38
мейді дейді, өйткені бізде дизель нашар. Ал ол автокөлік
шетелдік жолдар мен солардың дизеліне арналған. Бай-
қасаңыз, Батыс көліктерінің сипаттамасында сегіз литр
бензин «жейді» десе, бізде шамамен он бір литр бензин
кетуі мүмкін. Себебі, бізде жанармай сапасы нашар. Қай-
тадан батыс реалиясы мен біздің реалияның екі түрлі
екеніне көз жеткіземіз. Сол сияқты,
Батыс кітаптары да,
солардың ішкі дүниесіне арналған.
Ізденіс жолында жүргенімде Бодо Шефер
15
, Роберт
Кийосаки
16
сияқты авторлардың кітаптары қолыма бірін
ші болып түсті. Олар шынында да, мықты мотивация
береді, болашаққа сенім сыйлайды, ертеңгі өмірің қан-
дай болатынын әдемілеп, әсерлендіріп суреттеп береді.
Бірақ, бұл кітаптардың бірінші «минусы», олар сенің ер-
тең қандай болатыныңды айтады. Арманда,
мақсат қой,
мотивацияң болу керек, еңбектен, сонда жетістікке же-
тесің дейді. Алға қадам жасауға дайын тұрғаныңда, неден
бастайтыныңды білмей қаласың. Яғни, бұл кітаптар нені
және қалай жасау керегін белгілеп бермейді. Көбіміздің
мотивацияны жинап алып, іске келгенде еш нәрсені жү-
зеге асырмауымыздың себебі осында.
Тауды да қопарып
тастауға дайын болғаныңда, не істейтініңді білмейсің. Ал
мен өзім көп ойландым, көп зерттедім. Батыс моделін-
дегі кітаптардың көбі мотивация беру үшін жарамды
екені күмәнсіз, бірақ менің түсінгенім, қазақтарға, әр
қадамның жазылғаны, неден кейін нені жасайтыны бел-
гіленіп, айтылғаны жағады. «Біріншіден, компанияның
атын ойластыр,
екіншіден, салаңды таңда, үшіншіден,
нарықты зертте» дегендей. Сондықтан да жылдар бойы
өзім қолданған, өзіміздің менталитетке сай жеңіске же-
тудің «қазақша» моделін ойластырдым. Ұзақ жыл бойы
өзімді дамыту, минустарыммен күресу, армандау,
тағы да
басқа барьерлер (кедергілер) мен дайындықтар арқылы
өтіп, қазіргі күні жеңіс жолында келемін.
_____________
15
Бодо Шефер – Еуропадағы нөмірі бірінші қаржы кеңесшісі, жазушы және
бизнесмен.
16
Роберт Кийосаки америкалық бизнесмен, инвестор, жазушы әрі ұстаз. «Бай
әке», «Кедей әке» атты кітаптары арқылы танымал болған