Әкімшілік құқықтың нормалары.
Әкімшілік құқықтың нормада атқарушы билік аясындағы қоғамдық қатынастарды реттейтін мінез – құлықтың ережесі блады. Әкімшілік құқықтың нормасы өзімен реттелетін қоғамдық қатынастың мәнін білдіреді, нақты әкімшілік құқықтық актінің ″кірпіші″ болып табылады.
Әкімшілік құқықтың нормалары Қазақстан құқығының жүесінде маңызды орын алады, өйткені әр түрлі қоғамдық қатынастардың үлкен тобын реттейді.
Әкімшіліқ құқықтың нормалары мен басқару мен жергілікті өзін — өзі басқару субъектілерінің өзара қарым – қатынастарының құқықтық режимін белгілейді, азаматтардың атқарушы билік аясындағы құқықтарын, бостандықтары мен міндеттерін және оларды жүзеге асырудың кепілдіктерін айқындайды. Әкімшілік, тәртіптілік және материалдық жауапкершілік туралы, сондай – ақ атқарушы билік органдар мен олардың лауазымды адамдарының қызметінде заңдылық пен тәртіпті қамтамасыз етудің тәсілдері жөніндегі нормалар айтарлықтай орын алады.
Әкімшілік құқықтың нормалары нарықтық экономикаға көшу және оны кеңейту, нығайту жағдайында пайда болатын тек жаңа қоғамдық қатынастардыф ғана реттеп, бекітіп және қорғап қана қоймайды, сонымен бірге қазіргі кезеңдегі жағдайларға тура келмейтінқоғамдық қатынастарды атқарушы билік аясынан ығыстырып шығарады. Оның көптеген нормаларында заңдарды орындау, жүзеге асыру, олардың талаптарын нақты жағдайлар мен басқару объектілеріне қолдану механизмі айқындалады.
Заңнамаларды орындау мен қолдану мақсаттарына атқарушы биліктің өз органдарының құқық шығару жұмысы да қызмет етеді. Заңдық нормалардың тікелей күші болмайтын жағдайларда, бұл рөлді Үкімет, орталық және жергілікті атқарушы билік органдары шығаратын заңға тәуелді актілер орындайды. Конституциялық және заңнамалық топтамаларды заңға тәуелді актілер әбден талдап, нақтылай отырып, оларды шынайы жұмыс істейтін етеді.
Әкімшілік құқытық нормаларының түрлері мен қайнар көздері.
Экономика, әлеуметтік – мәдениет және әкімшілік саяси аяларда мемлекеттік басқаруды ұйымдастыру туралы негізгі ережелерді айқындайтын нормалар түрлеріне бөлінеді.
Әкімшілік құқықтық нормалармен реттелетін қатынастарға қатысушылардың құқықтарын, міндеттері мен жауапкершіліктерін айқындайтын нормалар тобын материалдық деп атауға алынған. Мысалы: мемлекеттік басқару субъектілері туралы көптеген ережелердің баптары.
Материалдық құқық нормаларын жүзеге асырудың тәртібін айқындайтын әкімшілік құқық нормалар процесуалдық деп аталады. Мысалы: істердің тиісті сыныптары бойынша іс жүргізуді реттейтін әкімшілік құқық бұзушылық туралы Қазақстан Республикасы кодексінің бөлімдері.
Әкімшілік – құқықтық нормалар көрінісінің нысаны бойынша: міндеттейтін, тиым салатын, уәкілеттік беретін, ынталандыратын және ұсынылатын болып бөлінеді.
Міндеттейтін нормаға, яғни тиісті түрде іс — әрекет жасау жөнінде нұсқама қаралған Су кодексінің 42 бабы мысал болып табылады. Ол бойынша су пайдаланушылар суды үнемді жұмсауға міндетті. Мұнда тиым салуда: табиғи ортаға және шаруашылық объектілеріне зиян келтірмеу; басқа су пайдаланушы құқыларының бұзылуына жол бермеу қаралған.
Уәкілеттік беретін нормаларға мысал ретінде: ″Қазақстан Республикасының ішкі істер органдары туралы″ 1995 жылғы 21 желтоқсандағы заңның ІІІ тарауын алуға болады. Онда ішкі істер органдарының өздеріне жүктелген міндеттерін орындау кезіндегі рұқсат берілген іс — әрекеттердің түрлері, атыс – қаруын, арнайы құралдар мен күш қолданудың шарттары мен шектері толығынан айқындалған.
Ынталандыратын нормалар реттелінетін басқарушылық қатынастарға қатысушыларға олардың қажетті мінез – құлқын қамтамасыз ету мақсатында материалдық және моральдық ықпал ету құралдарын қарастырады. Мысалы: белгілі бір жеңілдіктер береді.
Құқықтың кез келген өзге нормасы сияқты, әкімшілік құқықтық норма да гипотезадан, диспозициядан және санкциядан тұрады.
Гипотеза норманы жүзеге асырудың шынайы шарттарын, мән – жжайларын көрсетеді, солар болған жағдайда тиісті түрде іс — әрекет жасау керек немесе жасауға болады. Әкімшілік – құқық нормасының гипотезасымен қаралатын жағдайлар әкімшілік – құқық қатынастарын туғызатын, өзгертетін немесе тоқтататын заңдық айғақтар болып табылады.
Диспозиция — әкімшілік – құқықтық норманың негізгі бөлігі – құқықтың осы нормасымен нұсқама жасалынатын, рұқсат берілетін немесе ұсынылатын мінез – құлық ережесініңөзін айқындайды.
Әкімшілік – құқықтың норманың санкциясында осы нормамен белгіленген ережені бұзушылар үшін туындайтын жағымсыз салдар көрсетіледі.
Атқарушы билік аясындағы қоғамдық қатынастарды реттейтін әкімшілік – құқықтық нормалар бар болатын заң шығарушы және атқарушы билік органдарының актілері әкімшілік – құқықтың қайнар көздері деп аталады.
Қазақстанның әкімшілік – құқығының қайнар көздері мыналар:
а) Конституция;
б) әкімшілік – құқықтық нормалар болатын заңдар;
в) тиісті кодекстер;
г) Президенттің, Үкіметтің, орталық атқарушы билік органдарының нормативтік актілері;
д) әкімшілік – құқықтық қатынастарды реттейтін жергілікті өкілді және атқарушы билік органдарының нормативтік актілері болып табылады.
Әкімшілік – құқықтық актілер жариялайтын аса маңызды ресми баспалар мыналар ға тоқталатын болсақ, олар: ″Парламенттің жаршысы″, ″Президент пен Үкіметтің актілер жинағы″, ″Егемен Қазақстан″, ″Казакстанская правда″, ″Заң″, ″Юридическая″ газеттері.
Достарыңызбен бөлісу: |