік қамауға алуға әкеп соғады.

2. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, он тәуліктен артық, бірақ бір айдан аспайтын уақыттағы әрекеттер, -



айлық есептік көрсеткіштің жиырма бестен елуге дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға немесе он бес тәулікке дейінгі мерзімге әкімшілік қамауға алуға әкеп соғады.

 

2009.10.07 № 177-IV ҚР Заңымен 512-3-баппен толықтырылды

512-3-бап. Қоғамдық тәртіпті қорғау және қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету бойынша қызмет атқару ережелерін бұзу



Қоғамдық тәртіпті қорғау және қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету бойынша әскери нарядтың құрамына кіретін адамның қызмет атқару ережелерін бұзуы, егер бұл іс-әрекетте қылмыстық жазаланатын әрекет белгілері болмаса, -

айлық есептік көрсеткіштің бестен онға дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға не бес тәулікке дейін әкімшілік қамауға алуға әкеп соғады.

 

2009.10.07 № 177-IV ҚР Заңымен 512-4-баппен толықтырылды

512-4-бап. Бағынбау немесе бұйрықты өзгедей орындамау



Бағынбау, яғни бастықтың бұйрығын орындаудан ашықтан-ашық бас тарту, сол сияқты қызмет мүддесіне елеулі зиян келтірмеген, бастықтың белгіленген тәртіппен берген бұйрығын бағыныштының өзгедей қасақана орындамауы, -

он бес тәулікке дейінгі мерзімге әкімшілік қамауға алуға әкеп соғады.

 

2011.18.01. № 393-IV ҚР Заңымен 512-5-баппен толықтырылды

512-5-бап. Машиналарды жүргізу немесе пайдалану қағидаларын бұзу

Әскери, арнайы машинаны немесе көлік машинасын жүргізу немесе пайдалану қағидаларын бұзу адамның денсаулығына абайсызда орташа ауырлықтағы зиян келтіруге әкеп соқса, -

айлық есептiк көрсеткiштiң екі жүзден бес жүзге дейiнгі мөлшерiнде айыппұл салуға не қырық бес тәулікке дейін әкімшілік қамауға әкеп соғады.

 

29-тарау. Мемлекеттік билік институттарына қол сұғатын әкімшілік құқық бұзушылық



 

 2007.02.03. № 270-III Заңымен 513-бап жаңа редакцияда (бұр. ред. қара)



513-бап. Сотқа құрметтемеушілік білдіру

1. Процеске қатысушылардың және өзге де адамдардың қатысуынсыз соттың істі одан әрі қарауы мүмкін болмайтын жағдайларда, олардың шақыру қағазы бойынша сотқа келуден дәлелді себептерсіз жалтаруынан, сот отырысында төрағалық етушінің өкімдеріне бағынбауынан, сот үй-жайында тәртіп бұзуынан көрінген сотты құрметтемеушілік, сондай-ақ сотты және сотта белгіленген ережелерді құрметтемеушілікті анық куәландыратын өзге де іс-әрекеттер (әрекетсіздік), —

ескерту жасауға не айлық есептік көрсеткіштің оннан жиырмаға дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға не үштен бес тәулікке дейінгі мерзімге әкімшілік қамауға алуға әкеп соғады.

2. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған іс-әрекеттер (әрекетсіздік), -

айлық есептік көрсеткіштің жиырмадан отызға дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға не бестен он тәулікке дейінгі мерзімге әкімшілік қамауға алуға әкеп соғады.

 

514-бап. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iс бойынша iс қарауға қатысушылардың жауапкершiлiгi



Қаралатын iске қатысушының әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстi қарайтын органға (лауазымды адамға) келуден дәлелдi себепсіз бас тартуы не жалтаруы, яғни келмеуi, сөйтiп iс бойынша қарауды кейiнге қалдыруға себепшi болуы, -

он айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға әкеп соғады.

 

2006.16.01. № 122-III ҚР Заңымен 514-1-баппен толықтырылды (2007.01.01. бастап қолданысқа енгізілді)



514-1-бап. Алқабидің міндеттерін атқару үшін сотқа келмеу

Алқабидің міндеттерін атқару үшін азаматтың сотқа шақыру бойынша дәлелсіз себептермен келмеуі, -

азаматтарға ескерту жасауға немесе айлық есептік көрсеткіштің онға дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

 

2006.16.01. № 122-III ҚР Заңымен 514-2-баппен толықтырылды (2007.01.01. бастап қолданысқа енгізілді)



514-2-бап. Алқабилердің тізімдерін жасау үшін ақпаратты табыс етпеу

Алқабилердің тізімдерін жасау үшін жергілікті атқарушы органдарға қажетті ақпаратты табыс етпеу, сол сияқты дұрыс емес ақпарат табыс ету, -

жеке тұлғаларға ескерту жасауға немесе айлық есептік көрсеткіштің онға дейінгі мөлшерінде, лауазымды адамдарға айлық есептік көрсеткіштің оннан он беске дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

 

2006.16.01. № 122-III ҚР Заңымен 514-3-баппен толықтырылды (2007.01.01. бастап қолданысқа енгізілді)



514-3-бап. Азаматқа алқаби міндеттерін атқаруға кедергі келтіру

Лауазымды адамның азаматқа алқаби міндеттерін атқаруға кедергі келтіруі, -

лауазымды адамдарға ескерту жасауға немесе айлық есептік көрсеткіштің жиырмадан отызға дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

 

2006.16.01. № 122-III ҚР Заңымен 514-4-баппен толықтырылды (2007.01.01. бастап қолданысқа енгізілді)



514-4-бап. Алқабилердің сот талқылауында істі қарауға байланысты іс-әрекеттеріндегі шектеулердi сақтамау

1. Сот талқылауында істі қарауға байланысты алқабилердің іс-әрекеттеріндегі Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген шектеулерді сақтамау, -

азаматтарға айлық есептік көрсеткіштің жиырмаға дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

2. Алқабиді істі қарауға одан әрі қатысудан шеттетуге әкеп соқтырған нақ сол іс-әрекеттер, -

азаматтарға айлық есептік көрсеткіштің екі жүзге дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

 

515-бап. Куәнiң айғақ беруден бас тартуы немесе жалтаруы



Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстi қарауға уәкiлеттi орган (лауазымды адам) куә ретiнде жауап алуға тиiс адамның айғақ беруден дәлелдi себептерсіз бас тартуы не жалтаруы, -

екi айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға әкеп соғады.

2006.07.07. № 171-III ҚР Заңымен 516-бап жаңа редакцияда (бұр. ред. қара)

516-бап. Куәнің, жәбірленушінің көрінеу жалған айғақтары, сарапшының көрінеу жалған қорытындысы немесе қате аударма жасау

1. Әкімшілік құқық бұзушылық туралы істі қараған кезде және медициналық қызмет сараптамасын жүргізу барысында органға (лауазымды адамға) куәнің, жәбірленушінің көрінеу жалған айғақтар беруі, сарапшының көрінеу жалған қорытынды беруі, сондай-ақ осындай жағдайларда аудармашының көрінеу қате аударма жасауы, -

жеке тұлғаларға - айлық есептік көрсеткіштің бестен онға дейінгі, лауазымды адамдарға оннан жиырмаға дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

2. Сарапшылар медициналық қызмет сараптамасын жүргізу кезінде әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасаған нақ сол әрекеттер, -

жеке тұлғаларға - айлық есептік көрсеткіштің оннан жиырмаға дейінгі, лауазымды адамдарға жиырмадан отызға дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

Ескерту. Егер куә, жәбірленуші, сарапшы немесе аудармашы әкімшілік құқық бұзушылық туралы істі қарау барысында ерікті түрде, уәкілетті орган (лауазымды адам) іс бойынша шешім шығарғанға дейін өздері берген айғақтардың, қорытындының жалғандығы, аударманың қате жасалғандығы туралы мәлімдесе, олар әкімшілік жауаптылықтан босатылады.

 

2007.27.07. № 314-III ҚР Заңымен  516-1-баппен толықтырылды (2008.01.01. бастап қолданысқа енді); 2011.09.11. № 490-ІV ҚР Заңымен 516-1-бап өзгертілді (бұр.ред.қара)



516-1-бап. Әкімшілік құқық бұзушылық туралы істер бойынша дәлелдемелерді бұрмалау

Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстер бойынша дәлелдемелердi iс жүргiзу iс-әрекеттерiне қатысатын маманның немесе қорғаушының жасаған бұрмалауы, егер бұл iс-әрекет адамның денсаулығына зиян немесе айтарлықтай залал келтiрмесе, -

айлық есептік көрсеткіштің отыздан елуге дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

 

517-бап. Лауазымды адамның сараптама жүргiзу туралы қаулыны немесе тапсырманы не маманды шақыру туралы талапты орындаудан бас тартуы немесе жалтаруы



Мемлекеттік қадағалау және бақылау органының қаулысы немесе тапсырмасы жiберiлген лауазымды адамның сараптама жүргiзуден не бақылау жүргiзуге, құжаттар ресiмдеу iсiн жүргiзуге, әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iс жүргiзуге немесе оны қарауға қатысу үшiн маманды шақыру туралы талабынан не оларды орындаудан дәлелсіз себептермен бас тартуы немесе жалтаруы, -

жиырма айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға әкеп соғады.

518-бап. Айыпталушының (сезiктiнiң) келетiндiгi туралы жеке кепiлгерлiктi бұзу

Айыпталушының (сезiктiнiң) анықтау iсiн жүргiзетiн адамға, тергеушiге немесе сотқа келетiндiгi туралы өздерi жазбаша кепiлгерлiк берген адамдардың оны бұзуы немесе орындамауы, айыпталушының (сезiктiнiң) тергеуден немесе соттан жалтаруына әкеп соқса, -

үш айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға әкеп соғады.

519-бап. Кәмелетке толмаған айыпталушының (сезiктiнiң) келуiн қамтамасыз ету туралы мiндеттеменi бұзу

Ата-ананың, қорғаншының, қамқоршының немесе арнаулы жабық балалар мекемесi әкiмшiлiгi өкiлiнiң қарамақтарына қарауға берiлген кәмелетке толмаған айыпталушының (сезiктiнiң) тергеушiге, анықтаушыға немесе сотқа келуiн қамтамасыз ету туралы өздерi жазбаша берген мiндеттемелерiн бұзуы, айыпталушының (сезiктiнiң) тергеуден және соттан жалтаруына әкеп соқса, -

бір айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға әкеп соғады.

520-бап. Соттың жеке ұйғарымы, қаулысы, прокурордың, тергеушiнiң немесе анықтаушының ұсынысы бойынша шара қолданбау

Лауазымды адамның соттың жеке ұйғарымын, қаулысын, прокурордың, тергеушiнiң немесе анықтаушының ұсынысын қарамауы немесе оларда көрсетiлген заң бұзушылықты жоюға шара қолданбауы, сондай-ақ жекеше ұйғарымға, қаулыға немесе ұсынысқа дер кезiнде жауап қайтармауы, -

сегiз айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға әкеп соғады.

2006.22.06. № 147-III ҚР Заңымен 521-бап өзгертілді (бұр. ред. қара)



521-бап. Прокурорға, тергеушiге және анықтау органына, сот орындаушысына, сот приставына келуден жалтару

Прокурордың, тергеушiнiң, анықтау органының шақыруы бойынша айғақтар беру үшiн сот орындаушысына, сот приставына сот актілерін, әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді қарауға уәкілетті органдардың (лауазымды адамдардың) қаулыларын орындау мәселесi бойынша түсiнiк беру үшiн келуден жалтару, сондай-ақ айғақ беруден бас тарту немесе көрiнеу жалған айғақтар беру, -



жеке тұлғаларға - айлық есептiк көрсеткiштiң бірден үшке дейінгі, лауазымды адамдарға бестен онға дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.

ҚР 09.08.02 ж. № 346-II Заңымен 521-1-баппен толықтырылды



521-1-бап. Прокурорға хабарламау немесе дер кезiнде хабарламау

Мемлекеттік органның заң актілеріне сәйкес хабарлау талап етiлетiн iс жүргiзу туралы прокурорға хабарламауы немесе дер кезiнде хабарламауы, -

лауазымды адамдарға айлық есептiк көрсеткiштiң екi жүзге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.

2006.20.01. № 123-III (2006.01.01. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара); 2006.22.06. № 147-III (бұр. ред. қара) ҚР Заңдарымен 522-бап өзгертілді



522-бап. Прокурордың, тергеушiнiң, анықтаушының, сот приставының, сот орындаушысының заңды қызметiне кедергi жасау

1. Прокурордың, тергеушiнiң, анықтаушының, сот приставының, сот орындаушысының заңды қызметiне, мемлекеттік органның меншiк нысанына қарамастан, ұйымның ғимаратына, үй-жайына немесе аумағына қызметтiк куәлiгiн көрсетуi бойынша кедергiсіз кiргiзуден, сондай-ақ қажеттi құжаттарды, материалдарды, статистикалық және өзге де мәлiметтердi табыс етуден, тексерулер, ревизиялар мен сараптамалар жүргiзуден, мамандар бөлуден бас тарту әрекетiнен көрiнетiн кедергi жасау, -

ескерту жасауға немесе лауазымды адамдарға жиырма айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға әкеп соғады.

2. Прокурордың, тергеушiнiң, анықтаушының, сот орындаушысының заңмен белгiленген негiзде және тәртiппен қойған талаптарын қасақана орындамау, -



жеке тұлғаларға- айлық есептiк көрсеткiштiң бірден үшке дейiнгi мөлшерiнде, лауазымды адамдарға оннан елуге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға, не он тәулiкке дейiн әкiмшiлiк қамауға әкеп соғады.

 

523-бап. Адвокаттың заңды қызметiне кедергi жасау



Адвокаттың не адвокаттар алқасының, заң консультациясының, адвокат кеңсесiнiң заңды қызметiн жүзеге асыруға, олардың кәсiптiк мiндеттерiн атқару үшiн қажеттi құжаттарды, материалдарды немесе мәлiметтердi табыс етпеуден не жазбаша сауал салу бойынша заңдарда белгiленген мерзiмде табыс етуден бас тарту әрекетiнен көрiнген лауазымды адамның кедергi жасауы, егер бұл әрекеттерде қылмыстық жазалануға тиiс iс-әрекет белгiлерi болмаса, -

жиырма айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға әкеп соғады.

 

2006.20.01. № 123-III (2006.01.01. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара); 2006.22.06. № 147-III (бұр. ред. қара) ҚР Заңдарымен 524-бап өзгертілді



524-бап. Сот актілерін, әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді қарауға уәкілетті органдардың (лауазымды адамдардың) қаулыларын орындамау

Сот актілерін, әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді қарауға уәкілетті органдардың (лауазымды адамдардың) қаулыларының талаптарын орындаудан жалтару, егер бұл iс-әрекеттерде қылмыстық жазалануға тиiс әрекет белгiлерi болмаса,-



жеке тұлғаларға- айлық есептiк көрсеткiштiң онға дейiнгi, ал лауазымды адамдарға жиырмаға дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға, не он тәулiкке дейiн әкiмшiлiк қамауға әкеп соғады.

 

2006.20.01. № 123-III (2006.01.01. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара); 2006.22.06. № 147-III (бұр. ред. қара); 2010.02.04. № 262-IV (жарияланғанынан кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   50   51   52   53   54   55   56   57   ...   74




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет