«Экономика негіздері»



Pdf көрінісі
бет19/124
Дата18.01.2024
өлшемі1.48 Mb.
#489299
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   124
экономика негиздері кітап

Дәріс 
1 сұрақ.
Әлеуметтік қатынастар немесе меншік бойынша қатынастар 
өндірістің кез келген әдісінің басты өндірістік қатынастары болып 
табылады. Олар өндірістің заттық факторлары мен жеке бірігу әдісін 
сипаттайды және бөлудің, айырбастаудың және тұтынудың 
қатынастарын 
анықтайды. 
Қоғамдық 
қатынастар 
жүйесіндегі 
меншіктің рөлі мен орнын келесі жағдайлар анықтайды: 
 меншік-қоғамдық қатынастар жүйесіндегі іргетас болып 
табылады; 
 меншік қоғамның жағдайын анықтайды; 
 меншік өз нысанында айырбастаудың екі жолына ие; 
 эволюциялық және революциялық; 
 меншіктің барлық нысандары өзара байланысты және өзара іс-
қимылда; 
 меншік тарихи дамудың нәтижесі болып табылады. 
Меншік - бұл адамдардың белгілі бір материалдық игіліктерге ие 
болудағы қатынастары. Меншіктің экономикалық мәні өндіріс, 
айырбас, бөлу және тұтыну қатынастарын өзіне қосатын, өндіріс 
қатынастарының жиынтығы арқылы көрінеді. Меншіктің заңдық мәні 
меншік иесінің құқығы арқылы көрінеді.
Экономикалық әдебиетте меншік құқығының келесі көрінісі 
анықталады: 
 ие болу құқығы, яғни, игіліктерге тікелей физикалық бақылау 
құқығы; 
 пайдалану құқығы, яғни, игіліктің пайдалы қасиеттерін өзің 
үшін пайдалану құқығы; 
 басқару құқығы, яғни, игілікті пайдалануды кім және қалай 
қамтамасыз етуін шешу құқығы; 
 табысқа құқық, яғни, игілікті пайдалану нәтижесіне ие болу 
кұқығы; 
 тәуелсіздік құқығы, яғни, иесіздендіру, тұтыну, өзгерту және 
игілікті құрту құқығы; 
 қауіпсіздік құқығы, яғни, игіліктен күштеп айырудан қорғау 
және сыртқы орта зиянынан қорғау құқығы; 
 игілікті мұрагерлікке беру кұқығы; 
 игілікке мерзімсіз ие болу құқығы; 
 сыртқы ортаға зиян келтіретін әдістерді пайдалануға тыйым 
салу; 


27 
 төлетіп алу түріндегі жауаптылыққа құқық, яғни, қарызды 
төлеу үшін игілікті өндіріп алу мүмкіндігі; 
 қалдық сипаттағы құқық, яғни, өкілдік құқығын қалпына 
келтіруді қамтамасыз ететін институттар мен реттемелердің 
өмір сүрудің құқығы 
Меншіктің басты мәнін анықтаушы иемдену болып табылады. 
Иемдену экономикалықпен қатар, күштеу немесе заңды әдістермен 
меншіктегі объектіні субъектімен басқа субъектіден иесіздендіру 
болып табылады. Иемдену санатын зерттей отырып, еңбек жолымен, 
өндіріс кезінде жүзеге асатын акт ретінде және сұрау ретінде 
көрсетуге болады. 
Меншіктің субъектісі - меншік объектісіне ие болу құқығы бар 
және мүмкіндігі бар, меншік қатынастарының белсенді жағы. 
Меншік объектісі - табиғат заттары, заттықтар, энергия, мүліктер, 
ақпараттар және т.б. түріндегі меншік қатынастарының енжарлық 
жағы. Субъектісі мен объектісі арасындағы байланыс бір уақытта 
заңдық, құқықтық жэне экономикалық санаттарды көрсететін, ие болу, 
пайдалану, нұсқау беру және жауаптылық қатынастарын ұсынады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   124




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет