Қашықтықтан оқыту - ол оқу процессі кезінде осы замандық компьютерлерге және телекоммуникациялық технологияларға негізделіп дәстүрлі және инновациялық оқыту әдістерді қолданып, сырттай және күндізгі білім түрлер қатарлы білікті білім алудың ең негізгі түрі. Мысалы: e-learning технологиясы – бұл оқыту ортасы, оның көмегімен оқу үрдісін жекелеуге болады, оқытудың жылдамдығын таңдауға болады (ақпаратты қабылдаған кезде). Оқушы өзіндік жұмысты дербес компьютердің, ноутбуктың, ұялы телефонның көмегімен ұйымдастыра алады. Оқушылардың өзіндік жұмыстарының көлемін көбейту оқу үрдісін ақпараттық технологиялардың арқасында нығайтуға мүмкіндік береді. Оқушы автоматтандырылған жүйеде өзінің жеке портфолиосын, күнтізбесін, күнделігін жүргізеді. Ал мұғалім күнтізбелік-тақырыптық жоспары бар электрондық дәптерді, сынып журналын, хабарландыру қызметін толтыратын болады. - Проблемалық оқыту — оқытудың әдіс-тәсілдерін қолдана отырып, білімді шығармашылық тұрғыдан меңгеруге негізделген дидактикалық жүйе. Сабақтың проблемалық құрылымы олардың ерекше ұйымдастырылуын талап етеді, ал мұның өзі оқытудың таңдалынған әдіс-тәсілдерінен көрініс табады. Проблема қойып оқытудың нәтижелі болуының 4 негізгі шарты бар:
- - проблеманың мазмұнына қызығушылық тудыра алатындай жеткілікті мотивациямен қамтамасыз ету;
- - әрбір этапта туындап отыратын проблемалардың шама жетерліктей болуы (белгілі мен белгісіздің тепе-теңдік қарым-қатынасы);
- - шешілетін проблеманың оқушы үшін маңыздылығы;
- - педагогтың оқушымен диалогын өзара түсіністік пен сыйластыққа құру.
- Білім берудің жаңа технологиясы іс-әрекеттің жоспарланған нәтижесіне жетудің шартты тәсілі ретінде қарастырылатын жаңа әдістердің жиынтығынан тұрады. Оның дәстүрлі оқыту технологиясынан ерекшелігі мынада:
- - білім алушы тұлғаның интеллектуалды дамуы аз уақыт ішінде қабылдау дәрежесінің жоғары мөлшеріне жетуіне бағытталғандығы;
- - білім алушы мен мұғалімнің белсенділігінің сәйкес болуы;
- - мұғалім мен білім алушының өзара қарым - қатынасында жауапкершіліктің міндеттілігі.
- Бұдан шығатын қорытынды – Жаңа білім беру технологияларын оқыту-тәрбие үрдісінде қолдана отырып, біз неге үйрете аламыз?
- 1.Өз бетімен ойлауға.
- 2.Жаңа шешімдер табуға.
- 3.Ұжымдық өмір сүруге.
- 4.Шыдамды болуға.
- 5.Өзгелердің көзқарас пікірлерін тыңдай білуге.
- 6.Өзінің жеке болашағын жасақтауға.
- 7.Өз бетімен білім алуға.
|