«Экологиялық мәдениет пен сананы қалыптастыру»



Pdf көрінісі
бет152/181
Дата30.05.2023
өлшемі5.99 Mb.
#474519
1   ...   148   149   150   151   152   153   154   155   ...   181
24.05-sbornik-respublikanskoy-konferentsii-ekologiya (3)

ӘДЕБИЕТТЕР 
 
1. Қуанбаева Б. Оқытудың педагогикалық жүйесін технологиялық негізде 
жетілдірудің дидактикалық шарттары: дисс. Пед. ғыл.канд. Алматы, 2005 
2. Құдайбергенова К.С. Инновациялық тәжірибе орталығы – педагогикалық 
технология көзі //Алматы 2001 - 75 б. 
3. М.Валиева «Жаңа педагогикалық технологиялар» Әдістем.нұсқау, 2002 
ОӘЖ 373:37.011 
 
БАСТАУЫШ СЫНЫП ОҚУШЫЛАРЫНА ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ТӘРБИЕ 
БЕРУДІҢ МАЗМҰНЫ 
 
Аязбай А, студент, Ш. Есенов атындағы КМТИУ, Актау қаласы 
Ғылыми жетекшісі: Көкшеева З.Т.
Ш. Есенов атындағы КМТИУ, Актау қаласы 
Аңдатпа: мақалада бастауыш сыныпеп оқушыларына экологиялық тәрбие
берудіжан-жақты дамытуға, олардың адамгершілік қасиеттерін тәрбиелеуге
бағыттайтыны айтыла келе, оны қоғамға пайдалы жұмыс және өндірістік еңбек арқылы 
іске асырудың мүмкіндіктері қарастырылады 
Түйінді сөздер: бастауыш сынып, мектеп оқушылары, экологиялық тәрбие. 
ҚР «Білім туралы» заңында: «Экологиялық тәрбие алған экологиялық білімдер 
негізінде қоршаған ортаға ұқыпты қарауы мен табиғат байлықтарын ұтымды пайдалану» - 
деп анықтама берілген. Ал, бұл болса, оқушылардың оқу-танымдық іс-әрекетін тиімді 
ұйымдастырып, олардың бойына елге, жерге деген сүйіспеншілікті ұялату болып 
табылады. Дамыған елдерде адам өмірінде бірнеше рет мамандықтарын ауыстырады, бұл 
оларға жамандық болып көрінбейді. Сондықтан бүгінгі мектеп оқушыларын алдағы 
өмірге лайық дайындауға дағды қалыптастыру керек, өйткені еңбек нарығындағы жоғары 
бәсекелестікке қатысу үшін өздігінен ақпаратты меңгеру қажет. Соның ішінде бастауыш 
сынып оқушыларының бастапқы экологиялық мәдениетінің психологиялық ерекшеліктері 
мен педагогикалық мүмкіндіктеріне қарай қалыптастырудың мазмұнын анықтау – қазіргі 
мектептің, мұғалімдердің міндеттері болып қала бермеқ. 
Қазіргідей көз ілеспес жылдамдықпен қарқындап өсіп- өзгеріп отыратын қоғамда 
шапшаң бейімделіп отыратын адамның ғана көп жетістікке қол жеткізіп, жеңіске жететіні 
ешкімге жасырын емес. Ондай жан-жақты жетілген жеке тұлғаданэкологиялық және 
экономикалық сауаттылық, кәсіби жан-жақтылық талап етілуде, ол бала өмірінде үлкен 
үшін өте маңызды. Ондай тереңдетілген білім негізі бастауыштан бастап қалануы қажет 
екендігі қазіргі жаңашыл қоғамдаға көкейтесті мәселенің бірі екендігі даусыз.Оқушылар 
табиғи ортаны күтуде, қорғауда орман – тоғай шаруашылығын, мемлекеттік қорықтарды 
басқаратын қызметкерлерге көмектеседі, өсімдіктерді қорғау жұмыстарына қатысады. 
Оқушылар ауыл шаруашылық өндірісінің әртүрлі жұмыстарына қатысады. Сондықтан 
олар жұмыстың түрлеріне байланысты негізгі мәселермен таныс болуы қажет: жерді 
пайдалану негіздерін, топырақты эрозиядан қорғауды игеру, дақылдарды суару мөлшерін, 
минералдық тыңайтқыштарды, улы химиялық заттарды беру мөлшерінің мерзімін 
технологиялық талаптарға сәйкес есепке алып отыру. 
Сондықтан да, экологиялық мәдениет бастауыш сынып оқушыларының бастапқы 
ғылыми дүниетанымын қалыптастырып, экологиялық санасының өзегі болып, баланың 
рухани бейнесіне тұтастық әкеледі, оны қоршаған табиғи ортаға әлеуметтік мәнді және 
экологиялық қолайлы қағидалар тұрғысында қаруландырады. Педагогикалық жағынан 
бастауыш мектеп кезеңінде балалар бойында табиғаттағы мінез-құлқын өздігінен реттеу, 


302 
баланың қажеттілік дағдысын табиғатқа келтірер зиянмен салыстыра отырып дамыту өте 
қажет. Балалардың есеюімен бірге « қоршаған орта» түсінігі айтарлықтай кеңейеді.Жалпы 
білім беретін мектептерде экологиялық білім мен тәрбие мазмұны әр түрлі сыныптар және 
жеке пәндер бойынша, қоғамға пайдалы жұмыс және өндірістік еңбек арқылы іске 
асырылады.Бастауыш сынып оқушылары табиғат байлығын ауыл шаруашылығында 
пайдалану жайлы алғашқы ұғымды еңбек сабақтарында алады. Олар үй мүліктерін, киім-
кешек, тағам т.б. жасайтын табиғат заттарын қалай пайдаланумен танысады.Бастауыш 
сыныптардың оқу бағдарламасы оқушыларды төмендегі іскерлікті, дағдыны 
қалыптастыруға бағытталған: өсімдіктердің даму кезеңінде фенологиялық бақылау 
жүргізу; мектеп және қоғамдық мүлікті ұқыптылықпен күту; тұрмыста электроэнергияны, 
газды, суды үнемді пайдалану.Бүгінгі таңда жас ұрпақтың білім сапасы мен тәрбие
жұмысының деңгейіне үлкен талаптар қойылып отыр. Бұның бәрі қоғамдағы
экологиялық өмірдің субъективтік жақтарын, яғни жастардың жаңаша экономикалық
ойлау әрекетін, адамгершілік әлеуметтік қасиеттерін көрсетеді. Оқушыларға 
экологиялық тәрбие беру жалпы білім берудің бір тармағы ретінде оқушыны жан-
жақты дамытуға, оның адамгершілік қасиеттерін тәрбиелеуге бағыттайды.  
Классикалық педагогикада табиғаттың әсем көріністері арқылы жас ұрпақтарды 
тәрбиелеу А.Құнанбаев, Ы.Алтынсарин, Ш.Уалиханов, шығармаларында табиғат пен адам 
өмірін ажырамайтын біртұтас дүние ретінде қарастырылған. Табиғат құбылыстарының 
өзгеріп отыруы заңдылық екенін айта келіп, табиғатқа сипаттамалар беріп, болашақта 
бұрын-соңды болмаған жаңа дәстүрдің туып орнығуына жол салды. 
Білімнің негізі бастауышта қаланатынын ескерсек, әсіресе осы бастауышқа 
қатысты экологиялық оқу материалдарының тәрбиелік мүмкіндіктерінің өте жоғары 
екендігі рас болғанымен, олар педагогикалық тұрғыдан оқу-тәрбие жүйесінде кем
қарастырылуда. Оқушылар дала жағдайында да тәжірибе жұмысын жүргізу кезеңінде әр 
түрлі аймақтардың топырағы мен ауа райын есепке алып, дәнді және бақша өсімдіктерінің 
сорттарын, олардан түсетін өнімді зерттейді, химиялық құралдарды қолдану жолымен 
егістік жерлерде өсетін арам шөптермен күрес жүргізеді. 
Экологиялық тәрбиеге байланысты мектепте жаппай шаралар ұйымдастырылады. 
Олар: кештер, лекциялар, әңгімелер, көрмелер, сайыстар, оқушылардың шығармалары, 
рефераттары, баяндамалары, табиғатты қорғау тақырыптарына арналған плакаттар, т.б. 
Осылардың бәрі оқушылардың экологиялық мәдениетті саналы, жете түсінуіне, табиғи 
ортаны қорғау мен жақсартуына игі әсер ететін өте қажетті құралдардың бірі. 
Егер экологиялық құлық және еңбек іс-әрекеттерін ұштастырып, тікелей табиғи 
байланысты жүргізсе, олардың жақсы нәтиже беретіндігіне ешқандай күмән келтіруге 
болмайдыжәне ол бүгінгі күннің өзекті мәселесі болып ала бермек. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   148   149   150   151   152   153   154   155   ...   181




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет