көрші халықпен достық қатынас орнату, ел аумағын сыртқы жаулардан қорғау
Тәукенің Ресейге және Орталық Азия хандықтарына жіберген елшілігінің міндеті:
сыртқы жауға қарсы күресу үшін әскери одақ құру
Қазақ хандығының барынша күшейіп, дәуірлеген тұсы: Тәуке хан кезі
Қазақ халқының «алтын кезеңі» аталған уақытта хандықты басқарды: Тәуке
Тәуке ханның шығарған заңдар жинағы: Жеті Жарғы
Жеті Жарғы заңдары қабылданған жер: Күлтөбе
Тәуке құрған мемлекет мәселелерін талқылайтын ұйым: хан кеңесі
Хан кеңесі ұйымдастырылған мерзім: күз
«Тәуке ханның ақылымен ақсақалдар қазақ жүздерін басқаруды реттеу ниетімен үш атақты биді (Ұлы жүзде Төле би, Орта жүзде Қазыбек би, Кіші жүзде Әйтеке би) сайлады» - берілген деректің авторы: Я. Гавердовский
«Қазақ мемлекеттілігі, халқының тұтастығы мен бірлігін сақтау үшін күрес жүргізуші әрі әділетті билеуші хан. Оған дейін де, одан кейін де далада дәл сондай билік болған емес» - деп Тәуке туралы баға берген: М. Красовский
Қазақтың құқық нормаларының толықтырылған нұсқасы: Жеті жарғы
Қазақ елінің бейбітшілігін қамтамасыз етіп, жердің тұтастығын сақтауға тырысқан хан: Әбілқайыр__Әбілқайыр_Ресей_тарапынан_жасалған_қандай_әрекеттерге_қарсы_шықты:_1)_далалықтардың_мал_жайылымдарының_қысқаруына,_2)_Ресейдің_бекіністер_салуына'>Әбілқайыр
Әбілқайыр Ресей тарапынан жасалған қандай әрекеттерге қарсы шықты: 1) далалықтардың мал жайылымдарының қысқаруына, 2) Ресейдің бекіністер салуына
Ресей үкіметі ұлын аманатқа алған хан: Әбілқайыр
Әбілқайырды қатты алаңдатқан мәселе: жер
Әбілқайырдың отаршылдыққа қарсы болғанын дәлелдейтін сөзі: «Жайық өзені қашан сарқылып, арнасы кеуіп қалғанша қазақтар оның бойынан кетпейді»
18 ғ. қазан хандығының билеушілерінің бірі: Абылай
«Абылай айрықша қасиеті бар киелі, керемет құдірет иесі болып саналады. Ешбір ханның Абылайдай шексіз билікке қолы жеткен жоқ» деп жазған ғалым: Ш. Уәлиханов
1771 ж. 3 жүздің ханы деп жарияланған: Абылай
Абылай ханның мақсаты: Тәуке дәуіріндегі біртұтас Қазақ хандығын қалпына келтіру
«Менің аталас туыстарым Әбілқайыр мен Әбілмәмбет хандар өмірден өтті.
Олардың ізін басқан маған хандық құру құрметі бұйырды» - деп Абылай атынан Ресейге хат жазған Абылайдың ұлы: Тоғым
Абылай 3 жүздің ханы болып сайланған қала: Түркістан
Абылайдың сыртқы саясаты бағытталды: Қазақ аумағына бөтен елдің қол сұқпауын қамтамасыз етуге
Абылай белсенді саясат жүргізген қазақ хандығының екі ірі көршісі: Ресей, Қытай
Абылай қай елмен байланысқа көп көңіл бөлді: Ресей
1767 ж. қазақтарға бұрыңғы Жоңғар аумағының бір бөлігіне көшіп қонуға рұқсат берген мемлекет: Қытай
Ресеймен өзара тең қатынас ұстанған хан: Абылай
Қазақ хандығының құрылуы кезінде өмір сүрген ұлы тұлғаның бірі: Асанқайғы
Асанқайғыға байланысты таралған аңыз: жерұйықты іздеу
Жерұйық дегеніміз: суы мол, жері жайлы мекен
Асанқайғы айтуынша халық бақытты және бақуатты өмір сүре алатын өлке: Еділ мен Жайық арасы
Елінің мамыражай, еркін өмір сүргенін аңсаған: Асан Қайғы
Жыраулық өнерлі батырлықпен ұштастырған атақты ақын: Доспамбет
Ақтабан шұбырынды оқиғасын басынан өткерген жырау: Ақтамберді
Абылай ханның кеңесшісі, қазақтың «Көмекей әулиесі»: Бұқар жырау Қалқаманұлы
Жыраулардың басты идеясы: халық бірлігі мен жер тұтастығы
Елді басқыншы жауға қарсы күресте біріктіруге, бір тудың астына топтастыруға күш салған жырау: Бұқар
Абылай ханға сында айта алған жырау: Бұқар
Жырларында жоңғарларға қарсы күреске, ел мен жер қорғау, мемлекеттілік идеясы айтылатын жыраулар: Үмбетей, Тәтіқара
Елді жаудан қорғауға ұйытқы болып, қолбасшылық қызмет атқарған билер: Төле, Қазыбек, Әйтеке
Билердің ұстанған ең басты ұстанымы: ар тазалығын сақтау
Билер сақтауға шақырған адамгершілік қасиеттер: мейірімділік, адалдық, ізгілік
«Досыңа өтірік айтпа – сенімің кетер, дұшпаныңа сырыңды айтпа – түбіңе жетер»,
«Әйел алсаң көріктіге қызықпа, тектіні ал» - деп айтқан би: Төле
«Біз қазақ деген мал баққан елміз, ешкімге соқтықпай жай жатқан елміз. Елімізден құт-береке қашпасын деп, жеріміздің шетін жау баспасын деп, Найзаға үкі таққан
елміз, ешбір дұшпан басынбаған елміз. Басымыздан сөз асырмаған елміз, достықты сақтай білген елміз. Дәм-тұзды ақтай білген елміз» - деп айтқан: Қазыбек би
«Би, сен бұл дүниеде кімге қарыздарсың?» - деп Қазыбектен сұраған би: Әнет
Қазақ халқының бірлігін нығайтуға үлес қосқан атақты үш бидің бірі: Әйтеке
Достарыңызбен бөлісу: |