«Экологиялық мониторинг» пәнінің ОҚу- әдістемелік кешені


Табиғи ресурстар және олардың классификациясы



бет5/7
Дата26.06.2016
өлшемі448.5 Kb.
#158906
1   2   3   4   5   6   7

Табиғи ресурстар және олардың классификациясы


Табиғи ресурстар - адамның өз мұқтажын қамтамасыз ету және көздеген мақсатына жету үшін пайдаланатын қоршаған ортадағы заттардың, құбылыстардың, табиғи денелердің жиынтығы. Оларға ауа, күн, жел, су, жер, орман, табиғи құрылыс материалдары, пайдалы қазбалар және т.б. жатады.

Табиғи ресурстардың бірінші белгісі - олардың түрі. Бұл белгіге сәйкес олар табиғи құбылыстар (күн энергиясы, жел, мұхиттардағы су деңгейінің көтерілуі мен судың қайтымы), өсімдіктер әлемі, жануарлар әлемі, табиғи заттар (су, ауа, топырақ) және пайдалы қазбалар (мұнай, алтын, т.б. әртүрлі рудалар) болып бөлінеді. Сонымен қатар пайдалы қазбалар пайдалануға дайын (көмір, бағалы тастар, тұз) және өңдеуді қажет ететін (мұнай, синтетикалық тыңайтқыштар) болуы мүмкін.

Табиғи ресурстардың екінші белгісі - олардың қоры. Бұл белгісі бойынша оларды сарқылатын және сарқылмайтын деп бөледі.

Сарқылмайтын табиғи ресурстар - табиғатты ұзақ пайдалану кезінде саны мен сапасы өзгермейтін немесе аздап қана өзгеретін табиғи физикалық құбылыстар және денелер. Мұндай ресурстарға Күн энергиясы, жел энергиясы, қозғалыстағы су энергиясы, жер қойнауы энергиясы жатады. Қоршаған ортаның ауасы мен суы саны бойынша өзгермеуі мүмкін, бірақ адамның тіршілігі барысында сапасы төмендеуі әбден мүмкін. Бұл табиғи байлықтар қазіргі таңдағы техника мен технологияның көмегімен (су, шаң, газ тазалау, сондай-ақ санитарлық-гигиеналық шаралар) сарқылмайтын бола алады.

Сарқылатын табиғи байлықтар - табиғатты пайдалану барысында саны мен сапасы өзгеретін табиғи физикалық құбылыстар және денелер.

Үшінші классификациялық белгі - сарқылатын табиғи байлықтардың орнына кайта келуі. Бұл белгісі бойынша сарқылатын байлықтардың мынадай түрлері бар:

- қалпына келетін -өсімдіктер, жануарлар және микроорганизмдер әлемі;

- қалпына келмейтін - миллиондаған жылдар бойы жер қойнауында түзілген пайдалы қазбалар (қара, түсті, асыл және сирек кездесетін, радиоактивті металдар рудалары, мұнай, газ және т.б.);

- салыстырмалы қалпына келетін - пайдалануға қарағанда орнына қайта келуі баяу жүретін ресурстар (құнарлы қара топырақ, үлкен жастағы ағаштар - секвойя, баобаб және т.б.).

Табиғи ресурстарды ұтымды пайдалану


Адамзат ежелгі уақыттардан бері экологиялық шараларды аңғармай жүзеге асырды. Өсімдіктерді сақтап қалу мақсатында бір аумақтан екіншісіне мал айдап көшті; балық аулайтын орындарда балықтарды жемге үйретті; аумақты дауыл құлатқан ағаштан және арамшөптерден тазартты; құстарды ұя салу кезінде, кәсіптік жануарлардың төлдеуі немесе кәсіптік балықтардың уылдырық шашқан кезінде аулауға тыйым салды.

Ғылыми-техникалық төңкеріс адамның табиғатқа ықпал ету қарқынын шұғыл күшейтті. Сондықтан адамның іс-әрекетін табиғатпен өзара әсер кезінде қатаң реттеу қажеттігі туды. Барлық елдерде адамның табиғи ортаны реттеу бойынша және табиғатты қорғау мен табиғи ресурстарды ұтымды пайдалану бойынша сансыз көп заңнамалық актілер қабылданды. Әр түрлі экологиялық шараларды жүзеге асыру үшін ең алдымен белгілі уақыт кезеңінде литосферагидросфера және атмосфераныңтерең де жан-жақты экологиялық зерттеулерін жүргізу қажет. Мұндай зерттеулер мониторинг (бақылау) деп аталады. Белгілі уақыт аралықтары арқылы бақылау, зерттеулерін салыстыру қоршаған ортадағы экологиялық өзгерістер қозғалыстарының зерзаттық көрінісін береді.

Ұсынылатын әдебиеттер тізімі

Негізгі:

  1. Унифицированные методы мониторинга фонового загрязнения природной среды. Под.ред.Ф.Я.Яровицкого. М:Гидрометеоиздат, 1989.

  2. Алексеенко В.А., Алексеенко Л.П. Биосфера и жизнедеятельность. М: Логос, 2002.

  3. Ковда В.А., Керженцев А.С. Экологический мониторинг: концепция, принципы организаций 1983 г.

  4. Соколов В.Е., Базилевич Н.И. Теоретические основы и опыт экологического мониторинга.:М.Наука, 1983

  5. Ахметов Е., Кунаев М. Геоақпараттық жүйе негіздері: оқу құралы.- Алматы: Арыс, 2008.- 208б.- 1 ч.з., 9 зем.

  6. Трифонова Т.А., Мищенко Н.В., Краснощеков А.Н. Геоинформационные системы и дистанционное зондирование в экологических исследованиях. М.:Академический проект, 2005

ПӘН: «Экологиялық мониторинг»


№ 7 тақырып: Ластанған топырақтың мониторингі
Мақсаты – 5В0608ОО - «Экология» мамандығындағы студенттерге қоршаған ортаның ластануын сынап бағалау, болжау т.с.с. процестерді зерттеп қана қоймай, сонымен қатар талдау жасау

Ластанған топырақтың мониторингі

Облыс жерлерінің сапасының ахуалына тигізілетін келеңсіз әсер олардың ластану үдерісімен анықталады. Ауыр металлдар, радионуклидтер, мұнай, мұнай өнімдері негізгі ластаушы заттар болып табылады. Топыраққа ауыр металлдардың табиғи түсу көздері кенді өріспен, тарату аймағымен, геохимиялық кедергілермен тікелей байланысты түсті, сирек және қымбат металлдардың қайталама литохимиялық ауытқулары болып табылады.

Облыста топырақтың қабатын негізгі ластаушы болып түсті металлургия мен тау-кен өндіру кешендерінің кәсіпорындары, ауыл шаруашылығының салалары болып табылады. 2005 жылғы 01 қаңтар бойынша 198 кәсіпорын мен ұйымдардың қызметі 12800 га алаңдағы жерлердің бұзылуына әкеліп соқты, оларды 6268 гектары қайта өңделді (49%). Облыстың топырақ қабаты мырыштың, мыстың, марганецтың, кадмийдің, қорғасынның, мышьяктың қосылыстарымен ластанған. Облыстың солтүстік-шығыс бөлігінде ластанған топыраққа жүргізілген көп жылғы тексерудің деректері бойынша Шығыс Қазақстанның   биогеохимия  провинциясы бөлінген, ол тұтас бірқатар ауыр металлдардың біршама техногендік жинақталуымен сипатталады. Ауытқу алаңдары Шемонайха, Глубокое және Зырян әкімшілік аудандарының аумақтарын қамтиды. Ластанған аумақтардың жалпы көлемі 30 мың шаршы шақырымға дейін жетеді.

Топырақтың техногендік ластануы әсіресе қалалардың аумақтарында байқалады. Өскемен, Семей, Риддер қалалары аумақтарының біршама бөліктерінің рұқсат берілген шегіндегі концентрациядан асатын ауыр металлдардың концентрациясымен ластанған, ал жинақталғандарды қосқандағы алаңы 16-дан артық, қаланың үлкен бөлігін алуда.

Қаланың қоныс аймақтары қалпына келмейтін сипаттағы топырақ қабатының антропогендік бұзылуымен урболандшафтты болып табылады. Осындай механикалық бұзылған жерлердің жалпы көлемі аумақтың жартысынан көбін алып жатыр.

Қаланың ішіндегі түрлі ландшафттардың шегінде топырақтың вертикальды профилінде техногендік құрамды жүргізуді зерделеудің нәтижесінде анықталғаны:

1) Өскемен қаласы дала ландшафттарының аймағында орналасқан, топырағының құрылуы қара топырақты профильмен сипатталады, бейтарап-әлсіз сілтілік тотықтырғышы басым. Ұзақ жылдар бойғы таулы-далалық ландшафттардағы шығу тегі техногендік ауыр металлдардың антропогендік әсер етуі қарашірігі көп және алмасу үдерісі жағынан белсенді, қуаттылығы 15-25 см. горизонттың топырақтық-генетикалық жоғары қабатында жеткілікті мықты жылжымалы нысанда орналасқан. Ауыр металлдардың терең концентрациясы түседі де фондыққа ауысады. Орташа биік және беткейлердің ландшфттарында Ертіс пен Үлбінің өзен аралығындағы топырақтың вертикальды профилі бойынша техногендік құрамның таралу сипаты бір тұрпатты;

2) топырақтағы ауыр металлдардың аккумуляциясын күшейтетін факторларға басым ауыр грануламетриялық құрамды (әсіресе өзен аралықтары мен террассалардың топырақтары) жатқызуға болады, құрамында 5 % -ға дейін қарашірік, топырақ ерітіндісінде сілті реакциясы бар, аздаған жауын-шашын мен топырақтың шайылмаған су режимі. Басқаша айтқанда – топырақ профилінің жоғарғы горизонтында ауыр металлдардың жинақталуы сорбциялық, сілтілік және геохимиялық булану кедергілерінің пайда болуы әсерін тигізеді;

3) Үлбі өзенінің төменгі жайылмасындағы ландшафтта орта және төменгі горизонттағы топырақ профилінде су сорындыларында, сол сияқты ацетатты-аммонилі буферде мырыштың концентрациясы шамалы артқан жерде гельдік режим байқалған, бұл осы элементтің темірдің гидроқышқыл элементімен сорбциялануына байланысты болуы мүмкін;

4) басым ауыр металлдардың суда еритін нысандары көшу үрдісінде шамалы роль атқарады. Олардың көбірек байытылған горизонттардағы салыстырмалы мөлшері жалпы құрамдағы пайыздың оннан, жүзден бір және одан да аз үлесін құрайды. Транслокациялық құрамдылығы біршама жоғары, оның кеңістіктік жағдайы топырақтың ең жоғарғы горизонттарын анықтайды, ауыр металлдардың салыстырмалы саны мына шекте ауытқып тұрады: Zn – 21,7-40,0%, Pb-12,2-55,3%, Cd – 57 % дейін.

Бәрінен бұрын, ластанған топырақтағы As жылжымалы нысанының түрлі қатынасы өзіне назар аударады: Өскемен үшін жылжымалы қосылыстардың салыстырмалы аз мөлшері тән. Мышьяктың үлкен бөлігі (50-60% дейін) профильді топырақтың төменгі горизонтында оксидтермен және А1 гидроксидімен, алюминийдің арсенатына байланысты жинақталады, және грунтты сулардың деңгейіне жетуі мүмкін;

Өскемен қаласының аумағы үшін тән қара топырақты қатардың топырақтың сіңіретін кешенінде сорбциясы өте үлкен потенциалдық сыйымдылығы бар және ауыр металлдармен ластануға өте бейімделген болып табылады. Қара топырақтың жоғарғы сорбциялық сыйымдылығы топырақтың ластаушы - элементтерден табиғи тазарту процесін және тұрақтысын қалыптастыру, геохимиялық ауытқудың техногендік полиэлементін біртіндеп күшейту және көбейту тым баяу. Осындай ауытқулардың қауіптілігі олардың экожүйеге ұзақ уақыт әсер етуінде. Бұл орайда бәрінен бұрын трофикалық тізбеде пайда болып, адамға да әсер ететін акумулятивтік эффект орнын алуы мүмкін.



Ұсынылатын әдебиеттер тізімі

Негізгі:

  1. Унифицированные методы мониторинга фонового загрязнения природной среды. Под.ред.Ф.Я.Яровицкого. М:Гидрометеоиздат, 1989.

  2. Алексеенко В.А., Алексеенко Л.П. Биосфера и жизнедеятельность. М: Логос, 2002.

  3. Ковда В.А., Керженцев А.С. Экологический мониторинг: концепция, принципы организаций 1983 г.

  4. Соколов В.Е., Базилевич Н.И. Теоретические основы и опыт экологического мониторинга.:М.Наука, 1983

  5. Ахметов Е., Кунаев М. Геоақпараттық жүйе негіздері: оқу құралы.- Алматы: Арыс, 2008.- 208б.- 1 ч.з., 9 зем.

  6. Трифонова Т.А., Мищенко Н.В., Краснощеков А.Н. Геоинформационные системы и дистанционное зондирование в экологических исследованиях. М.:Академический проект, 2005

ПӘН: «Экологиялық мониторинг»


№ 8 тақырып: Өндіріс және тұтыну қалдықтары

Мақсаты – 5В0608ОО - «Экология» мамандығындағы студенттерге қоршаған ортаның ластануын сынап бағалау, болжау т.с.с. процестерді зерттеп қана қоймай, сонымен қатар талдау жасау

Өндіріс және тұтыну қалдықтары

Өнеркәсіп қалдықтарының негізгі көлемі “Қазмырыш” АҚ пен “Қазақмыс” корпорациясының “ВостокКазмедь” үлесіне келеді. Облыстың топырақ бетінің техногендік ластануының проблемасы тұтыну қалдықтарын жинау және көму жүйелерінің әзірленбегендігі болып табылады.

Қазіргі кезде облыста өнеркәсіптік және тұрмыстық қатты қалдықтардың есебін жүргізу 3-Уытты қалдықтар қолданыстағы мемлекеттік статистика есебі болып жүзеге асырылады. Муниципиалды (өңірлік) қалдықтарды басқару қалдықтарды үюге (көмуге) арналған рұқсат беру бөлігінде тек қана Табиғи ресурстар мен қоршаған ортаны қорғау министрлігі және оның құрылымдық бөлімшелері арқылы ғана жүргізіледі.

Облыстың ірі қалалары мен кенттерінде тұрмыстық-қатты қалдықтарды жинау, пайдаға жарату және көму бойынша міндетті шешу үшін түрлі ұйымдар жұмыс істейді (жеке кәсіпорындар, коммандиттік серіктестіктер және т.б.). Бірақ қаржылай қиыншылықтарға байланысты ТҚҚ күресіндерінің аудандары іс жүзінде иесіз болып қалуда, әдетте бұл жұмыс істеп болған саз жамылғысы бар карьерлер. Полигондармен және ұйымдаспаған күресіндермен ластанған алаңдардың нақты саны және жинақталған қалдықтардың көлемі осы уақытқа дейін анықталған жоқ. Оларды анықтау үшін облыс бойынша жинақталған тұрмыстық қатты және өнеркәсіп қалдықтарына түгендеу жүргізу керек.

2006 жылы мемлекеттік статистикалық есептің деректеріне сәйкес облыстағы өнеркәсіптің қызметінің нәтижесінде 44,08 миллион тонна өнеркәсіп қалдығы жинақталған. Бұл орайда облыстың кәсіпорындарында қалдықтардың кішкентай ғана бөлігі толық зарарсыздандырылады, ал қалдықтардың қалған қатты бөлігі ұйымдасқан жинау орындарына жөнелтілді.

Тұрмыстық қатты қалдықтардың жыл сайынғы негізгі көлемдері Өскемен қаласында қалыптасады (686,452 мың тонна), Зырянда (1947,2 мың тонна), Риддерде (4923,3 мың тонна), Семейде (207,5 мың тонна). ТҚҚ пайда болуы мен жинақталуы Шемонайха – 25740,04 мың тонна (“ШҚ МХК” МАҚ мен “Ертіс ХМЗ” АҚ) және Глубокое – 122,25 мың тонна (Ертіс мыс зауыты, “Черемшанка құс фабрикасы”, “Племптица” АҚ) әкімшілік аудандарында ролі мейлінше жоғары.

Ірі қалалар мен аудандық елді мекендерде қауіптілігі ІV-V класстарға жататын тұрмыстық қатты қалдықтар ерекше экологиялық қауіп төндіреді.

Шығыс Қазақстан облысы үшін қалдықтарды пайдаға жарату және қайта өңдеу мәселесі өткір тұр, оларды пайда болуына байланысты шартты түрде мынадай санаттарға бөлуге болады:

1) тау-кен байыту кешенінің қалдықтары;

2) металлургия өндірісінің қалдықтары;

3) отын-энергетика кешенінің күл-шлак қалдықтары;

4) тұрмыстық қатты қалдықтар (ТҚҚ).

Тау-кен байыту кешенінің қалдықтары аршынды және араласқан жыныстардан, байыту фобрикаларының қалдық жинау орындарынан құралады. Олардың жыл сайынғы пайда болуы орта есеппен 20 млн. тоннаны құрайды. Бұл қалдықтар қауіптілігі ІІІ-ІV класстарға жатқызылады және ингредиенттерінің спектрі өте ауқымды (19 қосымша).

Жыл сайын көлемі 436 гектар алаңда 20 миллион тоннаға жуық металлургия өндірісінің қалдықтары үйінділерге, террикондарға, қоқыс жинақтаушыларға жинақталады. Негізгі массаны қорғасын және мыс балқыту өндірісінің шлактары мен түсті өндірістің клинкері құрайды. Шлактар мен клинкерді орнату үйінділер мен террикондарда жүргізіледі, бұл шаңмен тарап және жаңбыр мен қар суының шаюынан қоршаған ортаны ластайды. Үйінділердің көбі су қорғау аймақтарында орналасқан, бұл жер асты және жер үсті суларының ластануына жол береді (Тишинский, Шубинский кеніштері, Николаевский карьері).

“Өндіру-байыту-металлургия” өндірістік жалғасының үйінді кешенінде өндірілген кеннің түсті және бағалы металлдардың үштен бір бөлігі қалдықпен араласып кетеді, әртүрлі құрылыс материалдарының зор қоры тұралап қалуда. Қорғасынның жоғалуы 33 %, мырыш – 28 %, мыс - 21 %, алтын - 41 %, күміс - 35 % құрайды. Жалпы жоғалудың ішінде өндірген кезде 15-20 % түсті және 8-12 % бағалы металлдар жоғалады, байытқан кезде тиісінше 43-48 % және 74-75 %, металлургия кезінде 35-42 % және 14-17 % бағалы металлдар жоғалады. Байытқан кездегі жоғалу оларды кен өндірісі мен металлургиялық қайта өңдеу кезіндегіден 2-3 есе асып түседі. Бұл көптеген техногендік кен орындарының пайда болуына әкеліп соқты.

Тау-кен өндірісінің түсті, сирек, бағалы және радиоактивті металлдарының қосылған қалдықтарының қоры мейлінше ірі кен орындарының тиісті қорымен қатар тұр. Мұнымен қоса негізгі және қосарлас құрауыштарының ішінде біршама уытты қорғасын, мырыш, кадмий, сынап, мышьяк, сурьма, селен, күкірт және т.б. сияқты элементтер (олардың қосылыстары) бар. Соңғылары өндіру және қайта өңдеу үдерісінде қоймаларда жинақтала береді де, сол жерден қоршаған ортаның құрауыштарына түседі (топыраққа, суға, ауаға, биотаға). Қорғасынның ауытқуы Шемонайха, Глубокое және Зырян әкімшілік аудандарының аумақтарын қамтыған.

Осылайша, түсті және тау-кен өндіру өнеркәсібінің қалдықтарын пайдаға жарату әдістері негізінен қалдықтарды полигондарға үюмен және көмумен аяқталады. Тау-кен өндіру және металлургия өнеркәсібі кәсіпорындары жыл сайын 30 млн тоннаға жуық қалдық шығарады, ал шикізатты қайталама пайдалану мүлдем жүргізілмейді. Ластанған аумақтардың жалпы алаңы 30 мың шаршы шақырымға жетеді. Өнеркәсіптік қалдықтардың негізгі көлемі “Қазақмыс” корпорациясының “ВостокКазмедь” және «Қазмырыш» акционерлік қоғамының үлестерінде (20 қосымша).

Қауіптілігі ІV классқа жатқызылатын күл-шлак қалдықтар жанған көмірдің қалдығы. Облыстың жылыту энергетикасының ірі кәсіпорындарының өздерінің күл үйінділері бар, жалпы алаңы 127,5 га, оларда 6,5 млн. тоннаға жуық күл-шлак қалдығы жинақталады. “АЭS Өскемен ЖҚО” ЖШС, АЭS Согра ЖЭО” ЖШС ең ірі күл-шлак үйінділері өздерінің жобалық қуаттылығын сарқып болды. 2004 жылы Өскемен қаласында аумақтық қоршаған ортаны қорғау басқармасының араласуымен қолданысқа екі жаңа күл үйіндісі енгізілді. Осылайша, Өскемен қаласының өткен жүзжылдықтың 80 жылдарынан бастап келе жатқан бір экологиялық проблемасы шешілді. Шағын қазандықтарының басым көпшілігі өздерінің қалдықтарын ашық, жайластырылмаған алаңдарға жинайды, не болмаса қоқыс төгетін орынға апарады. Күл-шлак қалдықтарын екінші қайтара құрылыс материалы ретінде пайдалану құрылыс көлемінің жаппай құлдырауы мен озат технологиялардың жоқтығынан тым аз.

ТҚҚ-дың қауіптілігі ІV-V классқа жатқызылады. Облыста осы қалдықтардың барлығы бір де біреуі санитарлық-экологиялық талаптарға сәйкес келмейтін полигондарға үйіледі.

Өскемен қаласында ТҚҚ пайдаға жаратудың қолданыстағы әдісі - таулы жерде орналасқан қаланың күресініне көму (қаланың шығыс бөлігі). Күресіннің алаңы 28 га және 100 %-ға игеріліп болды. Қазіргі кезде полигонда қалдықтарды орналастыру төбесіне қарай өсіру жолымен жүргізілуде.

Семей қаласында ТҚҚ және уытсыз өнеркәсіп қалдықтарын көметін қалалық полигон жоғары тұрпатты полигондардың санатына жатқызылады және қаланың солжағалау бөлігінде орналасқан. ТҚҚ полигоны алып жатқан жер алаңы 74,9 гектарды құрайды. Тұрмыстық қалдықтарды іс жүзінде үю өнеркәсіптік қалдықтарды аралық жік ретінде пайдаланумен оқшау үйіледі.

Риддер қаласындағы тұрмыстық қатты қалдықтар полигоны 1954 жылдан бастап пайдаланылуда. Қазіргі кезде оны пайдалану табиғат қорғау заңнамасын, санитарлық талапты бұзумен жүзеге асырылуда.

Қалаларда ТҚҚ мамандандырылған полигондарға жинақталып, пайдалануға қосуды қызмет көрсететін ұйым жұмыспен қамтамасыз етсе, ал ауылдық жерлердегі барлық полигондар қалай болса солай пайда болған және иесіз.

Ауылдық елді мекендердегі шығарылатын және үйілетін ТҚҚ-дың нақты көлемін жүйелі есепке алудың жоқтығынан проблема қиындауда. Орта статистикалық деректерде қалалардың және ірі елді мекендердің полигондарының құрауыштары мынадай: жалпы көлемнен тамақ қалдықтары – 40-57%; қағаз, тоқыма, шүберек – 17-37%, сүрек қалдықтары - 4%-ға дейін, құрылыс және тұрмыстық қоқыс – 18-46%. Өздігінен ыдырайтын органикалық құрауыштарды (ағаш, картон, тамақ) пластмасса мен басқа да синтетикалық материалдар ығыстыруда. Табиғи үдеріспен ыдырау, үнемі бықсу және жиі жану және қасақана өртеу (көбінесе күресіндердің көлемін азайту мақсатында) ауаны ластаудың көзі болып табылады, ал пластик жанған кезде құрамында күкірт бар көмір сутек бөлінеді.

2004 жылы өнеркәсіп қалдықтарының көлемі 38,3 млн тоннаны құрады. Қазақстан Республикасы Статистика жөніндегі агенттігінің деректеріне сәйкес соңғы жылдары облыста кәсіпорындардың қалдықтарды пайдалануларының нәтижесінде уытты қалдықтардың пайда болу және үйілу көлемдерінің төмендеу үрдісі байқалуда.

Проблемалар мен оларды шешу жолдары. Тау-кен өндіру кәсіпорындарының үйінділері, қалдық сақтау орындары, күл үйінділері, тұрмыстық қатты қалдықтар полигондары жер үсті және жер асты сулары топырақты ластайтын ошақтар болып табылады. Барлық қалдықтар өткен жүзжылдықтың 40-60 жылдарында салынған және өзінің жобалық қуаттылықтарын сарқып болған жинақтауыштарға үйіледі.

Кәсіпорындарда өндіріс қалдықтарынан екінші қайтара шикізат алу іс жүзінде жүргізілмейді. Жалғыз “Қазмырыш” ААҚ ғана өзінің металлургиялық шлактары мен басқада қалдықтарын біршама көлемде қайта өңдеуден өткізуде. Өскемен металлургия кешенінде 1997-2003 жылдары пайда болған 1,55 млн тонна өндірістік қатты қалдықтарының 1,18 млн тоннасы (76%) қайта өңделді. Қалдықтардың 9 түрі толық көлемде екінші қайтара технологиялық процессте пайдаланылады клинкер, катализатор, Рашиг сақинасы, органикадан өңделген бұйымдар, сүзу полотносы мен суды тазарту имаратының қоқырлары. Қорғасын өндірісінің шлактары (1997 жылдан бастап құралу көлемінен 69%), ескі ғимараттар мен құрылыстардың сынған кірпіштері (28%) ішінара пайдаға жаратылады. Әк-мышьяк кегінің қалдығы ғана қайтадан өңдеусіз 2000 жылы салынған арнайы сақтау орнына, атмосфера ауасына және су ресурстарын ластауға жол бермейтіндей орналастырылады. Өскемен металлургия кешенінде үйінділік қатты қалдықтарсыз өндірістік қызметті қамтамасыз ету бойынша жұмыстар тез және нәтижелі жүргізілуде. Риддер мырыш зауытында ағымдағы клинкерді қайта өңдеу басталды. Бұрын жинақталған клинкерді қайта өңдеу үшін экологиялық және техникалық-экономикалық бағалау бойынша іс-шаралар бағдарламасы жүзеге асырылуда. Қазіргі кезде байыту қалдықтары ғана толық көлемде пайдаға жаратылмай отыр. 2003 жылдан бастап кешенді полигонда қалдықтарды жинақтағаннан гөрі пайдаға жаратуға көбірек әкетіп жатыр, бұл қолданыстағы террикондарды біртіндеп жоюға мүмкіндік береді.

“АЭS Өскемен ЖҚО”: 2004 жылдың 4 тоқсанында Опытное Поле кентінің аумағындағы № 3 күл үйіндісі қолданысқа енгізілді. Ең жоғарғы талаптарды ескере отырып күл үйіндісінің орнында және шеттерінде сүзгіге қарсы экран орнатылды, ол жер асты горизонттарына судың тиюіне жол бермейді. Қазаншұңқырдың пайдалы сыйымдылығы 2,6 миллион текше метр, ол соңғы 15 жыл бойы оны пайдалануға болады және күл-шлак қалдықтарды қауіпсіз жинақтауға жоғары деңгейде кепілдік бере алады.

2000 жылдан бастап “ҮМЗ” ААҚ–да табиғат қорғау іс-шараларының “Экология” инвестициялық бағдарламасы жүзеге асырылуда. Инвестициялық бағдарламаның маңызды тақырыптарының бірі өндірістік сұйық қалдықтарды жинақтауға арналған буландырғыш-тоғанның құрылысын салу болып табылады. Осы объектіні пайдалануға қосу ластанған суды қалдық қоймасынан жер асты суларына жібермеуге мүмкіндік береді. Құрылысқа жоспарланған шығын – 2,5 миллиард теңге. Қазаншұңқырдан алынған грунттың көлемі 4,5 млн м3 құрады, ал буландырғыш-тоғанның жалпы алаңы толтырылғаннан кейін 33 гектарға жуық болады.

Басқа магистральдық бағыт – кәсіпорынның санитарлық-қорғаныс аймағындағы радиоактивті ластану ошақтарын жою.

Жұмыс істеп болған қалдық қоймаларын көму бойынша да жұмыстар жүргізілінуде. Бірінші кезекте қатты радиоактивті қалдықтарға арналған ғимараттың құрылысы үшін 23 млн 250 мың теңге бөлінді. Бұл жұмыстар аяқталған. Кезекте – қауіптілігі 1 және 2 класты қатты қалдықтарды көмуге арналған орын.

Ірі қалалардағы сияқты облыстың барлық аудандарының елді мекендеріндегі тұрмыстық қатты қалдықтарды пайдаға жарату мәселелері баяу шешілуде. Өскемен және Семей қалаларындағы қолданыстағы тұрмыстық күресіндердің пайдалану мерзімі өткен, жаңа полигондардың жобалары әзірленбеген, қауіптілігі 1-3 класты уытты қалдықтарды көмуге арналған қалалық полигондар жоқ.


Ұсынылатын әдебиеттер тізімі

Негізгі:

  1. Ахметов Е., Кунаев М. Геоақпараттық жүйе негіздері: оқу құралы.- Алматы: Арыс, 2008.- 208б.- 1 ч.з., 9 зем.

  2. Трифонова Т.А., Мищенко Н.В., Краснощеков А.Н. Геоинформационные системы и дистанционное зондирование в экологических исследованиях. М.:Академический проект, 2005

  3. Алексеенко В.А., Алексеенко Л.П. Биосфера и жизнедеятельность. М: Логос, 2002.

  4. Ковда В.А., Керженцев А.С. Экологический мониторинг: концепция, принципы организаций 1983 г.

  5. Соколов В.Е., Базилевич Н.И. Теоретические основы и опыт экологического мониторинга.:М.Наука, 1983

ПӘН: «Экологиялық мониторинг»


№ 9 тақырып: Биоресурстардың жай-күйі
Мақсаты – 5В0608ОО - «Экология» мамандығындағы студенттерге қоршаған ортаның ластануын сынап бағалау, болжау т.с.с. процестерді зерттеп қана қоймай, сонымен қатар талдау жасау

Жоспар


    1. Биоресурстардың жай-күйі

    2. Құрғақ дала, шөлейт және шөл аймақтары

Қазақстанда ормандар өте шектеулі – республикада барлығы 4 % -ды ғана құрайды, Шығыс Қазақстан облысы орман және аңшылық шаруашылығының ресурстары бойынша ерекше орын алуда. Облыстың орман қоры 3355,0 мың гектарды құрайды. Мұнда республика орманының 70 %-ға жуығы шоғырланған. Табиғат қорғау іс-шараларын толық қаржыландырмай жануарлар мен өсімдіктер әлемін қорғауды тиісті деңгейде жүргізу мүмкін емес. Облыс ормандарының алаңы өрттің кесірінен, сондай-ақ орманды қайта қалпына келтірудің төмендігі кезінде Ертіс жағалауының теңдесі жоқ суыртпақ қарағайлы ормандарын үлкен көлемде өз бетімен аяусыз шабудан және зиянкес жәндіктердің үлкен алаңдарға жайылуынан азаюда.

Кенді Алтайдың қылқан жапырақты ормандарында бақылаусыз жүргізілетін өнеркәсіптік ағаш шабудан келтірілетін залал өсімдіктер әлеміне өз бетімен ағаш шабудан келтірілген залалдан артық болмаса кем емес. Ағаш дайындайтын ірі кәсіпорындардың банкротқа ұшырауы және жабылуы кезінде ағаш дайындаудың көп көлемі шағын ағаш дайындаушылардың үлесіне тиді, олар ағаш тасымалдайтын жолдардың құрылысын салумен айналысқан жоқ және негізінен пісіп толысқан, елді мекендер мен қолданыстағы жолдарға жақын өскен екпе ағаштарды таңдады. Бұл орайда шалғайдағы орманды алқаптардағы пісіп жетілген ағаштардың саны көбеюде.

Тау-кен металлургия кешені кәсіпорындарының қызметіне, ауыл шаруашылығының қарқынды дамуына, таудағы ормандарды өнеркәсіптік шабу, жиі болатын орман өрттері, соның ішінде ерекше қорғалатын табиғи аумақтарда, және браконьерлікке байланысты облыстың орманды алқаптарында қолайсыз экологиялық ахуал қалыптасуда.

Орманды алқаптардың биологиялық әртүрлілігін жоғалту тікелей орман өрттерімен және өнеркәсіптік масштабқа жеткен өз бетімен ағаш шабуға байланысты. Ертіс бойы, Морозов, Шыңғыстау, Катон-Қарағай, Кенді Алтай, Верх-Уба, Лениногор, Оңтүстік Алтай, Зайсан, Қалба және Өскемен негізгі орман өрттерінің аудандары болып табылады (21 қосымша).

2000 жылдан бастап 2004 жылға дейін облыстың орман қорының аумағында өрт 74 мыңнан астам гектар орманды жойды. Орман отырғызудың қолданыстағы көлемі кезінде өрттен жанып кеткен орманды алқаптарды қайта қалпына келтіру үшін ғана 100 жылдан артық уақыт керек (22, 23 қосымша).

Облыстың орманды алқаптарының экологиялық ахуалына олардың қанағаттанғысыз санитарлық жағдайы әсер етеді, әсіресе Ертіс бойының қарағайлы ормандарында.

Құрғақ дала, шөлейт және шөл аймақтары – облыстың батыс және оңтүстік бөліктеріндегі жайылымдық алқаптарда жүйесіз мал жаюдан өсімдік қабатының құлдырауы байқалады. Облыстың жайылымдық алқаптарының жалпы көлемінен (19950,9 мың га) тапталған жайылымдар 458,5 мың га (9,1%), түрлендірілгендері – 352,1 мың га (1,8%), мал жемейтін және улы өсімдіктер жайлағаны – 68,6 мың га (0,3%). Тапталған жайылымдық алқаптардың сапасының жай-күйі әсіресе өзендердің, бұлақтардың аңғарларында, мал жүктемесі жоғары елді мекендер мен мал суарылатын құдықтардың маңайында бірден нашарлап кетті. Алаңдық қатынаста жайылымдық алқаптардың құлдырауы осы үдеріспен 5-тен 8,5%-ға дейін қамтылған Бородулиха, Глубокое, Зайсан, Зырян, Катон-Қарағай және Шемонайха әкімшілік аудандарында қарқынды, бұл малды ұзақ уақыт жүйесіз жаюмен негізделеді.

Жақсы мәдени-техникалық шабындық алқаптардың 86,5% “таза” санатқа жатады, бірақ олардың өнімділігі көп емес.

Сұрақтар


    1. Биоресурстардың жай-күйі

    2. Құрғақ дала, шөлейт және шөл аймақтары

Ұсынылатын әдебиеттер тізімі

Hегізгі:

1. Минц А.А. Экономическая оценка естественных ресурсов. - М.: Мысль, 1972.

2. Экономические проблемы природопользования /ГГод ред. К. Гофмана. - М., 1985.

3. Папенов К.В. Экономика и природовользование. Учебное пособие. - М., 1997.

4. Нестеров ПМ., Нестеров А.П. Экономика природопользования и рынок. Учебник. 1997.

5. Экономика природопользования / Под ред. Т.С. Хачатурова. Учебник. - М., 1991.

6. Ревазов М.А., Лобанов Н.Я. и др. Экономика природопользования. - М., 1992.
Тәжірибелік сабақтар

№ 1 тақырып: Экологиялық мониторинг туралы түсінік


Мақсаты – 5В0608ОО - «Экология» мамандығындағы студенттерге Экологиялық мониторинг т.с.с. процестерді зерттеп қана қоймай, сонымен қатар талдау жасау

Қоршаған ортаға әсерді экологиялық мониторинг арқылы болжау негіздері. Қоршаған ортаның жалпы сипаттамасы. Қоршаған ортаның ластануы. Қоршаған ортаға әсер етуді басқару. Қоршаған ортаның сапасын бақылау. Бақылау тәсілдері. Қоршаған ортаға әсер етуді бақылау әдістері. Ақпараттық - қоршаған орта параметрлері өзгереруінің мониторингі. Алдыналу -экологиялық сараптама. Әкімшілік ескерту. Мемлекеттік экологиялык бақылау, экологиялық аудит. Жазалау заңдық, экономикалық, қаржылык әсер ету шаралары.

Қоршаған ортаның қорғаудың тарихи кезеңдері: консервативтік, табиғи ресурстык,антропоорталықтық. Экологиялық іс-әрекет түрлері және олардың өзара байланысы. Бақылау. МЭБ (мемлекеттік экологиялык бақылау), ҚЭБ (қогамдық экологиялық бақылау), ӨЭБ (өндірістік экологиялық бакылау). ҚҚМ (шығу көздері мен қалдықтар мониторингі). ЭА (экологиялық аудит).

Экологиялық мөлшерлеу. Нормативтік және нормативтік емес көрсеткіштер. Нормативтік көрсеткіщтер бекітілген құжаттар. Негізгі конвенциялар мен қаттамалар. Табиғатты қорғау нормативтері мен ережелері бекітілген негізгі заңдар. Табиғатты қорғау және табиғат ресурстық нормалар, ережелер, шешімдер, уақытша шешімдер, белгіленген тәртіптер, мемлекеттік стандарттар.

Санитарлық-гигиеналық нормативтер. Санитарлық -гигиеналық нормалаудың теориялық негіздері. Ағзалардың зиянды әсерлерге жауаптарыньщ заңдылықтары. Зиянды заттарды классификациялау принциптері. Улы заттардың қауіптілік кластары.

Өндіріс -шаруашылық нормативтері. Лимиттер. Қалдықтар. Қалдық жиналу нормативтері. Қалдықтарды орналастыру лимиті. Қоршаған орта сапасының комплекті нормативтері. Қоршаған ортаға шекті рауалы жүктеме. Су қорғау зонасы. Санитарлық қорғау зонасы.

Экожүйенің жай күйін нормалау. Санитарлық-гигиеналық және экожүйелік нормалау арасындағы өзара байланыс. Экожүйелерді нормалық және патологиялық бағалау проблемасының сандық тәсілі. Микросколиялық тәсіл. Макроскопиялық тәсіл. Дескрипторлар мен маркерлер. Табиғи экожүйелерге әсер ету мүмкіндігінің шегі. Табиғи жүйеге зиянды факторларьшың әсер рауалы деңгейі. Антропогендік салмақтар. Экожүйеге зиянды заттардың қалдықтары мен шығындыларын шығарудың шекті рауалы мөлшері. Экожүйелердің экологиялык тұрақтылығы. Экожүйелердің буферлік сыйымдылығы. Төтенше экологиялық жағдайлар зоналары. Экологиялық апат зоналары. Экологиялық қолайсыз зоналарды анықтау өлшемдері. Табиғи ортаның өзгеру багалау өлшемдері. Химиялық, физикалық және биологиялык ластаулардьщ ерекшелігі және олардың әсерін нормалау, Қоршаған орта компанентерінің сапасын нормалау. Ауа ортасының газ құрамы және негізгі. Ластаушы компаненттер. Бақылау параметрлері. Қоршаған ортаның өндірістік зиянды сәулелермен ластануы. Атмосфераның ауаның ластану мөлшерін нормалау. Ауа ортасының жай күйін бақылау әдістері мен аспаптары.

Су ортасының сапасын бақылау. Судың тудыну сапасы және негізгі ластаушы компаненттері. Бақылау параметрлері. Су сапасын нормалау. Ауыз судың сапа нормативтері. Шайынды сулардың қосылу мөлшерін нормалау. Шайынды су лимиттері. Су жұмсау лимиттері. Су ортасы сапасын бакылау әдістері мен аспаптары.

Топырақ сапасын бақылау. Экологиялық таза топырактың сипаттамасы. Топырақты ластаудың негізгі көздері мен ластаушылардың сипаттамасы. Бақылау параметрлері. Топырақ сапасын нормалау. Топырақ сапасын бақылау әдістері мен аспаптары.



Ұсынылатын әдебиеттер тізімі

  1. Унифицированные методы мониторинга фонового загрязнения природной среды. Под.ред.Ф.Я.Яровицкого. М:Гидрометеоиздат, 1989.

  2. Алексеенко В.А., Алексеенко Л.П. Биосфера и жизнедеятельность. М: Логос, 2002.

  3. Ковда В.А., Керженцев А.С. Экологический мониторинг: концепция, принципы организаций 1983 г.

  4. Соколов В.Е., Базилевич Н.И. Теоретические основы и опыт экологического мониторинга.:М.Наука, 1983

  5. Ахметов Е., Кунаев М. Геоақпараттық жүйе негіздері: оқу құралы.- Алматы: Арыс, 2008.- 208б.- 1 ч.з., 9 зем.

№ 2 тақырып: Тамақ өнімдері мен тұтыну заттардың сапасын нормалау Мақсаты – 5В0608ОО - «Экология» мамандығындағы студенттерге Экологиялық мониторинг т.б. процестерді зерттеп қана қоймай, сонымен қатар талдау жасау



Тамақ өнімдері мен тұтыну заттардың сапасын бағалау

ҚОЭЕБ - коршаған ортаға тигізелетін әсерді бағалау және экологиялық сараптама. Табиғатты пайдалануды нормалау. ҚОЭЕБ мақсаты, міндеттері және қызметтері. ҚОЭЕБ принциптері. ҚОЭЕБ мәні. ҚОЭЕБ пайдалану аумағы. ҚОЭЕБ процедураларынын этаптары. ҚОЭЕБ нәтижелерін қорытыл жазу. ҚОЭЕБ субъектілері. ҚОЭЕБ қоғамда алатын орны. Қазақстанда ҚОЭЕБ жүргізу ерекшеліктері. ҚР ҚОЭЕБ туралы заңдары. ҚОЭЕБ саласындағы дүние жүзілік тәжерибие. ҚР және алыс жақын шет елдерде ҚОЭЕБ пайдаланудың салыстырмалы сипаттамасы.

Экологиялық сараптама. Экологиялық сараптама міндеттері. Экологиялық сараптаманьщ қызметтері. Экологиялық сараптама объектілері. Экологиялық сараптама субъектілері. Экологиялық сараптама принциптері. Экологиялық саралтама түрлері: мемлекеттік экологиялық сараптама, қоғамдық мемлекеттік сараптама. Алғашқы және қайталанған сараптама. Экологиялык сараптаманың жариялалығы. Жобаға вета қою және негізгі бағыттар. Мемлекеттік экологиялық сараптама. Мемлекеттік экологиялык сараптаманың жүргізуді ұйымдастыру формалары. Мемлекеттік экологиялық экспертизаны жүргізуді ұйымдастыру. Экологиялық сараптама кезеңдері. Мемлекеттік экологиялық сараптама тапсырылатын кұжаттар мен материалдар. Мемлекеттік экологиялық сараптама қүқытары мен гарантиялары. Жүргізу уақыты және іс-эрекет уақыты. қоғамдық экологиялық сараптама. Өкілеттілігі, працедуралары, тіркелуі.

Қаржылау мәселелері. Тапсырыс берушілердің кұқықтары мең міндеттері. Келіспеушіліктердің ретгеу тәртіптері. Табиғат қорғау заңдарының бұзылу түрлері. ҚР экспертиза жургізілу ерекшеліктері. ҚР сараптама саласындағы заңдары. Экологиялық сараптама саласындағы дүние жүзіндегі тәжирибие. Қазақстандағы және алыс жақын шет елдердегі экологиялық сараптаманы пайдаланудың салыстырмалы сипаттамасы.



Ұсынылатын әдебиеттер тізімі

1. Унифицированные методы мониторинга фонового загрязнения природной среды. Под.ред.Ф.Я.Яровицкого. М:Гидрометеоиздат, 1989.

2.Алексеенко В.А., Алексеенко Л.П. Биосфера и жизнедеятельность. М: Логос, 2002.

3.Ковда В.А., Керженцев А.С. Экологический мониторинг: концепция, принципы организаций 1983 г.

4. Ахметов Е., Кунаев М. Геоақпараттық жүйе негіздері: оқу құралы.- Алматы: Арыс, 2008.- 208б.- 1 ч.з., 9 зем.

№ 3 тақырып: Экологиялық аудит. 



Мақсаты – 5В0608ОО - «Экология» мамандығындағы студенттерге Экологиялық мониторинг т.с.с. процестерді зерттеп қана қоймай, сонымен қатар талдау жасау

Экологиялық аудит түсінігі. Экологиялық аудиттің ҚОЭБ пен экологиялық сараптамадан принциптік айырмашылығы. Аудит процедураларын жүргізуді қажет ететін жағдайлар. Экологиялық аудиттің даму болашағы. Экологиялық аудит жүргізу бағыттары. Экологиялық аудиттің құрылымы мен құрамы, ұйымдастырылуы. Жүргізу қаттамасы. Экологиялық аудит жургізу кезеңдері. Іс-эрекет дайындығы. Экологиялық аудит жүргізуге қажетгі техникалық кркаттар тізімі. Экологаялық аудит жүргізу. Қорытынды баяндама дайындау, Қоршаган ортаны қорғауды басқаруды әзірленген жоспарын жасау. Жоспарда белгіленген істердің жүзеге асыруын бақылау. ҚР экологиялық аудит жұргізудің ерекшеліктері. Экологиялық аудит саласындағы заңдар. Экологиялық аудит пайдаланудьщ дүние жузілік тәжерибиесі, Қазақстандағы және алыс жақын шет елдердегі экологиялық аудитгі пайдаланудың салыстармалы сипаттамасы.



ҚР табиғат пайдалануды мөлшерлеу. Қоршаған ортаны қорғау және экологиялық қауіпсіздікті сақтау саласындағы іс-әрекеттерді, табиғат пайдалануды лицешиялау тәртіптері мен принциптері. Табиғат пайдалануды лицензиялау. Табиғат пайдалану құкығын алудың лицензиялық (руқсатгык тәртібі). Табиғат ресурстарының пайдалану шеңберіндегі рұқсаттың әртүрлілігі. Комллекстік табиғат пайдалану. Табиғат пайдаланудың комплексті лицензиялау туралы негізгі ережелері. Қоршаған ортаны қорғау және экологиялық қауіпсіздікті қамтамассыз ету саласьшдағы лицензиялау. Табиғи ресурстық лицензиялардың құқықтық мәні. табиғат пайдаланудағы келісім шарттық бастаманың дамуы.

Экологиялық сертификация түсінігі. Экологиялық сертификациялардың 14000 сериялы Халық аралық стандарттары. Стандарттау жөніндегі Халық аралык (ИСО). ИСО 14 000 стандарттары экологаялық көрсеткіштерді жақсартуға жағдай туғазатын жүйелендірілген негізі. ИСО стандарттарының бөлімдері.

Экологиялық маркетинг жүйесіндегі экологиялық қамсыздандыру мен экологиялық аудиттің ережелері мен принциптері. Экологиялық қамсыздандыру (қоршаған ортага тигізген зиянды қамсыздандыру жауапкершілігі). Қоршаған ортанын апаттық жағдайда ластау. Экологиялық қамсыздандыру жүйесі. Экологиялық камсыздандырудың негізгі кызметтері. Экологиялық қамсыздандыру жүйесінің құрамдас бөліктері, Міндетті түрде қамсыздандыру. Ерікті турде камсыздандыру. Экологиялық аудит өндірістік компания іс-эрекетінің экологиялық аспектілері туралы маркетингтік мағлұмат көзі. Экологиялық қызмет саласының қалыптасуы (аудит және қамсыздандыру).


Ұсынылатын әдебиеттер тізімі

1. Унифицированные методы мониторинга фонового загрязнения природной среды. Под.ред.Ф.Я.Яровицкого. М:Гидрометеоиздат, 1989.

2.Алексеенко В.А., Алексеенко Л.П. Биосфера и жизнедеятельность. М: Логос, 2002.

3.Ковда В.А., Керженцев А.С. Экологический мониторинг: концепция, принципы организаций 1983 г.

4.Соколов В.Е., Базилевич Н.И. Теоретические основы и опыт экологического мониторинга.:М.Наука, 1983

5. Ахметов Е., Кунаев М. Геоақпараттық жүйе негіздері: оқу құралы.- Алматы: Арыс, 2008.- 208б.- 1 ч.з., 9 зем.

№ 4 тақырып: Ластанған топырақтың мониторингі
Мақсаты – 5В0608ОО - «Экология» мамандығындағы студенттерге қоршаған ортаның ластануын сынап бағалау, болжау т.с.с. процестерді зерттеп қана қоймай, сонымен қатар талдау жасау

Ауыр металлдар, радионуклидтер, мұнай, мұнай өнімдері негізгі ластаушы заттар болып табылады. Топыраққа ауыр металлдардың табиғи түсу көздері кенді өріспен, тарату аймағымен, геохимиялық кедергілермен тікелей байланысты түсті, сирек және қымбат металлдардың қайталама литохимиялық ауытқулары болып табылады.

Топырақ қабатын негізгі ластаушы болып түсті металлургия мен тау-кен өндіру кешендерінің кәсіпорындары, ауыл шаруашылығының салалары болып табылады. 2005 жылғы 01 қаңтар бойынша 198 кәсіпорын мен ұйымдардың қызметі 12800 га алаңдағы жерлердің бұзылуына әкеліп соқты, оларды 6268 гектары қайта өңделді (49%). Облыстың топырақ қабаты мырыштың, мыстың, марганецтың, кадмийдің, қорғасынның, мышьяктың қосылыстарымен ластанған. Облыстың солтүстік-шығыс бөлігінде ластанған топыраққа жүргізілген көп жылғы тексерудің деректері бойынша Шығыс Қазақстанның   биогеохимия  провинциясы бөлінген, ол тұтас бірқатар ауыр металлдардың біршама техногендік жинақталуымен сипатталады. Ауытқу алаңдары Шемонайха, Глубокое және Зырян әкімшілік аудандарының аумақтарын қамтиды. Ластанған аумақтардың жалпы көлемі 30 мың шаршы шақырымға дейін жетеді.

Топырақтың техногендік ластануы әсіресе қалалардың аумақтарында байқалады. Өскемен, Семей, Риддер қалалары аумақтарының біршама бөліктерінің рұқсат берілген шегіндегі концентрациядан асатын ауыр металлдардың концентрациясымен ластанған, ал жинақталғандарды қосқандағы алаңы 16-дан артық, қаланың үлкен бөлігін алуда.

Қаланың қоныс аймақтары қалпына келмейтін сипаттағы топырақ қабатының антропогендік бұзылуымен урболандшафтты болып табылады. Осындай механикалық бұзылған жерлердің жалпы көлемі аумақтың жартысынан көбін алып жатыр.

Қаланың ішіндегі түрлі ландшафттардың шегінде топырақтың вертикальды профилінде техногендік құрамды жүргізуді зерделеудің нәтижесінде анықталғаны:

1) Өскемен қаласы дала ландшафттарының аймағында орналасқан, топырағының құрылуы қара топырақты профильмен сипатталады, бейтарап-әлсіз сілтілік тотықтырғышы басым. Ұзақ жылдар бойғы таулы-далалық ландшафттардағы шығу тегі техногендік ауыр металлдардың антропогендік әсер етуі қарашірігі көп және алмасу үдерісі жағынан белсенді, қуаттылығы 15-25 см. горизонттың топырақтық-генетикалық жоғары қабатында жеткілікті мықты жылжымалы нысанда орналасқан. Ауыр металлдардың терең концентрациясы түседі де фондыққа ауысады. Орташа биік және беткейлердің ландшфттарында Ертіс пен Үлбінің өзен аралығындағы топырақтың вертикальды профилі бойынша техногендік құрамның таралу сипаты бір тұрпатты;

2) топырақтағы ауыр металлдардың аккумуляциясын күшейтетін факторларға басым ауыр грануламетриялық құрамды (әсіресе өзен аралықтары мен террассалардың топырақтары) жатқызуға болады, құрамында 5 % -ға дейін қарашірік, топырақ ерітіндісінде сілті реакциясы бар, аздаған жауын-шашын мен топырақтың шайылмаған су режимі. Басқаша айтқанда – топырақ профилінің жоғарғы горизонтында ауыр металлдардың жинақталуы сорбциялық, сілтілік және геохимиялық булану кедергілерінің пайда болуы әсерін тигізеді;

3) Үлбі өзенінің төменгі жайылмасындағы ландшафтта орта және төменгі горизонттағы топырақ профилінде су сорындыларында, сол сияқты ацетатты-аммонилі буферде мырыштың концентрациясы шамалы артқан жерде гельдік режим байқалған, бұл осы элементтің темірдің гидроқышқыл элементімен сорбциялануына байланысты болуы мүмкін;

4) басым ауыр металлдардың суда еритін нысандары көшу үрдісінде шамалы роль атқарады. Олардың көбірек байытылған горизонттардағы салыстырмалы мөлшері жалпы құрамдағы пайыздың оннан, жүзден бір және одан да аз үлесін құрайды. Транслокациялық құрамдылығы біршама жоғары, оның кеңістіктік жағдайы топырақтың ең жоғарғы горизонттарын анықтайды, ауыр металлдардың салыстырмалы саны мына шекте ауытқып тұрады: Zn – 21,7-40,0%, Pb-12,2-55,3%, Cd – 57 % дейін.

Бәрінен бұрын, ластанған топырақтағы As жылжымалы нысанының түрлі қатынасы өзіне назар аударады: Өскемен үшін жылжымалы қосылыстардың салыстырмалы аз мөлшері тән. Мышьяктың үлкен бөлігі (50-60% дейін) профильді топырақтың төменгі горизонтында оксидтермен және А1 гидроксидімен, алюминийдің арсенатына байланысты жинақталады, және грунтты сулардың деңгейіне жетуі мүмкін;

Өскемен қаласының аумағы үшін тән қара топырақты қатардың топырақтың сіңіретін кешенінде сорбциясы өте үлкен потенциалдық сыйымдылығы бар және ауыр металлдармен ластануға өте бейімделген болып табылады. Қара топырақтың жоғарғы сорбциялық сыйымдылығы топырақтың ластаушы - элементтерден табиғи тазарту процесін және тұрақтысын қалыптастыру, геохимиялық ауытқудың техногендік полиэлементін біртіндеп күшейту және көбейту тым баяу. Осындай ауытқулардың қауіптілігі олардың экожүйеге ұзақ уақыт әсер етуінде. Бұл орайда бәрінен бұрын трофикалық тізбеде пайда болып, адамға да әсер ететін акумулятивтік эффект орнын алуы мүмкін.



Ұсынылатын әдебиеттер тізімі

1. Унифицированные методы мониторинга фонового загрязнения природной среды. Под.ред.Ф.Я.Яровицкого. М:Гидрометеоиздат, 1989.

2.Алексеенко В.А., Алексеенко Л.П. Биосфера и жизнедеятельность. М: Логос, 2002.

3.Ковда В.А., Керженцев А.С. Экологический мониторинг: концепция, принципы организаций 1983 г.

4.Соколов В.Е., Базилевич Н.И. Теоретические основы и опыт экологического мониторинга.:М.Наука, 1983

5. Ахметов Е., Кунаев М. Геоақпараттық жүйе негіздері: оқу құралы.- Алматы: Арыс, 2008.- 208б.- 1 ч.з., 9 зем.





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет