«Экономика негіздері»



Pdf көрінісі
бет16/124
Дата18.01.2024
өлшемі1.48 Mb.
#489299
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   124
экономика негиздері кітап

2 сұрақ 
Экономикалық теорияның дамуындағы екінші кезең 
— 
классикалық саяси экономия (XVIII ғ.). Ол физиократтар мен Адам 
Смит (1723-1790) – және Давид Рикардоның (1772-1823) мектептеріне 
бөлінеді. Физиократтардың меркантиллистерден ерекшелігі, олар 


22 
қоғамның байлық көзі - пайда түсіруші айналым емес, өндіріс деп, 
бірақ, олар өндірісті өте тар ұғымда - тек ауыл шаруашылығы 
көлемінде ғана түсіндірді. Олардың негізгі өкілдері - француз 
экономисі Франсуа Кенэ (1694-1774) және Анн Роберт Жак Тюрго 
(1727-1781). 
Экономикалық теорияның келесі даму кезеңінде Адам Смит пен 
Давид Рикардо өздерінің зерттеулерін жалпы өндіріс саласына 
ауыстырып, ал ауыл шаруашылығын соңғының бір саласы ретінде 
қарастырды. Олар қоғамның байлығының өсуінің бірінші жағдайы 
еркін және бәсекелестікке қабілетті нарық экономикасы деген 
классикалық анықтама қабылдады 
Классикалық саяси экономиканың басты жетістігі сол, ол құнның 
негізгі еңбектік теориясының негізін қалады. А.Смит тауардың құны, 
оны жасауға кеткен еңбекпен анықталатынын дәлелдеді. А.Смиттің ең 
ұлы еңбегі - ол нарықтың қоғамдық шаруашылықты ұйымдастырудың 
күрделі жүйесі екенін алғаш ғылыми ашуында болып саналады. Ол 
оған «көрінбейтін қол» деген бейнелі ат тағып, барлық экономикалық 
агенттерді көрінбейтін басқарушы ретінде көрсетті. 
Экономикалық 
теорияның барлық тарихи жолында оны 
идеологияландыру мәселелері тұрды. Меркантилистер көпестердің 
мүдделерін көрсетсе, классиктер - жаңа туындап келе жатқан 
капиталистердің мүдделерін қорғады. Экономикалық теорияны ең 
ашық идеологияландырған марксистер болды. Олар өздерінің 
теориялық көзқарастарында жұмысшылар тобының мүдделерін ашық 
қорғады. Сондықтан олардың экономикалық ғылымын жұмысшы 
тобының саяси экономикасы деп атайды. Олардың теориясының басты 
жорамалы - өндіріс құралдарына қоғамдық меншік пен жұмысшылар 
мүддесі 
негізінде 
барлық 
экономикаға 
орталықтандырылған 
жоспарлау басшылығын орнату болатын. 
Қазіргі заманғы экономикалық ғылым негізгі екі бағытта жүреді: 
 неоклассикалық; 
 кейнсиандық.
Бірінші бағыт XIX ғасырдың 70-жылдарында пайда болды. Оның 
ең көрнекті негізін қалаушылардың бірі - Альфред Маршал (1842-
1924) болды. Неоклассикалық доктрина XX ғасырдың 30-жылдарына 
дейін кең тарады, бірақ оны ағылшын экономисі Джон Меинард 
Кейнстің 
(1883-1946) 
атымен 
аталған 
экономикалық 
ағым 
(кейнсиандық) «ығыстырып» шығарды. 1929-1933 ж.ж Ұлы 
депрессиядан кейін, экономикалық тұрақтылықты қамтамасыз етуге 
нарық қабілетті емес екенін, әлеуметтік мәселелердің дұрыс шешілуін 
мемлекеттік реттеу қажет екенін көрсетті. Неоклассиктер мен 
кейнсиандықтардың арасындағы айтыстағы түйінді мәселе - 
мемлекеттің экономикадағы рөлі болды. Неоклассикалық бағытты 
қолдаушылар экономиканы тиімді дамыту үшін, экономикаға 
мемлекеттің араласуы шектелуі тиісті деп есептеді. Кейнсиандықтар 


23 
керісінше, нарық экономикасын мемлекеттің бақылауымен және 
макрореттеудің белсенді көмегімен үдерісті дамытуға болады деп 
есептеді. 
«Экономикалық теория», «саяси экономия», «экономикс» 
курстарының пәнін анықтай отырып, олардың әртүрлілігін еске алу 
қажет. 
Экономикалық теория әлемдегі шектелген ресурстардағы 
адамдардың экономикалық тәртіптерін, өндірістер қатынастарының 
экономикалық 
жүйесін, 
бөлуді, 
айырбастауды, 
материалдық 
жетістіктердің және адам қоғамының барлық даму сатысындағы 
қызметтерді зерттейді. Саяси экономия - бұл таптық ғылым. 
Ол белгілі бір таптың мүддесін қорғайтын экономикалық 
қатынастарды зерттейді. «Экономикс» түсінігі экономикалық ғылымда 
«экономикалық 
теория» 
түсінігімен 
жақын, 
бірақ 
нарық 
шаруашылығын зерттейтін бұл ғылым, яғни, мұнда зерттеу объектісі 
тек нарық жүйесіне тіреледі. 
Экономикалық теория курсында экономикалық қатынастардың 
келесі логикалық оқыту жүйесі ұсынылады. Бірінші бөлімде пәннің 
жалпы мәселелері, курстың әдісі, дәлелдемесі және адамның 
экономикалық қызметінің тұтас міндеттері, сондай-ақ, қоғамдық 
өндірістің негіздері қарастырылады. 
Екінші бөлім экономиканың қызметінің іргелі мәселелеріне, оның 
ішінде 
меншіктерге, 
қоғамдық 
шаруашылықтың 
түрлеріне, 
экономикалық жүйенің негізгі түрлеріне арналған; онда нарықтық 
шаруашылыққа жалпы сипаттама, сұраныс теориясының негізі, 
ұсыныстар беріледі және қоғамның дамуының кезеңдеріне негізгі 
көзқарастар қарастырылады. 
Үшінші бөлімде микроэкономика талданады - кәсіпорынның 
қызметіне 
байланысты 
қатынастар 
жүйесі, 
сондай-ақ, 
жеке 
өндірушінің заңдылықтары мен мәні қарастырылады. 
Төртінші бөлім - макроэкономика. Ұлттық экономика деңгейіндегі 
өндіріс мәселелері қарастырылады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   124




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет