«Экологиялық мониторинг» пәнінің ОҚу- әдістемелік кешені



бет1/7
Дата26.06.2016
өлшемі448.5 Kb.
#158906
  1   2   3   4   5   6   7

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

СЕМЕЙ қ. ШӘКӘРІМ АТЫНДАҒЫ МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ



З деңгейлі СМЖ құжаты

ПОӘК

ПОӘК 042-18-25.1.21/03-2014

«Экологиялық мониторинг» пәнінің оқу-әдістемелік материалы

№1 басылым

11.09.2014ж.


5В0608ОО- «Экология» мамандығына арналған



«Экологиялық мониторинг» пәнінің

ОҚУ- ӘДІСТЕМЕЛІК КЕШЕНІ
ТӘЖІРИБЕЛІК ЖҰМЫСТЫРДЫ ОРЫНДАУ ТУРАЛЫ

ОҚУ- ӘДІСТЕМЕЛІК МАТЕРИАЛ




СЕМЕЙ

2014


УМКД 042-18-25.1.21/03-2014

Ред. № 1 11.09.2014 ж.

27 беттің беті



Алғы сөз
1. ҚҰРАСТЫРЫЛДЫ

Әзірлеген «Экология және қоршаған ортаны қорғау» кафедрасының доцент м.а., Жұмабеков С.Ж._____________ «О2» 09 2014ж



ГЛОССАРИЙ


Қоршаған ортаны мониторингісі - қоршаған ортадағы заттардың өсімдік пен жануарлар ағзасына әсерін бақылау, бағалау және баға беру шараларын стандартқа сүйене отырып жасауға бағытталған ғылым.

Агробиоценоз – адам қолымен жасалған және реттеліп отыратын егістіктердің тұрақсыз, жасанды экологиялық жүйесі.

Антропогенді сукцессия- адамның шаруашылық ќызметі нәтижесінде пайда болған сукцессия ( батпақты ќұрғату мен орманды кесу және олардың егістік жерлерге айналуы.

Аутэкология- физиологиялық экология, жеке организмнің қоршаған ортамен өзара қарым-қатынасын қарастыратын экологияның бөлімі.

Биогеоценоз- жер бетінің белгілі бір бөлігін алып жататын біртекті табиғи ќұбылыстардың бірлестігі.

Биоиндикатор- тіршілігі мен жағдайына қарап ортаның қасиеттері, бөгеу арқылы оларды су қоймаларына айналдыру.

Атмосфера- жермен ауырлық күші арқылы байланысқан ауа қабаты және оның тәуліктік, жылдық айналымына қатысатын массасы .

Абиогенді- тірі организмдердің қатысуынсыз жүретін процесс.

Абиотикалық факторлар- организмдерге тікелей не болмаса жанама әсер ететін бейорганикалық, өлі табиғаттың компоненттері ( климат, жарық, химиялық элементтер мен заттар, температура, қысым және ортаның қозғалысы, топырақ, т.б.).

Афтотрофтар- өздігінен қоректенетіндер, өздеріне қажетті заттарды өздері жасай алатын тірі организмдер.

Адаптация - (лат.–бейімделу)-организмнің, популяцияның, бірлестіктің сыртқы ортаның белгілі бір жағдайларына бейімделу процесі. Адаптация кезінде әдетте организмнің фенотиптік ерекшеліктерінің сапалық емес, сандық өзгірістері орын алады.

Антропогенді сукцессия- адамның шаруашылық қызметі нәтижесінде пайда болған сукцессия ( батпақты құрғату мен орманды кесу және олардың егістік жерлерге айналуы.

Аутэкология- физиологиялық экология, жеке организмнің қоршаған ортамен өзара қарым-қатынасын қарастыратын экологияның бөлімі.

Биогеоценоз- жер бетінің белгілі бір бөлігін алып жататын біртекті табиғи құбылыстардың бірлестігі.

Биоиндикатор- тіршілігі мен жағдайына қарап ортаның қасиеттері, бөгеу арқылы оларды су қоймаларына айналдыру.

Гомеостаз - организмдер немесе организмдер тобының қоршаған ортаның түрлі өзгерістерінде динамикалық тұрақты тепе-теңдігін сақтай алу қабілеті.

Геотермальды сулар - жер қойнауындағы ыстық, өздеріне тән химиялық құрамы бар сулар.

Гербицидтер - арам шөптерді жоюға қолданылатын улы химикаттар.

Гидробиология - барлық су ресурстарыда тіршілік ететін тір организмдерді зерттейтін ғылым саласы.

Гидробиосфера - Жер бетілік суларда мекендейтін тірі организмдердің тіршілік ету ортасы, биосфераның бір бөлігі.

Гидробионттар - суда тіршілік ететін организмдер.

Гидросфера - тірі организмдер мекендейтін Жердің сулы кабықшасы, барлық мұхиттар, өзендер мен көлдер теңіздер, батпақтар, су қоймалары мен бұлақтар.

Гидрохимиялық режим - судың химиялық құрамының уақыт мезгіліне байланысты өзгерістері.

Гигрофиттер - батпақты ортада тіршілік ететін организмдер.

Глобальды мониторинг - жалпы әлемдік масштабтағы биосферадагы процестер мен өзгерістерді бақылау.

"Гринпис" - ең атақты халықаралық қоғамдық экологиялық ұйым.

Гетеротрофтар- организмдер жасап шығарған дайын органикалық заттармен қоректенетін организмдер.Бұған: адам, жануарлар, кейбір өсімдіктер, көптеген бактериялар, саңырауқулақтар жатады.

Глобалды ластану- жер шарының кез келген нүктесіндегі ластану. Мысалы, атмосферанынын көміртегі оксидтерімен, күкірт, азот, пестицидтермен, әлемдік мұхиттың мұнай өнімдерімен ластануы.

Демэкология - популяциялар мен оларды қоршаған орта арасындағы қарым-қатынастарын зерттейтін экологияның бөлімі.

Деградация - қоршаған табиғи орта компоненттерінің табиғи және антропогендік факторлар әсерінен бұзылуы, жағдайының нашарлауы.

Дендрарий - ағаш тектес өсімдіктер арнайы топырақта өсірілетін территория.

Детрит - организмдердің ыдырау және бөліну өнімдері, өлі органикалық заттар.

Деструкторлар - органикалық заттармен қоректену арқылы оларды ыдырататын организмдер (редуценттер).

Десиканттар - өсімдік тамырларын жоюға қолданылатын улы химикаттар.

Дефолянттар - өсімдіктердің жапырақтарын жою үшін қолданылатын улы химикаттар.

Зоопланктон- суда тіршілік ететін консументтер.

Зооценоз - белгілі бір биоценоздағы жануарлардың қауымдастығы.

Зоофагтар - жануарлармен қоректенетін организмдер (каннибализм).

Кадастр - объектілер мен қүбылыстардың сандық және сапалық көрсеткіштері жөніндегі жүйелі түрдегі мәліметтер жинағы.

Коменсализм - белгілі ортада тіршілік ететін бір түрге жататын организмдер екінші түрге жататын организмдерді пайдалана отырып, бірге тіршілік ететін түр аралық қарым-қатынастар типі.

Консументтер - гетеротрофты организмдер (негізінен, жануарлар) басқа организмдердің өсімдіктер (өсімдік қоректі фитофагтар) мен жануарлардың (жануар қоректі зоофагтар) органикалық заттарымен қоректенетіндер.

Ксеробионттар - құрғақ ортада тіршілік ететін орга-низмдер.

Климатотоп - қоршаған ортадағы климаттық жағдайлар.

Қызыл кітап - сирек кездесетін және жоғалып кету қаупі бар жануарлар, өсімдіктер мен саңырауқүлақтардың түрлері туралы үнемі толықтырылып отыратын мәліметтер жинақталған ресми қүжат.

Қышқыл жаңбырлар - атмосфералық қалдықтардың реакция ортасының жауын, қар, түманның қүрамындағы техноғенді калдыктар әсерінен қышқылдығының қалыпты мөлшерден артуы.

Қоректік (трофикалык) тізбектер - биоценоздың әртүрлі трофикалық деңгейлердегі мүшелерінің алдыңғыларының соңғыларымен қоректенуі арқылы заттар мен энергияның тасымалдануы.

Конкуренция- бәсекелестік, белсенділік, бірдей ресурстарды қажет ететін организмдер.

Қоршаған ортаны қорғау- табиғат ресурстары мен космос кекістігін қайта өндіру мен тиімді пайдалануға бағытталған ғылыми, құқықтық, техникалыќ шараларды жиынтыѓы.

Қоршаған орта- тіршілік ету ортасы, табиғаттың барлың материалдық денелері,күштері мен құбылыстарының, заттары мен кеңістігінің жиынтығы, тірі организмдермен тікелей байланыста болатын адамның қызметі.

қышқылдық жаңбырлар- рН 5,6- дан төмен болады. Мұндай жауын- шашынның түсуі атмосфераның күкірт диоксидімен, азот оксидтерімен антропогендік ластануымен байланысты.

Қорғасын- бұл аккумуляторлар, подшипниктер, радияциядан қорғану құрал-жабдырқтары (рентген кабинеттерінің жабдықтары, радиактивті калдықтар сақтайтын контейнерлер), электр кабелінің қорғаныс қабаты, хрусталь жасайтын қоспалар.

Интродукция - өсімдіктер мен жануарлардың белгілі бір түріне жататын особьтардың тіршілік ету ареалынан баска жаңа табиғи климаттық жағдайларғаауысуы.

Ил - сулардағы минералдық және органикалық косылыстардан күралған түнба.

Импактілі мониторинг - ластаушы заттар таратушы көздерге жақын орналасқан аса қауіпті аймақтар мен орын-дарды бақылау.

Ирригация - егістікті жасанды суару - мелиорацияның бір түрі; медицинада дәрілік сұйықпен емдеу.

Ихтиология - балықтар туралы зерттейтін зоологияның саласы.

Ластану-табиғи немесе тікелей антропогендік ортға бұл тән емес физикалық, химиялық, биологиялық агенттердің әкелінуі.

Макроэкология - классикалық экологияның ең негізгі түжырымдары, адам мен табиғат арасындағы қарым-қатынастардың проблемалары туралы ілім, адам экологиясымен біріктірілген ғылыми пән.

Мелиорация - ауыл шаруашылығында пайдаланылатын жерлердің жағдайын жақсарту.

Метаболизм - организмдердегі, биологиялық жүйелердегі зат пен энергияның алмасуы.

Мониторинг - белгілі бір объектілер мен кұбылыстарды, олардың жәй-күйін үздіксіз бақылау.

Мониторинг (экологиялык) - қоршаған орта компоненттерінің сапасын, жәй-күйін бақылау.

Мутуализм - бірге тіршілік ететін организмдердің бір-біріне пайдалы әсері жағдайындағы түр аралық қарым-қатынастар типі.

Мырыш- 2/5 бөлегі болатын қорғаныс қабатын жасауға және 1/4 –і жез шцғарыға қолданылады.

Мыс- әлемдегі мыстың 1/2 бөлігі электротехникада (сым, тоңазытқыштардың жылу алмастырушылары, вакуумдық апараттар) және 40%-ы қорытпа құюда қолданылады. Мыс электр тоғын жақсы өткізеді. Оны көп жағдайда басқа металдармен қорытпа түрінде қолданады. Мыстың мырышпен қорытпасын жез деп атайды.Мыстың никельмен қорытпасын мельхиор деп атайды.

Парниктік эффект - Күннің жылу сәулелерін сіңіретін газдар мөлшерінің көбеюі нәтижесінде атмосфера температура-сының жоғарылауы.

Пестицидтер - өсімдіктер, жануарлар, ауыл шаруашылық дақылдарын басқа организмдердің- арам шөптердің (герби-цидтер), насекомдардың (инсектицидтер), саңырауқүлақтардың (фунгицидтер), т.б зиянды әсерінен қорғау үшін қолданылатын химиялық улы химикаттар.

Пирамида (экологиялык) - биоценоздардың қоректік деңгейлері - продуценттер, консументтер және редуценттердің арасындағы сапалық қатынастардың, олардың саны (сандық пирамда), биомассасы (биомасса пирамидасы) немесе энер-гиясы (энергия пирамидасы) бойынша графиктік бейнеленуі.

Поллютанттар - ортаның техногенді ластаушылары: ауада - аэропланктондар, суда- гидропланктондар, топырақта -террополлютанттар.

Популяция - генофондысы ортақ, салыстырмалы бірдей экологиялық жагдайлардағы ортаны мекендеп, бір-бірімен еркін будандасып, ұрпақ бере алатын, бір түрге жататын особьтардың жиынтығы.

Продуценттер - органикалық емес заттардан алғашқы өнім түзетін автотрофты организмдер.

Редуценттер - органикалық заттарды жай минералдық заттар: су, көмірқышқыл газы, күкіртсутек және түрлі түздарға дейін ыдырататын гетротрофты организмдер (бактериялар мен саңырауқүлақтар).

Рекультивация - бүзылған табиғи ландшафтарды қалпына келтіруге бағытталған іс-шаралар комплексі.

Нектон - сулы ортада еркін қозғалып жүзіп тіршілік ететін организмдер.

Нейстон - судың бетінде тіршілік ететін организмдер, мысалы, масалардың личинкасы.

Ноосфера - ойлаушы қабат, ақыл-ой сферасы, В.И. Вернадс-кийдің сөзімен айтқанда, биосфераның адам ақыл-ойы мен әрекеті нәтижесінде сапалық жағынан жаңа, жоғары сатыдағы даму кезеңі.

Сапрофагтар - өлі органикалық заттармен қоректенетін жануарлар (детритофагтар).

Синэкология - көп түрлі қауымдастықтар мен экожүйелер экологиясы.

Сукцессия - белгілі тіршіілік ортасындағы организмдердің түр қүрамы өзгерістерінің үздіксіз және бағытталған жүйесі.

Симбиоз - екі немесе одан кµп түрлерге жататын организмдердің бірігіп тіршілік етуі.

Смог- улы тұман, тұманның тамшылары мен шаң бөлшектерінің қосылуымен сипатталатын атмосфераның қауіпті ластануы.

Терратогендер - организмдерге әсер ету арқылы олардың үрпақтарында аномалиялар туғызатын заттар, не физикалық агенттер.

Техногенез - адамды қоршаған және табиғи ортада өзгерістер туғызатын техника мен материалдық мәдениеттің даму процесі

Тірі зат- биосфераның тірі организмдерінің жиынтығы.

Тантал - медицинада таптырмайтын металл. Оның ерекшелігі – адам организімінің дұрыс қабылдауында. Сондықтан, танталдан хирургиялық қысқыштар мен импланттар жасалады. Әрбір ұялы телефонна 6-дан 12-ге дейін (сандық камераларда 30-дан астам) конденсаторлары бар. Сонымен қатар, электр зарядын өзіне жинақтайды.

Озон қабаты - тірі организмдер үшін аса қауіпті Күннің қысқа толқынды ультракүлгін сәулелерін сіңіретін озон молекулаларының жоғары концентрациясы жинақталған атмосфера қабаты.

Озондық ойық - атмосфераның озон кабатындағы озон молекулалары жоқ аймақ.

Ойық не қуыс (экологиялык) - түрдің тіршілік етуі үшін, қауымдастықтағы басқа түрлермен байланыстарын қоса алғанда, оның тіршілік етуіне қажетті факторлар комплексі немесе белгілі бір түрдің қауымдастықтағы алатын орны.

Урбанизация - қалалардың өсуі мен дамуы, ауылдың қалаға айналуы, ауыл түрғындарының қалаларға көшуі, қоғам өмірінде қалалар ролінің артуы

Фенотип - организмдердің сыртқы белгілері мен қасиеттерінің жиынтығы.

Фитопланктон - суда тіршілік ететін өсімдіктер мен басқа да тірі организмдер.

Фитофагтар - өсімдік қоректі организмдер.

Фитоценоз - көптүрлі өсімдіктер қауымдастықтары.

Фильтраторлар - суды майда планктон организмдер мен детриттерден тазартатын суда тіршілік ететін организмдер-гидробионттар.

Фотосинтез - Күннің жарығы әсерінен жасыл өсімдіктердің хлорофилл дәндерінде атмосферадағы көмірқышқыл газы мен судан органикалық заттардың түзілуі.


ДӘРІС ТАҚЫРЫПТАРЫ

ПӘН: «Экологиялық мониторинг»


№ 1 тақырып: Мониторинг туралы түсінік
Мақсаты – 5В0608ОО - «Экология» мамандығындағы студенттерге қоршаған ортаның ластануын сынап бағалау, болжау т.с.с. процестерді зерттеп қана қоймай, сонымен қатар талдау жасау

Жоспар



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет