Әкімшілік құқық бұзушылық туралы



бет31/43
Дата12.06.2016
өлшемі3.94 Mb.
#129903
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   43
жасауы –

бір жыл мерзiмге көлiк құралдарын басқару құқығынан айыруға әкеп соғады.

3. Қазақстан Республикасының көлiк заңнамасын үнемі бұзу, яғни осы Кодекстiң 572 (екiншi бөлiгi), 574, 576, 589, 593 (екiншi, үшiншi, төртінші, бесінші, алтыншы және жетінші бөлiктерi), 609-баптарында көзделген құқық бұзушылықтарды бiр жыл iшiнде үш және одан да көп рет жасау –

жеке тұлғаларды көлiк құралдарын басқару құқығынан бір жыл мерзiмге айыруға әкеп соғады.


630-бап. Жолдарды, темiржол өтпелерiн және

басқа жол құрылыстарын бүлдiру


1. Жолдарды, темiржол өтпелерiн және басқа да құрылыстарды немесе жол жүрісін реттейтiн техникалық құралдарды бүлдiру, оның iшiнде жол жабындысын ластау не арнайы бөлiнген жерлерден тыс жерлермен және жабындысы жетiлдiрiлген жолдармен мал айдап өту арқылы бүлдiру, сондай-ақ түрлi құрылыстар орнату немесе жасыл екпелер отырғызу немесе оларды уақтылы бұтамау салдарынан жол жүрісін реттейтін құралдардың көрiнуiн шектеу –

жеке тұлғаларға – екі, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне – он, орта кәсiпкерлiк субъектiлерiне – жиырма, iрi кәсiпкерлiк субъектiлеріне отыз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.

2. Осы баптың бiрiншi бөлiгiнде көзделген, жәбiрленушiнiң денсаулығына жеңiл зиян келтiре отырып, көлiк құралдарын, жүктердi немесе өзге мүлiктi бүлдiре отырып, жол-көлiк оқиғасына әкеп соққан бұзушылықтар –

жеке тұлғаларға – бес, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне – отыз, орта кәсiпкерлiк субъектiлерiне – елу, iрi кәсiпкерлiк субъектiлеріне бір жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.


631-бап. Жолдарды, темiржол өтпелерiн және басқа

жол құрылыстарын күтiп-ұстау қағидаларын бұзу


1. Жолдарда жұмыс жүргiзу, жолдарды, темiржол өтпелерiн және жол құрылыстарын күтiп-ұстау жөнiндегi талаптарды, жол жүрісі қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету қағидаларында белгiленген өзге де талаптарды орындамау –

шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне – он, орта кәсiпкерлiк субъектiлерiне – он бес, iрi кәсiпкерлiк субъектiлеріне отыз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.

2. Осы баптың бiрiншi бөлiгiнде көзделген, жәбiрленушiнiң денсаулығына жеңiл зиян келтiре отырып, көлiк құралдарын, жүктердi, жолдарды, жол құрылыстарын және басқа да құрылыстарды немесе өзге де мүлiктi бүлдiре отырып, жол-көлiк оқиғасына әкеп соққан әрекеттер -

шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне – он бес, орта кәсiпкерлiк субъектiлерiне – жиырма, iрi кәсiпкерлiк субъектiлеріне отыз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.


632-бап. Жерасты коммуникациялардың қарау құдықтарын

күтiп-ұстау қағидаларын жол жүрісі қауiпсiздiгiне

қатер төндiре отырып бұзушылық
1. Жолдардың жүру бөлiгіндегi жерасты коммуникациялардың қарау құдықтарын күтiп-ұстау қағидаларын бұзу, сол сияқты жолдың үстiне судың, техникалық сұйықтардың, будың шығып кетуiне және соның салдарынан жол бетінің бұзылуына, жол үстiне мұздың қатуына, көрiнудің шектелуiне және басқа кедергiлерге әкеп соғатын жер асты коммуникациялардың ақауларын жоюға шаралар қолданбау –

шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне немесе коммерциялық емес ұйымдарға – он, орта кәсiпкерлiк субъектiлерiне – жиырма, iрi кәсiпкерлiк субъектiлеріне отыз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.

2. Адамдардың денсаулығына жеңiл зиян келтiре отырып, көлiк құралдарын, жүктердi және өзге де мүлiктi бүлдiре отырып, жол-көлiк оқиғасына әкеп соққан дәл сол бұзушылықтар –

шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне немесе коммерциялық емес ұйымдарға – он бес, орта кәсiпкерлiк субъектiлерiне – отыз, iрi кәсiпкерлiк субъектiлеріне қырық айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.


633-бап. Автомобиль жолдарына бөлiнген жолақта

қорғау мен пайдалану қағидаларын бұзу


1. Белгiленген тәртiппен келiсiп алмай, автомобиль жолдарына бөлiнген жолақта жер резервтерiн жырту, екпелердi шабу, түбiрiмен қопару және бүлдiру, жердiң шымын және топырағын алу, материалдар мен жүктерді жинап қою, топографиялық және басқа да жұмыстарды жүргiзу, жол қиылыстары мен кiрме жолдарды жабдықтау, ғимараттарды, жерасты және жерүстi құрылыстарын немесе коммуникацияларын тұрғызу, жарнаманы және өзге де ақпаратты орнату, сондай-ақ бөлiнген жолақ шегiнде белгiленгеннен тыс жерде от жағу, мал жаю, қоқыс пен қар төгу, сауда жасау, жолдың су ағар жүйесiне кәріздік, өнеркәсiптiк, мелиорациялық және сарқынды суларды ағызу не жол жиегiн арық ретiнде пайдалану –

жеке тұлғаларға – үш, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне немесе коммерциялық емес ұйымдарға – жиырма, орта кәсiпкерлiк субъектiлерiне – отыз, iрi кәсiпкерлiк субъектiлеріне елу айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.

2. Осы баптың бiрiншi бөлiгiнде көзделген, адамдарға жеңiл дене зақымдарын келтіре отырып, көлiк құралдарын немесе өзге де мүлiктi бүлдiре отырып, жол-көлiк оқиғасына әкеп соққан не осы баптың бiрiншi бөлiгiнде көзделген әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр жыл iшiнде қайталап жасалған бұзушылықтар –

жеке тұлғаларға – бес, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне немесе коммерциялық емес ұйымдарға – жиырма бес, орта кәсiпкерлiк субъектiлерiне – қырық, iрi кәсiпкерлiк субъектiлеріне бір жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.


634-бап. Жер пайдаланушылардың автомобиль

жолдарын және жол құрылыстарын

пайдалану мен қорғау қағидаларын бұзуы
Жаяу жүргінші жолдары мен өткел (өтпе) көпiрлердi, автомобиль жолдарын су басып кетуiне және автомобиль жолдарына бөлiнген жолаққа iргелес жер пайдаланушыларға бекiтiлiп берiлген учаскелердегi бөлiнген белдеудiң батпақтануына жол беретiн суғару жүйелерiн жайластыру, жөндеу және ұдайы тазарту жөнiндегi мiндеттердi, сондай-ақ осы пайдаланушыларға бекiтiлiп берiлген учаскелерден шығатын жолдарды немесе өтпе көпiрлердi қоса алғанда, жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарына кiрме жолдарды техникалық жағынан жарамды күйде және таза етiп күтiп-ұстау жөнiндегi мiндеттердi орындамау –

жеке тұлғаларға – үш, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне немесе коммерциялық емес ұйымдарға – он, орта кәсiпкерлiк субъектiлерiне – жиырма, iрi кәсiпкерлiк субъектiлеріне отыз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.


635-бап. Магистральдық құбыржолдарын

қорғау қағидаларын бұзу


Магистральдық құбыр жолдарын қорғау қағидаларын бұзу –

ескерту жасауға немесе жеке тұлғаларға – бір, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне немесе коммерциялық емес ұйымдарға – он, орта кәсiпкерлiк субъектiлерiне – жиырма, iрi кәсiпкерлiк субъектiлеріне отыз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.


31-тарау. АҚПАРАТТАНДЫРУ ЖӘНЕ БАЙЛАНЫС

САЛАСЫНДАҒЫ ӘКІМШІЛІК ҚҰҚЫҚ

БҰЗУШЫЛЫҚТАР
636-бап. Электр байланысы желiлерiне шеткі

құрылғыларды (жабдықты) заңсыз қосу


1. Электр байланысы желiлерiне шеткі құрылғыларды (жабдықты) заңсыз қосу -

ескерту жасауға немесе жеке тұлғаларға – бес, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне немесе коммерциялық емес ұйымдарға – жиырма, орта кәсiпкерлiк субъектiлерiне – қырық, iрi кәсiпкерлiк субъектiлеріне бір жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.

2. Осы баптың бiрiншi бөлiгiнде көзделген, әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр жыл iшiнде қайталап жасалған әрекеттер –

шеткі құрылғылар (жабдық) тәркiлене отырып, жеке тұлғаларға – он, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне немесе коммерциялық емес ұйымдарға – отыз бес, орта кәсiпкерлiк субъектiлерiне – алпыс, iрi кәсiпкерлiк субъектiлеріне үш жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.

Ескертпе. Шеткі құрылғылар (жабдық) деп желiлерге қосылатын және абоненттердiң пайдалануындағы, абоненттер жiберген ақпаратты байланыс арналары арқылы беру және қабылдау үшiн электр және радиобайланысы сигналдарын қалыптастырудың техникалық құралдары (радиотрансляциялық нүктелер, телефон аппараттары, телефакстер, деректердi беру құрылғылары, әртүрлi телематикалық қызметтердiң шеткі құрылғылары, кәбілдiк теледидар жабдығы, телефон арнасының ұзартқыштары, радиотелефондар және басқалар) түсiнiледi.
637-бап. Қазақстан Республикасының байланыс

саласындағы заңнамасын бұзу


1. Қазақстан Республикасының байланыс саласындағы заңнамасын:

1) үстем байланыс операторының телекоммуникация желiлерiн ортақ пайдаланылатын телекоммуникация желiлерiне жалғаудан негiзсiз бас тартуы, сондай-ақ трафиктi өткiзу тәртiбiн бұзу;

2) телекоммуникация желiлерiн ортақ пайдаланылатын телекоммуникация желiлерiне жалғаудың Қазақстан Республикасының байланыс саласындағы заңнамасында көзделген мерзiмдерiн бұзу;

3) трафикті өткізу және өзара есеп айырысу тәртібін қоса алғанда, байланыс операторларының телекоммуникация желілерін жалғау деңгейлерін бұзуы;

4) шұғыл медициналық, құқық қорғау, өрт, авариялық, анықтамалық және басқа да қызметтерді тегін жалғау нөмірлерімен байланысты өшіру және (немесе) шектеу;

5) байланыс операторының тарифтеу бірліктері мөлшерлерін сақтамауы;

6) байланыс операторларының өз желілерінде қалааралық және (немесе) халықаралық телефон байланысы операторын таңдау бойынша абоненттердің құқығын шектеуі;

7) көрсетілетін зияткерлік қызметтерге (лотерея, дауыс беру, телевикторина, викторина, анықтамалық-ақпараттық қызметтер, танысу қызметтері) қол жеткізуді ұсыну кезінде абоненттерді жалғанымның құны туралы хабардар етпеу;

8) пайдаланушыларға сапасы бойынша стандарттарға, техникалық нормаларға және көрсетілетін байланыс қызметтерінің сапа көрсеткіштеріне сәйкес келмейтін байланыс қызметтерін көрсету;

9) радиожиілік спектрін байланыс түрінің және (немесе) стандарттың мақсатына сай пайдаланбау, сол сияқты радиожиілік спектрінің және радиоэлектрондық құралдардың техникалық параметрлерінің арнайы рұқсатта көрсетілген деректерге сәйкес болмауы;

10) байланыс операторының ұялы байланыс желілерінде абоненттік нөмірлерді көшіруді жүзеге асыру тәртібін, сондай-ақ абоненттік нөмірлерді көшіру қызметтерін көрсету кезінде абоненттік нөмірлер дерекқорының операторымен ұйымдастырушылық-техникалық өзара іс қимылды сақтамауы түрінде жасалған бұзушылық –

лауазымды адамдарға, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне – жиырма, орта кәсiпкерлiк субъектiлерiне – қырық, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне бір жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.

2. Осы баптың бiрiншi бөлiгiнде көзделген, әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр жыл iшiнде қайталап жасалған іс-әрекеттер –

лауазымды адамдарға, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне – қырық, орта кәсiпкерлiк субъектiлерiне – сексен, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне екі жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.

3. Абоненттер туралы қызметтiк ақпаратты жинау және сақтау жөнiндегi мiндеттi бұзу –

шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне – елу, орта кәсiпкерлiк субъектiлерiне – бір жүз, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне бес жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.

4. Осы баптың үшiншi бөлiгiнде көзделген, әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр жыл iшiнде қайталап жасалған әрекет –

жекелеген қызмет түрін немесе белгілі бір қызмет түріне лицензияның қолданылуын үш айға дейін тоқтата тұрып, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне – бір жүз, орта кәсiпкерлiк субъектiлерiне – екі жүз, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне бір мың айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.


638-бап. Сәйкестiгi мiндеттi расталуға жататын,

бiрақ одан өтпеген байланыс құралдарын пайдалану





  1. Қазақстан Республикасының бiрыңғай телекоммуникация желiсінде техникалық реттеу саласында сәйкестiгi мiндеттi расталуға жататын және одан өтпеген техникалық байланыс құралдарын пайдалану, сол сияқты электромагниттiк сәулелену көзi болып табылатын радиоэлектрондық құралдар мен жоғары жиiлiкті құрылғыларды, пошта байланысының техникалық құралдарын пайдалану –

ескерту жасауға немесе жеке тұлғаларға – бес, шағын кәсiпкерлiк субьектілеріне немесе коммерциялық емес ұйымдарға – алпыс, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – бір жүз, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне екi жүз елу айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.

2. Осы баптың бiрiншi бөлiгiнде көзделген, әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр жыл iшiнде қайталап жасалған әрекет –

ескерту жасауға немесе сертификатталмаған байланыс құралдары тәркілене отырып, жеке тұлғаларға – он, шағын кәсiпкерлiк субьектілеріне немесе коммерциялық емес ұйымдарға – бір жүз жиырма, орта кәсiпкерлiк субъектiлерiне – бір жүз елу, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне үш жүз елу айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
639-бап. Ақпараттық ресурстарды қорғау құралдарын

пайдалану жөнiндегi талаптарды бұзу


Ақпараттық ресурстарды қорғау құралдарын пайдалану жөнiндегi талаптарды бұзу -

ескерту жасауға немесе жеке тұлғаларға – он, лауазымды адамдарға, шағын кәсiпкерлiк субьектілеріне немесе коммерциялық емес


ұйымдарға – жиырма, орта кәсiпкерлiк субъектiлерiне – отыз, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне екi жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
640-бап. Қазақстан Республикасының электрондық

құжат және электрондық цифрлық

қолтаңба туралы заңнамасын бұзу
1. Куәландырушы орталықтың Қазақстан Республикасының электрондық құжат және электрондық цифрлық қолтаңба туралы заңнамалық актiсінде көзделген мiндеттердi орындамауы –

екi жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.

2. Тiркеу куәлiгi иесiнiң Қазақстан Республикасының электрондық құжат және электрондық цифрлық қолтаңба туралы заңнамалық актiсінде көзделген мiндеттердi орындамауы –

елу айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.

3. Басқа тұлғаның электрондық цифрлық қолтаңбасының жабық кiлтін құқыққа сыйымсыз алуы және (немесе) пайдалануы –

ескерту жасауға немесе жеке тұлғаларға – он, лауазымды адамдарға, шағын кәсiпкерлiк субьектілеріне немесе коммерциялық емес ұйымдарға – жиырма, орта кәсiпкерлiк субъектiлерiне – бір жүз, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне екi жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.

4. Электрондық құжат айналымы жүйесiне қатысушылардың Қазақстан Республикасының электрондық құжат және электрондық цифрлық қолтаңба туралы заңнамалық актiсінде көзделген мiндеттердi орындамауы –

жеке тұлғаларға – он, лауазымды адамдарға, шағын кәсiпкерлiк субьектілеріне немесе коммерциялық емес ұйымдарға – жиырма, орта кәсiпкерлiк субъектiлерiне – қырық, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне екi жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.


641-бап. Қазақстан Республикасының ақпараттандыру

туралы заңнамасын бұзу


Жеке және заңды тұлғалар туралы құпиялы мәлiметтер қамтитын электрондық ақпараттық ресурстарды мүлiктiк және моральдық зиян келтiру, Қазақстан Республикасының заңнамалық актiлерiнде кепiлдiк берiлген құқықтар мен бостандықтарды iске асыруды шектеу мақсатында пайдалану –

ескерту жасауға немесе жеке тұлғаларға – он, лауазымды адамдарға, шағын кәсiпкерлiк субьектілеріне немесе коммерциялық емес ұйымдарға – жиырма, орта кәсiпкерлiк субъектiлерiне – қырық, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне екi жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.

32-тарау. ӘСКЕРИ МІНДЕТТІЛІК, ӘСКЕРИ ҚЫЗМЕТ ПЕН

ҚОРҒАНЫС САЛАСЫНДАҒЫ ӘКІМШІЛІК

ҚҰҚЫҚ БҰЗУШЫЛЫҚТАР
642-бап. Бастапқы әскери есепке қоюға не әскерге шақыру

учаскелерiне тiркелуге жататын азаматтардың

тiзiмдерiн жергiлiктi әскери басқару органына

ұсынбау немесе уақтылы ұсынбау


Бастапқы әскери есепке қоюға не әскерге шақыру учаскелерiне тiркелуге жататын азаматтардың тiзiмдерiн белгіленген мерзімде жергiлiктi әскери басқару органына ұсынбау немесе уақтылы ұсынбау –

ұйымдардың, оқу орындарының лауазымды адамдарына, сондай-ақ тұрғын үйлердi пайдалануды жүзеге асыратын ұйымдардың лауазымды адамдарына және үй иелерiне – он, ұйымдардың, оқу орындарының бірінші басшыларына – он бес, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне – жиырма, орта кәсiпкерлiк субъектiлерiне – отыз, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне қырық айлық есептiк көрсеткiш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.


643-бап. Азаматтық қорғаныс iс-шараларының орындалмауына әкеп

соққан құқыққа қарсы әрекеттер (әрекетсiздiк)


Азаматтық қорғаныс iс-шараларының орындалмауына әкеп соққан құқыққа қарсы әрекеттер (әрекетсiздiк) –

елу айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.


644-бап. Азаматтарды жергiлiктi әскери басқару органының

шақыруы туралы құлақтандырмау

Азаматтарды ұйым басшысының немесе әскери-есепке алу жұмысына жауапты басқа да жауапты тұлғасының жергiлiктi әскери басқару органының шақыруы туралы құлақтандырмауы, сол сияқты азаматтарға жергiлiктi әскери басқару органының шақыруы бойынша уақтылы келу мүмкiндiгiн қамтамасыз етпеуі –

он айлық есептiк көрсеткiш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.


645-бап. Әскери есепте тұрған немесе тұруға мiндеттi

тұрғылықты азаматтар құрамындағы өзгерiстер

туралы мәлiметтердi уақтылы ұсынбау
Әскери есепте тұрған немесе тұруға мiндеттi тұрақты тұрып жатқан азаматтар құрамындағы өзгерiстер туралы мәлiметтердi әскери есеп жүргiзу жүктелген органдарға уақтылы ұсынбау –

он айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға әкеп соғады.


646-бап. Әскери мiндеттiлер, әскерге шақырылушылар мен

азаматтар туралы мәлiметтердi хабарламау


1. Халықты әлеуметтік қорғау органы лауазымды адамының әскери есепте тұрған немесе тұруға мiндеттi азаматтардың мүгедек деп танылуы туралы, сондай-ақ денсаулық сақтау ұйымдары лауазымды адамының стационарлық емделудегі және диспансерлік есептегі әскери міндеттілер мен әскерге шақырушылар туралы мәліметтерді жергiлiктi әскери басқару органына белгiленген мерзiмде хабарламауы –

он айлық есептiк көрсеткiш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

2. Азаматтық хал актiлерiн жазу органы лауазымды адамының жергiлiктi әскери басқару органына әскери есепте тұрған немесе тұруға мiндеттi азаматтардың азаматтық хал актiлерiнiң жазбаларына өзгерiстер енгiзiлгендігі туралы белгiленген мерзiмде хабарламауы –

он айлық есептiк көрсеткiш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

3. Ұйым басшысының немесе басқа лауазымды адамының әскери есепке алуды жүзеге асыратын органға тұрғылықты жерi бойынша әскери есепке тұруға мiндеттi, бiрақ тұрмаған, жұмысқа (оқуға) қабылданған азаматтар туралы хабарламауы –

он айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.

4. Анықтау және алдын ала тергеу органдарының хабардар етуге жауапты лауазымды адамдарының анықтау немесе алдын ала тергеу оларға қатысты жүргізіліп жатқан әскери міндеттілер мен әскерге шақырылушылар туралы жергілікті әскери басқару органына заңнамада белгіленген мерзімде хабарламауы –

он айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

5. Соттардың жергілікті әскери басқару органын хабардар етуге жауапты лауазымды адамдарының сот оларға қатысты қылмыстық істер қарап жатқан әскери міндеттілер мен әскерге шақырылушылар туралы, сондай-ақ оларға қатысты заңды күшіне енген үкімдер туралы заңнамада белгіленген мерзімде хабарламауы –

он айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.


647-бап. Азаматтардың әскери есепке алу

жөнiндегi мiндеттерді орындамауы


Әскери есепте тұрған немесе тұруға мiндеттi азаматтың жергiлiктi әскери басқару органының шақыруы бойынша көрсетілген мерзiмде дәлелді себепсіз келмеуi не елді мекенге (әкімшілік ауданға) тұрақты тұрғылықты жерге немесе уақытша (үш айдан астам мерзiмге) тұруға келуі, сондай-ақ қызметтік іссапарларға, оқуға, демалысқа немесе емделуге (үш айдан астам мерзiмге) келіп, келген жері бойынша халыққа қызмет көрсету орталығына жеті жұмыс күні ішінде әскери есепке қою туралы өтінішпен жүгінуге міндетті азаматтың белгіленген мерзімде дәлелді себептерсіз келмеуі –

бес айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.

648-бап. Медициналық тексерілуден

немесе жиындардан жалтару




  1. Азаматтарды әскери есепке қою жөнiндегi комиссияның немесе әскерге шақыру комиссиясының жолдамасы бойынша медициналық куәландырудан не тексерілуден жалтару –

әскери мiндеттiлерге – бес айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде, ал әскерге шақырылушыларға ескерту жасауға не үш айлық есептiк көрсеткiш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

2. Әскери мiндеттiлердiң әскери жиындардан жалтаруы –

бес айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
649-бап. Әскери есепке алу құжаттарын қасақана

бүлдiру немесе жоғалту


Иесiнiң кiнәсiнан әскери билеттi немесе әскери қызметке шақырылуға жататын азаматтың басқа да есептік-әскери құжаттарын қасақана бүлдiру немесе жою, сол сияқты әскери билеттi немесе әскери қызметке шақырылуға жататын азаматтың басқа да есептік-әскери құжаттарын жоғалту –

ескерту жасауға немесе бес айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.


650-бап. Әскери қызметке даярлықтан жалтару
Әскерге шақырылушылардың жергiлiктi әскери басқару органдарының жолдамасымен әскери-техникалық мамандықтар бойынша әскери қызметке даярлықтан жалтаруы немесе оқу ұйымдарының сабақтарына дәлелді себептерсіз қатыспау –

ескерту жасауға немесе бiр айлық есептiк көрсеткiш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.


651-бап. Азаматтарды мерзімді әскери қызметке және келісімшарт

бойынша әскери қызметке заңсыз шақыру, оларға заңсыз

кейiнге қалдыруды беру
Азаматтарды мерзiмдi әскери қызметке және келісімшарт бойынша әскери қызметке заңсыз шақыру не оларға заңсыз кейiнге қалдыруды беру –

он жетi айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.


652-бап. Әскери қызметшiнi қорлау
1. Әскери қызмет мiндеттерiн орындау кезінде немесе орындауға байланысты бiр әскери қызметшiнiң екiншiні қорлауы –

жиырма бес айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға немесе он тәулікке дейін әкімшілік қамаққа алуға әкеп соғады.

2. Осы баптың бiрiншi бөлiгiнде көзделген, әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр жыл iшiнде қайталап жасалған әрекет –

елу айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға немесе он бес тәулікке дейін әкімшілік қамаққа алуға әкеп соғады.


33-тарау. МЕМЛЕКЕТТIК БИЛIК ИНСТИТУТЫНА

ҚОЛ СҰҒАТЫН ӘКIМШIЛIК ҚҰҚЫҚ

БҰЗУШЫЛЫҚТАР


653-бап. Сотты құрметтемеушілік
1. Процеске қатысушылардың және өзге де адамдардың қатысуынсыз соттың iстi одан әрi қарауы мүмкiн болмайтын жағдайларда, олардың шақыру қағазы, хабарлау, хабардар ету немесе шақыру бойынша сотқа дәлелді себептерсіз келмеуінен, сот отырысында төрағалық етушiнiң өкiмдерiне бағынбаудан, сотта белгіленген қағидаларды бұзудан көрiнген сотты құрметтемеушiлiк, сондай-ақ сотты және (немесе) судьяны құрметтемеушiлiк туралы анық көрінетін өзге де әрекеттер (әрекетсiздiк) –

ескерту жасауға не жиырма айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға не бес тәулікке дейінгі мерзімге әкімшілік қамаққа алуға әкеп соғады.

2. Осы баптың бiрiншi бөлiгiнде көзделген, әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр жыл iшiнде қайталап жасалған әрекеттер (әрекетсiздiк) –

отыз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға не он тәулікке дейінгі мерзімге әкімшілік қамаққа алуға әкеп соғады.


654-бап. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iс бойынша

iс жүргізуге қатысушылардың жауаптылығы


Iс жүргізуге қатысушының әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстi қарайтын органға (лауазымды адамға) iс бойынша талқылауды кейiнге қалдыруға себепшi болған дәлелді себепсіз келуден бас тартуы немесе келмеуі –

он айлық есептiк көрсеткiш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.


655-бап. Алқабидiң мiндеттерiн атқару үшiн сотқа келмеу
Алқабидiң мiндеттерiн атқару үшiн азаматтың шақыру бойынша дәлелді себептерсіз сотқа келмеуi –

ескерту жасауға немесе жеке тұлғаларға он айлық есептік көрсеткіш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.


656-бап. Алқабиге кандидаттардың тiзiмдерiн

жасау үшiн ақпарат бермеу



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   43




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет