«Экология және орнықты даму» пәнінің эоәК



Pdf көрінісі
бет43/52
Дата23.10.2023
өлшемі1.35 Mb.
#481503
1   ...   39   40   41   42   43   44   45   46   ...   52
туралы» ҚР Заңы табиғатты қорғау саласындағы басты заң болып 
табылады. Бұл қазіргі және болашақ ұрпақ мүддесі үшін қоршаған ортаны 
қорғаудың құқықтық, экономикалық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге, адамның 
шаруашылық және өзге қызметінің табиғи экологиялық жүйеге зиянды әсерінің 
алдын алуға, биологиялық әр түрлілікті сақтау мен табиғатты тиімді 
пайдалануды ұйымдастыруға бағытталған. 
1997 жылы 15 шілдеде Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар туралы ҚР 
заңы қабылданды. Қ-да қорықтар мен қорықшаларды қорғау сақтау бұл заңды 
қабылдаудың мақсаты болып табылады. Осы заңға сәйкес ерекше қорғалатын 
аумақтардың мынадай түрлері белгіленеді: мемлекеттік табиғи қорықтар 
мемлекеттк ұлттық табиғи саябақтар, мемлекеттік табиғат ескерткіштері, 
мемлекеттік қорықтық аймақтар, мемлекеттік табиғи қорықшалары және т.б. 
1997 жылы 18 наурызда « Экологиялық сараптама туралы» ҚР заңы 
қабылданды. Бүгінгі күні экологиялық сараптаманың оң нәтижесі болмайынша 
қандай да бір шаруашылық қызметі жүзеге сыруға рұқсат етілмейді. 
1993 жылы 21 қазанда қабылданған « Жануарлар әлемін қорғау, өсіру 
және пайдалану» ҚР заңының маңызы зор. Жануарлар әлемі мемлекеттің 
меншігіне жатады . Елді мекендердің құрылыстарын салғанда, өсімдіктерді 
қорғау үшін химиялық дәрілерді қолданған кезде, табиғат апаттары кезінде, 
жабайы аңдардың қоныс аударуы және олардың тіршілік ету ортасын өзгерту 
кезінде осы заң бойынша белгілі бір талаптар қойылады. Мұның бәрі орындалу 
керек. Аң, балық аулау үшін арнайы тәртіппен пайдалану квотасы мен шектері 
белгіленеді. 
Қазақстанда табиғатты қорғау қызмйтін реттейтін арнайы кодекстер бар. 
Олар : 2003 жылы 9 шілдеде қабылданған су кодексі; 2003 жылы 8 шілдеде 
қабылданған « орман кодексі» 2002 жылы 11 наурызда « атмосфералық ауаны 


70 
қорғау туралы ҚР заңы қабылданды. Бұл заң әрбір қақақстандыққа қоршаған 
ортаны ластааны үшін кәсіпорынды сотқа беруге мүмкіндік ереді. 
Республиканың атмосфералық ауасына жыл сайын 3 жарым мың 
тнннадан астам зиянды заттар шығарылады. Қ 1992 жылы Рио-де-Жанейро 
декларациясында 6-қағидасымен бөліп көрсетілген экологиясы неғұрлым 
нашарлаған елдердің қатарына жатқызылған. 
Сонымен, қоршаған ортаны қорғау мен адамның өмір сүру үшін қолайлы 
жағдай туғызу – демократиялық мемлекеттің басты мақсаты болып табылады. 
Осыған байланысты мемлекет өз органдарын кешенді экономикалық, 
техникалық, ұйымдастырушылық және құқықтық шараларды жүзеге асыруға 
міндетті. Әрбір адамның салауатты қоршаған ортаға құқығы бар, сонымен бірге 
әрбір адам табиғатты аялауы керек, қоршаған ортаны ластамауы керек. 1992 
жылы БҰҰ-ның конференциясында Бразилияда қоршаған орта және оны 
дамыту жөнінде Рио-де-Жанейро декларациясы қабылданды. Қ –тан осы 
декларацияға қосылды. Қ-да қоршаған ортаны қорғауға байланысты бірнеше 
заң актілері қабылданды, олардың мақсаты- еліміздің табиғат байлықтарын 
болашақ ұрпақ үшін сақтау болып табылады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   39   40   41   42   43   44   45   46   ...   52




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет