Әкімшілік құқық бұзушылық туралы


ӘКIМШIЛIК ҚҰҚЫҚ БҰЗУШЫЛЫҚТАР



бет18/34
Дата19.06.2016
өлшемі4.1 Mb.
#147845
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   34

ӘКIМШIЛIК ҚҰҚЫҚ БҰЗУШЫЛЫҚТАР

      457-бап. Нормативтiк құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу


                мәселелері бойынша Қазақстан Республикасының
                заңнамасын бұзу

      1. Лауазымды адамның мемлекеттiк тiркелуге жататын нормативтiк құқықтық актiнi Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен және мерзімдерде осындай тiркеуге ұсынбауы –


      он айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
      2. Лауазымды адамның белгіленген тәртіппен күші жойылған, сот жарамсыз деп таныған, белгіленген тәртіппен ресми жарияланбаған, қолданысқа енгізілмеген не қолданысын уәкілетті орган тоқтата тұрған, сондай-ақ әділет органдарында мемлекеттік тіркеуден өтпеген нормативтiк құқықтық актiнi қолдануы –
      жиырма айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
      3. Осы баптың бірінші немесе екінші бөліктерінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған әрекеттер –
      отыз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.

      458-бап. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туын,


                Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасын
                пайдалану, сондай-ақ Қазақстан Республикасының
                Мемлекеттік Гимнін пайдалану және орындау
                тәртiбiн бұзу

      1. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туын, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасын және олардың бейнелерін заңсыз пайдалану, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Гимнін Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарын бұза отырып пайдалану және орындау –


      екі жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
      2. Мемлекеттiк рәміздерді пайдалану мiндеттi болып табылатын жағдайларда оларды пайдаланбау –
      лауазымды адамдарға екі жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
      3. Осы баптың бірінші және екінші бөліктерінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған іс-әрекеттер –
      төрт жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.

      459-бап. Нормативтiк құқықтық актiлердiң мәтiндерiн


                кейiннен ресми жариялау тәртiбiн бұзу

      Нормативтiк құқықтық актiлердiң мәтiндерiн кейiннен ресми жариялау тәртiбiн:


      1) олар жариялайтын мәтіндердің Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне сәйкестігіне сараптамадан өтпеген нормативтiк құқықтық актiлердiң мәтiндерiн кейiннен ресми жариялау;
      2) Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне дәлме-дәл сәйкестікте жарияламау;
      3) қолданысқа енгізу күнін көрсетпеу;
      4) жарияланатын нормативтік құқықтық актілерге баспасөз басылымының түсініктемелерімен нормативтік құқықтық актілердің ресми мәтіндерін кейіннен жариялау түрінде жасалған бұзушылық –
      шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне – отыз, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – алпыс, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне бір жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

       460-бап. Жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік


                 тіркеуге құжаттарды беру мерзімін бұзу

      Жеке және (немесе) заңды тұлғалардың жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркеуге құжаттарды берудің «Жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркеу туралы» Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген мерзімін бұзуы –


      жеке тұлғаларға – он, заңды тұлғаларға жиырма айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

      461-бап. Қорғау нұсқамасын бұзу

      Ішкі істер органы шығарған қорғау нұсқамасын бұзу -
      ескерту жасауға не бес тәулікке дейінгі мерзімге әкімшілік қамаққа алуға әкеп соғады.

      462-бап. Мемлекеттік инспекциялар мен мемлекеттік бақылау


                және қадағалау органдарының лауазымды адамдарына
                өздерінің қызметтік міндеттерін орындауына
                кедергі келтіру, қаулыларды, нұсқамаларды және
                өзге де талаптарды орындамау

      1. Мемлекеттiк инспекциялар мен мемлекеттiк бақылау және қадағалау органдарының лауазымды адамдарына өз құзыреттерiне сәйкес өздерінің қызметтiк мiндеттерiн орындауына қажеттi құжаттарды, материалдарды, статистикалық (алғашқы статистикалық деректерді қоспағанда) және өзге де мәлiметтердi, қызмет туралы, кiрiстер туралы, энергетикалық ресурстардың есепке алыну аспаптарымен жарақтандырылуы туралы, энергетикалық ресурстарды, суды тұтынудың және олардың шығындарының көлемі туралы, сақтандыру жарналарын есептеу және төлеу туралы, атом энергиясын пайдалану туралы ақпаратты беруден бас тарту, уәкiлеттi органның қаулысы бойынша ревизия, тексеру, түгендеу, сараптамалар және заңнамада көзделген басқа да әрекеттердi жүргiзуге жiберуден бас тарту түріндегі кедергi келтiру немесе оларды жүзеге асыруға өзге де кедергiлер келтiру не анық емес ақпарат беру –


      жеке тұлғаларға – үш, лауазымды адамдарға, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне немесе коммерциялық емес ұйымдарға – бір жүз, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – бір жүз елу, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне екі жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
      2. Осы баптың бiрiншi бөлiгiнде көзделген, әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр жыл iшiнде қайталап жасалған әрекеттер –
      жеке тұлғаларға – жеті, лауазымды адамдарға, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне немесе коммерциялық емес ұйымдарға – екі жүз, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – үш жүз, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне – төрт жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
      3. Осы Кодекстің 162, 227-баптарында көзделген жағдайларды қоспағанда, мемлекеттiк бақылау және қадағалау органдары (лауазымды адамдар), мемлекеттік органдардың лауазымды адамдары өздерінің құзыретi шегiнде берген заңды талаптарды немесе нұсқамаларды, ұсынуларды, қаулыларды орындамау немесе тиiсiнше орындамау –
      белгілі бір қызмет түріне рұқсаттың қолданылуын тоқтата тұрып не қызметті немесе жекелеген қызмет түрлерін тоқтата тұрып, жеке тұлғаларға – бес, лауазымды адамдарға – он бес, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне немесе коммерциялық емес ұйымдарға – бір жүз, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – екі жүз, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне бес жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
      4. Тексерілетін субъектілердің бақылау және қадағалау органдары анықтаған бұзушылықтарды жою бойынша қолданылатын шаралар туралы ақпаратты бермеуі не уақтылы бермеуі –
      жиырма айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
      5. Осы Кодекстiң 625-бабының екiншi бөлiгiнде, 626-бабының бiрiншi бөлiгiнде көзделген жағдайларды қоспағанда, уәкiлеттi органның лауазымды адамы салған мөрiн (пломбасын) жұлып тастау –
      жеке тұлғаларға – бес, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне немесе коммерциялық емес ұйымдарға – он, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – жиырма, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне елу айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
      РҚАО-ның ескертпесі!
      Ескертпе жаңа редакцияда көзделген - ҚР 02.08.2015 № 343-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      Ескертпе.
      1. Жеке тұлға қажеттi құжаттарды, материалдарды, статистикалық (алғашқы статистикалық деректерді қоспағанда) және өзге де мәлiметтердi, энергетикалық ресурстардың, судың есепке алыну аспаптарымен жарақтандырылуы туралы ақпаратты беруден бас тартқаны үшін осы баптың бірінші және екінші бөліктеріне сәйкес әкімшілік жауаптылыққа тартылуға жатпайды.
      2. Мемлекеттік кәсіпорындарды, жауапкершілігі шектеулі серіктестіктерді, акционерлік қоғамдарды, оның ішінде мемлекет қатысушысы немесе акционері болып табылатын ұлттық басқарушы холдингтерді, ұлттық холдингтерді, ұлттық компанияларды, сондай-ақ еншілес, тәуелді және олармен үлестес болып табылатын өзге де заңды тұлғаларды қоспағанда, заңды тұлға, қажеттi құжаттарды, материалдарды, статистикалық (алғашқы статистикалық деректерді қоспағанда) және өзге де мәлiметтердi, энергетикалық ресурстардың, судың есепке алыну аспаптарымен жарақтандырылуы, энергетикалық ресурстарды, суды тұтынудың және олардың шығындарының көлемі туралы ақпаратты беруден бас тартқаны үшін, егер мұндай тұлға энергетикалық ресурстарды жылына шартты отынның бір мың бес жүз тоннасынан төмен барабар көлемде тұтынатын болса, осы баптың бірінші және екінші бөліктеріне сәйкес әкімшілік жауаптылыққа тартылуға жатпайды.

      463-бап. Тиiстi тiркеусiз, рұқсатсыз немесе хабарлама


                жібермей кәсіпкерлік немесе өзге де қызметпен
                айналысу, сондай-ақ әрекеттердi (операцияларды)
                жүзеге асыру

      1. Тіркеу, рұқсат беру, хабарлама жіберу мiндеттi болған жағдайларда, тiркеусiз, рұқсатсыз, сол сияқты хабарлама жібермей кәсiпкерлiк немесе өзге де қызметпен айналысу, сондай-ақ әрекеттердi (операцияларды) жүзеге асыру, егер бұл әрекеттерде қылмыстық жазаланатын іс-әрекет белгiлерi болмаса, –


      әкiмшiлiк құқық бұзушылықтар жасау нысаналары және (немесе) құралы тәркiлене отырып не онсыз, жеке тұлғаларға – он бес, лауазымды адамдарға, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне – жиырма бес, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – қырық, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне бір жүз елу айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады, ал лицензиясыз кәсiпкерлiк немесе өзге де қызметпен айналысу әкiмшiлiк құқық бұзушылық жасау салдарынан алынған кірісті (дивидендтердi), ақшаны, бағалы қағаздарды қосымша тәркiлеуге әкеп соғады.
      2. Осы баптың бiрiншi бөлiгiнде көзделген, әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр жыл iшiнде қайталап жасалған әрекеттер –
      әкімшілік құқық бұзушылық жасау нысаналары және (немесе) құралы тәркiлене отырып, жеке тұлғаларға – отыз, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне – елу, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – сексен, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне бес жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады, ал лицензиясыз кәсiпкерлiк немесе өзге де қызметпен айналысу әкiмшiлiк құқық бұзушылық салдарынан алынған кiрiстi (дивидендтердi), ақшаны, бағалы қағаздарды қосымша тәркiлеуге әкеп соғады.
      Ескертпе. Осы бап бойынша жауаптылық «Валюталық реттеу және валюталық бақылау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес жүзеге асырылатын валюталық операция туралы хабарламаға және валюталық операцияларды тіркеуге, сондай-ақ «Табиғи монополиялар және реттелетін нарықтар туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес жүзеге асырылатын хабарламаларға қолданылмайды.

      464-бап. Лицензиялау нормаларын бұзу

      1. Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген лицензиялау нормаларын бұзу, оның iшiнде лицензияланатын қызмет түрлерiне қойылатын бiлiктiлiк талаптарына сәйкес келмеу –
      белгілі бір қызмет түріне лицензияның қолданылуын тоқтата тұрып немесе онсыз, жеке тұлғаларға – он бес, лауазымды адамдарға, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне немесе коммерциялық емес ұйымдарға – қырық бес, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – сексен, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне бір жүз елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
      2. Лицензиаттың лицензия алған кезде көрінеу анық емес ақпарат беруі, сол сияқты осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған әрекеттер (әрекетсіздік), сондай-ақ лицензияның қолданылуын тоқтата тұру мерзімі өткеннен кейін әкімшілік жауаптылыққа әкеп соққан, лицензиялау нормаларын бұзушылықтарды жоймау –
      белгiлi бiр қызмет түрiне лицензиядан айыра отырып, жеке тұлғаларға – қырық, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне немесе коммерциялық емес ұйымдарға – бір жүз, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – бір жүз елу, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне үш жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
      Ескерту. 464-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 29.12.2014 № 272-V Заңымен (01.01.2015 бастап қолданысқа енгізіледі).

      465-бап. Рұқсат берудің тәртiбiн және мерзiмiн бұзу

      1. Рұқсат беру мерзiмiн бұзу –
      лауазымды адамдарға елу айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
      2. Қазақстан Республикасының рұқсаттар және хабарламалар туралы заңнамасында белгiленген тәртiптi бұза отырып рұқсат беру, сол сияқты рұқсат беруден негізсіз бас тарту –
      лауазымды адамдарға елу айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
      3. Осы баптың бiрiншi және екiншi бөлiктерiнде көзделген, әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр жыл iшiнде қайталап жасалған әрекеттер –
      лауазымды адамдарға жетпіс айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.

      466-бап. Қазақстан Республикасының заңды тұлғаларды


                мемлекеттік тіркеу және филиалдар мен
                өкiлдiктерді есептік тiркеу туралы заңнамасын
                бұзу

      1. Заңнамада көзделген жағдайларда заңды тұлғаны, оның филиалдары мен өкiлдiктерін қайта тiркемей, қызметтi жүзеге асыру –


      шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне немесе коммерциялық емес ұйымдарға – он, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – жиырма, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне қырық айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
      2. Тiркеушi органға заңды тұлғаның орналасқан жерiнiң өзгергенi туралы уақтылы хабарламау –
      шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне немесе коммерциялық емес ұйымдарға – бес, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – он, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне отыз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

      467-бап. Лицензиарға лицензияны және (немесе) лицензияға


                қосымшаны қайтармау

      Лицензияның және (немесе) лицензияға қосымшаның қолданылуы тоқтатылған күннен бастап он жұмыс күні ішінде лицензиаттың лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны лицензиарға қайтармауы –


      жеке тұлғаларға – он, лауазымды адамдарға – жиырма, заңды тұлғаларға екі жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

      468-бап. Қазақстан Республикасының сәйкестендiру


                нөмiрлерiнiң ұлттық тiзiлiмдерi туралы
                заңнамасын бұзу

      1. Жария етуге жатпайтын сәйкестендiру нөмiрлерiнiң ұлттық тiзiлiмдерiнде қамтылған мәлiметтердi жария ету, сол сияқты Қазақстан Республикасының сәйкестендiру нөмiрлерiнiң ұлттық тiзiлiмдерi туралы заңнамасында белгіленген міндеттерді:


      уәкілетті орган:
      1) тіркеуші органдар өтініш берген кезден бастап бір жұмыс күні ішінде сәйкестендіру нөмірін қалыптастырмау;
      2) тіркеуші мемлекеттік органдар және өзге де мемлекеттік мекемелер өтініш берген кезден бастап екі жұмыс күнінен кешіктірмей оларға ақпарат бермеу түрінде жасаған;
      тіркеуші орган:
      1) уәкілетті органға сәйкестендіру нөмірін қалыптастыру үшін мәліметтерді, осындай мәліметтер келіп түскен кезден бастап бір жұмыс күні ішінде уақтылы ұсынбау;
      2) сәйкестендіру нөмірлерінің ұлттық тізілімдері ақпараттық жүйелерінің деректерін толықтыру және өзектілік жағдайда ұстау үшін уәкілетті органға мәліметтерді, осындай мәліметтер келіп түскен кезден бастап бір жұмыс күні ішінде ұсынбау;
      3) сәйкестендіру нөмірлерінің ұлттық тізілімдерінен сәйкестендіру нөмірлерін алып тастау немесе шартты түрде алып тастау үшін уәкілетті органға мәліметтерді, осындай мәліметтер келіп түскен кезден бастап бір жұмыс күні ішінде ұсынбау түрінде жасаған;
      мемлекеттік органдар және өзге де мемлекеттік мекемелер:
      1) сәйкестендіру нөмірлерінің ұлттық тізілімдері ақпараттық жүйелерінің деректерін толықтыру және өзектілік жағдайда ұстау үшін уәкілетті органға Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген мәліметтерді, осындай мәліметтер келіп түскен кезден бастап бір жұмыс күні ішінде ұсынбау;
      2) сәйкестендіру нөмірлерінің ұлттық тізілімдерінен сәйкестендіру нөмірлерін алып тастау немесе шартты түрде алып тастау үшін уәкілетті органға мәліметтерді, осындай мәліметтер келіп түскен кезден бастап бір жұмыс күні ішінде ұсынбау;
      3) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес тіркеу, рұқсат беру және өзге де сипаттағы құжаттарды беру кезінде сәйкестендіру нөмірін ескермеу түрінде жасаған;
      банктер және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар:
      сәйкестендіру нөмірін ескермеу, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген сәйкестендіру нөмірін қалыптастыру алгоритміне сәйкес дұрыс көрсетілуін бақыламау түрінде жасаған орындамау не тиісінше орындамау -
      лауазымды адамдарға жиырма айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
      2. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған іс-әрекеттер -
      лауазымды адамдарға отыз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

      469-бап. Күзет дабылы құралдарын монтаждау, баптау және


                оларға техникалық қызмет көрсету жөніндегі
                қызметке қойылатын талаптарды бұзу

      1. Жеке немесе заңды тұлғалардың күзет дабылы құралдарын монтаждау, баптау және оларға техникалық қызмет көрсету жөніндегі қызметке «Күзет қызметі туралы» Қазақстан Республикасының Заңында қойылатын талаптарды бұзуы –


      жеке тұлғаларға – он, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне – елу бес, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – бір жүз, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне бір жүз елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
      2. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған әрекет, сол сияқты осы баптың бiрiншi бөлiгiнде көзделген, әкiмшiлiк жауаптылыққа тартуға әкеп соққан бұзушылықты жоймау –
      қызметке тыйым сала отырып, жеке тұлғаларға – қырық, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне – тоқсан бес, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – бір жүз елу, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне үш жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

      470-бап. Қазақстан Республикасының күзет қызметі


                саласындағы заңнамасын бұзу

      1. Қазақстан Республикасының күзет қызметі саласындағы заңнамасын:


      1) Қазақстан Республикасының Үкіметі бекіткен, мемлекеттік күзетілуге жататын объектілердің инженерлік-техникалық нығайтылуын қамтамасыз ету жөніндегі талаптарды орындамау және (немесе) тиісінше орындамау;
      2) шетелдік заңды тұлғаларға, шетел қатысатын заңды тұлғаларға, шетелдіктерге, сондай-ақ азаматтығы жоқ адамдарға күзет қызметінің барлық түрін жүзеге асыру; жеке күзет ұйымдарын құру немесе олардың құрылтайшылары (қатысушылары) болу; сенімгерлік басқаруында жеке күзет ұйымы болу құқықтарын беру;
      3) жеке күзет ұйымының күзетшісі лауазымына «Күзет қызметі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабы 6-тармағының талаптарына сай келмейтін адамдарды қабылдау;
      4) күзетшіні өзінің лауазымдық міндеттерін атқару кезінде оның жеке басын және жеке күзет ұйымына тиесілі екенін куәландыратын белгіленген үлгідегі құжатпен және арнаулы киіммен қамтамасыз ету жөніндегі талаптарды орындамау;
      5) «Күзет қызметі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 7-1-бабында көзделген шектеулерді сақтамау;
      6) жеке күзет ұйымында басшы және күзетшi лауазымын атқаратын жұмыскерлердi даярлау және олардың біліктілігін арттыру жөніндегі қызметті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген талаптарды бұза отырып жүзеге асыру түрінде жасалған бұзушылық -
      лауазымды адамдарға, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне - елу, орта кәсіпкерлік субъектілеріне - бір жүз, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне – бір жүз жиырма айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
      2. Осы баптың бiрiншi бөлiгінде көзделген, әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр жыл iшiнде қайталап жасалған әрекет (әрекетсіздік), сол сияқты осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жауаптылыққа тартуға әкеп соққан бұзушылықты жоймау -
      қызметке тыйым сала отырып не онсыз, лауазымды адамдарға, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне - сексен, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – бір жүз отыз, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне – бір жүз елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

      471-бап. Жергiлiктi атқарушы органдардың және өзге де


                уәкiлеттi мемлекеттік органдардың Қазақстан
                Республикасының салық заңнамасында белгiленген
                мiндеттердi орындамауы

      1. Қазақстан Республикасының салық заңнамасына сәйкес жергiлiктi атқарушы органдардың немесе уәкiлеттi мемлекеттік органдардың бюджетке аударуына жататын салықтардың және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдердің сомаларын осы бөлiкте көрсетiлген органдардың аудармауы, уақтылы немесе толық аудармауы -


      лауазымды адамдарға отыз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
      2. Мемлекеттік кіріс органдарына ұсыну үшiн Қазақстан Республикасының салық заңнамасында айқындалған мәлiметтердi жергiлiктi атқарушы органдардың және өзге де уәкiлеттi мемлекеттік органдардың ұсынбауы, уақтылы, анық немесе толық ұсынбауы –
      лауазымды адамдарға отыз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
      3. Уәкілетті мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдардың салықтық бақылау нәтижелері бойынша анықталған және бақылау актісінде көрсетілген бұзушылықтарды жою жөніндегі талаптарды орындамауы –
      лауазымды адамдарға отыз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
      4. Осы баптың бiрiншi, екiншi бөлiктерiнде көзделген, әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр жыл iшiнде қайталап жасалған әрекеттер (әрекетсіздік) –
      лауазымды адамдарға алпыс айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
      Ескерту. 471-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 29.12.2014 № 272-V Заңымен (01.01.2015 бастап қолданысқа енгізіледі).

      472-бап. Заңнамалық актiлерде көзделген жағдайларда


                жекелеген негiздер бойынша мемлекет меншiгiне
                келіп түскен мүлiктi есепке алу және одан әрi
                пайдалану қағидаларын бұзу

      1. Жекелеген негiздер бойынша мемлекет меншiгiне келіп түскен мүлiктi, атап айтқанда:


      1) сот актілері негізінде мемлекет кірісіне тәркіленген мүлікті;
      2) сот актілері негізінде мемлекет кірісіне айналдырылған заттай дәлелдемелерді;
      3) тарих және мәдениет ескерткіштеріне жататын заттар бар көмбелерді;
      4) мемлекеттік функцияларды орындауға уәкілеттік берілген тұлғаға немесе оған теңестірілген тұлғаға, сондай-ақ олардың отбасы мүшелеріне келіп түскен және арнаулы мемлекеттік қорға өтеусіз тапсыруға жататын сыйлықтарды;
      5) заңнамалық актілерде көзделген өзге де жағдайларда республикалық меншікке өткен мүлікті, оның ішінде мемлекет пайдасына бас тартудың кедендік режимінде ресімделген тауарлар мен көлік құралдарын;
      6) белгіленген тәртіппен қараусыз қалған деп танылған мүлікті;
      7) мұрагерлік құқығы бойынша мемлекетке өткен мүлікті, оның ішінде иесіз мұраны;
      8) олжаларды;
      9) қараусыз қалған жануарларды уәкiлеттi органға толық және (немесе) уақтылы бермеу, егер бұл іс-әрекеттерде қылмыстық жазаланатын іс-әрекет белгiлерi болмаса, –
      жеке тұлғаларға – сегiз, лауазымды адамдарға – он бес, заңды тұлғаларға қырық бес айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
      2. Жекелеген негiздер бойынша мемлекет меншiгiне келіп түскен мүлiктi есепке алу, сақтау, бағалау және өткізу тәртiбiн:
      1) мемлекеттің меншік құқығының туындағанын куәландыратын құжаттардың сақталуын қамтамасыз етпеу;
      2) аукционды ұйымдастырушыны аукциондарды ұйымдастыру мен өткізу жөніндегі қызметтер көрсетуді мемлекеттік сатып алу арқылы таңдамау;
      3) ең төмен баға бойынша өткізілмеген мүлікті жоймау;
      4) осындай мүлікті өткізуден түскен сомаларды мемлекеттік бюджетке уақтылы аудармау түрінде жасалған сақтамау -
      лауазымды адамдарға – он бес, заңды тұлғаларға қырық бес айлық есептiк көрсеткiш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

      473-бап. Салық құпиясын құрайтын мәлiметтердi жария ету

      Салық құпиясын құрайтын мәлiметтердi Қазақстан Республикасының салық заңнамасында белгіленген тәртіппен өздеріне мұндай мәліметтер туралы белгілі болған тұлғалардың кәсіптік немесе қызметтік қажеттіліксіз жария етуі –
      қырық айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.

      474-бап. Мемлекет уәкiлеттiк берген органдардың


                (ұйымдардың) салықтарды және бюджетке төленетін
                басқа да мiндеттi төлемдердi өндiрiп алмай, сол
                сияқты мұндай төлемдi растайтын құжаттар алмай
                тұрып, белгiлi бiр әрекеттердi жүзеге асыруы

      1. Мемлекет уәкiлеттiк берген органдардың (ұйымдардың) салықтарды және бюджетке төленетін басқа да мiндеттi төлемдердi өндiрiп алмай, Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген заңдық мәнi бар әрекеттердi жүзеге асыруы –


      лауазымды адамдарға отыз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
      2. Мемлекет уәкiлеттiк берген органдардың (ұйымдардың) растайтын құжатты алу заңнамалық актiлерде көзделген жағдайларда, салықтардың және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдердiң төленгенiн растайтын құжатты алмай тұрып, Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген заңдық мәнi бар әрекеттердi жүзеге асыруы –
      лауазымды адамдарға отыз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
      3. Осы баптың бiрiншi және екiншi бөлiктерiнде көзделген, әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр жыл iшiнде қайталап жасалған әрекеттер –
      лауазымды адамдарға жетпiс айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.

      475-бап. Салық есебiне қоюдан бас тарту немесе салық


                есебiне қою мерзiмдерiн бұзу

      1. Салық төлеушiнi тiркеу есебiне немесе салық төлеушiнi қосылған құн салығына салық төлеушi ретiнде есепке қоюдан бас тарту, сол сияқты мемлекеттік кіріс органы лауазымды адамының салық заңнамасында белгiленген мұндай тiркеу (есепке алу) мерзiмдерiн бұзуы –


      жиырма айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
      2. Осы баптың бiрiншi бөлiгiнде көзделген, әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр жыл iшiнде қайталап жасалған әрекеттер –
      қырық айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.

      476-бап. Төтенше жағдай режимiн бұзу

      Төтенше жағдайдың жариялануына байланысты мемлекеттiк орган белгiлеген режимдi бұзу немесе талаптарды орындамау, сондай-ақ жергілікті жер комендантының заңды бұйрықтары мен өкімдерін:
      1) келу мен кетудiң ерекше режимi;
      2) белгiлi бiр жеке тұлғалар үшiн белгiленген мерзiмге белгiлi бiр жерден, өзiнiң пәтерiнен (үйiнен) кетуге тыйым салу;
      3) жиналыстар, митингiлер, шерулер және демонстрациялар,  сондай-ақ ойын-сауық, спорттық және басқа да бұқаралық iс-шараларды өткiзуге тыйым салу;
      4) ереуiлдер өткiзуге тыйым салу;
      5) қарумен, күштi әсер ететiн химиялық және улы заттармен, сондай-ақ алкогольдік iшiмдiктермен және құрамында спирт бар заттармен сауданы шектеу немесе оған тыйым салу;
      6) карантин және басқа да мiндеттi санитариялық-эпидемияға қарсы iс-шараларды өткiзу;
      7) көбейту техникасын, сондай-ақ радио- және теле хабар тарату аппаратурасын, аудио- және бейнежазу техникасын пайдалануға шектеу қою немесе тыйым салу; дыбыс күшейткiш техникалық құралдарды алып қою туралы нұсқамалар; бұқаралық ақпарат құралдарын бақылауды қамтамасыз ету жөнiндегi шаралар;
      8) байланысты пайдаланудың ерекше қағидалары;
      9) көлiк құралдарының жүруін шектеу және оларды жете тексеруден өткiзу;
      10) коменданттық сағат кезінде жеке тұлғалардың жеке басын куәландыратын арнайы берiлген рұқсаттарсыз және құжаттарсыз көшелерде немесе өзге де қоғамдық орындарда жүруiне не жеке басын куәландыратын құжаттарсыз өз үйiнен тыс жерде болуына тыйым салу бөліктерінде орындамау, егер бұл әрекеттерде (әрекетсіздікте) қылмыстық жазаланатын іс-әрекет белгілері болмаса, –
      ескерту жасауға немесе он айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға не он бес тәулікке дейін әкімшілік қамаққа алуға әкеп соғады.

      477-бап. Терроризмге қарсы операция жүргізу


                аймағында құқықтық режимді бұзу

      Терроризмге қарсы операцияның жариялануына байланысты белгіленген құқықтық режимді бұзу немесе талаптарды:


      1) келу мен кетудің ерекше режимі;
      2) жеке тұлғалардың жергілікті жердің жекелеген учаскелерінде және объектілерде жүруіне тыйым салу, сондай-ақ көлік құралдарын сүйреп әкетуге кедергі келтіру;
      2-1) бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерінің жедел штаб басшысының рұқсатынсыз терроризмге қарсы операция жүргізу аймағында болуы және олардың дыбысжазуды, фото- және бейнетүсіруді жүзеге асыруы;
      3) жеке тұлғалардың жеке басын куәландыратын құжаттарды тексеруге, жеке басын жете тексеруді және жеке тұлғаның жанындағы заттарды жете тексеруді, көлік құралдарын жете тексеруді жүргізуге кедергі келтіру;
      4) байланысты пайдаланудың ерекше қағидаларын;
      5) егер кешеуілдеу адамдардың өміріне немесе денсаулығына нақты қатер төндіруі мүмкін болса, жедел медициналық жәрдемді қажет ететін адамдарды емдеу мекемелеріне жеткізу, терроризм актісі жасалған жерге бару үшін, сондай-ақ терроризм актісін жасады деп күдік келтірілген адамдардың ізіне түсу және оларды ұстап алу үшін көлік құралдарын алып қоюға кедергі келтіру;
      6) қауіпті өндірістік объектілердің қызметін тоқтата тұру;
      7) терроризмге қарсы операцияның құқықтық режимі енгізілген аумақ шегінде тұратын жеке тұлғаларды уақытша көшіруге кедергі келтіру;
      8) карантин енгізу, санитариялық-эпидемияға қарсы, ветеринариялық іс-шараларды және өсімдіктер карантині жөніндегі іс-шараларды жүргізу;
      9) жеке және заңды тұлғалардың меншігіндегі немесе иелігіндегі және пайдалануындағы тұрғын және өзге де үй-жайларға және оларға жеке меншік құқығымен немесе жер пайдалану құқығымен тиесілі жер учаскелеріне кіруге кедергі келтіру;
      10) қарумен, оқ-дәрілермен, жарылғыш заттармен, күшті әсер ететін химиялық және улы заттармен сауданы шектеу немесе оған тыйым салу, дәрілік, есірткі, психотроптық заттар мен прекурсорлар, этил спирті мен алкогольдік өнім айналымының ерекше режимін орнату бөлігінде орындамау -
      қауіпті өндірістік объектілердің қызметін тоқтата тұрып, жеке тұлғаларға – жиырма айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде не он бес тәулікке дейін әкімшілік қамаққа алуға, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне немесе коммерциялық емес ұйымдарға – сексен бес, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – бір жүз елу, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне екі жүз елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
      Ескерту. 477-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 02.08.2015 № 343-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      478-бап. Төтенше жағдай кезiнде құқықтық тәртiпті


                бұзуға итермелейтiн әрекеттер

      Құқықтық тәртiпті бұзуға итермелейтiн немесе ұлттық және дiни алауыздықты қоздыратын әрекеттер, жеке тұлғалардың және лауазымды адамдардың өздерiнiң заңды құқықтары мен мiндеттерiн жүзеге асыруына белсендi кедергi келтіру, сол сияқты қоғамдық тәртiптi қорғау бойынша қызметтiк мiндеттерiн немесе қоғамдық борышын орындайтын iшкi iстер, ұлттық қауiпсiздiк органдары қызметкерiнiң, әскери қызметшінiң, билiк немесе жұртшылық өкiлдерiнiң заңды өкiмдерiне немесе талабына қаскөйлікпен бағынбау не қоғамдық тәртiптi және жеке тұлғалардың тыныштығын бұзатын әрекеттер, сондай-ақ төтенше жағдай жарияланған жерде жасалған әкiмшiлiк қадағалау туралы заңнаманы бұзу –


      қырық айлық айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға не отыз тәулікке дейінгі мерзімге әкімшілік қамаққа алуға әкеп соғады.

      479-бап. Құқық бұзушылық жасауға ықпал еткен себептер мен


                жағдайларды жою жөнiнде қолданылған шаралар
                туралы хабарламау

      Істi қараған органдардың (лауазымды адамдардың) ұсынулары бойынша ұйым басшысының және басқа да адамдардың қылмыстар немесе әкiмшiлiк құқық бұзушылықтар жасауға ықпал еткен себептер мен жағдайларды жою жөнiнде қолданылған шаралар туралы хабарламауы –


      он айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.

      480-бап. Қазақстан Республикасының әкiмшiлiк қадағалау


                туралы заңнамасын бұзу

      1. Бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамның әкiмшiлiк қадағалау қағидаларын немесе өзiне қатысты сот белгілеген шектеулерді орындамауы –


      ескерту жасауға немесе он айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
      2. Осы баптың бiрiншi бөлiгiнде көзделген, әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр жыл iшiнде қайталап жасалған әрекеттер –
      жиырма айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға не он бес тәулiккке дейiнгі мерзімге әкiмшiлiк қамаққа алуға әкеп соғады.

      481-бап. Қылмыстық-атқару жүйесiнің мекемелерiнде,


                арнаулы мекемелерде ұсталатын адамдарға тыйым
                салынған заттар, бұйымдар мен нәрселер беру

      1. Қылмыстық-атқару жүйесiнің мекемелерiнде, арнаулы мекемелерде ұсталатын адамдарға осы мекемелерде сақтауға және пайдалануға тыйым салынған алкогольдік ішімдіктерді, дәрілік және есеңгірететін әсері бар басқа да заттарды, ақшаны, тамақ өнімдерін, бұйымдарды және басқа да нәрселердi жете тексеруден жасырып беру немесе кез келген тәсiлмен беруге әрекеттену –


      ескерту жасауға немесе әкiмшiлiк құқық бұзушылықты жасау құралы не нысанасы болып табылған зат тәркiлене отырып, он айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
      2. Осы баптың бiрiншi бөлiгiнде көзделген, әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр жыл iшiнде қайталап жасалған әрекеттер –
      әкiмшiлiк құқық бұзушылық жасау құралы не нысанасы болып табылған зат тәркiлене отырып, жиырма айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға не отыз тәулiкке дейiнгі мерзімге әкiмшiлiк қамаққа алуға әкеп соғады.

     482-бап. Жеке және заңды тұлғалардың қаруды заңсыз


               иеленіп алуы, беруі, өткізуі, сақтауы, алып
               жүруi, тасымалдауы

      1. Iшкi iстер органдарында тiркелмеген тегiс ұңғылы, газды қару мен олардың патрондарын, сол сияқты электрлі қаруды, үрлемелi қуаты 7,5 Джоульдан жоғары, калибрi 4,5 миллиметрден асатын пневматикалық қаруды заңсыз иеленіп алу, беру, өткiзу, сақтау, алып жүру, тасымалдау –


      қару тәркілене отырып, жеке тұлғаларға – жиырма, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне немесе коммерциялық емес ұйымдарға – жиырма бес, орта кәсiпкерлiк субъектiлерiне – отыз, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне қырық айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
      2. Осы баптың бiрiншi бөлiгiнде көзделген, әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр жыл iшiнде қайталап жасалған әрекеттер -
      қару тәркiлене отырып, жеке тұлғаларға – отыз, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне немесе коммерциялық емес ұйымдарға – отыз бес, орта кәсiпкерлiк субъектiлерiне – қырық, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне елу айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
      Ескертпе. Заңсыз сақталған қаруды өз еркiмен тапсырған тұлға, егер оның әрекеттерiнде өзге де құқық бұзушылық құрамы болмаса, әкiмшiлiк жауаптылықтан босатылады.

      483-бап. Азаматтық пиротехникалық заттарды және оларды


                қолданып жасалған бұйымдарды сақтау, есепке алу,
                пайдалану, тасымалдау, олармен сауда жасау,
                оларды жою, әкелу, әкету тәртібін бұзу

      1. Азаматтық пиротехникалық заттардың және оларды қолданып жасалған бұйымдардың айналымы саласындағы қызмет құқығына лицензиясы бар тұлғалардың азаматтық пиротехникалық заттарды және оларды қолданып жасалатын бұйымдарды сақтау, есепке алу, пайдалану, тасымалдау, олармен сауда жасау, оларды жою, әкелу, әкету тәртібін бұзуы –


      азаматтық пиротехникалық заттар және оларды қолданып жасалған бұйымдар тәркілене отырып, жеке тұлғаларға – бес, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне немесе коммерциялық емес ұйымдарға – он, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – он бес, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне қырық бес айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
      2. Қауiптiлiгi 4-сыныпты азаматтық пиротехникалық бұйымдарды олардың сақталу орындарынан тыс жерлерде және (немесе) қауiптiлiгi  4-сыныпты азаматтық пиротехникалық бұйымдарды сатып алуға лицензиясы жоқ тұлғаларға өткiзу –
      азаматтық пиротехникалық заттар және оларды қолданып жасалған бұйымдар тәркілене отырып, жеке тұлғаларға – он, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне немесе коммерциялық емес ұйымдарға – жиырма, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – отыз, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне жетпіс айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
      3. Осы баптың бірінші және екінші бөліктерінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған әрекеттер -
      азаматтық пиротехникалық заттар және оларды қолданып жасалған бұйымдар тәркілене отырып, жеке тұлғаларға – жиырма, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне немесе коммерциялық емес ұйымдарға – қырық, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – алпыс, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне бір жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

      484-бап. Азаматтық, қызметтiк қаруды, оның патрондарын


                сатып алу, сақтау, пайдалану немесе тасымалдау
                қағидаларын бұзу

      1. Қаруды сақтауға, алып жүруге iшкi iстер органдарының рұқсаты бар жеке тұлғалардың азаматтық қаруды, оның патрондарын сатып алу, сақтау, пайдалану немесе тасымалдау қағидаларын бұзуы –


      бес айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
      2. Қызметтiк қарудың, оның патрондарының сақталуына жауапты ұйым қызметкерлерiнiң оларды сатып алу, сақтау немесе тасымалдау қағидаларын бұзуы, сол сияқты олардың қызметтiк қаруды және оның патрондарын өз мақсатында пайдаланбауы –
      он бес айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.

      485-бап. Газды қаруды құқыққа сыйымсыз қолдану

      1. Газды қаруды құқыққа сыйымсыз қолдану –
      он айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
      2. Осы баптың бiрiншi бөлiгiнде көзделген, әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр жыл iшiнде қайталап жасалған әрекет –
      қару тәркiлене отырып немесе онсыз, он бес айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.

      486-бап. Азаматтық және қызметтiк қаруды тiркеу (қайта


                тiркеу) тәртібін не оны есепке қою тәртібін бұзу

      1. Азаматтық және қызметтiк қаруды тiркеу (қайта тiркеу) тәртiбiн не оны есепке қою қағидаларын:


      1) жеке тұлғаның қаруды сатып алғаннан кейiн тiркеу және оны сақтауға және (немесе) алып жүруге рұқсат алу;
      2) жеке тұлғаның азаматтық қаруды сақтауға және (немесе) алып жүруге рұқсатты ұзарту туралы iшкi iстер органына өтiнiш жасау;
      3) қару иесiнiң өзіне тиесiлi қарудың жоғалғаны немесе ұрланғаны туралы iшкi iстер органын хабардар ету;
      4) жеке тұлғаның тұрғылықты жерiн өзгерткен кезде қаруды есепке қою үшiн iшкi iстер органдарына өтiнiш жасау;
      5) заңды тұлғаның қызметтiк және (немесе) азаматтық қаруды сатып алғаннан кейiн оны iшкi iстер органдарында тiркеу мерзiмдерiн бұзудан көрінген бұзу –
      жеке тұлғаларға – бес, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне немесе коммерциялық емес ұйымдарға – он, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – жиырма, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне қырық айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
      2. Осы баптың бiрiншi бөлiгiнде көзделген, әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр жыл iшiнде қайталап жасалған әрекет –
      жеке тұлғаларға – он, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне немесе коммерциялық емес ұйымдарға – он бес, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – отыз, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне жетпіс айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

      487-бап. Азаматтық қаруды, оның патрондарын өткізу үшiн


                тапсырудан жалтару

      Азаматтық қаруды, оның патрондарын сақтауға және алып жүруге рұқсатының күші жойылған жеке тұлғалардың оларды өткізу үшiн тапсырудан жалтаруы –


      бес айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.

      488-бап. Қазақстан Республикасының бейбiт жиналыстарды,


                митингiлерді, шерулерді, пикеттер мен
                демонстрацияларды ұйымдастыру және өткiзу
                тәртiбi туралы заңнамасын бұзу

      1. Қазақстан Республикасының жиналыстарды, митингiлерді, шерулерді, пикеттерді, демонстрацияларды не өзге де көпшiлiк iс-шараны ұйымдастыру немесе өткiзу тәртiбi туралы заңнамасын бұзу не оларды ұйымдастыруға немесе өткiзуге кедергi келтіру, сол сияқты заңсыз жиналыстарға, митингiлерге, шерулерге, демонстрацияларға не өзге де көпшiлiк iс-шараға қатысу, егер бұл әрекеттерде қылмыстық жазаланатын іс-әрекет белгiлерi болмаса, –


      жеке тұлғаларға ескерту жасауға немесе жиырма айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға, лауазымды адамдарға – елу айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға не он тәулікке дейінгі мерзімге қамаққа алуға әкеп соғады.
      2. Ұйымдар басшыларының және басқа да лауазымды адамдарының санкцияланбаған жиналысқа, митингіге, пикет қоюға, демонстрацияға немесе өзге де көпшiлiк iс-шараға қатысушыларға үй-жай не өзге де мүлiк (байланыс құралдарын, көбейту техникасын, жабдық, көлiк) беруi немесе осындай iс-шараларды ұйымдастыру мен өткiзу үшiн өзге де жағдайлар жасауы –
      жиырма айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
      3. Осы баптың бірінші және екінші бөліктерінде көзделген, әкiмшiлiк жаза шаралары қолданылғаннан кейiн бiр жыл iшiнде қайталап жасалған не жиналысты, митингiнi, шерудi, демонстрацияны ұйымдастырушы жасаған әрекеттер –
      елу айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға не он бес тәулiкке дейiнгi мерзiмге әкiмшiлiк қамаққа алуға әкеп соғады.

      489-бап. Қазақстан Республикасының қоғамдық бiрлестiктер


                туралы заңнамасын бұзу, сондай-ақ Қазақстан
                Республикасының заңнамасында белгіленген
                тәртіппен тіркелмеген қоғамдық, дiни
                бiрлестiктердiң қызметіне басшылық жасау,
                қатысу, олардың қызметiн қаржыландыру

      1. Қоғамдық бiрлестiк басшыларының, мүшелерiнiң не қоғамдық бiрлестiктiң осы қоғамдық бiрлестiктердiң жарғыларында айқындалған мақсаттар мен мiндеттердiң шегiнен шығатын әрекеттер жасауы –


      ескерту жасауға немесе заңды тұлғаларға бір жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
      2. Қоғамдық бiрлестiк басшыларының, мүшелерінің не қоғамдық бiрлестiктiң Қазақстан Республикасының заңнамасын бұзатын әрекеттер жасауы –
      ескерту жасауға немесе қоғамдық бiрлестiктiң қызметiн үш айдан алты айға дейінгi мерзiмге тоқтата тұрып, заңды тұлғаларға бір жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
      3. Осы баптың бiрiншi бөлiгiнде көзделген, әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр жыл iшiнде қайталап жасалған әрекет –
      қоғамдық бiрлестiктiң қызметiн үш айдан алты айға дейiнгі мерзiмге тоқтата тұрып, заңды тұлғаларға бір жүз елу айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
      4. Осы баптың екiншi бөлiгiнде көзделген, әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр жыл iшiнде қайталап жасалған әрекет, сол сияқты осы баптың үшiншi бөлiгiнде көзделген бұзушылықтарды жоймау –
      қоғамдық бiрлестіктің қызметiне тыйым сала отырып, заңды тұлғаларға екі жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
      5. Шетелдiк заңды тұлғалардың және халықаралық ұйымдардың, шетел қатысатын заңды тұлғалардың, мемлекеттік органдар мен ұйымдардың, қайырымдылық ұйымдарының саяси партияларды қаржыландыруы -
      заңсыз қайырмалдықтар тәркілене отырып, лауазымды адамдарға – төрт жүз, заңды тұлғаларға екі мың айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
      6. Саяси партияның заңсыз қайырмалдықтарды қабылдауы -
      заңсыз қайырмалдықтар тәркілене отырып және саяси партияның қызметіне тыйым сала отырып, төрт жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
      7. Саяси партияның қаржылық қызметi туралы жылдық есептіліктi Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген мерзiмдерде және көлемде жарияламау –
      саяси партияның қызметiн алты айға дейінгі мерзiмге тоқтата тұрып, екі жүз айлық eceптiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
      8. Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда, саяси партияның, оның құрылымдық бөлiмшелерiнің (филиалдары мен өкiлдiктерiнiң) қызметтi қайта тiркеусiз жүзеге  асыруы –
      саяси партияның қызметiне тыйым сала отырып, екі жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
      9. Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен тіркелмеген, сол сияқты қызметі тоқтатыла тұрған немесе оған тыйым салынған қоғамдық, дiни бiрлестiктердiң қызметіне басшылық жасау –
      бір жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
      10. Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен тiркелмеген, сол сияқты қызметi тоқтатыла тұрған немесе оған тыйым салынған қоғамдық, дiни бiрлестiктердiң қызметiне қатысу –
      елу айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
      11. Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен тiркелмеген, сол сияқты қызметi тоқтатыла тұрған немесе оған тыйым салынған қоғамдық, дiни бiрлестiктердiң қызметiн қаржыландыру –
      екі жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.

      490-бап. Қазақстан Республикасының діни қызмет және діни


                бірлестіктер туралы заңнамасын бұзу

      1. Қазақстан Республикасының заңнамасында:


      1) дiни жораларды, рәсімдерді және (немесе) жиналыстарды өткізуге;
      2) қайырымдылық қызметті жүзеге асыруға;
      3) діни әдебиетті және діни мазмұндағы өзге де материалдарды, діни мақсаттағы заттарды әкелуге, шығаруға, басып шығаруға және (немесе) таратуға;
      4) ғибадат үйлерін (ғимараттарын) салуға, үйлерді (ғимараттарды) ғибадат үйлері (ғимараттар) етіп қайта бейіндеуге (функционалдық мақсатын өзгертуге) белгіленген талаптарды бұзу –
      қызметтi үш ай мерзімге тоқтата тұрып, жеке тұлғаларға – елу, заңды тұлғаларға екі жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
      2. Заңды діни қызметке кедергі келтіру, сол сияқты жеке тұлғалардың азаматтық құқықтарын дінге көзқарасы себептері бойынша бұзу немесе олардың діни сезімдерін қорлау не қандай да бір дiндi ұстанушылар қастерлейтін заттарды, құрылыстар мен орындарды бүлдіру, егер жоғарыда баяндалған барлық әрекеттерде қылмыстық жазаланатын іс-әрекет белгілері болмаса, –
      жеке тұлғаларға – елу, лауазымды адамдарға – бір жүз, заңды тұлғаларға екі жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
      3. Миссионерлiк қызметтi тіркеусіз (қайта тіркеусіз) жүзеге асыру, сол сияқты миссионерлердің дінтану сараптамасының оң қорытындысы жоқ діни әдебиетті, діни мазмұндағы ақпараттық материалдарды және діни мақсаттағы заттарды пайдалануы, Қазақстан Республикасында тіркелмеген діни бірлестіктердің діни ілімді таратуы –
      Қазақстан Республикасының азаматтарына бір жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерінде, шетелдіктерге және азаматтығы жоқ тұлғаларға Қазақстан Республикасының шегiнен әкiмшiлiк жолмен шығарып жiбере отырып, бір жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
      4. Діни бірлестіктің өз жарғысында көзделмеген қызметті жүзеге асыруы –
      қызметті үш ай мерзімге тоқтата тұрып, үш жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
      5. Діни бірлестіктің саяси қызметпен айналысуы, сол сияқты саяси партиялардың қызметіне қатысуы және (немесе) оларға қаржылық қолдау көрсетуі, мемлекеттік органдардың қызметіне араласуы не мемлекеттік органдардың немесе олардың лауазымды адамдарының функцияларын діни бірлестіктер мүшелерінің иемденіп алуы –
      қызметті үш ай мерзімге тоқтата тұрып, үш жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
      6. Мемлекеттік органдарда, ұйымдарда, мекемелерде, оның ішінде денсаулық сақтау және білім беру ұйымдарында діни бірлестіктердің ұйымдық құрылымдарын құру –
      лауазымды адамдарға – бір жүз, заңды тұлғаларға екі жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
      7. Уәкілетті органмен келіспей шетелдік діни орталық тағайындаған адамның діни бірлестікті басқаруы, сол сияқты діни бірлестік басшысының кәмелетке толмаған адамның ата-анасының біреуі немесе оның өзге де заңды өкілдері қарсылық білдірген кезде кәмелетке толмағандарды діни бірлестіктің қызметіне тартуға және (немесе) қатыстыруға жол бермеу шараларын қолданбауы –
      Республиканың шегінен әкімшілік жолмен шығарып жібере отырып, елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
      8. Осы баптың бірінші, екінші, үшінші, төртінші, бесінші және жетінші бөліктерінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған әрекеттер (әрекетсіздік) –
      қызметке тыйым сала отырып, жеке тұлғаларға – екі жүз, лауазымды адамдарға – үш жүз, заңды тұлғаларға бес жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

      491-бап. Азаматтық хал актiлерiн жазу қағидаларын бұзу

      Некеге отыруға кедергi келтіретін мән-жайларды жасыру немесе азаматтық хал актiлерiн жазу органдарына жалған мәлiметтер беру –
      бес айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.

      492-бап. Қазақстан Республикасында тiркеусiз не жеке басты


                куәландыратын құжаттарсыз тұру

      1. Қазақстан Республикасы азаматтарының күнтізбелік он күннен үш айға дейінгі мерзімде жеке куәлiксiз немесе жарамсыз жеке куәлікпен не тұрғылықты жері бойынша тiркеуден өтпей тұруы –


      ескерту жасауға әкеп соғады.
      2. Қазақстан Республикасы азаматтарының үш айдан астам мерзімде жеке куәлiксiз немесе жарамсыз жеке куәлікпен не тұрғылықты жері бойынша тiркеуден өтпей тұруы –
      бес айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
      3. Осы баптың бірiншi және екінші бөлiктерінде көзделген, әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр жыл iшiнде қайталап жасалған іс-әрекет –
      он айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
      4. Қазақстан Республикасында шетелдiктiң немесе азаматтығы жоқ адамның күнтізбелік он күннен астам мерзімде тұрақты тұрғылықты жері бойынша тіркеуден өтпей не тұруға ықтиярхатсыз немесе азаматтығы жоқ адамның куәлiгінсiз не жарамсыз тұру ықтиярхатымен, азаматтығы жоқ адамның жарамсыз куәлiгімен тұруы, сондай-ақ ішкі істер органдарын паспорттың, тұруға ықтиярхаттың не азаматтығы жоқ адам куәлігінің жоғалғаны туралы уақтылы хабардар етпеу –
      бес айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
      5. Осы баптың төртінші бөлiгiнде көзделген, әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейін бір жыл iшiнде қайталап жасалған іс-әрекеттер –
      он бес айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

      493-бап. Тұрғынжай меншік иесiнiң немесе қарамағында


                тұрғынжайлар, ғимараттар және (немесе) үй-жайлар
                бар басқа да тұлғалардың оларда нақты тұрмайтын
                жеке тұлғаларды тіркеуге жол беруі

      1. Тұрғынжай меншік иесінің немесе қарамағында тұрғынжайлар, ғимараттар және (немесе) үй-жайлар бар басқа да тұлғалардың меншiк иесiне тиесілі немесе басқа да тұлғалардың қарамағындағы тұрғынжайларда, ғимараттарда және (немесе) үй-жайларда нақты тұрмайтын жеке тұлғаларды тiркеуге жол беруi –


      жеке тұлғаларға – бес, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне немесе коммерциялық емес ұйымдарға – он, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – он бес, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне жиырма айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
      2. Осы баптың бiрiншi бөлiгiнде көзделген, әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр жыл iшiнде қайталап жасалған іс-әрекет –
      жеке тұлғаларға – он, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне немесе коммерциялық емес ұйымдарға – жиырма, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – жиырма бес, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне отыз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
      3. Тұрғынжай меншік иесінің немесе қарамағында тұрғынжайлар, ғимараттар және (немесе) үй-жайлар бар басқа да тұлғалардың меншiк иесiне тиесілі немесе басқа да тұлғалардың қарамағындағы тұрғынжайларда, ғимараттарда және (немесе) үй-жайларда тіркелген және тұрмайтын жеке тұлғаларды тiркеуден шығару жөнiнде шаралар қолданбауы –
      жеке тұлғаларға – үш, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне немесе коммерциялық емес ұйымдарға – он, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – жиырма, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне қырық айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
      4. Осы баптың үшiншi бөлiгiнде көзделген, әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр жыл iшiнде қайталап жасалған іс-әрекет –
      жеке тұлғаларға – он, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне немесе коммерциялық емес ұйымдарға – жиырма, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – қырық, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне сексен айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

      494-бап. Паспорттарды, жеке куәліктерді заңсыз алып қою


                немесе оларды кепілге қабылдау

      1. Азаматтардан паспорттарды, жеке куәліктерді заңсыз алып қою немесе оларды кепілге қабылдау –


      ескерту жасауға немесе бес айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
      2. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған әрекеттер –
      он айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

      495-бап. Жеке басты куәландыратын құжаттарды алған кезде


                не Қазақстан Республикасында тұрақты тұруға
                рұқсат алу үшін немесе Қазақстан Республикасының
                азаматтығына қабылдау не Қазақстан
                Республикасының азаматтығын қалпына келтіру
                туралы өтініш берген кезде Қазақстан
                Республикасының мемлекеттік органдарына көрiнеу
                жалған мәлiметтерді ұсыну

      1. Жеке басты куәландыратын құжаттарды алған кезде Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдарына көрiнеу жалған мәлiметтерді ұсыну –


      жиырма айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
      2. Шетелдіктің немесе азаматтығы жоқ адамның Қазақстан Республикасында тұрақты тұруға рұқсат алу үшін немесе Қазақстан Республикасының азаматтығына қабылдау не Қазақстан Республикасының азаматтығын қалпына келтіру туралы өтініш берген кезде Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдарына көрiнеу жалған мәлiметтерді ұсынуы –
      Қазақстан Республикасының шегiнен әкiмшiлiк жолмен шығарып жiберуге әкеп соғады.

      496-бап. Қазақстан Республикасының азаматтық туралы


                заңнамасын бұзу

      1. Қазақстан Республикасының азаматтығынан айырылған адамның Қазақстан Республикасы азаматының паспортын және (немесе) жеке куәлігін пайдалануы –


      жеке тұлғаларға бір жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
      2. Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген мерзімдерде шетел азаматтығын алу фактісін хабарламау –
      екі жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға не Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерге әкімшілік жолмен шығарып жіберуге әкеп соғады.
      3. Мемлекеттік қызметтегі адамдар, сондай-ақ билік өкілінің функцияларын жүзеге асыратын не мемлекеттік органдарда ұйымдастырушылық-өкімдік немесе әкімшілік-шаруашылық функцияларды орындайтын адамдар жасаған осы баптың бірінші және екінші бөліктерінде көзделген іс-әрекеттер –
      үш жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
      Ескерту. 496-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 29.12.2014 № 272-V Заңымен (01.01.2015 бастап қолданысқа енгізіледі).

      497-бап. Алғашқы статистикалық деректерді ұсыну тәртібін


                бұзу

      1. Мемлекеттік статистиканың тиісті органдарына анық емес алғашқы статистикалық деректерді ұсыну –


      ескерту жасауға әкеп соғады.
      2. Мемлекеттік статистиканың тиісті органдарына алғашқы статистикалық деректерді белгіленген мерзімде ұсынбау – 
      жеке тұлғаларға – бес, лауазымды адамдарға, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне – жеті, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – он, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне қырық айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
      3. Осы баптың бірiншi және екінші бөлiктерінде көзделген, әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр жыл iшiнде қайталап жасалған іс-әрекеттер –
      жеке тұлғаларға – жеті, лауазымды адамдарға, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне – он, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – жиырма, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

      498-бап. Құқықтық статистика және арнайы есепке алу


                деректерiн ұсынудан бас тарту, ұсынбау, уақтылы
                ұсынбау, жасыру, қосып жазу және басқа да
                бұрмалаушылықтар

      1. Құқықтық статистика және арнайы есепке алу саласындағы қызметтi жүзеге асыратын мемлекеттік органға құқықтық статистика мен арнайы есепке алу деректерiн ұсынудан бас тарту, ұсынбау, оларды белгiленген мерзiмдi бұза отырып ұсыну, құқықтық статистика және арнайы есепке алу деректерiн жасыру, қосып жазу, басқа да қасақана бұрмалаушылықтар, сол сияқты құқықтық статистикалық ақпаратты және арнайы есепке алу мәлiметтерiн алуға қандай да бiр нысанда кедергi келтіру –


      лауазымды адамдарға жиырма айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
      2. Денсаулық сақтау саласында жасалған дәл сол іс-әрекеттер –
      лауазымды адамдарға екі жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.

      РҚАО-ның ескертпесі!


      499-бап жаңа редакцияда көзделген - ҚР 29.10.2015 № 376-V Заңымен (01.01.2016 бастап қолданысқа енгізіледі).

      499-бап. Әкімшілік деректерді ұсыну тәртібін бұзу

      1. Әкімшілік көздердің лауазымды адамдарының мемлекеттік статистика саласындағы уәкілетті органға анық емес әкімшілік деректерді ұсынуы –
      он айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
      2. Әкімшілік көздердің лауазымды адамдарының мемлекеттік статистика саласындағы уәкілетті органға әкімшілік деректерді ұсынбауы –
      он айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
      3. Осы баптың бірiншi және екінші бөлiктерінде көзделген, әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр жыл iшiнде қайталап жасалған іс-әрекеттер –
      он бес айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

      500-бап. Мемлекеттік статистикалық байқаулар жүргiзуден


                бас тарту

      Лауазымды адамдардың өздерiне жүктелген статистикалық байқаулар жүргiзу жөнiндегi мемлекеттiк мiндеттердi орындаудан бас тартуы немесе оларды уақтылы орындамауы –


      ескерту жасауға немесе он айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.

      РҚАО-ның ескертпесі!


      501-бап жаңа редакцияда көзделген - ҚР 29.10.2015 № 376-V Заңымен (01.01.2016 бастап қолданысқа енгізіледі).

      501-бап. Лауазымды адамның алғашқы статистикалық


                деректерді, статистикалық ақпаратты және
                (немесе) дерекқорларды жоғалтуы, сатуы, беруі
                немесе өзге де заңсыз жария етуі

      «Мемлекеттік статистика туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабында көзделген жағдайларды қоспағанда, мемлекеттік статистика органдары лауазымды адамының респондентті бірдейлендіруге мүмкіндік беретін алғашқы статистикалық деректерді, статистикалық ақпаратты және (немесе) дерекқорларды жоғалтуы, сатуы, беруі немесе өзге де заңсыз жария етуі, егер бұл әрекеттерде қылмыстық жазаланатын іс-әрекет белгілері болмаса, –


      жиырма бес айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

      РҚАО-ның ескертпесі!


      502-бап жаңа редакцияда көзделген - ҚР 29.10.2015 № 376-V Заңымен (01.01.2016 бастап қолданысқа енгізіледі).

      502-бап. Алғашқы статистикалық деректерді бекітілмеген


                статистикалық нысан бойынша жинау

      Алғашқы статистикалық деректерді бекітілмеген статистикалық нысан бойынша жинау –


      лауазымды адамдарға ескерту жасауға немесе он айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

      РҚАО-ның ескертпесі!


      503-бап жаңа редакцияда көзделген - ҚР 29.10.2015 № 376-V Заңымен (01.01.2016 бастап қолданысқа енгізіледі).

      503-бап. Әкімшілік деректерді келісілмеген нысан бойынша


                жинау

      Әкімшілік деректерді келісілмеген нысан бойынша жинау –


      лауазымды адамдарға ескерту жасауға немесе он айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

      504-бап. Мемлекеттік құпияларды қорғау саласындағы,


                сондай-ақ таратылуы шектеулі қызметтік
                ақпаратпен жұмыс істеудегі белгіленген
                талаптарды бұзу

      1. Мемлекеттiк құпияларға қол жеткізудің немесе жіберудің белгiленген тәртiбiн бұзу –


      жиырма айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
      2. Мемлекеттік құпиялармен немесе олардың жеткізгіштерімен жұмыс істеуге жіберілген адамдардың құпиялылық режимін қамтамасыз ету бойынша белгіленген талаптарды бұзуы, егер бұл әрекеттерде қылмыстық жазаланатын іс-әрекет белгілері болмаса, – 
      жиырма айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
      3. Құпияландыруға жатпайтын мәліметтерді және олардың жеткізгіштерін негізсіз құпияландыру, мемлекеттік құпияларға жатқызылмаған мәліметтерді құпияландыру үшін құпиялылық белгілерін және өзге де шектеу белгілерін пайдалану, егер бұл әрекеттерде қылмыстық жазаланатын іс-әрекет белгілері болмаса, –
      жиырма айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
      4. Осы баптың үшiншi бөлiгінде көзделген, заңдылықтың бұзылғандығын жасыру мақсатында жасалған әрекеттер –
      елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
      5. Мемлекеттік құпиялар туралы заңнамада көзделген жағдайларды қоспағанда, мемлекеттік құпияларды құрайтын мәліметтерді және олардың жеткізгіштерін негізсіз құпиясыздандыру, жеткізгіштерді құпияландыру кезінде оларды құпиясыздандырудың белгіленген мерзімдерін бұзу, егер бұл әрекеттерде қылмыстық жазаланатын іс-әрекеттер белгілері болмаса, –
      жиырма айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
      6. Таратылуы шектеулі қызметтік ақпаратпен жұмыс істеу бойынша белгіленген талаптарды оған кәсіптік немесе қызметтік жұмысына байланысты рұқсат берілген адамдардың осы мәліметтердің жария етілуіне немесе жоғалуына әкеп соққан бұзуы –
      он бес айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

      505-бап. Қалалар мен елдi мекендердiң аумақтарын


                абаттандыру қағидаларын бұзу, сондай-ақ қалалар
                мен елді мекендер инфрақұрылымы объектілерін
                бұзу, жасыл екпелерін жою және бүлдіру

      1. Қалалар мен елдi мекендердiң аумақтарын абаттандыру қағидаларын бұзу, сондай-ақ қалалар мен елді мекендер инфрақұрылымы объектілерін бұзу, жасыл екпелерін жою және бүлдіру –


      ескерту жасауға немесе жеке тұлғаларға – жиырма, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне немесе коммерциялық емес ұйымдарға – отыз, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – қырық, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне бір жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
      2. Осы баптың бiрiншi бөлiгiнде көзделген, әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр жыл iшiнде қайталап жасалған әрекеттер – 
      жеке тұлғаларға – отыз, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне немесе коммерциялық емес ұйымдарға – қырық, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – елу, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне үш жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

      506-бап. Күзетiлетiн объектiлерге заңсыз кіру

      Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Мемлекеттік күзет қызметі, Ұлттық қауiпсiздiк комитетiнiң, Iшкi iстер министрлiгiнiң, Қорғаныс министрлiгiнiң органдары мен бөлiмшелерi күзететiн объектiге заңсыз кіру –
      он бес айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға не он бес тәулікке дейінгі мерзімге әкімшілік қамаққа алуға әкеп соғады.

      507-бап. Ұлттық алдын алу тетігіне қатысушылардың


                қызметіне кедергі келтіру

      Ұлттық алдын алу тетігіне қатысушылардың құқықтары мен заңды мүдделерінің елеулі түрде бұзылуына әкеп соққан, олардың заңды қызметіне лауазымды адамның қызмет бабын пайдалана отырып кедергі келтіруі, сол сияқты лауазымды адамның осы қызметке өзінің қызмет бабын пайдалана отырып жасалған араласуы –


      қырық айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.

      508-бап. Ұлттық алдын алу тетiгi қатысушыларының алдын ала


                болу барысында өздерiне белгiлi болған адамның
                жеке өмiрi туралы мәлiметтердi жария етуi

      Ұлттық алдын алу тетiгi қатысушыларының алдын ала болу барысында өздерiне белгiлi болған адамның жеке өмiрi туралы мәлiметтердi осы адамның келiсiмiнсiз жария етуi, егер бұл әрекетте қылмыстық жазаланатын іс-әрекет белгiлерi болмаса, –


      жиырма айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.

      509-бап. Ұлттық мұрағат қорының құжаттарын жою

      1. Ұлттық мұрағат қорының құжаттарын, жеке құрам бойынша құжаттарды уәкілетті органның не облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органының келісімінсіз жою –
      лауазымды адамдарға, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне немесе коммерциялық емес ұйымдарға – он, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – жиырма, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне қырық айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
      2. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған іс-әрекеттер –
      лауазымды адамдарға, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне немесе коммерциялық емес ұйымдарға – жиырма, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – қырық, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне сексен айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

28-тарау. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ МЕМЛЕКЕТТIК ШЕКАРА



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   34




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет