53
жіктеледі, олар бұл қызметің түрлері мен формаларын сипаттау және
бөлу қажет.
Дәріс
1 сұрақ.
Кәсіпкерлік - бұл табыс алуға
бағытталған және тәуекелмен
байланысты шаруашылықтық қызмет.
Кәсіпкерлік французша «делдал» дегенді білдіреді. Р.Кантильон
кәсіпкер терминін арзанға сатып алып, қымбатқа сататын қабілеті бар
адамдарды атауға бірінші рет қолданған. Р.Кантильонның түсінігінде
кәсіпкер алдағыны көре білетін ерекше қабілеті бар, тәуекелге
баратын, қабылданған шешімге толық жауапкершілікті өзіне алатын
ерекше субъект болды.
Адам Смит кәсіпкер ретінде,
кәсіпорынның меншік иесін,
кәсіпкерлік қызметтің мақсатын — кәсіпкерлік табыс алу деп түсінді.
Ж.Б.Сэйдің А.Смиттен айырмашылығы кәсіпкердің негізгі
қызметін пайда түсіру емес, күнделікті шаруашылық қызметі аясында
ұдайы өндірісті ұйымдастыру мен басқару деп түсіндірді.
Кәсіпкерліктің жаңартпашыл түсінігін Й.Шумпетер берді.
Онымен жаңартпашылдық өндірісте пайдаланылатын, өндіріске
еңгізілетін жаңа технология
мен жаңа шикізатты өнімдерді, жаңа
көздер
мен
жеткізілім
нысандарын,
еңбек
пен
өндірісті
ұйымдастырудағы жаңа нысандарды игеру жаңа техникалық
жаңалықтың ашылуы ретінде түсіндірілді. Й.Шумпетер кәсіпкерлікті
жаңартпалықпен теңестіреді. Кәсіпкердің меншік иесі болуы міндетті
емес, мұндай санатта менеджер де жұмыс істей алады.
А.Тюнен кәсіпкерді жоспарланбаған табыстан үмітті, ерекше
қабілеттердің иесі деп сипаттайды.
Кәсіпкерліктің өмір сүруі мен
дамуының негізгі жағдайлары
болып табылатындар:
өндіріс құралына және қызметтің соңғы өніміне меншік,
сондай-ақ
экономикалық
игіліктерге
меншікті
беру
және
алу құқығы;
келісімшартпен, бірігумен, кәсіптік және тұтынушылық
таңдаумен еркін шаруашылық кызметін жүргізуді болжамдайтын,
шаруашылық субъектісінің жеке автономиясы (немесе
салыстырмалы
жекеленуі);
айырбас
нысанының
дамуы,
яғни,
тауарлық-ақшалай
қатынастардың болуы, оның ішінде еңбекті еркін сатып алу және
сатудың болуы.
Кәсіпкерліктің сипатты белгілері:
Субъектіде шаруашылық қызметінің түрін таңдау, өндірістік
бағдарламаны қалыптастыру, қаржыландыру
көзін таңдау бойынша
және ресурстарға қол жеткізу, өнімдерді өткізу, оларға баға қою,
табысқа ие болу бойынша белгілі бір еркіндік пен құқықтың болуы.
54
Кәсіпкерлік қабылданған шешімдерге,
оның нәтижелеріне, оған
байланысты тәуекелге жауаптылықты қарастырады. Табыс алу мен
коммерциялық жетістіктерге жетуге бағдар. Меншіктің, яғни
кәсіпкерлік меншіктің тұрпаттары, түрлері және нысандарының
көптүрлілігі
Достарыңызбен бөлісу: