42
Қарқаралы петициясына қосылған облыстар уездері: Семей, Ақмола облыстарының уездері
Қарқаралы петициясын жазуға белсенді атсалысқан тұлғалар: Ә. Бөкейхан, А. Байтұрсынұлы, Ж. Ақбаев, Т. Нұрекенов
Қарқаралы петициясында қамтылған маңызды мәселе, талап: қазақтардың Ресейдің ең жоғарғы заң шығару органы Мемлекеттік Думаға сайлауға қатысу құқығы
1905 ж. Дала генерал-губернаторына хат жазған Семей облысының әскери губернаторы: Галкин
Қарқаралы петициясын орыс тіліне аударып, Ішкі істер министріне жолдаған:
Темірғали Нұрекенов
Қарқаралы петициясының толық нұсқасы неше тармақтан тұрды: 47
Қарқаралы петициясында қамтылған ХХ ғ. басындағы күрделі мәселелер: сайлауды ұйымдастыру, жер, дін, сот ісін жүргізу, білім
Петицияларда ұсынылған талаптар: 1) болыс, старшын, хатшыларды сауатты қазақтардан сайлау, 2) шаруа бастықтар орнына бітістіруші судьяларды енгізу,
3) діни басшылық етуді 1867-1868 жж. реформада енгізілген Орынбор діни басқармасына беру, 4) мешіттер мен медреселер салуға еркіндік, 5) газет, кітап, діни әдебиет шығару үшін баспахана ашу, 6) Меккеге қажылыққа еркін барып- келу, 7) қазақтарға христиан миссионерлерінің баруына тыйым салу, 8) медреселерде араб, парсы, түркі тілдерін оқыту, 9) мектепте ислам діні негіздерін оқыту, 10) қазаққа бастық болғысы келетіндер қырғыз(қазақ) тілін білу, 11) ісқағазды қазақ тілінде жүргізу, 12) тергеу мен сот ісін қазақ тілінде жүргізу, 13) бастауыш сыныпта балаларды ана тілінде оқыту, 14) отбасы, неке істерін бітістіруші сотқа беру
ХХ ғ. басында шиеленісе түскен мәселе: жер
Петицияларда ерекше көңіл бөлінген мәселе: жер
Петициялық қозғалыстар нәтижесі: қазақтар І және ІІ Мемлекеттік Думаға депутат болды
Алаш партиясының бағдарламасына енгізілді және Алашорда үкіметінің қызметінен көрініс тапқан петиция: Қарқаралы
Алаш идеясының негізгі өзегі: мемлекеттілік дәстүрін жаңғырту, ұлт тарихын, тілін, мәдениетін сақтау мәселелері
Қазақ зиялыларының ұранына айналған мәселелер: дәстүрді жаңғырту, ұлт тарихы, ұлт тілі, ұлт мәдениеті
Алаш зиялыларының мақсаты: қазақ елін Батыс Еуропа өркениетіне жеткізу
Алаш идеясының негізгі ұстанымдары: 1) «жер жекеменшікке де, қоныстанушыларға да берілмесін. «Жерсіз Отан жоқ», 2) Қазақстан Ресей империясындағы шикізаттық сипаттан бас тартып, толықтай экономикалық тәуелсіздікке қол жеткізу, 3) Қазақ мемлекетінде мемлекет құрушы ұлттың тіл, діл, дін үстемдігі болу, 4) Ғылымға, ұлттық салт-дәстүрге негізделген заңға сүйене отырып, ұлттық демократиялық мемлекет құру, 5) қазақ жеріндегі өзге ұлт өкілдеріне Қазақстанда тұруға кепілдіктер мен құқықтар беру, 6) елдегі барлық игілік халыққа қызмет етуі керек, 7) Дін істерін мемлекеттен бөліп, зайырлы болу
Алаш идеясының өзегі: ұлттық мемлекет құру
Алаш идеясының негізгі тұжырымдарын көруге болады: 1) Қарқаралы петициясынан, 2) Алаш партиясының бағдарламасынан, 3) ұлттық- демократиялық қозғалыстың өкілдерінен (Ә. Бөкейхан)
Алаш қозғалысының көшбасшысы, Алаш партиясы және Алашорда үкіметінің жетекшісі: Әлихан Бөкейхан
Алаш идеясының тұжырымдамалары кімнің еңбектері мен зерттеулерінен айқын көрінеді: Ә. Бөкейхан
«Тарих – түзетуші және үйретуші. Келешек күннің болашағын білуде тарих анық құрал болады»- Ә. Бөкейхан пікірі қатысты: тарихты білу қажеттілігіне
Алаш көсемі: Ә. Бөкейхан
«Өзінің тарихын жоғалтқан жұрт, өзінің тарихын ұмытқан ел қайда жүріп, қайда тұрғандығын, не істеп не қойғандығын білмейді, келешектің қандай боларына көзі жетпейді» - деп айтқан: Ә. Бөкейхан
Жалпыұлттық «Қазақ» газетін ұйымдастырушыларының бірі: Ә. Бөкейхан
Ә. Бөкейханның айтуынша қазақтың тәуелсіздігінен айрылуының басты себебі: билеушілердің рулар мен жүздерді біріктіріп, отаршылдыққа қарсы ұйымдастыра алмауында
«Бұрынғы ел билеушілердің басым көпшілігі уақыты мен күшін өзара қастандыққа, күш көрсету мен зорлық-зомбылық, алауыздыққа жұмсады» - деп Ә. Бөкейхан жазған жыл: 1913
Ә. Бөкейхан мүше болған партия: кадет
Ә. Бөкейханның кадет партиясына мүше болудағы мақсаты: тәуелсіздікке саяси күрес арқылы жету
Қарқаралы петициясын дайындауға қатысқан: Ә. Бөкейхан
«Қазақ орысқа қараған соң би жоғалды. Кім орысқа жағымпаз болса, сол жұртты бір қамшымен айдайтын болды. Бұрынғы шешен билерден келе жатқан әділ билік жорасы парақор билермен аяқасты болды. Пара беріп, ақты қара, қараны ақ қылатын күн туды» - деп Ә. Бөкейхан жеткізгісі келді: патша үкіметі кезіндегі сот жағдайы туралы
«Омбыда генерал Сухотиннің басшылығымен әртүрлі ведомстволардың шенеуніктері бас қосқан Кеңесте қырғыздарды земство жиналысына жібермеу туралы» - деп Ә. Бөкейхан сөйлеген жер: 1905 ж. Мәскеудегі Ресей земствосы жиналысы
Қазақ халқының ежелгі ата-балаларының ата-қонысынан айрылуына қарсы болған:
Достарыңызбен бөлісу: |