«Экономика негіздері»



Pdf көрінісі
бет68/124
Дата18.01.2024
өлшемі1.48 Mb.
#489299
1   ...   64   65   66   67   68   69   70   71   ...   124
экономика негиздері кітап

 
3 сұрақ. 
Ұлттық шоттар жүйесі (ҰШЖ) ұлттық табысты, соңғы өнімді 
пайдалануды, қайта бөлуді, бөлуді және өндірісті сипаттайтын өзара 
үйлесімді көрсеткіштерді көрсетеді. Ұлттық шоттың негізін сыртқы 
экономикалық 
операцияның, 
мемлекеттік 
мекемелердің, 
үй 
шаруашылығы шығындарының, табыстардың, инвестициялардың 
ұлттық табыстың және ішкі өнімдердің жиынтықты шотын құрайды. 
Одан басқа, ҰШЖ-не өзіндік мәні бар, немесе шешілетін жиынтықты 
көрсеткіші бар, байланысты кесте енеді. 
Бұрынғы барлық КСРО-дағы сияқты, Қазақстан да нарық рельсіне 
көшуге дейін, халық шаруашылығы моделі санатында халық 
шаруашылығының балансы пайдаланылды (ХШБ). ҰШЖ-нің одан 
ерекшелігі ол өңдірістің материалдық тең құқықтық идеологиясына
материалдық емес қызметтер аясына, шаруашылық қызметінен тікелей 
мемлекеттік басқару бөлімінің жағдайында өз бетімен шаруашылық 
жүргізетін субъектілердің нақты экономикалық байланысында 
базаланады. Сонымен бірге, нарықтық экономиканың оз бетімен 
реттелу 
тетіктерінің 
санатында 
сұраныс 
пен 
ұсыныстың, 
бәсекелестіктің, капиталдың бір саладан екінші салаға құйылу 
тетіктері танылады. ҰШЖ - экономикалық айналымның дамыған 
моделін көрсетеді, өйткені ол оны өнімдерді өндіруден, қызметтер мен 
табыстардың пайда болуынан, қайта бөлу мен табыстарды 
пайдаланудан бастап, соңғы қаржылық нәтижелерді алға - қаржылық 
активтер мен пассивтердің өзгерістері мен сипаттамалық құрамына 
дейін бақылауға мүмкіндік береді. 
ҰШЖ-сін жақсы түсіну үшін нарықтық шаруашылық (агенттердің 
номенклатурасы) 
субъектілерінің 
жіктелімін 
және 
нарықтық 
экономиканың субъектілерінің арасындағы нарықтық операциялардың 
(операциялар номенклатурасын) жіктелімін жақсы білу қажет. 


108 
ХШБ (БНХ) мен ҰШЖ-ң (СНС) негізгі ерекшеліктері. 
ХІІІБ 
ҰШЖ 
1. Халық шаруашылығының екі 
саласының шектелуі: материалдық 
өндіріс және материалдық емес 
салалар
2. Мемлекеттік меншіктің ең 
жоғары басымдылығы. 
3. Әкімшілік - басқарушылық 
бөлу жүйесі.
4. Елдің экономикалық қызметі-
нің нәтижелерінің халықаралық 
салыстырылмайтындығы
5. Материалдық өндіріс саласын-
дағы еңбек нәтижесі ретіндегі 
«өнім»
6. Мемлекеттік баға саясатымен 
реттелетін бағалар 
1. Экономиканың барлық сала-
сының тепе-тендігі. Табыс әкелетін 
кез келген қызметті есепке алу
2. Барлық меншік нысандары-
ның қосылуы 
3. Еркін нарықтық қатынастар 
(қаржылық-ақшалық қатынастар
4. Халықаралық салыстырудың 
салыстырмалылығы
5. Өнім - кез келген экономи-
калық қызметтің түсінігінің нәти-
жесі 
6. Өнім бағаны нарықтан алады 
Шаруашылық агенттерін жіктелімдеу: 
1. Қаржылық емес кәсіпорындар немесе өндірістік фирмалар; 
2. Үй шаруашылығы; 
3. Мемлекеттік әкімшілік мекемелер; 
4. Қаржылық мекемелер және ұйымдар; 
5. Шекарадан тыс (осы елдің шекарадан тыс шаруашылық 
агенттері). 
Нарық шаруашылығындағы операциялар ауыстыру, құру немесе 
игілікті бұзу, қызмет және құқық деп аталады. Операциялар 
номенклатурасы үш үлкен топқа бөлінеді: 
1. Тауар және қызметтермен операциялар (өндіріс, инвестиция-
лар, тұтыну импорт және т.б. бойынша операциялар). 
2. Бөлу операциялары (еңбекақы, дивидендтер, әлеуметтік 
сақтандыруға төлемақылар және т.б.). 
4. Қаржылық операциялар (ақшаға қатысты активтер мен 
пассивтердің 
өзгерістері, 
бағалы 
қағаздармен, 
валютамен 
операциялар, несиелік операциялар және т.б.). 
ҰШЖ екі деңгейді көрсетеді: 
1) жинақты шоттар (ЖІӨ-нің, ұлттық табыстың, капитал 
салымдарының қаржылануын, басқа елдермен операцияларды және 
т.б. қозғалысын көрсетеді); 
2) егжей-тегжейленген шоттар (салааралық байланыстарды, 
табыс қозғалыстарын, оларды бөлу мен соңғы тұтынуын көрсетеді). 
Қазақстанның Ұлттық шотының жүйесі қазіргі уақытта өзіне мына 
шоттарды қосады: 


109 
 тауар мен қызметтер шоты; 
 өндіріс шоты; 
 табыстың пайда болу шоты; 
 алғашқы табыстарды бөлу шоты; 
табыстарды екінші бөлу шоты
 табыстарды пайдалану шоты 
 капиталмен операциялар шоты. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   64   65   66   67   68   69   70   71   ...   124




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет