«Экологиялық мәдениет пен сананы қалыптастыру»



Pdf көрінісі
бет141/181
Дата30.05.2023
өлшемі5.99 Mb.
#474519
1   ...   137   138   139   140   141   142   143   144   ...   181
24.05-sbornik-respublikanskoy-konferentsii-ekologiya (3)

ӘДЕБИЕТТЕР 
 
1. Дяченко С.В., Гвоздюкова С.Н. Создание мультимедийных документов: 
учебное пособие.- Луганск: Книта, 2018. – 112 с. 
2. Ваховский Р. Как создать видео урок // URL: http://wordpress-book.ru/kak-
sdelat/kak-sozdat-videourok
3. Волкова Е.А. Мультимедиа технологии: учебно-методическое пособие. – 
Нижний Тагил, 2016. – 100 с. 
 
 
ӘОЖ 378:004 
ИННОВАЦИЯЛЫҚ БІЛІМ БЕРУ ТАЛАПТАРЫНА САЙ ЭЛЕКТРОНДЫҚ 
ОҚУ ҚҰРАЛДАРЫН ЖАСАУ МҮМКІНДІКТЕРІ 
Сәрсенбек А.Ш., студент, Ш. Есенов атындағы КМТИУ, Ақтау қаласы 
Ғылыми жетекшісі: Туркменбаев А.Б. 
 Ш. Есенов атындағы КМТИУ, Ақтау қаласы 
Аңдатпа. Бүгінгі таңда жастарға пәнді ұғындырудың тиімді жолының бірі, білім 
берудегі 
заманауи 
технологиялар 
негізі 
болып 
табылады. 
Бүгінгі 
күні 


277 
көптеген мультимедиалық технологиялар пайдаланылуда, соның ішінде мақалада 
электронды 
оқу 
құралында 
пайдаланылатын 
батырманықұру 
мүмкіндіктері 
қарастырылады. Электрондыоқыту жүйесі білім берудің жалпы деңгейін қамтамасыз 
ететін жалпыжүйелік әдістемені айқындайтын жаңа бағыт. 
Түйінді сөздер: электронды оқулық, ақпараттық технология, батырма, 
мультимедиа. 
Қазіргі кезеңдерде негізгі мәселелердің бірі – оқыту үдерісінде ақпараттық 
технологияларды тиімді қолдану болып табылады. Қазіргі уақытта көптеген ғылыми 
басылымдарда электрондық басылым, электронды оқулық, электронды оқу құралы 
термині жиі пайдаланылады. Қазіргі таңда электронды оқулық оқытудың барлық 
жүйелерінің ішінде алғашқы қатарда. Бұл дәстүрлі оқыту түрін жоққа шығару емес, 
керісінше, ақпараттық технологияларды пайдалана отырып, оқытудың жаңа түрлерімен 
толықтыру қажеттілігін негіздейді. Ақпараттық технологияларсыз оқыту тиімділігін 
арттыру, бәсекеге қабілетті оқу орны қатарына қосылу мүмкін емес.
ЖОО-да мамандарды даярлау сапасы оқу үдерісінің ұйымдастырылуына, оның 
оқу-әдістемелік қамтамасыз етілуіне тікелей байланысты. Мамандықтың пәндерін оқыту 
үдерісінің тиімділігін арттыру үшін білім беруге бағдарланған электронды оқыту 
басылымдары, соның ішінде цифрлық білім беру ресурстары кеңінен қолданылуда. 
Білім беру үдерісінде электронды оқулықты жаңа ақпараттық технологияларды 
пайдалану арқылы дамыта оқыту, дара тұлғаны бағыттап оқыту мақсаттарын жүзеге асыра 
отырып, оқу-тәрбие үдерісінің барлық деңгейлерінің тиімділігі мен сапасын 
жоғарылатуды көздейді. Білім алушының танымдық іс-әрекеттері күшейіп, өзіндік 
тапсырмаларды тез орындау мүмкіндіктері артады. Дыбыстық, графикалық, видео, 
мультимедиа, гипертекстік элементтермен қашықтықтан компьютерлік оқытудың 
мүмкіндігі пайда болады. Білім талабына сай электронды оқу құралдарын құру қажет. 
Осы орайда, ақпараттық коммуникациялық технологиялардың қарқынмен дамып, 
күнделікті тұрмысқа енуіне байланысты соңғы кездері WEB беттерін, электронды 
оқулықтарды құруға деген қызығушылықтың арта түскені белгілі. Қазіргі уақытта осы 
мақсатта пайдаланылатын қуатты технологиялардың бірі - Flash технологиясы болып 
табылады. Flash технологиясы алдыңғы кезекте бейнелерді анимациялау үшін кеңінен 
қолданылатын, білім беру саласында электронды оқу құралдарын жасауда, сонымен қатар, 
күрделі интерактивті схемалар навигациясын, динамикалық WEB түйіндерді, 
мультсериалдарды, ойындарды, музыкалық видео ойнатқыштарды құру үшін жиі 
пайдаланылады. Flash-те жасалған қосымшалардың көлемi аз болады [1]. 
Flash технологиясытөмендегі сапаларға ие: жинақтылық – векторлық графиканы 
пайдаланғандықтан тез жүктеледі; интерактивтілік – қолданушы Flash-фильмдерді 
өздігінше басқара алады; мультимедиялық – ғаламторға және фильмде ақпаратты 
визуалдаудың стандартты құралдары үшін қол жетпес дыбыстық эффектілер, видеолар 
құрастырылады; көпсалалығы –қарапайым үй парақтары сияқты арнаулы серверлерде 
орындалуы мүмкін; қолайлылық – компьютермен жұмыс істей алатын кез-келген адамға 
Flash технологиясының негізі түсінікті, себебі бұл бағдарламамен жұмыс істеу жеңіл[2].
Бүгінгі таңда мұндай технологияларға білім алушылардың, тіпті жалпы 
пайдаланушылардың сұранысы арта түсуде.Ең қарапайым басқару элементі батырма 
болып табылады. Мысал ретінде төмендегідей қасиеттерге ие болатын батырма құруды 
қарастырайық: егер тышқанның көрсеткіші батырмадан тыс жерде болса, оның түсі 
фонның деңгейінде болады; егер тышқанның көрсеткіші батырманың үстінде тұрса, онда 
батырма фонның үстінде және оның түсі жанып тұрғандай болады [3]. 
Алдымен Flash бағдарламасын іске қосамыз. Пайда болған терезедегі Create New 
(Құру) топтамасына кіретін тізімдерден Flash Document (Flash құжат) тізіміне меңзерді 
(тышқан көрсеткішін) апарып, тышқанның сол жақ батырмасын басыңыз. Нәтижесінде 
экранда жаңа фильм терезесі ашылады. 


278 
Бағдарлама іске қосылғаннан кейін қабаттың (Layer1) үстіне меңзерді апарып, 
тышқан батырмасының оң жағын басамыз. Ашылған контекстік мәзірден Properties 
(Қасиеттер) командасын таңдаймыз. Ашылған сұхбат терезеден қабаттың атын «Фон» деп 
өзгертеміз. Фон бетіне File → Import → Import to Stage (Файл → Импорттау → Сахнаны 
импорттау) командаларының көмегімен векторлық, растрлық бейнелерді, суреттерді 
импорттауға және орналастыруға болады. 
Уақыт шкаласындағы Insert Layer (Қабат құру) батырмасы көмегімен екінші қабат 
құрып, жоғарыдағы тәсіл арқылы оның атын «Батырма» деп өзгертеміз.
«Батырма» қабатына Саймандар тақтасындағы Tools (Құралдар) тобынан 
Rectangle Tool (Tөртбұрыш) құралын және Сollors (Түстер) саймандар тобынан Fill Color 
(Толтыру түсі) палитрасынан боялатын түсті таңдап, Options (Параметрлер) тобынан 
«Бұрыш радиусын» орнату құралын таңдаймыз. Сол кезде «Свойства прямоугольника» 
атты сұхбат терезе шығады. Онда радиус бұрышының өрісіне 45 санын пернетақтадан 
енгізіп, экран бетіне батырма құрамыз.
Саймандартақтасындағы Text Tool (Мәтін)құралы арқылы, батырма бетіне 
«Теория» сөзін жазамыз. 
Мәтіннің типі объектілер инспекторы терезесінің көмегімен беріледі. Оны экранға 
шақыру үшін Window → Properties (Терезе → Қасиеттер) командасын орындау қажет. 
Нәтижесінде «Қасиеттер» терезесі ашылады. Text type ашылатын тізімінің опциялары
мәтіннің типін анықтауға мүмкіндік береді. Ал, Properties панелі мәтіннің әрбір түріне 
қажетті параметрлер жиынтығын береді.
Arrow Tool (Көрсеткіш) құралын таңдап, құрған батырмамыздың үстінен екі рет 
үздіксіз шерту арқылы ерекшелеп белгілейміз, Modify → Convert to Symbol (Өзгерту → 
Символға түрлендіру) командасы немесе пернетақтадан F8 функционалдық батырмасы 
арқылы таңдалған графикалық объектіні символға түрлендіреміз. Сонда символдың аты 
мен типін көрсетуге болатын сұхбат терезе шығады. Аты деген өріске «Батырма», ал типін 
Button (Батырма) етіп, OK батырмасын басамыз. Осы кезде біздің батырмамыз автоматты 
түрде Кітапханаға келеді.
Батырманың үстінен тышқанның сол жақ батырмасын екі рет үздіксіз басамыз, 
сол кезде уақыт шкаласының түрі суреттегідей болады, яғни төрт кадр пайда болады: Up 
(Вверх), Over (Над), Down (Вниз), Hit (Нажатие).
Hit кадрына барып тышқанның оң жақ батырмасын басамыз, ашылған контекстік 
мәзірден Insert Keyframe (Кілттік кадр қою) командасын таңдаймыз немесе пернетақтадан 
F6 функционалдық батырмасын басамыз.
Уақыт шкаласының жоғары жағындағы Scene1–ді (Сцена1) таңдап, Windows 
(Терезе) мәзірінен Behaviors (Компонент инспекторы) командасын таңдаймыз немесе 
пернетақтадан Shift+F3 батырмаларын қатарынан басамыз. Ашылған сұхбат терезеден 
Add Behavior батырмасын басып, Web → Go To Web Page (Web → Web-бетіне өту) 
командасын орындаймыз.
Осы кезде ашылған Go to URL (URL-адреске көшу) сұхбат терезесіндегі URL 
өрісіне URL-адресті, яғни, Word бағдарламасы арқылы дайындаған құжатымыздың типін 
htm етіп сақтап, оның адресін осы жолға жазамыз. Ал, ашылатын құжат жаңа терезеде 
ашылуы үшін төменгі Open in ашылмалы тізімдерінен «Blank» командасын таңдаймыз, 
сосын Ок батырмасын басамыз. Егер өріске WEB-бетінің адресі немесе файл енгізілсе, 
онда бұл мәтін гиперсілтемеге айналады.
Осы әрекеттерді орындағаннан кейін, Control → Test Scene командасын 
орындаймыз. Бұл командалар тізбегі екпінді сахнаны SWF форматындағы фильм ретінде 
сақтап, программаны фильмді жүргізу режиміне көшіріп, фильмді ойнатуға жібереді.
Білім алушыларға заман талабына сай сапалы білім беруде электронды оқу 
құралдарын оқу үдерісінде пайдалану оқытушылардың білім алушыларға білім беру 
ұстанымын қалыптастыруға, әлемдік білім кеңістігіне еркін енуіне, желілік 
шығармашылық қоғам арқылы тәжірибе алмасуға мүмкіндік береді. 


279 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   137   138   139   140   141   142   143   144   ...   181




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет