«Экологиялық мәдениет пен сананы қалыптастыру»



Pdf көрінісі
бет151/181
Дата30.05.2023
өлшемі5.99 Mb.
#474519
1   ...   147   148   149   150   151   152   153   154   ...   181
24.05-sbornik-respublikanskoy-konferentsii-ekologiya (3)

ӘДЕБИЕТТЕР 
 
1.Гирусов Э.В. Основы социальной экологии: Учебное пособие. - М.: Высшая 
школа, 1998. – 312 б. 
2. Досмаханова М. С. Білімалушылардыңэкологиялықмәдениетінқалыптастыру // 
Молодой ученый. — 2014. — №1.2. — 22-23 б.
3.Вернадский В.И. Философские мысли натуралиста. — М.: Наука, 1988. — 358 б. 
4.Көрпелиев М. «Үйлесімділік әліппесі», Алматы: 2013. — 159 б. 
5.К.СалпыноваЭкологиялықтәрбиеберудіңқазіргіжағдайы //География Казахстана 
и экология №3 2004 – 8б. 
ОӘЖ 373:37.013 
 
ИННОВАЦИЯЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАРДЫ ПАЙДАЛАНЫП ОҚЫТУДЫҢ 
МАЗМҰНЫ 
 
Айсақызы А, студент Ш. Есенов атындағы КМТИУ, Актау қаласы 
Ғылыми жетекшісі: Көкшеева З.Т. 
 Ш. Есенов атындағы КМТИУ, Актау қаласы 
 
Аңдатпа: бұл мақалада мектеп оқушыларының оқуға деген қызығушылығын 
арттыруда, оқу үдерісіне қоғамның жаңа қажеттіліктеріне сәйкес инновациялық тәсілдерді 
енгізуде жаңартылған технологияларды қолдану тәжірибесі ұсынылады. Сол бағытта 
жаттығулар мен инновациялықтехнология түрлері сипатталып, оны оқу-тәрбие үрдісіне 
тиімді қолдану әдістері жайлы баяндалады.  
Түйінді сөздер: инновациялық технологиялар, оқыту технологиясы,ойын арқылы 
оқыту технологиясы, шығармашылық іс-әрекет, танымдық белсенділік. 
Қазіргі жас ұрпақтың саналы да сапалы білім алуының бірден-бір шарты – оқу 
орындарындағы білім беру процесіне жаңа инновациялық технологияларды енгізу екендігі 
ақиқат. Сондықтан ғылыми-техникалық прогрестен қалыспай, жаңа педагогикалық 
инновацияларды дер кезінде қабылдап, өңдеп, нәтижелі пайдалана білу – әрбір ұстаздың 
негізгі міндеті болып табылады.М.М. Поташник «Инновация – оқу бағдарламасын 
меңгертуде мұғалімнің оқытудың жаңа әдістемелері мен технологияларын тиімді игеруі» - 
деп анықтама берсе, Н.Ф. Талызина «Инновациялық технологияларды қолданудағы негізгі 
міндет: сабақ үрдісінде белгіленген мақсатқа жетуде ең тиімді әдістерді таңдай білу» - деп 
анықтайды.
Инновациялық технологиялардың педагогикалық негізгі қағидалары: балаға 
ізгілік тұрғысынан қарау; оқыту мен тәрбиенің бірлігі; баланың танымдық күшін 
қалыптастыру және дамыту; баланың өз бетімен әрекеттену әдістерін меңгерту; баланың 
танымдылық және шығармашылық икемділігін дамыту; әр студентті оның қабілеті мен 
мүмкіндік деңгейіне орай оқыту; барлық студенттердің дамуы үшін жүйелі жұмыс 
істеу.Еліміздің барлық оқу мекемелерінде білімнің жаңа жүйесі енгізілуде, мақсат – 
жаһандану заманында білімнің бүкіләлемдік кеңістігіне ену. Сондықтан жаңашылдық 
керек, яғни, инновациялық жүйе негізінде оқу орынның оқушыларының белсенділігін 
арттыру, өзіне сенімділігін қалыптастыру, танымдық-шығармашылық қабілетін дамыту 
олардың белсенділік-сенімділік сапаларын диагностикалық әдіс-тәсілдермен анықтауға, 
сабақта, сабақтан тыс уақытта өз ойын еркін жеткізе білуге үйретуге, қоғамда болып 
жатқан оқиғаларға қатысты көзқарастарының болуына, инновациялық тәртіп нормаларын, 
белгілерін, көрсеткіштерін анықтауға көмегін тигізеді. 
Педагогикалық технологиялардан төмендегілерін атап көрсетуге болады:


300 
Білім беруді ізгілендіру технологиясы — оқушыны азамат етіп тәрбиелеу, 
олардың танымдық күшін қалыптастыру және дамыту баланың жаны мен жүрегіне 
жылылық ұялату (Ш.Амонашвили). 
Ойын арқылы оқыту технологиясы — дидактикалық, тәрбиелік, дамытушылық
әлеуметтендірушілік мақсатқа жету. Ойындық іс — әрекеттің педагогикалық механизмі 
жеке бастық, өзіндік талап — талғамдарына сүйенеді. (Л. С. Рубинштейн, Д. Б. Эльконин, 
З.Фрейд). 
Проблемалық оқыту технологиясы — оқушының өз бетімен ізденуге үйрету, 
олардың танымдық және шығармашылық икемділіктерін дамыту.
Тірек белгілері арқылы оқыту технологиясы — (В. Ф. Шаталов) мынаны
көздейді — білім, білік, дағдыны қалыптастыру, барлық баланы оқыту, оқытуды 
жеделдету.
Түсініктерді қабылдау арқылы оқыту технологиясы — (С. Н. Лысенкова) барлық 
баланы табысты оқыту. Оқу материалының бірізділігі, жүйелілігі, саралау, әр оқушыға 
берілетін тапсырманың қолайлығы, бағдарламаның кейбір тақырыптатырының 
қиыншылықтарын жеңу, қиын тақырыптады біртіндеп оңайлату әдісін қолдану.
Деңгейлеп саралап оқыту — міндетті нәтижелерге негізделген. Білім, білік, 
дағдыны меңгерту, мемлекеттік стандарт көлемінде білім беру. Әр оқушыны оның 
қабілетімен мүмкіндік деңгейіне орай оқыту, оқытуды оқушылардың әртүрлі топтарының 
ерекшелігіне сәйкес бейімдеу, ыңғайлау. 
Бағдарламалап оқыту — (Б.Скиннер, Н.Краудер, В. Г. Беспалько) ғылыми негізде 
түзілген бағдарлама негізінде оқытудың тиімділігін арттыру, баланың жеке қасиеттерін 
ескере отырып оқыту. 
Оқытудың компьютерлік технологиясы — ақпаратпен жұмыс істей білуді 
қалыптастыру және қатынас қабілетін дамыту, жеке басты ақпараттық қоғамға даярлау. 
Мұнда оқыту оқушының тікелей компьютермен қатынасы арқылы орындалады. 
Оқу мен жазу арқылы сын тұрғысынан ойлауды дамыту технологиясы — 
(Л.Джинна Стил, С.Куртик). Аталмыш бағдарламаның ішкі құрылымында ерекшелік бар. 
Бұл құрылым 3 деңгейден тұратын оқыту мен үйретудің моделі. Білімнің болашақта 
пайдаға асуы, қажетке жарауын қалыптастырады.
Өз-өздігінен даму технологиясы — (М.Монтессори) баланы жан — жақты 
дамыту, дербестікке тәрбиелеу, бала санасында нәрселер әлемімен ойлау әрекетінің 
бірігуі. Оқыту баланың дамуына сәйкес табиғи болуы керек, сонда бала өзін — өзі 
дамытады. 
 Дамыта оқыту технологиясы — (Л. С. Выготский, Л. В. Занков, Д. Б. Эльконин, 
В. Б. Давыдов) баланы оқыта отырып жалпы дамыту, яғни бала бойында еркіндік, 
мақсаткерлік, ар — намыс қасиеттерін дамыту. 
Қазіргі пән оқытушыларының негізгі міндеті — білім беруді нәтижеге бағыттау, 
оқу үдерісіне қоғамның жаңа қажеттіліктеріне сәйкес инновациялық тәсілдерді енгізу, ол 
оқытушының қажымас ізденімпаздығы мен шығармашылық жемісін талап етеді және 
жеке тұлғаны зерттеуіне, оны толық танып, білуге және оқытудың мақсатына жетуге 
тиімді, әрі нақты жол ашады. Оқушылардың кәсіби білім сапасын арттырумен бірге өз 
қабілетіне қарап, өзін-өзі дамыта отырып, өзіне сын көзбен қарауға мүмкіндік береді, 
танымдық 
белсенділігін 
арттырып, 
шығармашылық 
қабілетін 
дамытады.
Инновациялық технологияларды пайдалана отырып оқытудағы басты нәрсе — бұл білім 
алу және өздігінен блім алу негізінде адам қабілеттерін, икемділіктерін дамыту. Жаңа 
білім беру парадигмасында тұлғаның қызығушылықтарын қамтамасыз етуде тұтастық, 
бағыттылықпен бірге мықты негізділік (фундаменталдылық) те шешуші рөлге ие.


301 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   147   148   149   150   151   152   153   154   ...   181




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет