Экожүйе табиғи және климаттық



бет62/74
Дата18.01.2024
өлшемі349.64 Kb.
#489349
1   ...   58   59   60   61   62   63   64   65   ...   74
11-CЫНЫП 1-50 тақырып

«Орта жүз қырғыз-қайсақтарының сипаттамасы»

    1. И. Адреевтің шығармасында не туралы мәлімет беріледі: Орта жүздің тарихы мен шегарасы, әдет-ғұрпы, салт-дәстүрі туралы, Қазақтардың ертістің оң жағасына қашан өткені туралы

    2. Қазақ халқы туралы іргелі еңбек жазған Ресей зерттеушілері: Г. Миллер, В. Татищев

    3. Г. Миллердің еңбегі: Сібір тарихы

    4. Қазақстанды зерттеген шетелдіктер: ағылшын, неміс, француздар

    5. Қазақстанды зерттеумен айналысқандар: орыс зиялы қауымы, шығыстанушылар(ориенталистер), саяси жер аударылғандар, қазақтың білімді тұлғалары

    6. Қазақстан тарихы, этнографиясы, географиясын зерттеуде еңбегі зор: Ресей ғалымдарының және әскери офицерлерінің

    7. Қазақстанды зерттеушілердің басым бөлігі шоғырланған қалалар: Орынбор, Омбы, Ташкент

    8. 1890 ж. «Отечественные записки» журналында жарияланған офицер Б. Броневскийдің жұмысы: «Орта жүз қырғыз-қайсақтары туралы жазбалар»

    9. Б. Броневскийдің «Орта жүз қырғыз-қайсақтары туралы жазбаларында» келтірілген мәліметтер: Солтүстік-шығыс Қазақстан қазақтарының тарихы, өмірі, тұрмыс тіршілігі

    10. «Қырғыз-қазақ немесе қырғыз-қайсақ ордалары мен далаларының сипаттамасы»

- деп аталатын 3 бөлімнен тұратын еңбектің авторы: А. И. Левшин

    1. А. Левшиннің еңбегінде келтірілетін маңызды мәліметтер: қазақ өлкесінің тарихы мен этнографиясы

    2. Торғай облысының мал дәрігері А. Добросмысловтың еңбегі: Торғай облысы. Тарихи очерк

    3. А. Добросмысловтың Кіші жүздегі қазақ хандықтарының тарихы мен саяси оқиғалары толық сипатталған еңбегі: Торғай облысы. Тарихи очерк

    4. ХІХ ғасырдың 60-жылдарындағы реформалар туралы толық баяндаған автор: А. Добросмыслов

    5. Қазақ өлкесі тұрғындарының мәдениеті, тілі, тарихына байланысты зерттеулер жүргізген шығыстанушы: В. Радлов

    6. В. Радловтың түркология ғылымының дамуына зор ықпал еткен еңбегі: «Сібір қазақтарының этнографиясы туралы»

    7. Қазақ өлкесі туралы құнды дерек қалдырған географ: П.П. Семенов-Тян- Шанский

    8. П.П. Семенов-Тян-Шанский экспедиция ұйымдастырған жерлер: Алтай, Жетісу, Орта Азия

    9. П.П. Семенов-Тян-Шанский Алтай, Жетісу, Орта Азияға экспедиция жасауының нәтижесінде жазған еңбектері: Қырғыз өлкесі, Түркістан өлкесі

    10. Қазақтардың мәдениеті мен тұрмысы, қазақ-орыс қатынастары, Ертіс өңіріндегі қазақ тұрғындары туралы зерттеген зерттеуші: Г. Потанин

    11. Г. Потанин 1862 ж. алғаш рет экспедиция жасаған жер: Жайық

    12. 1863 ж. Потанин қатысқан экспедиция: Зайсан

    13. 1863 ж. Потанин Зайсан экспедициясында зерттеп, өсімдіктер топтамасын жинаған өлкелер: Құсмұрын, Көкпекті

    14. Г. Потанин татар және қазақ тілінен тілмаш болып жұмыс жасаған генерал- губернаторлық: Омбы

    15. Потанин статистикалық комитетте хатшы қызметін атқарған жер: Томск

    16. Томскіде Орыс географиялық қоғамының Шығыс бөлігін басқарған: Г. Потанин

    17. Г. Потанин құрған қоғам: «Сібір өлкесін және тұрмысын оңалту»

    18. ХІХ ғ. 70-90 жж. Потанин саяхат жасап, тарихы, этнографиясы, географиясы туралы құнды деректер жинаған аймақтар: Сібір өлкесі, Қазақстан, Орталық Азия

    19. Г. Потаниннің Алаш қайраткерлерінің қолдауының арқасында Семей облысында

аралаған уез: Қарқаралы

    1. Алғаш болып қоныс аударушылар мен қазақтар арасындағы өзара түсіністік жайлы айтқан: Г. Потанин

    2. Г. Потаниннің орыс казактары арасында қазақ тілі ауызекі сөйлеу тілі екенін айтқан жазбасы: Сібір әскерлері туралы жазба

    3. Г. Потанин дерегінше қазақ дәстүрін үйреніп, өзара қатынас жасайтын орыс казактары тұратын станицалар: Коряков, Жәмішов

    4. Г. Потаниннің Қазақстан мен қазақ халқы туралы мәліметтер беретін еңбектері:



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   58   59   60   61   62   63   64   65   ...   74




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет