Екінші болма! Бизнесте, карьерада және өмірде женіске жетудің Қазақша жолы 3-басылым Алматы



Pdf көрінісі
бет5/95
Дата13.04.2024
өлшемі2.73 Mb.
#498591
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   95
екінші болма

І ТАРАУ 
 
 
 
БҰЛ КІТАП КІМДЕРГЕ 
АРНАЛҒАН?


12
«RUM»-ДІҢ ХИКАЯСЫ: 
2,5 жыл + 8 жыл 
Алғашқы кітабымды неге сатып алдың? Болжап 
көрейін: «Қуаныш Шонбай екі жылда «Rumi»- 
ді осындай деңгейге жеткізді ғой, тренинг жасап
жүр, осы бірдеңе білетін шығар, көрейінші, не жазып 
жатыр екен» деген оймен алдың. Ал мен белгілі бір 
нәтижеге жетпесем, ешкім болмасам, бұл кітапты 
сатып алмайтын, тренингтеріме де қатыспайтын 
едiң. Осыған байланысты бір оқиға есіме түсіп отыр 
Жақында 2015-жылы Instagramда жазған постарымды 
қайтадан жүктеп көрдім. Сол кезде отыз сегіз like жи- 
наған постар, қазір бір жарым мың like жинапты. 
Өткенде маған бір жігіт келіп, сұрайды: «Қуаныш аға, 
сіз қалай екі жылда 10 миллион долларлық бизнес жаса- 
дыңыз? Сізден соны үйренуге келдім», – дейді. «Оның 
алдындағы сегіз жыл қайда кетті?», – деген сұрақ туын- 
дады менде. Сегіз жыл бойы оқығаным, білім алғаным
қателескенім... қайда? Барлығы соңғы екі жылды көреді, 
соны үйренгісі келеді. «Мақсатың бар ма?», «Алдымен 
жалқаулықтан арылайық», – десем, «Қуаныш аға, оны 
үйренуге келген жоқпын ғой, маған қазір не істеу кере- 
гін айтыңызшы, соны жасай берейін», – дейді. Сол кезде 
оның әлі көп нәрсені білмейтіні, үйрене алмайтыны анық 
көрінеді, бірақ амбициясыны жоғары болуынан оны 
мойындағысы келмейді... 
Менен журналистер де, қарапайым адамдар да бір 
нәрсені сұрайды: «Rumi»-ді қалай аштыңыз?», «Сізге 


бұл идея о баста қалай, қайдан келді?»... Қазір сол үшін көп 
сұхбат та бермеймін. Мені бұл жеңіске жеткізген – 
осы сызбадағы сегіз жыл. Сол сегіз жылдың ішінде та- 
лай қателестім, үйрендім, білдім, көрдім, адыраспандар- 
дан арылдым. Ал елдің көретіні, оларға белгілісі – тек 
«Rumi» ашылғаннан кейінгі екі жыл. Егер кезінде бан- 
крот болған бизнестерімнен сабақ алмасам, алпыс мың 
теңгелік мұғалімдік жұмыста істемесем, өзімді дамыт- 
пасам, бүгінгі күнгі жеткен нәтижемнің ешқайсысы бол- 
майтын еді. 
Баяғыда Пабло Руис-и-Пикассоғ
4
бір ауқатты адам 
суретке тапсырыс беріпті. Келесі күні тапсырысшы келіп, 
суреттің құнын сұрағанда, Пикассо: «100 000$» десе, 
тапсырыс беруші: «Неге 100 000$? Бір-ақ күн уақытың 
кетті ғой?», – деп айтты деседі. Пикассо болса: «Бір күн 
және жиырма бес жыл» деп жауап береді. 
Ал бізде, жұртшылықты қызықтыратыны сол: «Қалай 
осындай қысқа уақытта табысқа жетуге болады?», «Қуа- 
ныш мырза, сіздерде SMM-ге кім жауапты?», «Автомати- 
_____________ 
4
Пабло Руис-и-Пикассо – испандык суретші, мүсінші, дизайнер. 


14
зация жүйесі қандай?» – бұның барлығы сырт көзге ғана 
көрінетін нәрселер. Бұдан да маңызды, өзіміздің мента- 
литетімізге ғана тән, біз ғана біліп-түсінетін нәрселер 
бар. Жетістікке жетудің қазақша жолы болғандығының 
да, қазақ тілінде тренинг өткізіліп, кітаптың қазақ тілін 
де жарық көруінің, қазақ тілді аудиторияға бағытталған 
дығының да негізгі себебі осында. 




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   95




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет