Әкімшілік құқық бұзушылық туралы



бет39/43
Дата12.06.2016
өлшемі3.94 Mb.
#129903
1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   43

13) кеден заңнамасы бұзылған кезде – кеден органдарының лауазымды адамдары;

14) егер құқық бұзушылық күзетiлетiн адамдардың қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету жөнiндегi күзет iс-шараларын жүргiзу кезiнде жасалса – Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметiнiң лауазымды адамдары;

15) сот отырысы кезiнде залда, сондай-ақ атқарушылық құжаттарды мәжбүрлеп орындату барысында құқыққа қарсы әрекеттердi тоқтату туралы талаптар орындалмаған кезде – сот приставтары жүргізе алады.


788-бап. Әкiмшiлiк ұстап алудың тәртiбi
1. Әкiмшiлiк ұстап алу жөнiнде хаттама жасалады. Хаттамада оның жасалған күнi, уақыты (минутына дейінгі дәлдікпен) және орны; хаттама жасаған адамның лауазымы, тегі және аты-жөні; ұстап алынған адамның жеке басы туралы мәлiметтер; ұстап алынған уақыты, орны және оның негiздерi көрсетiледi. Хаттамаға оны жасаған лауазымды адам мен ұстап алынған тұлға қол қояды. Ұстап алынған адам хаттамаға қол қоюдан бас тартқан жағдайда, бұл жөнінде хаттамада жазба жазылады. Ұстап алу туралы хаттаманың көшiрмесi әкiмшiлiк құқық бұзушылық жасағаны үшiн ұстап алынған адамға тапсырылады.

2. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық жасағаны үшiн ұстап алынған адамның өтiнiшi бойынша өзінің қайда екендігі туралы туыстары, жұмыс немесе оқу орнының әкiмшiлiгi, сондай-ақ қорғаушысы дереу хабардар етiледi. Кәмелетке толмаған адамның ұстап алынуы туралы оның ата-анасының немесе оларды алмастыратын адамдардың хабардар етілуі мiндеттi.

3. Әскери қызметшіні немесе әскери жиындарға шақырылған азаматты әкімшілік ұстап алу туралы әскери комендатура немесе ұстап алынған адам әскери жиындарды (әскери қызметті) өткеретін әскери бөлім дереу хабардар етіледі.

4. Ұстап алынған адамға осы Кодексте көзделген оның құқықтары мен міндеттері түсіндіріледі, бұл жөнінде әкімшілік ұстап алу туралы хаттамаға тиісті жазба жазылады.

5. Ұстап алынған адамға оның құқықтары мен міндеттерін түсіндірмеу әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс бойынша іс жүргізудегі елеулі бұзушылық болып табылады және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жауаптылыққа әкеп соғады.

6. Осы Кодексте белгіленген тәртіппен ұстап алынған адам оны ұстап алуға негіз болған мән-жайлар жойылған кезде дереу босатылуға жатады.

7. Әкiмшiлiк ұстап алуға ұшыраған адамдар арнайы бөлiнген, санитариялық талаптарға сай келетiн және оларды өз еркiмен тастап кету мүмкiндiгi болмайтын үй-жайларда ұсталады.

8. Әкiмшiлiк ұстап алуға ұшыраған адамдарды ұстау жағдайларын, осындай адамдарды тамақтандыру нормасы мен оларға медициналық қызмет көрсету тәртiбiн атқарушы билiк органдары айқындайды.

9. Өздеріне қатысты әкімшілік ұстап алу қолданылған кәмелетке толмағандар ересек адамдардан бөлек ұсталады.

789-бап. Әкiмшiлiк ұстап алу мерзiмдерi


1. Әкiмшiлiк ұстап алу осы Кодекстiң 785-бабында көрсетiлген мақсаттарға қол жеткiзу үшiн қажеттi уақыт iшiнде жүзеге асырылады және үш сағаттан ұзақ болмауы керек.

Ұстап алынған адамның бас бостандығы ұстап алған адамға қандай да бір процестік мәртебе берілуіне немесе өзге де формальды рәсімдер орындалуына қарамастан, шын мәнінде шектелген кезде, минутына дейінгі дәлдікпен сол сағат ұстап алу мерзімінің басталуы болып табылады. Масаң күйдегі адамға қатысты әкімшілік ұстап алу мерзімі – медицина қызметкерi оны айықты деп куәландырған уақыттан бастап есептеледi.

Нақты ұстап алу уақытынан бастап үздіксіз есептелетін үш сағаттың өтуі осы мерзімнің аяқталу кезі болып табылады.

2. Күзетілетін объектілерге заңсыз кіргені, Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк шекарасы режимiн, шекара режимін және кедендік режимдi немесе Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк шекарасы және Кеден одағының кедендiк шекарасы арқылы өткізу пункттеріндегі режимдi бұзғаны үшін, сондай-ақ Қазақстан Республикасының континенттiк қайраңындағы, аумақтық суларындағы (теңiзiндегi) және iшкi суларындағы әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iс жүргізу қозғалған адам – қажет болған жағдайларда жеке басын анықтау және құқық бұзушылықтың мән-жайларын анықтау үшiн бұл жөнінде ұстап алынған кезден бастап жиырма төрт сағат iшiнде прокурорға жазбаша хабарланып, қырық сегiз сағатқа дейiн ұсталуы мүмкiн. Төтенше жағдай жарияланған жерде коменданттық сағат енгiзiлуiне байланысты белгiленген тәртiптi бұзуға жол берген адамдарды iшкi iстер органдарының (полицияның) қызметкерлерi немесе әскери патрульдер коменданттық сағат аяқталғанға дейiн, ал өзімен бірге құжаттары жоқтарды – олардың жеке басын анықтағанға дейiн, бiрақ қырық сегiз сағаттан аспайтын уақытқа ұстай алады.


790-бап. Күштеп әкелу
1. Осы Кодекстiң 785-бабында көзделген жағдайларда, өзiне қатысты әкiмшiлiк іс бойынша iс жүргiзiлiп жатқан жеке тұлғаны не заңды тұлғаның өкiлiн, әкiмшiлiк жауаптылыққа тартылатын кәмелетке толмаған адамның заңды өкiлiн күштеп әкелу жүргiзiледi.

2. Әкiмшiлiк құқық бұзушылықтар туралы iстер бойынша – тиiсiнше Қазақстан Республикасының Iшкi iстер министрлiгi мен Қазақстан Республикасының Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттiгi (қаржы полициясы) белгiлеген тәртiппен қаржы полициясы органдары қарайтын әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстi қарап жатқан судьяның, органның (лауазымды адамның) ұйғарымы негiзiнде iшкi iстер және қаржы полициясы органдары күштеп әкелудi жүргiзедi.


791-бап. Жеке басты жете тексеруді және жеке тұлғаның

өзімен бірге алып жүрген заттарын жете тексеру


1. Жеке басты жете тексеру – құқық бұзышылықтарды анықтау және алдын алу, әкiмшiлiк құқық бұзушылықты жасау құралы не оның нысанасы болған құжаттарды, заттарды және басқа да нәрселерді табу және алып қою мақсатында адамның денесін және оның киімін мәжбүрлеп зерттеп-қарау.

2. Жеке тұлғаның өзімен бірге алып жүрген заттарын жете тексеру – жеке тұлғаның өзімен бірге алып жүрген заттарын құрылымдық тұтастығын бұзбай зерттеп-қарау.

3. Жеке басты жете тексеруді және жеке тұлғаның өзімен бірге алып жүрген заттарын жете тексеруді уәкілетті лауазымды адамдар ғана жүргізеді, олардың тізбесі осы Кодекстің 787-бабында айқындалған және ол толық болып табылады. Көрсетілген шараларды басқа адамдардың жүргізуіне тыйым салынады және заңда көзделген жауаптылыққа әкеп соғады.

4. Жеке басты тексерiп қарауды тексерiп қаралушымен жынысы бірдей адам және жынысы осындай екi куәгердiң қатысуымен жүргiзіледі.

5. Жеке басты жете тексеру және жеке тұлғаның өзімен бірге алып жүрген заттарын жете тексеру әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс бойынша іс жүргізу кезеңінде ғана жүргізілуі мүмкін. Адамның әкімшілік құқық бұзушылық жасағаны жеке басты жете тексеруді және жеке тұлғаның өзімен бірге алып жүрген заттарын жете тексеруді жүргізуге негіз болып табылады.

6. Жеке тұлғаның өзімен бірге алып жүрген заттарын (қол жүгiн, багажын, аң және балық аулау құралдарын, олжалаған өнiмi мен өзге де нәрселерін) тексерiп-қарау осы заттардың меншік иесі немесе иелігіндегі тұлғаның қатысуымен және екі куәгердің қатысуымен жүргiзіледi.

7. Жеке тұлғаның қолында айналасындағылардың өмiрi мен денсаулығына зиян келтiру үшiн пайдаланылуы мүмкiн қару немесе өзге де нәрселер бар деуге негiздер болған ерекше жағдайларда, жеке басты жете тексеру, заттарын жете тексеру жиырма төрт сағат iшiнде прокурорға бұл жөнінде хабарланып, куәгерлерсіз жүргiзiлуi мүмкiн.

8. Жеке басты жете тексеруді және жеке тұлғаның өзімен бірге алып жүрген заттарын жете тексеруді (жетуге қиын жерде, тәуліктің түнгі уақытында, төтенше жағдайда немесе соғыс жағдайында) жүргізуге куәгерлердің қатысуы шын мәнінде мүмкін болмаған кезде, оның барысын және нәтижелерін тіркеудің техникалық құралдары міндетті түрде қолданыла отырып, куәгерлердің қатысуынсыз жүргізілуі мүмкін.

9. Қажет болған жағдайларда фото- және кинотүсiрілім, бейнежазба жүргiзiледi, заттай дәлелдемелердi тіркеудің белгiленген өзге де тәсілдері қолданылады.

10. Жеке басты жете тексеру, жеке тұлғаның өзімен бірге алып жүрген заттарын жете тексеру туралы хаттама жасалады. Жеке басты жете тексеру туралы хаттаманың көшiрмесi өзiне қатысты іс бойынша iс жүргiзiлiп жатқан адамға, оның заңды өкiлiне тапсырылады. Хаттамада оның жасалған күнi, уақыты мен орны, хаттаманы жасаған адамның лауазымы, тегі мен аты-жөнi, жеке басы тексерiп қаралған адам, заттардың түрi, саны, өзге де сәйкестендіру белгiлерi туралы, оның iшiнде қарудың тұрпаты, маркасы, моделі, калибрi, сериясы, нөмiрi, белгiлерi, оқ-дәрiлердің, арнаулы жедел-iздестiру іс-шараларын жүргiзуге арналған арнайы техникалық құралдардың және ақпаратты қорғаудың криптографиялық құралдарының саны және түрi туралы мәлiметтер көрсетiледi.

11. Жете тексеру хаттамасында фото- және кинотүсiрiлiмiнiң, бейнежазбаның, құжаттарды тіркеудің өзге де тәсілдерінің қолданылғаны туралы жазба жазылады. Фото- және кинотүсiрiлiмдерiн, бейнежазбаларды, заттай дәлелдемелердi тіркеудің белгiленген өзге де құралдарын қолдана отырып, қарап-тексеру жүргiзу кезiнде алынған материалдар тиiстi хаттамаға қоса беріледi.

12. Жеке басты жете тексеру, заттарды жете тексеру хаттамасына оны жасаған лауазымды адам, жеке басы жете тексерілген адам, жете тексерілген заттар иесi, куәгерлер қол қояды. Жеке басы жете тексерілген адам, жете тексерілген заттардың иесi хаттамаға қол қоюдан бас тартқан жағдайда, хаттамаға тиiстi жазба жасалады.


792-бап. Көлiк құралдарын, шағын көлемдi кемелердi

жете тексеру


1. Көлік құралын, шағын көлемді кемені жете тексеру, яғни көлік құралын, шағын көлемді кемені олардың құрылымдық тұтастығын бұзбай жүргізілетін зерттеп-қарау құқық бұзушылық жасау құралдарын не әкімшілік құқық бұзушылық заттарын табу және алып қою мақсатында жүзеге асырылады.

2. Көлiк құралдарын, шағын көлемдi кемелердi тексерiп қарауды екi куәгердiң қатысуымен осы Кодекстiң 787-бабында санамаланған, осыған уәкiлеттік берiлген лауазымды адамдар жүргiзедi.

Ерекше жағдайларда (жетуі қиын жерде тиісті қатынас құралдары болмаған кезде немесе басқа да объективті себептерге байланысты жеке тұлғаларды куәгерлер ретінде тартуға мүмкіндік болмаған кезде) көлік құралдарын, шағын көлемді кемелерді жете тексеру, яғни құрылымдық тұтастығын бұзбай жүзеге асырылатын зерттеп-қарау куәгерлердің қатысуынсыз, бірақ бұл ретте оның барысы мен нәтижелерін тіркеудің техникалық құралдары қолданыла отырып жүргізілуі мүмкін.

3. Мыналар:

1) көлiк құралында, шағын көлемдi кемеде әкімшілік құқық бұзушылық жасау құралдары не нәрселер бар деп есептеуге жеткілікті негіздердің болуы;

2) алкогольден, есірткіден, уытқұмарлықтан масаң күйдегі жүргізушінің көлік құралын басқаруы, егер жүргізуші уәкілетті лауазымды адамдардың заңды талаптарына бағынбаса;

3) уәкілетті лауазымды адамдардың іздеудегі көлiк құралдарын, шағын көлемдi кемелерді ұстап алу жөніндегі іс-шараларды жүргізуі;

4) егер көлік құралымен, шағын көлемді кемемен тасымалданатын жүк ұсынылған құжаттарға сәйкес келмейді деп есептеуге жеткілікті негіздер болса;

5) көлiк құралының, шағын көлемдi кеменің тораптар мен агрегаттарын ұсынылған құжаттарға сәйкес деректермен салыстыруды жүргізу қажеттігінің болуы;

6) көлiк құралының, шағын көлемдi кеменің пайдалануға тыйым салынған ақауы болуының анықталуы;

7) көлік құралын ұстап алу, оны пайдалануға тыйым салу көлiк құралдарын, шағын көлемдi кемелерді жете тексеру жүргізу үшін негіздер болып табылады.

4. Көлiк құралдарын, шағын көлемдi кемелердi жете тексеруді оларды иеленушi тұлғалардың не оның өкiлiнiң немесе көлiк құралын, шағын көлемдi кеменi заңды негiзде басқаратын тұлғаның қатысуымен жүргiзiледi. Кейiнге қалдыруға болмайтын жағдайларда, оларға аталған тұлғалардың қатысуынсыз жете тексеру жүргізілуі мүмкiн.

5. Көлiк құралдары мен шағын көлемдi кемелердi жете тексеру кезiнде анықталған заттарды тіркеу мақсатында қажет болған жағдайларда фото-, кинотүсiрiлiмі, бейнежазба жүргізіледі.

6. Көлiк құралдарын, шағын көлемдi кемелердi жете тексеру туралы хаттама жасалады. Бұл хаттаманың көшiрмесi жете тексеру жүргізілген көлiк құралдарын, шағын көлемдi кемелердi иеленушi тұлғаға не оның өкiлiне немесе көлiк құралын, шағын көлемдi кеменi заңды негiзде басқаратын тұлғаға тапсырылады.

7. Көлiк құралдарын, шағын көлемдi кемелердi жете тексеру хаттамасында оның жасалған күнi мен орны, хаттама жасаған адамның лауазымы, тегі мен аты-жөнi, жете тексеру жүргізілген көлiк құралын, шағын көлемдi кеменi иеленушiнің жеке басы туралы мәлiметтер, көлiк құралының, шағын көлемдi кеменiң тұрпаты, маркасы, моделі, мемлекеттiк тiркеу нөмiрi, өзге де сәйкестендіру белгiлерi туралы мәлiметтер көрсетiледi.

8. Жете тексеру хаттамасында фото- және кинотүсiрiлiмдерi, бейнежазбалар, құжаттарды тіркеудің белгiленген өзге де тәсілдері қолданылғаны туралы жазба жазылады. Фото- және кинотүсiрiлiмдерiн, бейнежазбаларды, заттай дәлелдемелердi тіркеудің белгiленген өзге де құралдарын қолдана отырып, жете тексеру жүргiзу кезiнде алынған материалдар тиiстi хаттамаға қоса тiркеледi.

9. Көлiк құралдарын, шағын көлемдi кемелердi жете тексеру хаттамасына оны жасаған лауазымды адам, өзiне қатысты iс бойынша іс жүргiзiлiп жатқан адам, жете тексеру жүргiзiлген көлiк құралының, шағын көлемдi кеменiң иесi не оның өкiлi қол қояды. Өзiне қатысты іс бойынша iс жүргiзiлiп жатқан адам, жете тексеру жүргiзiлген көлiк құралының, шағын көлемдi кеменiң иесi, оның өкiлi хаттамаға қол қоюдан бас тартқан жағдайда, хаттамаға тиiстi жазба жасалады.
793-бап. Қарап-тексеру
1. Қарап-тексеру, яғни көлік құралын, сол жердi, нәрселерді, құжаттарды, тiрi адамдарды көріп зерттеу әкiмшiлiк құқық бұзушылықтың iздерiн, өзге материалдық объектiлердi, сондай-ақ әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы хаттаманы жасау үшiн маңызы бар мән-жайларды анықтау мақсатында жүргізіледі.

2. Қарап-тексеру әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қозғалғанға дейін жүргізілуі мүмкін.


794-бап. Қарап-тексеруді жүргiзудiң жалпы қағидалары
1. Қарап-тексеру, әдетте, қажеттiлiк туындаған жағдайда кідіртілмей жүргiзiледi. Қажет болған кезде, сондай-ақ қарап-тексеруге қатысушылардың талабы бойынша хаттама жасалады. Хаттамада оның жасалған күнi мен орны, хаттаманы жасаған адамның лауазымы, тегi мен аты-жөні, қарап-тексерiлген адам, заттардың түрi, саны, өзге де сәйкестендіру белгiлерi туралы, оның iшiнде қарудың тұрпаты, маркасы, моделі, калибрi, сериясы, нөмiрi, белгiлерi, оқ-дәрiлердiң, арнайы жедел-iздестiру iс-шараларын жүргiзуге арналған арнаулы техникалық құралдардың және ақпаратты қорғаудың криптографиялық құралдарының саны мен түрi туралы мәлiметтер көрсетiледi.

Қарап-тексеру хаттамасына оны жасаған лауазымды адам, қарап-тексерілген адам, қарап-тексерілген заттардың иесі, куәлар қол қояды. Қарап-тексерілген адам, қарап-тексерілген заттардың иесі хаттамаға қол қоюдан бас тартқан жағдайда, оған тиісті жазба жасалады.

2. Тiрi адамдарды қарап-тексерудi осы Кодекстiң 787-бабында санамаланған лауазымды адамдар жүргiзедi. Тiрi адамдарды
қарап-тексерудi тексерiп қаралушымен жынысы бiрдей адам және жынысы осындай екi куәгердiң қатысуымен жүргiзедi.

Тiрi адамның өзімен бірге алып жүрген заттарын қарап-тексеруді, яғни олардың құрылымдық тұтастығын бұзбай жүзеге асырылатын зерттеп-қарауды осы Кодекстің 787-бабында санамаланған, оған уәкілеттік берілген лауазымды адамдар осы заттарды меншіктенуші немесе иеленуші тұлғаның қатысуымен және екі куәгердің қатысуымен жүргізеді.

Тiрi адамның қолында айналасындағылардың өмiрi мен денсаулығына зиян келтiру үшiн пайдаланылуы мүмкiн қару немесе өзге де заттар бар деуге негiздер болған ерекше жағдайларда қарап-тексеру жиырма төрт сағат iшiнде прокурорға бұл жөнінде хабарланып, куәгерлерсiз жүргiзiлуi мүмкiн.

3. Осы баптың екінші бөлiгiнде көрсетiлгендердi қоспағанда, орындарды, нәрселерді, құжаттарды қарап-тексеру куәгерлердiң қатысуымен жүргiзiледi. Ерекше жағдайларда (жетуі қиын жерде, тиiстi қатынас құралдары болмаған кезде немесе басқа объективтi себептерге байланысты жеке тұлғаларды куәгерлер ретiнде тартуға мүмкiндiк болмаған кезде) қарап-тексеру куәгерлердiң қатысуынсыз, бiрақ бұл ретте оның барысы мен нәтижелерiн тіркеудің техникалық құралдары қолданыла отырып жүргiзiледi.

4. Қажет болған кезде қарап-тексеру құқық бұзушының, жәбiрленушiнiң, куәлардың, сондай-ақ маманның қатысуымен жүргiзiледi.

5. Табылған iздер мен өзге де материалдық объектiлердi қарап-тексеру әкiмшiлiк құқық бұзушылық жасалған жерде жүзеге асырылады. Егер қарап-тексеру үшiн қосымша уақыт талап етілсе немесе табылған жерде қарап-тексеруге елеулi қиындықтар туындайтын болса, объектiлер алып қойылуы және оралған, мөр басылған күйiнде, зақым келтiрiлмей, қарап-тексеруге қолайлы жерге жеткiзiлуi мүмкiн.

6. Қарап-тексеру кезiнде барлық табылған және алып қойылған заттар куәгерлерге, қарап-тексерудің басқа да қатысушыларына көрсетiлуге тиiс, бұл жөнiнде хаттамаға белгi қойылады.

7. Iске қатысы болуы мүмкін объектiлер ғана алып қойылуға тиiс. Алып қойылған объектiлер оралып, мөр басылады және уәкiлеттi лауазымды адам мен куәгерлердiң қол қоюымен расталады.

8. Қарап-тексеруге қатысатын тұлғалар өздерінің пiкiрiнше iстiң мән-жайларын анықтауға септiгiн тигiзуi мүмкiн дегеннiң бәрiне уәкiлеттi лауазымды адамның назарын аударуға құқылы.

9. Қажет болған жағдайларда қарап-тексеру кезiнде қарап-тексерiлетiн объектiлер өлшенедi, олардың жоспарлары мен схемалары жасалады, сондай-ақ суретке түсiрiледi және өзге де құралдармен түсiрiлiп алынады, бұл жөнінде хаттамаға белгi жасалып, оған көрсетілген материалдар қоса тiркеледi.

10. Қарап-тексеру хаттамасының көшiрмесi өзiне қатысты іс бойынша iс жүргiзiлiп жатқан тұлғаға не оның заңды өкiлiне тапсырылады.
795-бап. Жеке тұлғаның өзімен бірге алып жүрген заттары

мен құжаттарын алып қою


1. Құқық бұзушылық жасалған жерде не осы Кодекстiң 785-бабында көзделген әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы іс бойынша iс жүргiзудi қамтамасыз ету шараларын қолдану кезiнде табылған, құқық бұзушылықтар құралы не нысанасы болып табылатын құжаттар мен заттарды алып қоюды іс бойынша iс жүргiзудi қамтамасыз етудiң тиiстi шараларын қолдануға уәкiлеттiк берілген лауазымды адамдар екi куәгердiң қатысуымен жүзеге асырады.

Ерекше жағдайларда (жетуі қиын жерде тиiстi қатынас құралдары болмаған кезде немесе басқа да объективтi себептерге байланысты жеке тұлғаларды куәгерлер ретiнде тартуға мүмкiндiк болмаған кезде) құқық бұзушылық жасалған жерде не осы Кодекстiң 785-бабында көзделген әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iс бойынша iс жүргiзудi қамтамасыз ету шараларын қолдану кезiнде табылған құқық бұзушылықтар құралы болып табылатын құжаттар мен заттарды алып қою куәгерлердiң қатысуынсыз, бiрақ бұл ретте оның барысы мен нәтижелерiн тіркеудің техникалық құралдары қолданыла отырып жүзеге асырылуы мүмкiн.

2. Заттар мен құжаттарды алып қою туралы хаттама жасалады, оның көшiрмесi өзiне қатысты іс бойынша iс жүргiзiлiп жатқан тұлғаға немесе оның заңды өкiлiне тапсырылады не әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы хаттамаға тиiстi жазба жасалады.

3. Құжаттар мен заттарды алып қою туралы хаттамада (әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы хаттамада) алып қойылған құжаттардың түрi мен деректемелері, алып қойылған заттардың түрi, саны, өзге де сәйкестендіру белгiлерi туралы, оның iшiнде алып қойылған қарудың тұрпаты, маркасы, моделі, калибрi, сериясы, нөмiрi, өзге де сәйкестендіру белгiлерi, оқ-дәрiлердiң, арнаулы жедел iздестiру шараларын өткiзуге арналған арнайы техникалық құралдардың және ақпаратты қорғаудың криптографиялық құралдарының саны мен түрi туралы мәлiметтер қамтылады.

4. Хаттамаға оны жасаған лауазымды адам, тиiстi құжаттары мен заттары алып қойылған адам, куәгерлер қол қояды. Өзiнен тиiстi құжаттары мен заттары алып қойылған адам хаттамаға қол қоюдан бас тартқан жағдайда, оған тиiстi жазба жасалады.

5. Алып қойылған заттар мен құжаттар әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iс қаралғанға дейiн алып қоюды жүргiзген лауазымды адам айқындайтын орындарда тиiстi уәкiлеттi мемлекеттiк орган айқындайтын тәртiппен сақталады.

6. Алып қойылған атыс қаруы мен өзге де қару, сондай-ақ оқ-дәрiлер, арнаулы жедел-iздестiру шараларын жүргізуге арналған арнайы техникалық құралдар және ақпаратты қорғаудың криптографиялық құралдары Қазақстан Республикасының Iшкi iстер министрлiгi айқындайтын тәртiппен сақталады.

7. Iс қаралғаннан кейiн шығарылған қаулыға сәйкес алып қойылған құжаттар мен заттар олардың иесiне қайтарылады немесе тәркiленедi немесе өткізіледі немесе сақталады немесе белгiленген тәртiппен жойылады. Жол жүрiсi саласындағы әкiмшiлiк құқық бұзушылықтар туралы iстер бойынша алып қойылған құжаттар iс бойынша қабылданған қаулы орындалғанға дейiн сақталады.

8. Егер адам жасаған әкімшілік құқық бұзушылық үшін осы Кодексте көлік құралын басқару құқығынан айыру түрінде санкция көзделген жағдайда ғана көлік құралын басқару құқығына жүргізуші куәлігі алып қоюға жатады. Басқа жағдайларда әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама толтырылғаннан кейін көлік құралын басқару құқығына жүргізуші куәлігі тез арада иесіне қайтарылады.

9. Жол жүрiсi қағидаларын бiлуiн тексеруге жiберу туралы қаулы бойынша алып қойылған жүргiзушi куәлiгi немесе жүргiзушi куәлiгiнiң орнына берiлген көлiк құралын басқару құқығына куәлiк, иесi жол жүрiсi қағидаларын бiлуiн тексеруге арналған емтиханды тапсырған жағдайда жүргiзушiге қайтарылады.

Жүргiзушi емтиханға жiберу туралы қаулыны алған күннен бастап екi ай iшiнде жол жүрiсi қағидаларын бiлуiн тексеруге арналған емтиханды тапсырмаған кезде, қаулы шығарған лауазымды адам Қазақстан Республикасының жол жүрiсi қауiпсiздiгi саласындағы заңнамасында көзделген шараларды қолданады.

Алып қойылған жүргiзушi куәлiгiнiң орнына жүргiзушiге уәкiлеттi орган белгiлеген нысан бойынша уақытша куәлiк берiледi.

10. Көлік құралдарының мемлекеттік нөмірлері екі куәгердің және (немесе) көлік құралы меншік иесінің қатысуымен ғана алып қоюға жатады, бұл ретте мемлекеттік нөмірлерді алып қоюды жүргізетін уәкілетті лауазымды адам көлік құралының иесіне алып қоюды жүргізудің негізін түсіндіруге міндетті. Салынған айыппұлды өндіріп алу мақсатында көлік құралдарының мемлекеттік нөмірлерін алып қоюды жүргізуге тыйым салынады.

11. Алып қойылған орден, медаль, Қазақстан Республикасының, Қазақ КСР-iнiң, КСРО-ның және басқа да мемлекеттердiң құрметтi атағының төсбелгiсi олардың заңды иесiне қайтарылады, ал егер ол белгiсiз болса, Қазақстан Республикасы Президентiнiң Әкiмшiлiгiне жiберiледi.

12. Жеке тұлғаның өзімен бірге алып жүрген заттары мен құжаттарын алып қою осы Кодекстің 785-бабының бірінші бөлігінде көзделген мақсаттарға қол жеткізу үшін ерекше жағдайларда ғана жүргізіледі. Осы шараны осы Кодексте көзделмеген мақсаттар үшін қолдану заңда көзделген жауаптылыққа әкеп соғады.
796-бап. Көлiк құралын, кемені, оның ішінде шағын көлемді

кемені басқарудан шеттету және масаң күйiн куәландыру


1. Көлiк құралын, кемені, оның ішінде шағын көлемді кемені басқаратын жүргiзушi, кеме жүргiзушi, олар масаң күйде деуге жеткiлiктi негiздер болса, көлiк құралын, шағын көлемдi кеменi басқарудан шеттетiлуге және масаң күйiн куәландыруға жатады.

2. Көлiк құралын, кемені, оның ішінде шағын көлемді кемені басқарудан шеттетудi, масаң күйiн куәландыруды және медициналық куәландыруға жiберудi: Қазақстан Республикасы ұлттық қауіпсіздік органдарының, Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерiнiң, басқа да әскерлері мен әскери құралымдарының және көлiктік бақылау органдарының көлiк құралын басқаратын адам құқық бұзушылықтар жасаған жағдайда – тиiсiнше ішкі істер органдарының, әскери полицияның қызметкерлері жүргiзедi.

3. Масаң күйiн куәландыруға жiберу, масаң күйiн куәландыру және оның нәтижелерiн ресiмдеу Қазақстан Республикасының Үкiметi белгiлеген тәртiппен жүргiзiледi. Жүргiзушi, кеме жүргiзушi куәландыру нәтижелерiмен келiспеген жағдайда, олар медициналық куәландыруға медициналық мекемеге жiберiледi.

4. Масаң күйiн куәландыру үшiн көлiк құралын, кемені, оның ішінде шағын көлемді кемені басқарудан шеттету туралы әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы хаттамаға белгi жасалады.

5. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы хаттамада куәландырудан өткiзу үшiн көлiк құралын, кемені, оның ішінде шағын көлемді кемені басқарудан шеттетiлген күн, уақыт, орын, негiздер көрсетiледi. Хаттаманың көшiрмесi өзiне қатысты іс бойынша iс жүргiзiлiп жатқан адамға не оның заңды өкiлiне тапсырылады.

6. Масаң күйiн куәландыру актiсi тиiстi хаттамаға қоса беріледi.


797-бап. Көлiк құралын, кемені, оның ішінде шағын көлемді

кемені ұстап алу, жеткiзу және пайдалануға тыйым салу


1. Мынадай:

1) осы Кодекстiң 367, 368, 370, 372, 381, 382, 383, 392, 393, 394, 395, 396, 506, 510, 511, 512, 513, 514, 515, 516, 517, 571, 572, 573, 574, 575, 581, 582, 586, 589, 590 (екiншi, үшiншi және төртінші бөлiктерiнде),


593 (екiншi, төртінші, бесінші, алтыншы және жетінші бөлiктерiнде),
597 (үшiншi, төртiншi бөлiктерiнде), 612 (бiрiншi, екiншi, төртiншi, бесiншi бөлiктерiнде), 613 (екiншi бөлiгiнде), 654 (590, 591, 592, 593, 594, 595, 596, 597, 598, 599, 600, 601, 602, 603, 606, 607, 609, 610, 611, 612,
613-баптарда көзделген құқық бұзушылықтар бөлiгiнде)-баптарында көрсетілген бұзушылықтар жасалған кезде осы баптың екiншi бөлiгiнде аталған уәкiлеттi лауазымды адам көлiк құралдарын, кемелерді, оның iшiнде шағын көлемдi кемелердi уақытша сақтау үшiн оларды арнаулы алаңдарға, тұрақтарға немесе стационарлық көлiктiк бақылау бекетiне iргелес жатқан алаңдарға, оның iшiнде басқа да көлiк құралын (эвакуаторды), кеменi немесе шағын көлемдi кеменi пайдалана отырып жеткiзу арқылы ұстап алу себептерi жойылғанға дейiн ұстап алуға, жеткiзуге және пайдалануға тыйым салуға құқылы;

2) осы Кодекстiң 573, 575, 593 (екiншi, төртінші және бесінші бөлiктерiнде)-баптарында көрсетiлген бұзушылықтар жасалған кезде осы баптың екiншi бөлiгiнде аталған уәкiлеттi лауазымды адам шетелдiктерге немесе шетелдiк заңды тұлғаларға тиесiлi көлiк құралдарын уақытша сақтау үшiн оларды арнайы алаңдарға, тұрақтарға немесе стационарлық көлiктiк бақылау бекетiне iргелес жатқан алаңдарға, оның iшiнде басқа көлiк құралын (эвакуаторды) пайдалана отырып жеткiзу арқылы әкiмшiлiк жаза қолдану туралы қаулы орындалғанға дейiн ұстап алуға, жеткiзуге және пайдалануға тыйым салуға;

3) осы Кодекстiң 590 (бiрiншi, бесінші, алтыншы, жетінші, сегізінші, тоғызыншы және оныншы бөлiктерiнде), 597 (бiрiншi және екiншi бөлiктерiнде), 610, 611-баптарында көрсетілген бұзушылықтар жасалған кезде осы баптың екiншi бөлiгiнде аталған уәкiлеттi лауазымды адам көлiк құралын пайдалануға тыйым салу себептерi жойылғанға дейiн мемлекеттiк тiркеу нөмiрi белгiлерiн алып қою арқылы көлiк құралдарын пайдалануға тыйым салуға құқылы.

Көлiк құралын уақытша сақтау үшiн арнаулы алаңдарға, тұрақтарға немесе стационарлық көлiктiк бақылау бекетiне iргелес жатқан алаңдарға оны жеткiзу (эвакуациялау) көлiк құралы жүргiзушiсі тоқтау немесе тоқтап тұру қағидаларын бұзған және өздерi сол жерде болмаған жағдайларда, сондай-ақ жүргiзушiлердiң қайда екенiн анықтау мүмкiн болмаса, олар жолда қараусыз қалдырған көлiк құралдарына қатысты да қолданылуы мүмкiн.

2. Көлiк құралын, кемені, оның ішінде шағын көлемді кемені ұстап алуды, жеткiзудi және пайдалануға тыйым салуды Қазақстан Республикасы ұлттық қауіпсіздік органдарының, Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерiнiң, басқа әскерлері мен әскери құралымдарының, өз өкiлеттiктерi шегiнде көлiктік бақылау органдарының, орман және аңшылық шаруашылығы, ерекше қорғалатын табиғи аумақтар, балық қорғау органдарының (орман, балық, аңшылық шаруашылығы, ерекше қорғалатын табиғи аумақтар саласындағы заңнаманы бұзған кезде) көлiк құралын басқаратын адам әкiмшiлiк құқық бұзушылық жасаған кезде ішкі істер органдарының, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасын күзету және қорғау кезінде Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметінің, әскери полицияның қызметкерлері жүргiзедi.

3. Көлiк құралын, кемені, оның ішінде шағын көлемді кемені ұстап алу, жеткiзу және пайдалануға тыйым салу туралы белгiленген нысандағы акт жасалады және әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы хаттамаға қоса тiркеледi.

Пайдалануға тыйым салынатын ақауы бар немесе тиiстi рұқсатсыз қайта жабдықталған, немесе белгiленген тәртiппен тiркелмеген, немесе мемлекеттiк немесе мiндеттi техникалық қарап-тексеруден өтпеген, сол сияқты мемлекеттiк тiркеу нөмiрi белгiлерi жоқ не жасырын, қолдан жасалған немесе ұлттық стандартқа сай емес нөмiр белгiлерi бар көлiк құралын, шағын көлемдi кеменi пайдалануға тыйым салынады.

4. Ұстап алынған көлiк құралын, кемені, оның ішінде шағын көлемді кемені сақтау жергiлiктi атқарушы органдардың шешiмi бойынша құрылатын және коммуналдық меншiк болып табылатын арнаулы алаңдарда немесе тұрақтарда жүзеге асырылады.


798-бап. Заңды тұлғаға тиесiлi аумақтарды, үй-жайларды,

тауарларды, өзге де мүлiктi, сондай-ақ

тиiстi құжаттарды қарап-тексеру
1. Заңды тұлғаға тиесiлi аумақтарды, үй-жайларды, тауарларды, өзге де мүлiктi, сондай-ақ тиiстi құжаттарды қарап-тексерудi осы Кодекстiң 804-бабына сәйкес заңды тұлғалардың әкiмшiлiк құқық бұзушылықтары туралы хаттамалар жасауға уәкiлеттiк берілген лауазымды адамдар жүргiзедi.

2. Қарап-тексеру заңды тұлға өкiлiнiң және екi куәгердiң қатысуымен жүргiзiледi.

3. Қарап-тексеруді жүргiзу туралы хаттама жасалады. Хаттаманың көшiрмесi өзiне қатысты іс бойынша iс жүргiзiлiп жатқан заңды тұлғаның өкiлiне тапсырылады.

4. Заңды тұлғаға тиесiлi аумақтарды, үй-жайларды, тауарларды, өзге де мүлiктi, сондай-ақ тиiстi құжаттарды қарап-тексеру хаттамасында оның жасалған күнi мен орны, хаттама жасаған адамның лауазымы, тегі мен аты-жөні, тиiстi заңды тұлға туралы, сондай-ақ оның заңды өкiлiнің не өзге де қызметкерiнің жеке басы туралы мәлiметтер, қарап-тексерiлген аумақтар мен үй-жайлар, тауарлар мен басқа да заттардың түрлерi, саны, өзге де сәйкестендіру белгiлерi, құжаттардың түрлерi мен деректемелері туралы мәлiметтер көрсетiледi.

5. Қарап-тексеру хаттамасында оны жүргiзу барысында фото- және кинотүсiрiлiмдерi, бейнежазбалар, құжаттарды тіркеудің белгiленген өзге де тәсілдері қолданылғаны туралы жазба жасалады. Фото-, кинотүсiрiлiмдерiнiң, бейнежазбалардың, заттай дәлелдемелердi тіркеудiң белгiленген өзге де құралдары нәтижесiнде алынған материалдар тиiстi хаттамаға қоса беріледi.

6. Заңды тұлғаға тиесiлi аумақтарды, үй-жайларды, тауарларды, өзге де мүлiктi, сондай-ақ тиiстi құжаттарды қарап-тексеру хаттамасына оны жасаған лауазымды адам, оның өкiлi не кейiнге қалдыруға болмайтын жағдайларда заңды тұлғаның қызметкерi, сондай-ақ куәгерлер қол қояды. Аталған заңды тұлғаның өкiлi немесе өзге де қызметкерi хаттамаға қол қоюдан бас тартқан жағдайда, онда тиiстi жазба жасалады.


799-бап. Заңды тұлғаға тиесiлi құжаттар мен мүлiктi

алып қою


Әкiмшiлiк құқық бұзушылық жасау құралы не нысанасы болған, заңды тұлғаға тиесiлi, әкiмшiлiк құқық бұзушылық жасалған жерде не заңды тұлғаға тиесiлi аумақтарды, үй-жайларды, көлiк құралдарын, тауарларды, өзге де мүлiкті қарап-тексеруді жүргiзу кезiнде табылған құжаттарды, тауарларды, өзге де мүлiктi, нәрселерді алып қоюды осы Кодекстiң 804-бабында аталған лауазымды адамдар, сондай-ақ осы Кодекстiң 235, 236, 237, 416-баптары бойынша әкiмшiлiк құқық бұзушылықтар туралы хаттама жасауға құқығы бар уәкiлеттi лауазымды адамдар жүзеге асырады. Заңды тұлғаға тиесiлi құжаттарды, тауарларды, өзге де мүлiктi алып қоюды ресiмдеу, сондай-ақ оларды сақтау осы Кодекстiң 795-бабында белгiленген тәртiппен жүзеге асырылады.
800-бап. Заңды тұлғаға тиесiлi тауарларға, көлiк

құралдарына және өзге де мүлiкке тыйым салу


1. Заңды тұлғаға тиесiлi, әкiмшiлiк құқық бұзушылық жасау құралдары не нысанасы болған тауарларға, көлiк құралдарына және өзге де мүлiкке тыйым салу өзiне қатысты әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы іс бойынша, iс жүргiзудi қамтамасыз етудiң осы шарасы қолданылған заңды тұлғаның өкiлiне оларға билiк етуге (ал қажет болған жағдайларда пайдалануға да) тыйым салу туралы хабарлана отырып, көрсетілген тауарлардың, көлiк құралдарының және өзге де мүлiктiң тiзiмдемесiн білдіреді және егер осы тауарларды, көлiк құралдарын және өзге де мүлiктi алып қою мүмкiн болмайтын және (немесе) олардың сақталуын алып қоюсыз қамтамасыз ету мүмкiн болатын жағдайда қолданылады. Тыйым салынған тауарлар, көлiк құралдары және өзге де мүлiк тыйым салған лауазымды адам тағайындаған басқа тұлғаларға жауапкершiлiкпен сақтауға берiлуi мүмкiн.

2. Заңды тұлғаға тиесiлi тауарларға, көлiк құралдарына және өзге де мүлiкке тыйым салуды тауар, көлiк құралы және өзге де мүлiк иесi мен екi куәгердiң қатысуымен осы Кодекстiң 787-бабында, 804-бабының бiрiншi бөлiгiнде аталған, осыған уәкiлеттiк берiлген лауазымды адамдар жүзеге асырады.

Кейiнге қалдыруға болмайтын жағдайларда, тауарларға, көлiк құралдарына және өзге де мүлiкке тыйым салу олардың иесiнiң қатысуынсыз жүзеге асырылуы мүмкiн.

3. Қажет болған жағдайларда фото- және кинотүсiрілім, бейнежазба қолданылады.

4. Заңды тұлғаға тиесiлi тауарларға, көлiк құралдарына және өзге де мүлiкке тыйым салу туралы хаттама жасалады. Заңды тұлғаға тиесiлi тауарларға, көлiк құралдарына және өзге де мүлiкке тыйым салу туралы хаттамада оның жасалған күнi мен орны, хаттама жасаған адамның лауазымы, тегі мен аты-жөнi, өзiне қатысты әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы іс бойынша iс жүргiзудi қамтамасыз етудiң осы шарасы қолданылған заңды тұлға туралы және иелiгiнде тыйым салынған тауарлар, көлiк құралдары және өзге де мүлкi бар тұлға туралы мәлiметтер, олардың тiзiмдемесi және сәйкестендiру белгiлерi көрсетiледi, сондай-ақ фото- және кинотүсiрілімдері, бейнежазбалар қолдану туралы жазба жасалады. Фото- және кинотүсiрілімдер, бейнежазбалар қолданылып, тыйым салуды жүзеге асыру кезiнде алынған материалдар хаттамаға қоса беріледi.

5. Қажет болған жағдайларда тыйым салынған тауарлар, көлiк құралдары және өзге де мүлiк оралады және (немесе) оларға мөр басылады.

6. Заңды тұлғаға тиесiлi тауарларға, көлiк құралдарына және өзге де мүлiкке тыйым салу туралы хаттаманың көшiрмесi өзiне қатысты әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы іс бойынша iс жүргiзудi қамтамасыз етудiң осы шарасы қолданылған заңды тұлғаның өкiлiне тапсырылады.

7. Заңды тұлғаға тиесiлi, тыйым салынған тауарларды, көлiк құралдарын және өзге де мүлiктi өзiне қатысты әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы іс бойынша iс жүргiзудi қамтамасыз етудiң осы шарасы қолданылған заңды тұлғаның не тыйым салынған мүлiктi сақтауды жүзеге асыратын тұлғаның иелiктен шығаруы немесе жасыруы Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген жауаптылыққа әкеп соғады.


801-бап. Қызметті немесе оның жекелеген түрлерін

тоқтата тұру не оған тыйым салу


1. Қызметті немесе оның жекелеген түрлерiн тоқтата тұруды не оларға тыйым салуды әкiмшiлiк құқық бұзушылықты жасағаны үшін қызметті немесе оның жекелеген түрлерiн тоқтата тұру не оған тыйым салу түріндегі әкімшілік жаза қолданылуы мүмкін, ол туралы хаттама жасауға осы Кодекстің 804-бабына сәйкес уәкiлеттiк берілген лауазымды адам жүзеге асырады. Қызметтi немесе оның жекелеген түрлерiн тоқтата тұруға не оларға тыйым салуға үш тәуліктен аспайтын мерзімге жол беріледі. Көрсетілген мерзімде орган (лауазымды адам) сотқа әкімшілік құқық бұзушылық туралы материалдарды жіберуге міндетті.

2. Қызметті немесе оның жекелеген түрлерін тоқтата тұру не оларға тыйым салу туралы акт жасалады, онда осы шараны қолданудың негізі, оның жасалған күні мен орны, акт жасаған лауазымды адамның лауазымы, тегі мен аты-жөні, өзіне қатысты әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс бойынша іс жүргізіліп жатқан тұлға туралы мәліметтер, қызметіне уақытша тыйым салынған қызмет объектісі, қызметтің нақты тоқтатылған уақыты, тұлғаның түсініктемесі және істі дұрыс шешу үшін қажетті өзге де деректер көрсетіледі. Бұл ретте қызметті немесе оның жекелеген түрлерін тоқтата тұру не оларға тыйым салу туралы акт сот шешімін шығарғанға дейін қолданыста болады.

3. Қызметті немесе оның жекелеген түрлерін тоқтата тұру не оларға тыйым салу туралы актіге оны жасаған лауазымды адам, қызметі уақытша тоқтатылған жеке тұлға немесе заңды тұлғаның өкілі қол қояды. Егер аталған тұлғалардың біреуі актіге қол қоймаған жағдайда, лауазымды адам бұл жөнінде актіде тиісті жазба жасайды.

4. Қызметті немесе оның жекелеген түрлерін тоқтата тұру не оларға тыйым салу туралы актінің көшірмесі қызметі уақытша тоқтатылған тұлғаға қолхатпен тапсырылады.

5. Қызметті немесе оның жекелеген түрлерін тоқтата тұру не оларға тыйым салу туралы актіні жасаған лауазымды адам пломбаларды салуды, үй-жайларға, тауарлар мен өзге де материалдық құндылықтар сақталатын орындарға, кассаларға мөр басуды жасайды, сондай-ақ актіде көрсетілген тұлғалардың қызметті уақытша тоқтатуға қажетті іс-шараларды орындау бойынша басқа да іс-шаралар қолданылады.

41-тарау. ӘКІМШІЛІК ҚҰҚЫҚ БҰЗУШЫЛЫҚ

ТУРАЛЫ ІСТЕРДІ ҚОЗҒАУ
802-бап. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы

iс қозғау үшін себептер мен негiз


1. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iс қозғауға:

1) осы баптың үшінші бөлiгiнiң ережелерiн ескере отырып, әкiмшiлiк құқық бұзушылық жасау фактiсiн уәкiлеттi лауазымды адамның тiкелей анықтауы;

2) құқық қорғау органдарынан, сондай-ақ басқа да мемлекеттiк органдардан, жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдарынан түскен материалдар;

3) жеке және заңды тұлғалардың хабарламалары немесе мәлiмдемелерi, сондай-ақ бұқаралық ақпарат құралдарындағы хабарламалар;

4) арнайы автоматтандырылған өлшеу құралдарының, сондай-ақ сертификатталған арнайы техникалық бақылау-өлшеу құралдары мен автоматты режимде жұмыс iстейтiн және жолдағы жағдайды фото-, бейнетүсiрiлiм арқылы көлiк құралының жүру жылдамдығы мен бағытын, жол жүрiсiне басқа да қатысушылардың iс-қимылдарын айқындау арқылы автомобиль көлiгi және жол жүрiсi қауiпсiздiгi саласында әкiмшiлiк құқық бұзушылықтың жасалуын тiркейтiн бақылау аспаптарының көрсеткiштерi себептер болып табылады.

2. Іс бойынша іс жүргізуді болғызбайтын, осы Кодекстің 741-бабында көзделген мән-жайлар болмаған кезде, әкiмшiлiк құқық бұзушылық белгiлерiн көрсететiн жеткiлiктi деректердiң болуы әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iс қозғау үшiн негiз болып табылады.

3. «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттiк бақылау және қадағалау туралы» Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген тәртіппен жүргiзiлген тексерудiң нәтижесi тексерілетін субъектіге қатысты осы баптың бiрiншi тармағының 1) тармақшасына сәйкес әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iс қозғауға негiз болып табылады.

Осы бөліктің күші «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттiк бақылау және қадағалау туралы» Қазақстан Республикасы Заңы 3-бабының 3, 4-тармақтарында және 12-бабының 3-тармағында көзделген салаларда, сондай-ақ мемлекеттік статистика саласында бақылау және қадағалау жүзеге асырылған кезде және салық қызметі органдары бақылаудың өзге де нысандарын жүзеге асырған кезде әкімшілік құқық бұзушылық белгілері анықталған жағдайларға қолданылмайды.

4. Осы Кодекстің 785-бабында көзделген әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс бойынша іс жүргізуді қамтамасыз ету шараларын қолдану туралы бірінші хаттама жасалған, әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы хаттама жасалған немесе прокурор әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iс қозғау туралы қаулы шығарған кезден бастап, сондай-ақ судья (сот) сот талқылауы барысында процеске қатысушы тұлғаның тарапынан сотты құрметтемеушiлiк фактiсiнiң белгіленгені туралы жариялаған кезден бастап әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iс қозғалған деп есептеледі.

Егер әкімшілік құқық бұзушылықты автоматты режимде жұмыс істейтін сертификатталған арнайы техникалық бақылау-өлшеу құралдары мен аспаптары тіркеген жағдайда, сондай-ақ істерді салық қызметінің органдары қарайтын әкімшілік құқық бұзушылықтар жасалған кезде әкімшілік құқық бұзушылық туралы істі хабардар ету (хабарлау) тиісті түрде жеткізілген кезден бастап қозғалған деп есептеледі.


803-бап. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы

хаттама
1. Осы Кодекстiң 807-бабында көзделген жағдайларды қоспағанда, әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы хаттаманы оған уәкiлеттiк берілген лауазымды адам жазбаша нысанда жасайды. Әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттаманың жазбаша нысанымен бірге электрондық нысаны да пайдаланылуы мүмкін.

2. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы хаттамада:

1) хаттама жасалған күнi мен орны;

2) хаттаманы жасаған адамның лауазымы, тегі және аты-жөні;

3) өзіне қатысты ic қозғалған тұлға туралы мәлiметтер (жеке тұлғалар үшiн – тегi, аты, әкесiнiң аты (ол болған кезде), туған жылы, айы, күнi, тұрғылықты жерi, жеке басын куәландыратын құжаттың атауы мен деректемелері, сәйкестендіру нөмірі, жұмыс орны, телефонның, факстың, ұялы байланыстың абоненттік нөмірі және (немесе) электрондық мекенжайы (егер бұлар болса); заңды тұлғалар үшін – атауы, орналасқан жері, заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) нөмiрi және күнi, сәйкестендіру нөмiрi және банк деректемелері, телефонның, факстың, ұялы байланыстың абоненттік нөмірі және (немесе) электрондық мекенжайы (егер бұлар болса);

4) әкiмшiлiк құқық бұзушылықтың жасалған орны, уақыты мен мәнi;

5) осы Кодекстiң 2-бөлімінің Ерекше бөлiгiнiң осы құқық бұзушылық үшiн әкiмшiлiк жауаптылық көзделетiн бабы; егер куәлар және жәбiрленушiлер болса, олардың тегі, аты, әкесінің аты (ол болған кезде), мекенжайлары;

6) өзiне қатысты iс қозғалған жеке тұлғаның не заңды тұлға өкiлiнiң түсiнiктемесi; метрологиялық салыстырып тексерудiң атауы, нөмiрi, күнi, егер әкiмшiлiк құқық бұзушылықты анықтау және тіркеу кезiнде техникалық құрал пайдаланылса, оның көрсеткіштері;

7) iстi шешу үшiн қажеттi өзге де мәлiметтер көрсетiледi, сондай-ақ әкiмшiлiк құқық бұзушылық жасау фактiсiн растайтын құжаттар қоса беріледі.

3. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы хаттама жасалған кезде іс жүргізудің тілі анықталады. Өзiне қатысты iс қозғалған тұлғаға, сондай-ақ іс бойынша іс жүргізудің басқа да қатысушыларына олардың осы Кодексте көзделген құқықтары мен мiндеттерi түсiндiрiлiп, бұл жөнінде хаттамада белгi жасалады.

4. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы хаттамаға оны жасаған адам және осы бапта көзделген жағдайларды қоспағанда, өзіне қатысты әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы іс бойынша іс жүргізіліп жатқан тұлға (тұлғаның өкілі) қол қояды. Жәбiрленушiлер мен куәлар болған кезде, сондай-ақ куәгерлер қатысқан жағдайларда хаттамаға осы адамдар да қол қояды.

5. Өзіне қатысты іс қозғалған, тиiстi түрде хабарланған адам болмаған немесе келмеген жағдайда, әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы хаттамаға, өзіне қатысты іс қозғалған тұлғаның болмауы немесе келмеуi туралы белгi қоя отырып, оны жасаған адам қол қояды.

6. Өзіне қатысты әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iс қозғалған адам әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iс жөнiнде хаттамаға қолхатпен қабылдаудан бас тартқан жағдайда, хаттамаға оны жасаған адам тиiстi жазба жүргізеді.

7. Өзiне қатысты iс қозғалған жеке тұлғаға немесе заңды тұлғаның өкiлiне әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы хаттамамен танысуға мүмкiндiк берiлуге тиiс. Аталған тұлғалар хаттаманың мазмұны бойынша түсiнiктемелер беруге және ескертулер жасауға, сондай-ақ оған қол қоюдан өзiнiң бас тарту уәждерін баяндауға құқылы, бұлар хаттамаға қоса беріледі. Осы адамдар әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы хаттамаға қол қоюдан бас тартқан жағдайда хаттамаға тиiстi жазба жүргізіледі. Өзіне қатысты іс қозғалған тұлғаның хаттамаға қол қою фактісі аталған тұлғаның хаттамамен танысқандығын куәландырады және әкімшілік құқық бұзушылықты жасауда өз кінәсін мойындау болып табылмайды.

8. Осы бөлiкте көзделген жағдайларды қоспағанда, әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы хаттама жасалғаннан кейiн, оның көшiрмесi қолхат алынып, өзiне қатысты iс қозғалған жеке тұлғаға немесе заңды тұлғаның өкiлiне, сондай-ақ жәбiрленушiге дереу тапсырылады.

9. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы хаттама осы Кодекстiң 802-бабы бiрiншi бөлiгiнiң 4) тармақшасында көзделген, сондай-ақ осы баптың бесінші және алтыншы бөлiктерiнде көзделген негiздер бойынша өзiне қатысты iс қозғалған тұлға болмаған кезде жасалған жағдайларда, өзiне қатысты iс қозғалған тұлғаға хабарлана отырып, ол жасалғаннан кейін екі тәулік ішінде тапсырыс хатпен пошта арқылы жiберiледi. Өзіне қатысты іс қозғалған тұлғаның хаттаманы алған кезден бастап үш тәулік ішінде оны қайтармау фактісі оған қол қоюдан бас тарту деп танылады, бұл жөнінде хаттама көшірмесінде тиісті жазба жасалады.
804-бап. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы

хаттамалар жасауға құқығы бар лауазымды

адамдар

1. Соттар қарайтын әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстер бойынша әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттамалар жасауға мыналардың:



1) iшкi iстер органдарының (73, 85, 100, 127, 128, 129, 130, 131, 132, 133, 134, 135, 149, 150, 154, 160 (екінші бөлігі), 190 (екінші, үшінші және төртінші бөліктері), 191, 200, 282 (үшінші және төртінші бөліктері),
382 (екінші және үшінші бөліктері), 383 (үшінші және төртінші бөліктері), 398, 416 (азаматтық және қызметтiк қаруларға және олардың патрондарына, есiрткi, психотроптық заттар мен прекурсорлардың, азаматтық пиротехникалық заттар мен олар қолданылған бұйымдардың айналымына байланысты химиялық өнiмге қойылатын қауiпсiздiк талаптарын бұзушылықтар бойынша), 422, 423 (екінші бөлігі), 427,
433 (екінші бөлігі), 434, 435, 436, 438 (үшінші бөлігі), 440 (төртінші және бесінші бөліктері), 442, 444 (бірінші бөлігі), 445 (бірінші және оныншы бөліктері), 446, 448, 449 (екінші және үшінші бөліктері), 450, 453, 461, 462, 463, 469 (екінші бөлігі), 470 (екінші бөлігі), 476, 477, 478, 479, 480, 481, 482, 483, 485 (екінші бөлігі), 488, 489 (екінші, үшінші және төртінші бөліктері), 495 (екінші бөлігі), 506, 512 (екінші бөлігі), 513 (екінші бөлігі) 514 (екінші бөлігі), 517 (екінші, төртінші, бесінші, алтыншы және жетінші бөліктері), 519 (төртінші бөлігі), 590 (төртінші бөлігі), 596 (үшінші және бесінші бөліктері), 603 (бірінші және екінші бөліктері), 604 (екінші бөлігі), 605 (үшінші және төртінші бөліктері), 606 (екінші бөлігі), 607 (екінші бөлігі), 608, 610, 611 (екінші және үшінші бөліктері), 613 (бірінші, екінші, үшінші, төртінші, бесінші, алтыншы, жетінші, сегізінші, тоғызыншы, оныншы және он бірінші бөліктері), 615 (төртінші бөлігі), 621 (үшінші бөлігі), 629, 654 (590, 591, 592, 593, 594, 595, 596, 597, 598, 599, 600, 601, 602, 603, 604, 605, 606, 607, 608, 609, 610, 611, 612, 613-баптарда көзделген құқық бұзушылықтар бөлiгiнде), 662, 663, 665, 669, 674, 675-баптар);

2) азаматтық қорғау саласындағы уәкiлеттi органның (299 (екiншi бөлiгi) (бөгеттердің қауіпсіздігін қоспағанда), 312 (екінші бөлігі), 314,


416 (өрт- және жарылу қаупi бөлiгiнде машиналар мен жабдыққа, химиялық өнiмге қойылатын қауiпсiздiк талаптарын бұзушылықтар бойынша), 462-баптар);

3) жекелеген жерлер комендатураларының (476, 478-баптар);

4) осы баптың 5) және 6) тармақшаларында аталған адамдарды қоспағанда, Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің әскери полициясы органдарының – әскери қызметшiлер, жиынға шақырылған әскери мiндеттiлер және Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерiнiң, Қазақстан Республикасы басқа әскерлері мен әскери құралымдарының көлiк құралдарын басқаратын адамдар жасаған, осы Кодекстің 73, 154, 434, 436, 440 (төртінші және бесінші бөліктері), 444 (бірінші бөлігі), 479, 482, 483, 485 (екінші бөлігі), 488, 506, 590 (төртінші бөлiгi), 596 (үшінші және бесінші бөліктері), 603 (бірінші және екiншi бөлiктерi), 606 (екiншi бөлiгi), 607 (екiншi бөлiгi), 608, 610, 611 (екінші және үшінші бөліктері), 613 (бірінші, екінші, үшінші, төртінші, бесінші, алтыншы, жетінші, сегізінші, тоғызыншы, оныншы және он бірінші бөліктері), 615 (төртінші бөлігі), 621 (үшiншi бөлiгi), 629, 652-баптарында көзделген құқық бұзушылықтар туралы, 680-бабы бойынша әскери бөлімдердің (мекемелердің) командирлеріне (бастықтарына) қатысты;

5) Қазақстан Республикасы Ұлттық қауiпсiздiк комитетiнің әскери полициясы органдарының – осы Кодекстiң 590 (төртінші бөлiгi),


596 (үшінші және бесiншi бөлiктерi), 603 (бiрiншi және екiншi бөлiктерi), 606 (екiншi бөлiгi), 607 (екiншi бөлiгi), 608, 610, 611 (екiншi және үшінші бөлiктерi), 613 (бірінші, екінші, үшінші, төртінші, бесінші, алтыншы, жетінші, сегізінші, тоғызыншы, оныншы және он бірінші бөліктері),
615 (төртінші бөлігі), 621 (үшінші бөлігі)-баптарында көзделген, арнаулы мемлекеттiк органдардың көлiк құралдарын басқаратын адамдар жасаған құқық бұзушылықтар туралы, сондай-ақ 506, 652-баптары бойынша өзге де адамдарға, 680-бабы бойынша әскери бөлімдердің командирлеріне қатысты;

6) Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі ішкі әскерлерінің әскери полициясы органдарының – осы Кодекстің 506, 590 (төртінші бөлігі), 596 (үшінші және бесінші бөліктері), 603 (бірінші және екінші бөліктері), 606 (екінші бөлігі), 607 (екінші бөлігі), 608, 610, 611 (екінші және үшінші бөліктері), 613 (бірінші, екінші, үшінші, төртінші, бесінші, алтыншы, жетінші, сегізінші, тоғызыншы, оныншы және он бірінші бөліктері), 615 (төртінші бөлігі), 621 (үшінші бөлігі), 652-баптарында көзделген, әскери қызметшiлер мен жиынға шақырылған әскери мiндеттiлер жасаған құқық бұзушылықтар туралы, сондай-ақ 680-бабы бойынша әскери бөлімдердің командирлеріне қатысты;

7) су қорын пайдалану мен қорғау саласындағы уәкiлеттi органның (299 (екінші бөлігі) (өнеркәсіптік қауіпсіздікті қоспағанда), 360 (бірінші бөлiгi), 462, 463-баптар);

8) ветеринария саласындағы уәкiлеттi органның (416-бап (ветеринариялық-санитариялық бақылауға және қадағалауға жататын тағамдық өнiмге қойылатын қауiпсiздiк талаптарын бұзушылықтар бойынша);

9) орман, балық және аңшылық шаруашылығы саласындағы органдардың (160 (екiншi бөлiгi), 382 (екінші, үшiншi бөлiктерi),
383 (үшiншi және төртінші бөлiктерi), 385 (екiншi бөлiгi), 389, 392 (үшінші бөлігі), 395 (екiншi бөлiгi), 396 (екінші бөлiгi), 398, 462, 463-баптар);

10) қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкiлеттi органның


(139 (екiншi бөлiгi), 326 (үшінші және төртінші бөліктері), 333 (екiншi бөлiгi), 395 (екiншi бөлiгi), 396 (екiншi бөлiгi), 397 (төртінші бөлiгi),
399 (екiншi және үшінші бөлiктерi), 416 (химиялық өнiмге қойылатын қауiпсiздiк талаптарын бұзушылықтар бойынша), 462-баптар);

11) жер қойнауын зерттеу мен пайдалану саласындағы мемлекеттiк бақылау органдарының (416, 462-баптар);

12) мәдениет саласындағы уәкiлеттi органның (75 (бірінші, екінші, бесінші және алтыншы бөліктері) 145-баптар);

13) туристiк қызмет саласындағы уәкiлеттi органның (187 (екінші, үшінші, төртінші және бесінші бөліктері), 462, 465-баптар);

14) ойын бизнесi және лотерея қызметі саласындағы уәкiлеттi органның (214, 444 (бірінші бөлігі), 445-баптар);

15) өсiмдiктер карантинi және оларды қорғау жөнiндегi органдардың (400 (екінші бөлігі), 416 (химиялық өнiмге қойылатын қауiпсiздiк талаптарын бұзушылықтар бойынша), 462-баптар);

16) тұқым шаруашылығы және астық нарығын реттеу саласындағы органдардың (462-бап);

17) биоотын өндiрiсi саласындағы уәкiлеттi органның (169-бап (екiншi, жетiншi, он үшiншi бөлiктерi (биоотын өндiрiсi бөлiгiнде);

18) биоотын айналымы саласындағы уәкiлеттi органның (169-бап (оныншы, он бiрiншi, он екiншi, он үшiншi (биоотын айналымы бөлiгiнде), он төртiншi бөлiктерi);

19) асыл тұқымды мал шаруашылығы саласындағы уәкiлеттi органның (407 (екiншi және үшінші бөліктері), 463-баптар);

20) ауыл шаруашылығы саласындағы уәкiлеттi органның (416-бап (машиналар мен жабдыққа, химиялық өнiмге қойылатын қауiпсiздiк талаптарын бұзушылықтар бойынша);

21) мемлекеттiк сәулет-құрылыс бақылау және қадағалау органдарының (312 (екiншi бөлiгi), 313, 314, 316 (екiншi бөлiгi),


317 (төртінші бөлiгi), 319, 462, 463-баптар);

22) санитариялық-эпидемиологиялық қадағалау органдарының


(151 (екiншi бөлiгi), 193 (екінші және үшінші бөлiктерi), 282 (үшінші, төртінші, алтыншы, жетінші және сегізінші бөліктері), 312 (екінші бөлiгi), 314, 413, 416 (тағамдық өнiмге, ойыншықтарға, химиялық өнiмге қойылатын қауiпсiздiк талаптарын бұзушылықтар бойынша), 425 (екiншi бөлiгi), 426 (екінші және үшінші бөліктері), 430 (екінші бөлiгi), 462,
476-баптар);

23) байланыс және ақпараттандыру саласындағы уәкiлеттi органның (416 (байланыс құралдарына қойылатын қауiпсiздiк талаптарын бұзушылықтар бойынша), 462, 463, 464 (екінші бөлiгi), 636 (екiншi бөлiгi), 637 (төртінші бөлiгi), 638 (екінші бөлігі)-баптар);

24) азаматтық авиация саласындағы уәкiлеттi органның
(462, 564 (бесінші бөлiгi), 569 (бірінші, екінші және төртінші
бөліктері)-баптар);

25) көлiк және коммуникация саласындағы уәкiлеттi органның


(416 (машиналар мен жабдыққа, химиялық өнiмге қойылатын қауiпсiздiк талаптарын бұзушылықтар бойынша), 462, 463, 563 (екінші бөлігі)-баптар);

26) көлiктік бақылау органдарының (462, 463, 464 (екінші бөлігі),


583 (екiншi бөлiгi), 613 (екiншi бөлiгi), 618, 629 (әуе көлігі кемелеріндегі бұзушылықтардан басқа)-баптар);

27) Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгi органдарының


(185 (бұл бұзушылықтарды аудиторлар, аудиторлық ұйымдар жасаған кезде), 214 (бұл бұзушылықтарды аудиторлар, аудиторлық ұйымдар жасаған кезде), 216, 219, 233 (үшінші бөлігі), 235, 236, 237, 245,
246-баптар);

28) iшкi бақылау жөнiндегi уәкiлеттi органның (462-бап);

29) акцизделетiн өнiм өндiрудi және оның айналымын мемлекеттiк бақылау жөнiндегi органдардың (282 (үшiншi, төртiншi, алтыншы, жетiншi және сегізінші бөлiктерi), 200 (үшiншi және төртiншi бөлiктерi),
281 (төртiншi, бесінші және алтыншы бөлiктерi), 283, 463, 464 (екінші бөлігі)-баптар);

30) қаржы полициясы органдарының (150, 151 (екінші бөлігі),


153, 154, 158, 173, 174 (екінші бөлігі), 176, 182, 183, 190 (үшінші және төртінші бөліктері), 281 (бесінші және алтыншы бөліктері), 282 (үшінші және төртінші бөліктері), 283, 357, 398, 463, 464 (екінші бөлігі), 465, 467, 653, 654, 655, 656, 657, 658, 659, 660, 661, 662, 665, 667, 676, 677, 678, 679, 681-баптар);

31) салық қызметi органдарының (176, 182, 183, 200 (үшінші және төртінші бөліктері), 281 (төртінші, бесінші және алтыншы бөліктері),


282 (үшінші, төртінші, алтыншы, жетінші және сегізінші бөліктері),
283, 462, 463, 464 (екінші бөлігі), 467, 489 (бесінші, алтыншы, жетінші және сегізінші бөліктері), 676, 677, 678, 679-баптар);

32) кеден органдарының (151 (екiншi бөлiгi), 528 (бірінші бөлiгi), 532, 541, 543 (бірінші және үшінші бөлiктерi), 544, 545, 548 (екiншi бөлiгi), 549, 550, 551 (екінші бөлiгi), 552 (екiншi бөлiгi)-баптар), сондай-ақ Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк шекарасы арқылы автомобиль өткiзу пункттерiнде жасалған, осы Кодекстiң 425 (екiншi бөлiгiнде), 463, 590 (төртінші бөлiгi)-баптарында көзделген әкiмшiлiк құқық бұзушылықтар бойынша);

33) әдiлет органдарының (158, 214, 462, 467, 668-баптар);

34) заңнамаға сәйкес лицензиарлар болып табылатын органдар


(312 (екінші бөлігі), 313, 314, 316 (екінші бөлігі), 319, 392 (үшінші бөлігі), 462, 463, 464 (екінші бөлігі), 465, 467, 621 (үшінші бөлігі)-баптар);

35) табиғи монополиялар салаларында және реттелетiн нарықтарда басшылықты жүзеге асыратын уәкiлеттi органның (171 (бірінші және үшінші бөліктері (мұнай өнімдерін бөлшек саудада өткізудің шекті бағасын асыру бойынша), 462-баптар);

36) кәсiпкерлiк жөнiндегi уәкiлеттi органның (175, 462, 465-баптар);

37) техникалық реттеу және өлшем бiрлiгiн қамтамасыз ету саласындағы органдар мен олардың аумақтық органдарының (193 (екінші бөлігі), 415 (екінші бөлігі), 416, 417 (бірінші және алтыншы бөліктері),


419 (екінші бөлігі), 445 (үшінші, тоғызыншы, оныншы және он екінші бөліктері), 462, 463, 638 (екінші бөлігі)-баптар);

38) мемлекеттiк энергетикалық қадағалау және бақылау жөніндегі органдардың (294 (бірінші және екінші бөліктері), 296 (екінші бөлігі), 462, 463-баптар);

39) индустриялық саясатты реттеу саласындағы уәкiлеттi органның (416-бап (машиналар мен жабдыққа, химиялық өнiмге, ойыншықтарға қойылатын қауiпсiздiк талаптарын бұзушылықтар бойынша));

40) сауда қызметiн реттеу саласындағы уәкiлеттi органның (185 (бұл бұзушылықтарды биржалық брокерлер және (немесе) биржалық дилерлер, сондай-ақ тауар биржаларының жұмыскерлерi жасаған кезде), 214-баптар);

41) заңды тұлғаларды, азаматтық хал актiлерiн мемлекеттiк тiркеу, бағалау қызметiн реттеу саласындағы уәкiлеттi мемлекеттiк органның
(184, 185 (Қазақстан Республикасының бағалау қызметі туралы заңнамасын бұзу бөлігінде), 462, 463-баптар);

42) мұнай және газ саласындағы уәкiлеттi органның (170 (жетінші және тоғызыншы бөлiктері), 171 (екінші және үшінші бөліктері (тауарлық немесе сұйытылған мұнай газын көтерме саудада өткiзудiң шектi бағаларын асыру бойынша), 463-баптар);

43) атом энергиясы жөнiндегi органдардың (413, 414, 416 (машиналар мен жабдыққа қойылатын қауiпсiздiк талаптарын бұзушылық
бойынша)-баптар);

44) Қазақстан Республикасы Ұлттық қауiпсiздiк комитетi Шекара қызметiнің (382 (екiншi және үшiншi бөлiктерi), 383 (үшінші және төртінші бөлiктерi), 395 (екiншi бөлiгi), 396 (екiншi бөлiгi), 506,


512 (екiншi бөлiгi), 513 (екiншi бөлiгi), 514 (екiншi бөлiгi), 516,
517 (екiншi, төртiншi, алтыншы және жетінші бөлiктерi)-баптар);

45) ұлттық қауіпсіздік органдарының (453 (екінші және үшiншi бөлiктерi) (мемлекеттiк құпияларға байланысты құқық бұзушылықтар жасағаны үшiн), 462, 477-баптар);

46) күзету iс-шараларын жүргiзу кезiнде Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметiнің (149, 425 (екiншi бөлiгi), 436, 477, 482,
485 (екiншi бөлiгi), 488, 506, 606 (екінші бөлігі)-баптар);

47) Республикалық бюджеттiң атқарылуын бақылау жөнiндегi есеп комитетiнің және облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың тексеру комиссияларының (216, 219, 233 (үшiншi бөлiгi), 235, 236, 237, 247 (алтыншы бөлiгi), 405 (бiрiншi бөлiгi), 462-баптар);

48) мемлекеттiк еңбек инспекциясы органдарының (86 (төртінші бөлігі), 416 (химиялық өнiмдерге қойылатын қауiпсiздiк талаптарын бұзушылықтар бойынша), 462-баптар);

49) бiлiм беру саласындағы уәкiлеттi органның (409 (жетiншi бөлiгi), 462, 463-баптар);

50) облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың, аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың жергiлiктi атқарушы органдарының (199 (екінші бөлігі), 320, 401 (алтыншы және жетінші бөліктері), 402 (төртінші бөлігі), 404 (тоғызыншы бөлігі), 451, 452 (үшінші, төртінші, алтыншы бөліктері және тоғызыншы бөліктің 4), 5) және
6) тармақшалары), 453, 454 (екінші бөлігі), 455 (төртінші бөлігі), 456, 463, 464 (екінші бөлігі), 490-баптар);

51) монополияға қарсы органның (159, 160 (екінші бөлігі)-баптар);

52) медициналық қызметтер көрсету саласындағы бақылау жөніндегі органдардың (80 (төртінші бөлiгi), 81 (екiншi бөлiгi), 82 (екінші бөлігі),
409 (жетінші бөлігі), 424 (үшінші және бесінші бөлiктерi), 462,
463-баптар);

53) дәрілік заттар, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техника айналысы саласындағы органның (426 (екінші және үшінші бөліктері) және 463-баптар);

54) ғарыш қызметi саласындағы уәкiлеттi органның (310, 311-баптар);

55) дiни қызмет саласындағы уәкiлеттi мемлекеттiк органның


(490-бап (екінші, алтыншы және сегізінші бөліктері (бұл бұзушылықтарды орталық мемлекеттік органдардың лауазымды адамдары жасаған кезде);

56) мемлекеттік сот орындаушыларының (663, 666, 669, 673-баптар);

57) сот төрағасы немесе сот отырысында төрағалық етушi уәкiлеттік берген сот приставтарының және соттардың басқа да қызметкерлерiнің (653, 654, 655, 656, 657, 658, 659, 660, 661, 662, 663, 664, 666, 667,
673-баптар);

58) облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) әкiмдерi уәкiлеттік берген лауазымды адамдарының (656-бап);

59) пошта байланысы саласындағы уәкілетті органның (214-бап);

60) мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті органның (99-бап);

61) түзеу мекемелерінің немесе тергеу изоляторларының (481-бап);

62) ақпарат саласындағы уәкілетті органның (451 (екінші бөлігі),


452 (тоғызыншы бөлігінің 4), 5) және 6) тармақшалары),
509-баптар);

63) жерді пайдалану және қорғау саласындағы мемлекеттік бақылау органдарының (462-бап) уәкілеттік берілген лауазымды адамдарының құқығы бар.

2. Соттар қарайтын әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы істер бойынша әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы хаттамаларды жасауға Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің уәкілетті жұмыскерлерінің де құқығы бар (86 (төртінші бөлігі), 185, 211 (бірінші бөлігі), 214 (бірінші, екінші, үшінші және төртінші бөліктері), 245, 251, 252 (екінші бөлігі),
462 (бірінші, екінші, үшінші (бұл бұзушылықтарды аудиторлық ұйымдар жасаған кезде), төртінші және бесінші бөліктері), 463, 464 (екінші бөлігі), 467-баптар).

3. Осы Кодекстiң 685 – 735-баптарында көрсетiлген органдардың құзырына жатқызылған әкiмшiлiк құқық бұзушылықтар туралы iстер бойынша құқық бұзушылықтар туралы хаттамаларды жасауға осы органдардың оған уәкiлеттік берiлген лауазымды адамдарының құқығы бар. Бұдан басқа, әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы хаттамаларды жасауға:

1) көлiк және коммуникация саласындағы уәкiлеттi органның лауазымды адамдарының (230 (екінші бөлігі) (бұл бұзушылықтарды

жолаушыларды тасымалдаушылар жасаған кезде), 581 (екінші бөлігі), 582, 583 (үшінші бөлігі), 586, 621 (төртінші бөлігі), 622, 623, 625 (автомобиль көлiгiнде және қалалық рельстік көлікте құқық бұзушылықтар жасағаны үшiн)-баптар);

2) орман, балық және аңшылық шаруашылығы саласындағы уәкiлеттi органдардың мамандандырылған ұйымдарының лауазымды адамдарының (138, 142, 143, 337, 339, 366, 367, 368, 369, 370, 371, 372, 373, 374, 375, 376, 377, 378, 379, 380, 381, 382, 383, 385 (бірінші бөлігі), 392 (екінші бөлігі), 394 (бірінші және екінші бөліктері), 395 (бірінші бөлігі), 396 (бірінші бөлігі)-баптар);

3) жануарлар дүниесiн қорғау мәселелерiмен айналысатын аңшылық және балық шаруашылығы қорықшыларының, директорларының (382,


383 (бірінші, екінші, үшінші және төртінші бөліктері)-баптар);

4) күзету iс-шараларын жүргiзу кезiнде Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметiнiң лауазымды адамдарының (297, 504,


614-баптар);

5) Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің әскери қызметшілері мен қызметшілеріне қатысты Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің әскери полиция органдары лауазымды адамдарының (437, 440 (бірінші, екінші және үшінші бөліктері), 441, 444 (екінші бөлігі) 484, 485 (бірінші бөлігі) құқығы бар.


805-бап. Прокурордың әкiмшiлiк құқық бұзушылық

туралы iс бойынша іс жүргізуді қозғауы


1. Прокурор осы Кодекстің 74, 75, 76, 77, 78, 79, 81, 82, 93, 94, 95, 96, 97, 98, 99, 100, 101, 102, 103, 104, 105, 106, 107, 108, 109, 110, 111, 112, 113, 114, 115, 116, 117, 118, 119, 120, 121, 122, 123, 124, 125, 126, 129, 130, 173, 189, 214, 361, 362, 363, 439, 451, 452, 453, 455, 456, 457, 465, 490, 498, 507, 508, 653, 660, 666, 675, 680-баптарында көзделген әкiмшiлiк құқық бұзушылықтар туралы iс қозғау жөнінде қаулы шығарады.

2. Прокурор әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iс бойынша іс жүргізуді қозғау туралы қаулы шығаруға құқылы.

3. Прокурордың әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iс бойынша іс жүргізуді қозғау туралы қаулысында осы Кодекстiң 803-бабында көзделген мәлiметтер қамтылуға тиiс.

806-бап. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы хаттама

жасау мерзiмдерi
1. Әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама әкімшілік құқық бұзушылық жасау фактісі анықталғаннан кейін дереу жасалады.

2. «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік бақылау және қадағалау туралы» Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген тәртіппен жүргізілетін тексеру барысында әкімшілік құқық бұзушылық анықталған кезде әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама тиісті тексеру аяқталғаннан кейін дереу жасалады.

3. «Бәсекелестік туралы» Қазақстан Республикасының Заңында тыйым салынған монополистік қызметті, жосықсыз бәсекелестікті, сондай-ақ мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдардың бәсекелестікке қарсы әрекеттерін жүзеге асыру кезінде әкімшілік құқық бұзушылық анықталған жағдайларда, хаттама тергеп-тексеру нәтижелері бойынша тиісті шешім қабылдағаннан кейін дереу жасалады.

4. Салық салу не бюджет қаражатын пайдалану саласындағы, техникалық реттеу және өлшем бiрлiгiн қамтамасыз ету саласында әкiмшiлiк құқық бұзушылықтар анықталған жағдайларда, хаттама тиісті тексеру аяқталғаннан кейін дереу жасалады.

5. Осы Кодекстің 897-бабында айқындалған тәртіппен айыппұл төленбеген жағдайда, хаттама осы Кодекстің көрсетілген бабында белгіленген мерзім өткеннен соң бір тәулік ішінде жасалады.

6. Әкiмшiлiк құқық бұзушылықтың мән-жайларын, өздерiне қатысты iс қозғалған жеке тұлғаның жеке басын немесе заңды тұлға туралы мәлiметтердi және заңды тұлға өкiлiнiң жеке басын қосымша анықтау талап етiлетін жағдайларда, әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы хаттама көрсетілген мән-жайлар анықталған күннен бастап үш тәулік ішінде, ал осы Кодекстiң 210, 217, 218, 220, 222, 227 (бірінші және екінші бөліктерінде), 239 (үшiншi және төртінші бөліктерінде), 243, 244, 251, 252, 464 (бiрiншi бөлiгiнде), 571, 572, 573, 574, 575, 576, 593 (бiрiншi бөлiгiнде – бұл бұзушылықтар жолаушылар мен жүктердi тасымалдау қағидаларын бұзушылықтар болып табылған кезде; екiншi, үшiншi, төртінші, бесінші, алтыншы және жетінші бөлiктерiнде) және 609-баптарында көзделген әкiмшiлiк құқық бұзушылықтар бойынша, сондай-ақ әкімшілік құқық бұзушылық жөніндегі материалдарды аумақтық филиалдарға беру кезінде құқық бұзушылық немесе оны жасаған тұлға табылған кезден бастап он тәулік ішінде жасалады.


7. Сараптама жүргiзу талап етiлетiн жағдайда әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы хаттама сараптама қорытындысы алынған кезден бастап екі тәулiк iшiнде жасалады.

8. Осы Кодекстің 324 (бiрiншi бөлiгi), 337 (бiрiншi бөлiгi), 344, 347, 394 (екiншi бөлiгi)-баптарында көзделген әкiмшiлiк құқық бұзушылықтар бойынша қоршаған ортаға келтiрiлген зиян сомасының мөлшерiн белгiлеу талап етiлетін жағдайларда, әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы хаттама қоршаған ортаға келтiрiлген зиян сомасының мөлшерi белгiленген кезден бастап бiр тәулiк iшiнде жасалады.

9. Осы баптың алтыншы бөлiгiнде көрсетiлген талаптар жеке тұлғаның анықталмауына байланысты орындалуы мүмкiн емес жағдайларда, әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы хаттама осы бапта белгiленген мерзiмдерде әкiмшiлiк құқық бұзушылық жасау фактiсi бойынша жасалады.
807-бап. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы

хаттама жасалмайтын жағдайлар


1. Әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама:

1) ескерту түрiнде әкiмшiлiк жаза қолдануға әкеп соғатын әкiмшiлiк құқық бұзушылық жасалған жағдайларда, егер тұлға құқық бұзушылық жасау фактісін мойындаса;

2) егер әкімшілік құқық бұзушылық автоматты режимде жұмыс істейтін сертификатталған арнайы техникалық бақылау-өлшеу құралдарымен және аспаптарымен тіркелсе, жасалмайды. Айыппұл арнайы техникалық бақылау-өлшеу құралының немесе аспабының көрсеткіштері қоса беріліп, айыппұл төлеу қажеттігі туралы нұсқама түрінде ресімделеді, бұл жөнінде көлік құралының меншік иесі (иесі) тиісті түрде хабардар етіледі;

3) егер тұлға әкімшілік құқық бұзушылық жасау фактісін мойындаған және жазаның қолданылуымен келіскен, сондай-ақ осы Кодекстің


897-бабына сәйкес айыппұлды төлеген жағдайда, салық қызметінің органдары қарайтын істер бойынша әкімшілік құқық бұзушылықтар жасалған кезде;

4) жеке тұлғалар бұзылған құқықтарын қалпына келтiру туралы арызбен жүгінген кезде осы Кодекстiң 74, 75, 76, 78, 81, 82, 83, 84, 85, 86, 87, 88, 89, 90, 91, 92, 93, 94, 95, 96, 97, 98, 99, 100, 101, 102, 103, 104, 105, 106, 107, 108, 109, 110, 111, 112, 113, 114, 115, 116, 117, 118, 119, 120, 121, 122, 123, 124, 125, 126, 128, 130 және 132-баптарында көзделген әкiмшiлiк құқық бұзушылықтар туралы iстердi сот құқық бұзушылық туралы хаттама жасамай қарайды;

5) егер әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы іс бойынша iс жүргiзу прокурор қаулысымен қозғалса және судья (сот) тікелей соттың қарауы барысында осы Кодекстің 684-бабының үшінші бөлігінде көзделген жағдайларда сотты құрметтемеушілік фактісін анықтаған кезде жасалмайды.

2. Қаржы және сауда саласындағы құқық бұзушылықты қоспағанда, ескерту түрiндегi жазаны оған уәкiлеттiк берiлген лауазымды адам әкiмшiлiк құқық бұзушылық жасалған жерде ресiмдейдi.

Әкiмшiлiк құқық бұзушылық жасаған тұлға ескерту жасау туралы қаулының екiншi данасына қол қою арқылы қолданылған жазаға өзiнiң келiсімiн растайды.
808-бап. Хаттаманы (прокурордың қаулысын)

iстi қарау үшiн жiберу


Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы хаттама (прокурордың қаулысы) қарау үшiн жасалған кезден бастап үш тәулiк iшiнде судьяға, әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстi қарауға уәкiлеттiк берiлген органға (лауазымды адамға) жiберiледi.

Жасалғаны үшiн жауаптылық әкiмшiлiк қамаққа алуды қолдануға әкеп соғуы мүмкiн әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы хаттама (прокурордың қаулысы) ол жасалғаннан кейiн судьяға дереу жiберiледi.


809-бап. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы

іс бойынша iс жүргiзудi iстi қарауға

бергенге дейiн тоқтату
Осы Кодекстiң 741 және 742-баптарында көзделген мән-жайлардың ең болмағанда бiреуi болған кезде, жүргiзуінде iс жатқан лауазымды адам әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы іс бойынша iс жүргiзудi тоқтату туралы қаулы шығарады.

42-тарау. ӘКIМШIЛIК ҚҰҚЫҚ БҰЗУШЫЛЫҚ ТУРАЛЫ

ІС БОЙЫНША ҚЫСҚАРТЫЛҒАН ІС ЖҮРГІЗУ
810-бап. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы іс бойынша

қысқартылған іс жүргізудің негіздері


1. Әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс бойынша қысқартылған іс жүргізу, егер құқық бұзушылық фактісін лауазымды адам оның жасалу орнында анықтаса, 44-баптың бірінші бөлігінің бірінші абзацына сәйкес ол үшін айыппұл түрінде әкімшілік жаза көзделген, оны жасаған, өз кінәсін мойындаған жеке тұлға анықталған және салынған айыппұл мөлшерімен келіскен жағдайларда жүзеге асырылады.

2. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы іс бойынша қысқартылған іс жүргізу:

1) баптың санкциясында өзге де жаза түрлері көзделген;

2) құқық бұзушылықты кәмелетке толмаған адам жасаған;

3) құқық бұзушылықты артықшылық берілген немесе иммунитеті бар адамдар жасаған;

4) олар бойынша істерді салық қызметінің органдары қарайтын әкімшілік құқық бұзушылықтар жасалған;

5) егер әкiмшiлiк құқық бұзушылық автоматты режимде жұмыс iстейтiн сертификатталған арнайы техникалық бақылау-өлшеу құралдарымен және аспаптарымен тiркелген жағдайларда қолданылмайды.
811-бап. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы

іс бойынша қысқартылған іс жүргізу тәртібі


1. Әкімшілік құқық бұзушылық табылған және оны жасаған тұлға белгіленген кезде, лауазымды адам әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттаманы оның жасалу орнында жасайды және тұлғаға көрсетілген айыппұл сомасының елу пайыз мөлшеріндегі айыппұлды жеті тәулік ішінде төлеу құқығын түсіндіреді.

Лауазымды адам тұлғаға әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттаманың көшірмесін қатаң қаржылық есептілік құжаты болып табылатын, белгіленген үлгідегі түбіртекпен бірге тапсырады.

2. Көрсетілген айыппұл сомасының елу пайыз мөлшеріндегі айыппұл жеті тәулік ішінде төленген жағдайда, іс мәні бойынша қаралды деп есептеледі.

Осы тараудың қағидалары бойынша қаралған істі қайта қарау осы Кодекстің 46-тарауында белгіленген тәртіппен жүзеге асырылады.

3. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген құқық пайдаланылмаған немесе тиісінше пайдаланылмаған жағдайда әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс бойынша іс жүргізу жалпы тәртіппен жүзеге асырылады.
43-тарау. ӘКІМШІЛІК ҚҰҚЫҚ БҰЗУШЫЛЫҚ

ТУРАЛЫ ІСТЕРДІ ҚАРАУ


812-бап. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iс қаралатын орын
1. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iс оның жасалған жерi бойынша, ал осы Кодексте көзделген жағдайларда әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iсті қарау ведомстволық бағыныстылығына жататын лауазымды адамның (уәкілетті мемлекеттік органның) орналасқан жері бойынша қаралады. Өзіне қатысты әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс бойынша іс жүргізіліп жатқан тұлғаның өтінішхаты бойынша іс осы тұлғаның тұрғылықты жері бойынша қаралуы мүмкін.

2. Осы Кодекстiң 333, 334, 571, 572, 574, 590, 591, 592, 593, 594, 595, 596, 597, 598, 599, 600, 601, 602, 603, 604, 605, 606, 607, 608, 609, 610, 611, 612, 613, 614, 615, 616, 617, 618, 619, 620, 621, 622, 623, 624, 625, 626, 627, 628, 629, 630, 631 және 632-баптарында көзделген әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстер көлiк құралдары, кемелер, оның iшiнде шағын көлемдi кемелер есепке алынған жер бойынша немесе өзiне қатысты әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iс бойынша іс жүргiзiлiп жатқан тұлғаның тұрғылықты жерi бойынша да қаралуы мүмкiн.

3. Осы Кодекстiң 378, 379, 382, 383 және 440-баптарында көзделген әкiмшiлiк құқық бұзушылықтар туралы iстер олар жасалған жер бойынша немесе өзiне қатысты әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы іс бойынша iс жүргiзiлiп жатқан тұлғаның тұрғылықты жерi бойынша қаралады.

4. Кәмелетке толмағандардың, олардың ата-анасының немесе оларды алмастыратын адамдардың әкiмшiлiк құқық бұзушылықтары туралы iстер өзiне қатысты әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы іс бойынша iс жүргiзiлiп жатқан адамның тұрғылықты жерi бойынша қаралады.


813-бап. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстi

қарауға әзiрлеу


1. Судья, орган (лауазымды адам) әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстi қарауға әзiрлеу кезiнде мына мәселелердi:

1) аталған iстi қарау өздерiнiң құзыретiне жататынын;

2) аталған iстi судьяның, лауазымды адамның қарау мүмкiндiгiн болғызбайтын мән-жайлардың болуын;

3) осы Кодексте көзделген әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы хаттаманың және басқа да хаттамалардың дұрыс жасалғанын, сондай-ақ iстiң өзге де материалдарының дұрыс ресiмделгенiн;

4) іс бойынша iс жүргiзудi болғызбайтын мән-жайлардың, сондай-ақ тұлғаны әкiмшiлiк жауаптылыққа тартпауға мүмкiндiк беретiн
мән-жайлардың болуын;

5) өтiнiшхаттардың және бас тартудың болуын;

6) осы Кодекстiң 744, 745, 746, 747 және 748-баптарында аталған тұлғаларға iстің қаралу орны мен уақыты туралы хабарланғанын анықтайды.

2. Осы баптың бірінші бөлігі 1), 3) және 6) тармақшаларының талаптары осы Кодекстің 684-бабының үшінші бөлігіне сәйкес қаралған, сотқа құрметтемеушілік білдіру фактілері туралы істерге қолданылмайды.


814-бап. Судьяның, лауазымды адамның әкiмшiлiк

құқық бұзушылық туралы iстi қарау

мүмкiндiгiн болғызбайтын мән-жайлар
Қарауына әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iс берiлген судья, лауазымды адам, егер бұл тұлға:

1) жауаптылыққа тартылып отырған тұлғаның немесе жәбiрленушiнiң, олардың өкiлдерiнiң, қорғаушының туысы болып табылған;

2) iстiң шешiлуiне жеке басы, тiкелей немесе жанама түрде мүдделi болған жағдайларда, аталған iстi қарай алмайды.
815-бап. Судьяның, лауазымды адамның өздiгiнен

бас тартуы және оларға қарсылық білдіру


1. Осы Кодекстiң 814-бабында көзделген мән-жайлар болған кезде судья, лауазымды адам өзiнiң бас тартатыны туралы мәлiмдеуге мiндеттi.

2. Осы Кодекстiң 814-бабында көзделген мән-жайлар болған кезде, өзiне қатысты іс бойынша iс жүргiзiлiп жатқан тұлға, жәбiрленушi, жеке тұлғаның заңды өкілдері мен заңды тұлғаның өкілдері, қорғаушы, прокурор судьяға, лауазымды адамға қарсылық білдіруін мәлiмдеуге құқылы.

3. Өздiгiнен бас тарту, қарсылық білдіру туралы мәлiмдеме тиiстi соттың төрағасына, жоғары тұрған лауазымды адамға берiледi.

4. Өздiгiнен бас тарту, қарсылық білдіру туралы мәлiмдеменi соттың төрағасы, жоғары тұрған лауазымды адам келіп түскен күннен бастап бiр тәулiк iшiнде қарайды.

5. Өздiгiнен бас тарту, қарсылық білдіру туралы мәлiмдеменi қарау нәтижелерi бойынша мәлiмдеменi қанағаттандыру туралы не оларды қанағаттандырудан бас тарту туралы ұйғарым шығарылады.
816-бап. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстi

қарауға әзiрлеу кезiнде судья, орган

(лауазымды адам) қабылдайтын шешiм
1. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстi қарауға әзiрлеу кезiнде судья, орган (лауазымды адам) мынадай:

1) iстiң қаралу уақыты мен орнын тағайындау туралы;

2) iс бойынша адамдарды шақыру, қажеттi қосымша материалдарды талап етіп алдыру туралы, қажет болған жағдайда сараптама тағайындау туралы;

3) iстi қарауды кейiнге қалдыру туралы;

4) егер осы iстi қарау құзыретiне жатпаса не судьяға, лауазымды адамға қарсылық білдіру туралы ұйғарым шығарылса, әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы хаттаманы және iстiң басқа да материалдарын ведомстволық бағыныстылығы бойынша қарауға беру туралы;

5) осы Кодекстiң 812-бабына сәйкес iстi мәнi бойынша қарауға беру туралы;

6) осы Кодекстiң 741 және 742-баптарында көзделген мән-жайлар болған кезде iс жүргiзудi тоқтату туралы шешiм қабылдайды.

2. Осы баптың бiрiншi бөлiгiнде көзделген шешiмдер ұйғарым түрiнде шығарылады.

3. Осы баптың бiрiншi бөлiгiнiң 6) тармақшасында көзделген шешiм қаулы түрiнде шығарылады.

4. Әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді қарауға уәкілеттік берілген судья, органдар (лауазымды адамдар) іс жүргізуде нақ сол бір адамға қатысты қозғалған екі және одан көп істің барын анықтай отырып, бұл істерді бірге қарау үшін бір іс жүргізуге біріктіруге құқылы.

5. Осы Кодекстiң 744-бабының төртiншi бөлiгiнде, 746-бабының алтыншы бөлiгiнде және 754-бабының бесiншi бөлiгiнде көзделген жағдайларда жауаптылыққа тартылып отырған тұлғаның, оның өкiлiнiң, куәнiң дәлелсiз себептермен келмеуіне байланысты әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстi қайта қарауға әзiрлеу кезiнде iстi қарайтын судья, орган (лауазымды адам) аталған адамдарды күштеп әкелу туралы ұйғарым шығаруға құқылы.

817-бап. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi

қарау мерзiмдерi
1. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстер iстi қарауға құқылы судья, орган (лауазымды адам) әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы хаттаманы және iстiң басқа да материалдарын алған күннен бастап он бес тәулік ішінде қарайды.

2. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы іс бойынша iс жүргiзуге қатысушылардан өтiнiшхаттар түскен жағдайда не iстiң мән-жайларын қосымша анықтау қажет болған кезде iстi қарап жатқан судья, орган (лауазымды адам) iстiң қаралу мерзiмiн ұзартуы, бiрақ бiр айдан аспайтындай етіп ұзартуы мүмкiн. Мерзімді ұзарту туралы уәжді ұйғарым шығарылады.

3. Жасалуы әкімшілік қамаққа алуға, Қазақстан Республикасының шегiнен тыс әкiмшiлiк жолмен шығарып жiберуге әкеп соғатын әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iс әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы хаттама мен iстiң басқа да материалдары алынған күнi, ал әкiмшiлiк ұстап алуға ұшыраған адамға қатысты – ол ұстап алынған кезден бастап қырық сегiз сағаттан кешiктiрiлмей қаралады.

4. Егер өзіне қатысты әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қозғалған тұлға солардың негізінде лауазымды адам әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қозғаған тексеру нәтижелеріне және өзге де


мән-жайларға шағым жасаса, әкімшілік құқық бұзушылық туралы істі қарап жатқан судья, орган (лауазымды адам) әкімшілік құқық бұзушылық туралы істің қаралу мерзімін соттың тиісті шешімі шығарылғанға дейін және заңды күшіне енгенге дейін немесе өзіне қатысты әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қозғалған тұлғаның шағымын қарайтын органның (лауазымды адамның) шешіміне шағым жасаудың мерзімі өткенге дейін ұзартады.
818-бап. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарау

тәртiбi
1. Судья, орган (лауазымды адам) әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстi қарауға кiрiскенде:

1) iстi кiм қарайтынын, қандай iс қаралғалы жатқанын, кiм және осы Кодекстiң қандай бабының негiзiнде жауаптылыққа тартылып отырғанын хабарлайды;

2) әкiмшiлiк жауаптылыққа тартылатын жеке тұлғаның немесе заңды тұлға өкiлiнiң, сондай-ақ iстi қарауға қатысатын өзге де тұлғалардың келгенiне көз жеткiзедi;

3) iс бойынша іс жүргiзуге қатысушылардың жеке басын анықтайды және жеке тұлғаның заңды өкілдерінің немесе заңды тұлға өкiлдерiнiң, қорғаушының өкiлеттiктерiн тексереді;

4) іс бойынша iс жүргiзуге қатысушылардың келмеу себептерiн анықтайды және аталған адамдар болмағанда iсті қарау туралы не iсті қарауды кейiнге қалдыру туралы шешiм қабылдайды;

5) қажет болған жағдайларда iсті қарау кезiнде қатысуы мiндеттi болып табылатын адамды күштеп әкелу туралы ұйғарым шығарады, аудармашыны тағайындайды;

6) iсті қарауға қатысатын адамдарға олардың құқықтары мен мiндеттерiн, оның ішінде мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен тегін заң көмегін алу құқығын түсiндiредi;

7) іс жүргізу тілін айқындайды, ана тiлiнде немесе өзіне қатысты іс жүргізіліп жатқан адам бiлетiн басқа да тiлде мәлімдеме жасау, түсiнiктемелер мен айғақтар беру, өтiнiшхаттар мәлімдеу, шағымдар жасау, іс материалдарымен танысу, оны қарау кезiнде сөз сөйлеу, аудармашының көрсететін қызметтерін тегiн пайдалану құқығын түсiндiредi;

8) мәлiмделген бас тартуды және өтiнiшхаттарды шешедi;

9) әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы хаттаманы, ал қажет болған кезде істің өзге де материалдарын жариялайды;

10) өзiне қатысты iс бойынша iс жүргiзiлiп жатқан адамның түсiнiктемелерiн, iс жүргiзуге қатысатын басқа да адамдардың айғақтарын, маманның түсiндiрмесiн және сарапшының қорытындысын тыңдайды, өзге де дәлелдемелерді зерттейді, ал iстi қарауға прокурор қатысқан жағдайда оның қорытындысын тыңдайды;

11) iсті қарауды кейiнге қалдыру туралы ұйғарымды: iс қарайтын судьяның не лауазымды адамның, егер оған қарсылық білдіру iстi мәнi бойынша қарауға кедергi келтiрсе, өздiгiнен бас тартуы немесе оған қарсылық білдіру туралы мәлiмдеуге; егер қорғаушыға, уәкiлеттi өкiлге, сарапшыға немесе аудармашыға қарсылық білдіру iстi мәнi бойынша қарауға кедергi келтiрсе, көрсетілген қарсылық білдіруге; iстi қарауға қатысатын адамдардың келуі немесе iс бойынша қосымша материалдарды талап етіп алдыру қажеттiгiне байланысты, сондай-ақ осы Кодекстiң
51-бабының екiншi бөлiгiнде көзделген жағдайларда шығарады. Қажет болған жағдайда судья немесе орган (лауазымды адам) сараптама тағайындау туралы ұйғарым шығарады;

12) осы Кодекстiң 816-бабында көзделген жағдайларда iстi мәнi бойынша қарауға беру туралы ұйғарым шығарады.

2. Төрағалық етуші тікелей сот талқылауы барысында процеске қатысып отырған адамның тарапынан сотты құрметтемеушілік фактісін анықтай отырып, факт туралы жариялай отырып, осы баптың бірінші бөлігі 2), 4), 9) және 12) тармақшаларының талаптарын сақтамастан, кінәлі адамға осы Кодекстің 653-бабында көзделген әкімшілік жазаны қолдану туралы қаулы шығаруға құқылы.

Сот талқылауы барысында анықталған, процеске қатысып отырған адамның тарапынан сотты құрметтемеушілік фактісі туралы істі судья (сот) тікелей осы сот отырысында осы фактіні анықтап және сот отырысының хаттамасында тіркей отырып қарайды.

3. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы іс қозғаған лауазымды адам немесе өкілдерінің әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы істер қозғауға құқығы бар мемлекеттік органның өкілі істі қарауға қатысқан жағдайда, олар құқық бұзушылықтың мәні бойынша түсініктемелерді және оны жасауда адамның кінәлілігінің дәлелдемелерін бірінші болып ұсынады.

4. Қажет болған жағдайларда осы Кодексте көзделген басқа да процестік әрекеттер жүзеге асырылады.


819-бап. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстi қарау

кезiнде анықтауға жататын мән-жайлар


1. Судья, орган (лауазымды адам) әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстi қарау кезiнде әкiмшiлiк құқық бұзушылықтың жасалғанын-жасалмағанын, осы тұлғаның оны жасауға кiнәлiлiгiн-кінәсіздігін, оның әкiмшiлiк жауаптылыққа жататынын-жатпайтынын, жауаптылықты жеңiлдететiн және ауырлататын мән-жайлардың бар-жоғын, мүлiктiк залал келтiрiлгенiн-келтірілмегенін анықтауға, сондай-ақ iстiң дұрыс шешілуі үшiн маңызы бар басқа да мән-жайларды анықтауға мiндеттi.

2. Жауаптылықты жеңілдететін мән-жайлар анықталған жағдайда судья, орган (лауазымды адам) өзіне қатысты әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы іс қозғалған жеке тұлғаға салынатын әкімшілік айыппұл сомасын қысқартуға, бірақ айыппұлдың жалпы сомасының отыз пайызынан аспайтындай етіп қысқартуға құқылы.


820-бап. Сот отырысының хаттамасы
1. Бірінші сатыдағы соттың сот отырысында хаттама жүргізіледі. Егер өзіне қатысты әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iс бойынша іс жүргізіліп жатқан тұлға әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстi қарау кезінде өз кінәсін толығымен мойындап, дәлелдемелерді зерттеу қажеттігі туралы мәлімдемесе, хаттаманың жүргізілуі міндетті емес. Бұл ретте жоғары тұрған сатылардағы сот iстi бiрiншi сатыдағы сот үшiн көзделген қағидалар бойынша қарай келiп, iстiң дұрыс шешiлуi үшiн маңызы бар қосымша материалдарды, алынған сараптама қорытындыларын зерттеу, отырысқа шақыртылған тұлғалардан жауап алу қажет болған жағдайларда, сондай-ақ өз бастамашылығы бойынша немесе өзіне қатысты әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс бойынша іс жүргізіліп жатқан тұлғаның өтінішхаты бойынша сот отырысының хаттамасын жүргiзедi.

2. Сот отырысының хаттамасында мыналар:

1) отырыстың орны мен күні, оның басталу және аяқталу уақыты;

2) өзіне қатысты іс қаралып жатқан тұлға туралы мәліметтер: жеке тұлғалар үшін – тегі, аты, әкесінің аты (ол болған кезде), туған күні, тұрғылықты жері, жеке басын куәландыратын құжаттың атауы мен деректемелері, сәйкестендіру нөмірі, тұрғылықты жері бойынша тіркелгені туралы мәліметтер, жұмыс орны; заңды тұлғалар үшін – атауы, ұйымдық-құқықтық нысаны, орналасқан жері, заңды тұлға ретінде мемлекеттік тіркеу нөмірі мен күні, сәйкестендіру нөмірі және банк деректемелері;

3) қаралып жатқан іс бойынша іс жүргізу тілі;

4) әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы қаралып жатқан iстің оқиғасы;

5) судьяның, сот отырысы хатшысының лауазымы, тегі, аты-жөні;

6) істі қарауға қатысатын тұлғалардың келгендігі туралы, келмеген тұлғаларға белгіленген тәртіппен хабарланғаны туралы мәліметтер;

7) сот отырысының барысы;

8) қарсылық білдіру, өтінішхаттар және оларды қараудың нәтижелері;

9) әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iс бойынша iс жүргізуге қатысушыларға олардың құқықтары мен міндеттерін түсіндіру;

10) сот отырысына қатысушылар түсініктемелерінің, сұрақтары мен жауаптарының, сөйлеген сөздерінің мазмұны;

11) қаралған материалдар мен құжаттар;

12) сот отырысы барысында шығарылған қаулыға, әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iс бойынша соттың шешіміне нұсқау, оған шағым жасаудың мерзімі мен тәртібін түсіндіру;

13) сот отырысының хаттамасымен танысу және оған ескертулер беру мерзімін түсіндіру көрсетіледі.

3. Хаттама іс қаралған күннен бастап бес тәуліктен кешіктірілмей жасалып, оған судья және сот отырысының хатшысы қол қояды.

4. Судья өзiне қатысты әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы іс бойынша iс жүргiзiлiп жатқан тұлғаға, әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы іс бойынша iс жүргiзуге басқа да қатысушыларға сот отырысының хаттамасымен танысу мүмкіндігін қамтамасыз етуге міндетті.

5. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы іс бойынша iс жүргізуге қатысушылар сот отырысы хаттамасының жасалуының толықтығы мен анықтығына қатысты өз ескертулерін оған қол қойылғаннан кейін бес тәулік ішінде ұсынуға құқылы.

6. Сот отырысының хаттамасына ескертулерді судья олар берілген күннен бастап бес тәулік ішінде қарайды.

7. Сот отырысының хаттамасына ескертулерді қабылдау немесе қабылдамау туралы судья уәжді қаулы шығарады. Қаулыға және сот отырысының хаттамасына ескертулер сот отырысының хаттамасына қоса тігіледі.


821-бап. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстi қарау

нәтижелерi бойынша шешiмдердiң түрлерi


1. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстi қарап, судья, орган (лауазымды адам) мынадай:

1) әкiмшiлiк жаза қолдану туралы;

2) іс бойынша iс жүргiзудi тоқтату туралы;

3) iстi осы әкiмшiлiк құқық бұзушылық үшiн өзгеше түрде немесе мөлшерде жаза қолдануға құқылы судьяның, органның (лауазымды адамның) қарауына беру туралы, сондай-ақ осы Кодекстiң 812-бабында көзделген жағдайларда iстi көлiк құралының (кеменің, оның iшiнде шағын көлемдi кеменің) есепке алынған жері бойынша қарауға беру туралы қаулылардың бiрiн шығарады.

2. Істі қарау нәтижесінде жасалған әрекетке заңдық бағаның дұрыс еместігін мойындай отырып, судья, орган (лауазымды адам) құқық бұзушылықтың саралануын заңның онша қатаң емес әкімшілік жазаны көздейтін бабына өзгертуге құқылы.

3. Көлік құралы жүргізушісін жол жүрісі қағидаларын білуін тексеру үшін емтихан тапсыруға жіберген кезде жол жүрісі қағидаларын білуін тексеруге жіберу туралы қаулы шығарылады, оның көшірмесі емтихан тапсыруға жіберілген адамға беріледі.

4. Өзіне қатысты іс қаралған тұлғаның әрекеттерінде осы Кодекстің басқа бабында немесе 2-бөлімі Ерекше бөлігі бабының бөлігінде көзделген әкiмшiлiк құқық бұзушылық белгілері анықталған жағдайда, сот құқық бұзушылықтың саралануын заңның онша қатаң емес әкiмшiлiк жаза көздейтiн бабына немесе бабының бөлігіне өзгертуге құқылы.
5. Іс бойынша іс жүргiзудi тоқтату туралы қаулы:

1) осы Кодекстiң 741-бабында көзделген іс бойынша iс жүргiзудi болғызбайтын мән-жайлар болған;

2) осы Кодекстiң 742-бабында көзделген әкiмшiлiк жауаптылыққа тартпауға мүмкiндiк беретiн мән-жайлар болған;

3) осы Кодекстiң 32-бабына сәйкес тұлғаны тәртiптiк жауаптылыққа тарту туралы мәселенi шешу үшiн iс материалдары тиiстi органдарға берілетiн жағдайларда шығарылады.


822-бап. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iс

бойынша қаулы


1. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iс бойынша қаулыда:

1) қаулы шығарған судьяның, лауазымды адамның лауазымы, тегі, аты-жөні;

2) iстiң қаралған күнi мен орны;

3) өзiне қатысты iс қаралған тұлға туралы мәлiметтер: жеке тұлғалар үшiн – тегi, аты, әкесiнiң аты (ол болған кезде), туған жылы, айы, күнi, тұрғылықты жерi, жеке басын куәландыратын құжаттың атауы мен деректемелерi, сәйкестендіру нөмiрi, тұрғылықты жерi бойынша тiркелгенi туралы мәлiметтер, жұмыс орны; заңды тұлғалар үшiн – атауы, ұйымдық-құқықтық нысаны, орналасқан жерi, заңды тұлға ретiнде мемлекеттiк тiркеу нөмiрi мен күнi, сәйкестендіру нөмiрi және банк деректемелерi;

4) қаралып жатқан iс бойынша iс жүргiзу тiлi;

5) осы Кодекстiң әкiмшiлiк құқық бұзушылық үшiн жауаптылық көзделетiн бабы;

6) iстi қарау кезiнде анықталған мән-жайлар;

7) iс бойынша шешiм;

8) қаулыға шағым жасаудың тәртiбi мен мерзімдері;

9) айыппұлды ерікті түрде төлеу немесе әкімшілік жазаның өзге түрін орындау мерзімдері көрсетілуге тиіс.

2. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iс бойынша қаулы заңды және негізделген болуға тиiс.

Егер судья әкiмшiлiк құқық бұзушылық үшiн жаза қолдану туралы мәселенi шешу кезiнде кiнәлiнiң мүлiктiк залалды өтеуi туралы мәселенi бiр мезгiлде шешсе, онда қаулыда өндіріп алуға жататын залалдың мөлшерi, оны өтеу мерзiмi мен тәртiбi көрсетiледi.

Қазақстан Республикасының шегінен әкімшілік жолмен шығарып жіберу туралы шешім шығарылған кезде, шетелдіктің немесе азаматтығы жоқ адамның Қазақстан Республикасының аумағын сол мерзім ішінде тастап кетуге тиіс қисында мерзім көрсетіледі.

3. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iс бойынша қаулыда жеке тұлғаның өзімен бірге алып жүрген, алынып қойылған заттары мен құжаттары туралы, заңды тұлғаға тиесiлi алынып қойылған құжаттар мен мүлiк туралы мәселелер шешiлуге тиiс, бұл ретте:

1) әкiмшiлiк құқық бұзушылық жасаудың құралдары не нысанасы болған және әкiмшiлiк жауаптылыққа тартылған жеке немесе заңды тұлғаға тиесiлi заттар осы Кодекстiң 2-бөлiмiнің Ерекше бөлiгi нормаларының санкцияларында көзделген жағдайларда тәркiленедi не тиiстi мекемелерге берiледi немесе жойылады; қалған жағдайларда тиесiлiлігі бойынша қайтарылады;

2) айналысына тыйым салынған заттар тиiстi мекемелерге берiледi немесе жойылады;

3) құнды болып табылмайтын және пайдалануға келмейтін заттар жойылуға жатады, ал мүдделi тұлғалар өтiнiшхат берген жағдайларда оларға берiлуi мүмкiн;

4) заттай дәлелдемелер болып табылатын құжаттар iсте оның бүкiл сақталу мерзiмi iшiнде қалады не мүдделi тұлғаларға берiледi.

4. Қаулы шығарған судья, лауазымды адам әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iс бойынша қаулыға қол қояды.
823-бап. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iс бойынша

қаулыны жариялау және қаулының көшiрмесiн тапсыру


1. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iс бойынша қаулы iс қаралып бiткен соң дереу жарияланады.

2. Әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс бойынша өзіне қатысты қаулы шығарылған жеке тұлғаға немесе заңды тұлғаның өкіліне, сондай-ақ жәбірленушіге, жеке тұлғаның заңды өкіліне, әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iс қозғаған уәкілетті органға (лауазымды адамға) қаулының көшірмесі ол жарияланған күннен бастап үш тәулік ішінде тапсырылады және (немесе) жіберіледі.

Әкiмшiлiк қамаққа алу туралы қаулы шығарылған жағдайда қаулының көшiрмесi прокурорға дереу жiберiледi.

3. Ұйым атыс қаруын, сондай-ақ оқ-дәрiлердi қызметтiк мiндеттерiн орындауына байланысты сенiп берген немесе уақытша пайдалануға берген тұлғаға қатысты осы Кодекстiң 436 және 484-баптарында көзделген әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстер бойынша қаулының көшiрмесi тиiстi ұйымға жiберiледi.

824-бап. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iс бойынша

ұйғарым
Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iс бойынша ұйғарымда шағым жасаудың мерзiмi мен тәртiбiн қоспағанда, осы Кодекстiң 822-бабының бiрiншi бөлiгiнде көзделген мәлiметтер көрсетiлуге тиiс.


8

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   43




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет