«Экологиялық мәдениет пен сананы қалыптастыру»



Pdf көрінісі
бет49/181
Дата30.05.2023
өлшемі5.99 Mb.
#474519
1   ...   45   46   47   48   49   50   51   52   ...   181
24.05-sbornik-respublikanskoy-konferentsii-ekologiya (3)

Түйінді сөздер: туризм, экологиялық туризм, туризм инфрақұрылымы, инфляция, 
туризмдік кластер, экомаршруттар. 
Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев мемлекеттің арнайы назар аударып, қомақты қаржы 
құюы нәтижесінде жүзеге асырылған Маңғыстау өңірінің көлік-транзиттік, логистикалық 
дамуын оң бағалап, бұл бағыттағы жетістіктер еліміздің теңіз қақпасына ғана емес, 
жарқын болашаққа бастайтынын атап өтті. Сондай-ақ Мемлекет басшысы ендігі кезекте 
өңірде туризм саласын жандандыру қажеттігін айтып, Каспий теңізі жағалауын туристер 
демалатын орынға айналдыру арқылы тұрғындардың әлеуетін арттыру қажет екендігін 
жеткізді. 
Сонымен қатар, облысымыз халықаралық деңгейде туристік ұсынысты дамыту 
үшін үздік табиғи және мәдени жағдайларға қабілетті болуда.
Әлемдік тәжірибеде табыс көзі жағынан туризм – мұнай мен газдан кейінгі орынды 
иемденеді. Қазақстан тәуелсіздік алу арқылы туризмнің дамуында үлкен болашақтарды 
ашты.
Соның ішінде Маңғыстау облысында туризмнің дамуы - келешекте ұзақ мерзімдік 
және экономикалық тиімді болашақты қамтамасыз етеді, себебі туризм шетелдік валюта 
тарауын және төлеу теңгерімнің және елдің жиынтық экспортының көрсеткіштеріне 
салмақты ықпал көрсетеді. 
Қазақстанда туризім бағыттарының сан алуан түрлерін атап өтуге болады. Соның 
бірі экологиялық туризм. 
Экологиялық туризм - әлемдегі ең ірі және екпінді даму салаларының бірі. 
Экологиялық туризмнің пайда болуының негізгі өзгешілігі мен тұрақты даму 
тұжырымдамасына сәйкес табиғи ортаға түскен шығынды төмендету болып табылады. 
Маңғыстау облысы туризмінің бәсекеге қабілетті индустриясын жасау үшін үлкен 
әлеуетті мүмкіндіктерге ие болады. Осыған мүмкіндік беретіндер: 
 
осы аймақ арқылы халықаралық туристтік және коммерциялық сапарлар 
ағыны қажеттілігін тудыратын аймақтың тиімді геосаясат жағдайы; 
 
саяси тұрақтылық, бұқарашыл өзгерістер, экономикалық реформаны 
жүргізу; 


99 
 
экологиялық туризмді ұйымдастыру үшін табиғи ландшафттың, флораның 
және жануарлар дүниесінің алуантүрлілігі; 
 
экологиялық туризмнің нысандары болып табылатын, мәдени - тарихи 
рекреациялық қорлардың түрлілігі; 
 
еркін еңбек қорларының барлығы. 
 
Дегенмен, бұған қарамастан, экологиялық туризмнің дамуы мұнда көптеген 
мәселелерге ие. 
Барлық туристік нарықта Қазақстанның табиғатына, ландшафтарына және ұлттық 
мәдениетіне үлкен қызығушылық тудыруда. Қазақстан Республикасының туристік 
саласын дамытуда үлкен мүмкіндігі бар аймақ – Маңғыстау облысы.
Бұл жер шөл даланың керемет ландшафтарының барлық түрін, қарт Каспийдің 
көкшіл суы мен шексіз құмды жағажайын, көшпелі сәулет өнерінің жарқын да, 
қайталанбастай үлгілерін, қазақтың алғашқы қауымдық дәстүрлі мәдениетін өзіне сіңіріп 
алған. Маңғыстауда туризмді дамытудың басым бағыттарының бірі – өлкенің 
экономикасын дамыту. Бүгінгі таңда осы сала қызметін тұтынушылардың әлемдік 
нарығында облыстың туристік ресурстарын белсенді насихаттаудың аса өзекті 
мәселелерін қарастыру қажет.
Каспий теңізі – Қазақстан, Ресей, Әзiрбайжан, Иран және Түркіменстан – бес 
мемлекетті бiрiктiретiн үлкен тұйықталған су қоймасы. Сондықтан Маңғыстау облысында 
теңіз туризмін дамыту жобасы мақұлданды. Мамандар өлкеде туризмді дамытудың басым 
бағыттарының бірі круиз (кемеге отырып саяхат жасау) және желкенді қайық спортын 
ұйымдастыру керек деп есептейді. Асау Каспийдің жағасындағы демалыс ұмытылмайтын 
әсер қалдырады. Жағаға соққан толқынның мейiрiмдi сыбдыры тыныштық орнатады. 
Теңіз суы тәулік бойында сұр түстен жасыл түске дейін өзгеріп отырады. Қарақия ойпаты 
– әлемнiң ең терең ойпаттарының бірі. Сонымен қатар Шопан ата, Масат ата, Қараман ата, 
Шақпақ-ата, Бекет-ата, Темір баба киелі орындары, Форт-Шевченко мұражай қалалары, 
Үстірттегі Бозжыра шыңы, Марс тәріздес Көкесем жері, Көкала үңгір тауы, Шоманай 
таулары, Түпқараған жазығы, Сұлтан-үпі сайы, Қаракөл көлі т.б әлі сыры ашылмаған 
керемет жерлер жетерлік .
Жалпы, Елбасының өзі Ұлт жоспары «100 нақты қадамында» туризм саласы 
экономикалық және әлеуметтік құбылыс ретінде ауқымы айтарлықтай кеңейген қызмет 
түрі екенін айтқан болатын. Бұл ретте туристік кластерлер құруда үздік тәжірибесі бар 
стратегиялық инвесторлар тартудың да маңызы зор. Сол үшін де қазіргі уақытта 
туризмнің жұмыспен қамтамасыз етуде, жеке табыс пен мемлекеттік кірісте алатын 
рөліне баса назар аударылуда. 
Бүгінде Туризм саласын дамыту институты «Кендірлі» демалыс аймағын 
дамытудың 2020 жылға дейінгі мерзімді қамтитын жүйелік жоспарын жасады. Болашақ 
демалыс аймағының сыртқы инженерлік инфрақұрылымын жасау үшін арнайы жобалар 
жасалып, оларды іске асыруға қатысты шаралар қолға алынды.
Маңғыстау облысында экологиялық туризмнің дамуының ең басты мәселесі, осы 
кезге дейін экотуризмнің дамуы туралы мемлекеттік бағдарламаның болмағандығы, 
демек, туризмнің осы түрінің мемлекеттік сүйеніші болмағаны. Сонымен қатар, 
экологиялық туризм Қазақстанда дамыған жоқ деп айтуға болмайды. Қазіргі уақытта іс 
жүзіндегі туризм жүйесі Қазақстанда туристтердің барлық қажеттіліктерін және 
ықыластарын қанағаттандыру мүмкіндігі бар. Рекреациялық қорлардың молдығы едәуір 
күрделі материалдық базасын салуды болжайды. 
Экологиялық туризмнің дамуы және туризмнің басқа түрлері сияқты, қонақ үйлер, 
туристтік базалар, кіре беріс жолдары, тамақтану пункттері құрылысына, жарнамалық 
өнімді дайындауға және т.б. қаржылық және материалды - техникалық қаражаттарды 
жұмсалуына байланысты болады. 
Қорғалатын табиғи аумақтар, олардың шегінде, әдетте, экологиялық туризм 
дамиды, қазіргі уақытта қаражаттық және материалдық көмекке мұқтаж болып отыр. 


100 
Маңғыстау облысын халықаралық іскерлік және туризм орталығына айналдыру 
керектігін 2011 жылы Ақтауға келген сапарында елбасы Н.Ә.Назарбаев та баса айтқан 
болатын. Ол үшін турфирмалар арасында ұсынылатын қызмет сапасы мен бағасы 
жағынан бәсекелестік болуы, басқа қалалар секілді туристерді бірінші өз еліміздің ішінде 
тарта біліп, шетелге шыққанша жоғарыда аталып кеткен өз елімізде саяхат жасауға 
болатынын көрсете білу және де төменде келтірілген кемшіліктерді жою жолдарын 
қарастырған жөн. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   45   46   47   48   49   50   51   52   ...   181




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет