Екінші болма! Бизнесте, карьерада және өмірде женіске жетудің Қазақша жолы 3-басылым Алматы



Pdf көрінісі
бет9/95
Дата13.04.2024
өлшемі2.73 Mb.
#498591
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   95
екінші болма

Instagram-ға бір қыз жазады
«Қуаныш аға айына он жеті мың кредитім бар еді, 
соны төлеп беріңізші» деп, санап көрсем, кредиті жүз елу 
мың екен. Әрі қарай оқуға оңай болу үшін, ол әңгімені 
диалог түрінде келтірейін: 
– Ашылып жазып жатыр екенсің, бізге кел, жұмыс 
жаса, – дедім. 
– Ага, жастайымнан тұрмыс құрдым, одан соң ажы- 
расып кеттім, қолымнан ештеңе келмейді, – деп әлгі қыз 
жауап қайтарды. 
– Онда ыдыс-аяқ жуушы бол, он бес күн жұмыс істей 
сің, айына жетпіс екі мың теңге аласың, 
– Жоқ, мен Алматыға бара алмаймын, тұратын жерім 
жоқ. 
 
 


– Тұратын жеріңді реттеп берейін. 
– Жоқ, әке-шешем бар, оларға қарауым керек, бара ал- 
маймын… 
Сондағысы, жүз елу мыңды «бере сал» деп тұр ғой. 
Ал, «не үшін береді», «неге беруі керек» деген сұрақ ол 
адамда туындамады. Жұмыс бұйырып тұр. Белшеден 
батқан қарыздан, бітпейтін кредиттен құтылудың бір 
ғана амалы – тұрақты жұмыс. Көсіліп, түсіндірмей-ақ 
қояйын, өзің де қорытынды жасаған шығарсың, құрметті 
оқырман… 
Адамдардың көпшілігі өздерінің армандарынан өз- 
дері қорқады. «Неге?», «Бұл қалай болғаны?» деп ойлай- 
мын. Бұған мақсат, мотивация мен жетістіктің жоқтығы 
себепкер. Өткен жылы QAZAOSTAN ұлттық телеарна- 
сында еліміздегі алғашқы бизнес туралы реалити-шоу 
ұйымдастырдық, «Үміткер» деп аталады. Онда жеңіске 
жеткен ең үздік үміткерге бес миллион теңге жылдық 
жалақы мен қосымша бес миллион теңге сыйақы, яғни 
барлығы он миллион теңге беріледі. Шын мәнінде, осы 
қаражатқа қол жеткіземін деп армандап келгендер көп 
болды. Бірақ басым бөлігі өз арманына сенбей, одан үр- 
кіп, жарты жолда жобадан шығып қалды. Арманына қол 
жеткізе алатындығына сенімсіз адам – өзіне-өзі сенімсіз. 
Әр нәрсеге алдын ала дайындықпен келгенді жақсы 
көремін. Сондықтан да ақыл айтпастан бұрын, зерттеу 
жүргіздім. Өзімнің Instagramдағы @kuantr парақшамда 
сауалнама өткіздім. «Армандарыңызға жетуге не кедер- 
гі?» деген сұрақ қойдым оқырмандарыма. Енді, келген 
жауаптарға назар аударайық: «Арманға жетуге не кедер 
гі?» деген сұраққа үш жауап нұсқасын жазған Instagram 
қолданушыларының 81%-ы «жалқаулық – ең бірінші ке- 
дергі» десе, 67%-ы – «ақшаның жоқтығын» себеп қыл- 
са, ал 36%-ы «таныс жоқ» деп жауап берді. Үшеуін қос- 
қанда, 100%-дан асып кетеді ғой деп ойланба, есіңе са- 
ламын, әр адам үш кедергіден жазып отырды, сондықтан 
нәтижесі осындай. 


24
Жоғарыда атап өткендей, сен Instagram-ға жазған ке- 
дергілер, адамның одан әрі дамуына, белгілі бір жеңіске 
жетуіне бөгет болады дейміз. Ендеше, назарларыңызға 
антикейс ұсынамын: 
Айна Досмахамбетқызы - «Rumi Group»-та PR бөлімінің 
басшысы, үш баласы бар, ажырасқан. Айтып өтетін жайт 
әйел адам ажырасса, оған қоса балалары болса, оны біздің 
адамдар қоғамнан сызып тастауға тырысады. Кейде тіпті, 
бір баламен қалған әйелдердің өздері, қоғамнан алшақтап 
кетеді. Бірақ Айна ханым емес! Иә, ол ажырасқан, иә, үш 
баласы бар. Есесіне, ол мықты маман, біздің қызметкер, 
оған қоса көп саяхаттайды, балаларына ерекше көңіл бөліп, 
әрдайым өзіне уақыт табады. Жақында Испанияның Бе- 
нидорм қалашығына барып, 5,5 км қашықтықты теңізбен 
жүзіп «OceanMan» атағын алды. «Rumi Group»-та атқара 
тын қызметі үшін өзінің тұрақты жалақысы бар, дегенмен, 
үш баланы асырау керек болғандықтан, барлығына жеткі- 
зу қиын ғой. Айна ханым «жарысқа барамын» деп алдына 
мақсат қойды, туристік фирмамен келісті, тегін ары-бері 
ұшып барып келді, гидрокостюмін сатып алды, әйтеуір, 
«мотивация жоқ», «болмай қалды» деген сылтаумен өзін 


ақтап қалуға тырыспады, алды да, жасады. Қолынан келді! 
Таныс жоқ деп отырмай, ақша жұмсамай-ақ, алдына қой 
ған мақсатына қол жеткізді. 
антиКейс: @aina_doskyzy 


26


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   95




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет