«Экономика негіздері»



Pdf көрінісі
бет73/124
Дата18.01.2024
өлшемі1.48 Mb.
#489299
1   ...   69   70   71   72   73   74   75   76   ...   124
экономика негиздері кітап

 
2 сұрақ. 
Өндірістің тұрақты жаңалану процесін ұдайы өндіріс дейміз. Ұдайы 
өндіріс жай және ұлғаймалы болады. Өндірістің жыл сайын өзгеріссіз 
ауқымды жаңару процесін жәй өндіріс дейміз. Өндірістің жыл сайын 
көбірек ұлғаймалы ауқымды жаңаруын ұлғаймалы өндіріс дейміз. 
Қосымша құнның капиталға айналуы капиталдың қорлануын көрсетеді. 
Капитал қорлануының факторлары: 
- қосымша құнның нормасы; 
- қызмет атқаратын капитал мөлшері; 
- еңбек өнімділігінің артуы
- қосымша құн бөлігінің қорлануы және тұтыну арасындағы 
пропорция. 
Капиталдың қорлану процесі екі түрде жүзеге асады: 
1. Капиталдың шоғырлануы; 
2. Капиталдың орталықтануы 
Капиталдың орталықтануы- бұл қосымша құнның есебінен капитал 
мөлшерінің өсуі. 
Капиталдың орталықтануы дегеніміз бірнеше капиталдың бірігуі 
жолымен іріленуі процесін айтамыз. 
Өндірістің шоғырлануы дегеніміз ірі кәсіпорында барынша өндіріс 
құрал жабдығын. Жұмыс күшін және өнімді шығаруды бір қолға 
жұмылдыруын айтамыз. Күрделі қаржы (инвестиция) - бұл жаңа 


115 
құрылысқа, жабдықтауға, жұмыс жасап тұрған кәсіпорынды ұлғайтумен 
техникалық қайта жабдықтауға, тұрғын-үй, мәдени тұрмыстық құрылысқа 
кеткен шығындар. «Инвестиция» немістің «invesition» деген сөзі және бұл 
кәсіпорынға (фирма) пайда табу мақсатында ұзақ мерзімге салынған 
капитал мөлшерін көрсетеді. 
Инвестиция теориясын ағылшын экономисі Дж.Кейнс өзінің 
«Еңбекпен қамту, пайыз және ақшаның жалпы теориясы» (1936) еңбегінде 
қарастырады. 
Инвестиция тиімділігінің артуы дегеніміз ең аз инвестиция 
мөлшерімен нәтижесі бір өнімге деген инвестициянының жеке үлесінің 
азаюында қоғам үшін қажетті прогрессивті өнімді шығаруды айтамыз. 
3 сұрақ. 
Сонымен капитал өз қозғалысында қалыпты жағдайда үш сатымен үш 
түрге ие болады: ақшалай, өнімділік, тауарлы. Капиталдың қалыпты 
жағдайы бір функционалды түрден басқасына ауысуы және оның бастапқы 
түріне оралуы капиталдың шеңбер айналымы дейміз. 
Капитал өз қозғалысында өндіріс сатысында және екі айналыс 
сатысынан өтеді. Ол өз айналымын белгілі уақыт кезеңінде жасайды. 
Капитал шеңбер айналымының жеке акті ретінде емес, кезеңдік 
процеспен айналуын капитал айналымы дейміз. Барлық авансталған 
капиталдың осы мерзімде өндіріс пен айналыс сатысын өткізген жиынтық 
уақыты-капиталдың айналым уақытын құрайды. 
Негізгі капитал өнімді капиталдың бір бөлігі болып табылады. Әдетте 
ол жабдықтар, машина, станок, үйлер мен алып құрылыстың құнына еніп 
кетеді. 
Табиғи тозу өндіріс процесінің әсерінен ғана болып қоймайды, оған 
табиғат күшіде әсер етеді; тозады, ірі үйлер құлайды. Ал, моралдық 
тозудың екі түрі бар: 
1. бұрынғы конструкциядағыдай машинаның пайда болуы, бірақ одан 
арзандау; 
2. бұрынғы конструкциядағыдай машинаның пайда болуы, бірақ одан 
өнімділеу және үнемділеу. 
Амортизиациялық төлемдер өнімнің өндірістік шығындарына енеді 
және оның өткерілуінен кейін кәсіпорын есебінде ақшалай қор түрінде 
қорланып, амортизациялық қорды құрайды. Амортизациялық қор негізгі 
капиталды толық қалпына келтіруінде немесе жөндеу процесінде оның 
бөлшегінің қалпына келтіруінде қолданылады. 
Негізгі капиталдың басқа айналмалы капитал бар. Ол шикізат, жанар-
май, қосымша материалда, электроэнергияда және жұмыс күшіне енгізіледі 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   69   70   71   72   73   74   75   76   ...   124




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет