46
ҚАЗАҚТАРДЫҢ ЖЕҢICKE ЖЕТУ
ФОРМУЛАСЫ
«Екінші болма!» деп аталатын авторлық тренингім
бойынша қазақтардың жеңіс формуласы:
жеңістің
адыраспандарынан, барьерлерден (кедергілерден) және
жеңіске апарар жолдан тұрады.
Жеңіс жолының осы негізгі үш бөлігі, жеңіске
апарар баспалдақтар секілді. Біріншісін,
яғни жеңістің
адыраспандарын аттап кетіп, бірден барьерлерге немесе
жеңіске апарар жолға өтіп кете алмайсың. Асықпай, бір-
бірлеп басқан қадамдарың ғана тұрақтылыққа, аңсаған
арманға, қаржылық тәуелсіздікке алып келеді.
Осы бөлімнен бастап, санаң,
өзіңе деген көзқарасың
өзгере бастайды. Бірақ, бір міндетті шарт бар: сен бұны
шынымен қалауың керек. Барлық кемшіліктеріңді
мойындауға,
менімен ашық, бүкпесіз әңгімеге, кітапты
көз жүгіртіп емес, түсініп, қабылдап оқуға дайын болсаң,
келесі тақырыпқа өтейік!
Достарыңызбен бөлісу: