Екінші болма! Бизнесте, карьерада және өмірде женіске жетудің Қазақша жолы 3-басылым Алматы


Кез келген нәрсеге «қойшы» деп қолды сілтей



Pdf көрінісі
бет52/95
Дата13.04.2024
өлшемі2.73 Mb.
#498591
1   ...   48   49   50   51   52   53   54   55   ...   95
екінші болма

Кез келген нәрсеге «қойшы» деп қолды сілтей 
салмай, проблеманы шешу керек. Оның шешімін 
тапқан кезде біріншіден, білім, екіншіден, 
тәжірибе, үшіншіден, өзіне деген сенімділік пайда 
болады. 
 
Сондықтан проблеманы өз қолымыздай жасап аламыз. 
Талай адамдардың жол апатынан өмірі қиылып кетіп жа- 
тыр. Бұл әрине, өмірдің өзі тудырған проблема, бірақ 
көбінесе автокөліктегі техникалык акаулардың себебінен 
жол апаты болады. Жолға шыкпас бұрын, адам өзіне-өзі 
проблема ойлап тауып, көлігін қарап шықса немесе ма- 
мандарға көрсетсе, бәлкім барлығы басқаша болар еді 
ғой. 
Біреулер болмайтын нәрседен проблема жасау – ты- 
рнақ астынан кір іздегенмен бірдей болып көрінеді деп 
ойлауы мүмкін. Бірақ, егер сен біреуге проблема туын- 
датсаң, ол тырнақ астынан кір іздеу болып көрінуі мүм- 
кін, ал өзіңнің тырнағыңның астынан кір іздесең, онда 
сен шыңдаласың, өзіңнің идеалды нұсқана жетесін және 
сенің кәсiбилігін артады. 


 
АРМАНДАУ ЖӘНЕ ҚИЯЛДAУ 
АСПАННАН ТҮСЕТІН 
НӘPСЕЛЕР ЕМЕС 
 
 
Бізде қазақта «ұят» деген сөз бар. Соның кесірінен 
көпшілігіміз ұятқа қалудан және ұялудан қорқа- 
мыз. Ал осы ұялу бізге армандауға кедергі жасайды. 
 
Армандаудың несі жаман? Ол үшін ақша, салық төле- 
мейміз, кез келген жерде, кез келген уақытта армандай- 
мыз. 
Өкініштісі, адамдардың көбі өз армандарынан өздері 
қорқады. Керемет ойға батып, барлығына қол жеткізуді 
қалаймыз, ал шын мәнінде белгілі бір жеңіске жетпеген 
соң, қиялға беріліп, армандаудан қорқамыз. 
«Rumi»-ді ашпай жатып, бизнестегі серіктесiм Ай- 
дос Телжанмен көп армандайтынбыз, оны кітаптың алғы 
сөзінде де жазғанмын. Оннан аса мейрамханамыз бола- 
ды, нарыққа енгізетін жаңалықтарымызды, бізде жұмыс 
істейтін қызметкерлердің қандай болатынын, барлығын 
да ойластырып, қиялға берілетінбіз. Ал осы екі жарым 
жылда өз армандарымыздан алда келеміз. Інім Дархан 
мырза – «Rumi»-дің атқарушы директоры: «Қуаныш, 
армандамай тұра тұршы. .. Сенің ойыңа бірдеңе келсе
міндетті түрде біз оны жүзеге асырамыз. Бірақ күте тұр- 
шы, шаршадық, мына он мейрамхананың тірлігін бітіріп 
алайық»,
– дейді. 
Шынында жоспарларымның, армандарымның бар- 
лығы орындалады және әлі де армандаудан қорықпай- 
мын. Керісінше әр ұсақ-түйегіне дейін ойластырамын, 


134
елестетемін. Оны Батыста визуализация деп атайды. 
Өзіңнің образыңды, компанияңды елестетесің, қандай 
болатынын армандайсың. Бір сөзбен айтқанда, жоғарыға 
белгі жібересің. Байқағаным, армандаудан, қиялдаудан 
қорықпау керек, олардың көбі орындалады, өзім де со- 
ның дәлелімін! 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   48   49   50   51   52   53   54   55   ...   95




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет