«Экономика секторларының және төлемдер белгілеу кодтарын қолдану және төлемдер бойынша оларға сәйкес мәліметтер ұсыну қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасы 1999 жылғы 15 қарашадағы №388 Қаулысы



бет6/7
Дата13.06.2016
өлшемі0.67 Mb.
#131471
1   2   3   4   5   6   7
Ескерту:

 

Төлем мақсатының әрбір кодына (бұдан әрі - код) сәйкес келетін бірінші атауы негізгі болып табылады.



Туынды қаржы құралдарымен операциялар негізгі активтің тиісті бөлімінің коды қойылған қаржылық мәміле жүзеге асырылатын түріне қарай кодталады.

 

0-бөлім - «Зейнетақы төлемдері және жәрдемақылар»

 

Бұл бөлімге ортақ, жинақтаушы және әлеуметтік сақтандыру жүйелері бойынша кодтар кіргізілді. Зейнетақы және жәрдемақы төлемдері, зейнетақы және жәрдемақы сомаларын қайтару, міндетті, ерікті және ерікті кәсіби зейнетақы жарналарын аудару, жинақтаушы зейнетақы қорларының арасындағы төлемдерді аудару, әлеуметтік сақтандыру бойынша төленетін төлемдер.

Мемлекеттік жинақтаушы зейнетақы қорының зейнетақы жинақтары бойынша кредиторлық берешегін өтеуі - «МЖЗҚ» акционерлік қоғамының зейнетақы жинақтарының төлемдері мен аударымдарын «МЖЗҚ» акционерлік қоғамына бұрынғы аударылған сомалардың қайтарылу себептері анықталғаннан кейін салымшыларға қайта аударуы. Бұл төлем белгілеу кодын тек қана «МЖЗҚ» акционерлік қоғамы пайдаланады. «Мемлекеттік жинақтаушы зейнетақы қоры» акционерлік қоғамы.

 

1-бөлім - «Арнайы аударымдар»



 

Емделуге және білімге арналған өтеусіз аударымдар - бенефициардың өзі медициналық және білім беру қызметін көрсетуші («Қызмет көрсету» бөлімінде көзделген) болып табылмайтын жағдайда, оның бұдан былай білімге және емделуге пайдалануына арналған өтеусіз аударымдар.

Филиалдар мен өкілдіктерді қаржыландыру және филиалдар мен өкілдіктердің қаражаттарын қайтару - тек қана бас ұйым мен оның заңды тұлға болып табылмайтын бөлімшелерінің арасындағы аударымдар.

Банктердің корреспонденттік шоттары бойынша транзиттік аударымдар» кодын делдал банк қояды. Транзиттік төлемді алған кезде бенефициар банкі бұдан әрі мәліметтерді ұсыну үшін мәмілелерге сәйкес келетін экономика секторларының және төлемдер белгілеу кодтарын қояды. Бенефициар банкі осы төлемнің қажетті деректемелерін клиенттер арасындағы, сатылған тауарлар мен көрсетілген қызметтер үшін ақы төленетін шарт негізінде қояды.

Аккредитив бойынша операция - эмитент банктің аккредитив бойынша міндеттемелерді қамтамасыз етуге салынатын ақша сомасын (өтемді) бұйрық беруші клиенттің шотынан осы банктің шотына аударуы (аккредитивті орындаудың сыйақы сомасын аударуды қоспағанда), аккредитив кері қайтарып алынғанда, ақшаны қайтаруы. Аккредитивтер бойынша операцияларды жүзеге асырған кезде бенифициардың шотына эмитент банктің ақша аударуы төлемнің белгіленуіне байланысты кодталады, оның ішінде:

1) Эмитент банктің аккредитивтің қолданылу мерзіміне оның басқаруына берілген аккредитивтің сомасына осы ақшаны аккредитив бойынша төлеу үшін пайдалану ықтималдығы шартымен аккредитив бойынша ақшамен ақы төлеу (орны жабылған аккредитивтерде);

2) Клиенттің ағымдағы шотынан резиденттің немесе резидент еместің пайдасына аккредитив бойынша ақы төлеу (орны жабылмаған аккредитивтерде);

3) «Құжаттандырылған операциялар бойынша дебиторлар» шотынан банктің меншікті қаражатынан аккредитив бойынша ақы төлеу (орны жабылмаған аккредитивтерде ақы төлеу кезінде клиенттің шотында ақшасы болмаған жағдайда);

4) Резидент банктің корреспонденттік шотына резидент емес банктің ақша аударуы.

Кепілдік бойынша операциялар - эмитент банктің бұйрық беруші клиенттің шотынан осы банктің шотына кепілдік бойынша міндеттемелерді қамтамасыз етуге ақша сомасын аударуы (кепілдік бойынша сыйақы сомасын аударуды қоспағанда), кепілдік жойылған жағдайда ақшаны қайтаруы. Кепілдік жағдайы басталған кезде кепіл-банктің клиентке ақша аударуы төлем белгілеуге байланысты кодталады.

 

2-бөлім - «Шетел валютасымен және қымбат металдармен операциялар»

 

Сатып алу - теңгеге шетел валютасын және қымбат металдарды сатып алу, оған қоса, алдын ала ақы төлеу.

Басқа төлемдерге сондай-ақ тазартылған қымбат металдардағы металл шоттар бойынша сыйақы орналастыруға, өтеуге және есептеуге байланысты операциялар да кіреді.

 

3-бөлім - «Салымдар (депозиттер)»

 

Бөлімге тауарлар, қызмет көрсету және басқалар үшін өзге тұлғаларға төлемдер кірмейді.

Талап ету салымдарға (депозиттерге), шартты және мерзімді жинақ салымдарындағы ақшаны қоспағанда, банктердің және олардың клиенттерінің банктік шоттардағы ақшасы кіреді.

Төлем бастамашысында қолма-қол ақшаны банк шотына есептеу және банк шотынан алу көздері мен мақсаттары туралы ақпарат болған кезде төлем белгілеуге сәйкес келетін код көрсетіледі. Бұл ақпарат болмаған кезде 311 және 321 кодтар қойылады.

 

4-бөлім - «Заемдар»

 

Жеке төлем құжатымен ресімделмеген жағдайда, қарызды өтеуге сондай-ақ өзге де ілеспе төлемдерді (оның ішінде: қызмет көрсететін банкке комиссиялық сыйақы) қамтиды.

Басқа заемдар - мерзімсіз заемдар және заемдардың көзделмеген басқа да түрлері.

 

5, 6-бөлімдер - «Бағалы қағаздар»

 

Резидент емеске бағалы қағаздарды сатуды мәмілеге қатысушы резидент осы бағалы қағаздарды резидент еместің сатып алуы ретінде кодтайды.

«Басқа мемлекеттік емес бағалы қағаздарға», акцияларды қоспағанда, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес осындай деп танылған бағалы қағаздар жатады.

 

7-бөлім - «Тауарлар және материалдық емес активтер»

 

Бұл бөлімге «Шетел валютасы және қымбат металдар» бөліміне жатқызылған қымбат металдар кірмейді.

Тауарлар үшін төлемдерге сондай-ақ алдын ала төлем (аванстық төлемдер) кіреді.

Өндірілмеген қаржылық емес активтерді сатып алуға мыналар кіреді:

1) тауарлар өндіру және қызмет көрсету үшін пайдаланылатын материалдық активтер, алайда олар өндіріс нәтижесі болып табылмайды;

2) меншікке сатып алынған материалдық емес активтер (патенттер, бағдарламалық қамтамасыз ету, гудвилл және тағы басқалар).

Материалдық емес активтерді пайдалану құқығын алу «Роялти және лицензиялық төлемдер» коды бойынша көрсетіледі.

Үйлерді және ғимараттарды (құрылыс қызметін көрсетуге кіретін) жөндеуді және компьютерлерді (компьютерлік және ақпараттық қызмет көрсетуге кіретін) жөндеуді қоспағанда, тауарларды жөндеуге кез келген тауарларды (күрделі және ағымдағы) жөндеу құны кіреді.

 

8-бөлім - «Қызмет көрсету»

 

Бұл бөлімде қызмет көрсетудің жекелеген түрлері «Экономикалық қызметтің түрлері бойынша өнімнің жіктеушісі (ЭҚТӨЖ)» ҚР МЖ 04-99 Қазақстан Республикасының мемлекеттік жіктеушісі ескеріле отырып баяндалған.

Ұсынылған қызмет үшін төлемдерге сондай-ақ алдын ала төлем (аванстық төлемдер) кіреді.

Көлік қызметін көрсетуге көліктің барлық түрлерімен тасымалдау кіреді: әуе көлігі, теміржол көлігі және көліктің басқа да түрлері (теңіз, автомобиль, құбыр және әуе және тағы да басқалары). Көлік қызметін көрсетуге жүк тасымалы, жолаушы тасымалы, сондай-ақ басқа да (ілеспе және қосымша) көлік қызметін көрсету жатады. Басқа да көлік қызметін көрсету (көліктің барлық түрлері үшін) - айлақ алымдары, жүкті тиеу-түсіру жұмыстары, сақтау және қойма қызметі, навигациялық қызмет көрсету, автомобиль тұрақтарының қызмет көрсетуі және басқалары, сондай-ақ жүк және жолаушы тасымалына байланысты комиссиялық алымдар және агенттік қызмет көрсетуге ақы төлеу. Көлік түрлері бойынша басқа да көлік қызметін бөліп көрсету мүмкін болмағанда 819 кодты қолданған жөн.

Құрылыс қызметін көрсету - құрылыс объектілерін салу және құрал-жабдықтарды құрастыру, сондай-ақ үйлер мен ғимараттарды жөндеу. Объектілерді салған кезде сатып алынатын және пайдаланылатын тауарлардың құны «Құрылыс қызметін көрсету» коды есепке алынады.

Сақтандыру қызметін көрсету - сақтандыру ұйымдары жүзеге асыратын сақтандырудың барлық түрлері, сондай-ақ қайта сақтандыру бойынша қызмет көрсету.

Байланыс (телекоммуникациялық) қызметін көрсетуге телефон, радио, телевидение және басқалар арқылы дыбысты беру, бейнені көрсету кіретін болса, ал енді радио- және телебағдарламаларды жасау және тарату 869 коды бойынша көрсетіледі.

Коммуналдық қызмет көрсету - жеке тұлғалардың, оның ішінде тұратын жерінде жеке кәсіпкерлікпен айналысатын тұтынушылардың коммуналдық қызмет көрсетуге төлемдері. Жеке тұлғалар, оның ішінде тұратын жерінде жеке кәсіпкерлікпен шұғылданатын тұтынушылар коммуналдық қызмет көрсетуге ақы төлеген кезде коммуналдық қызмет көрсетуге ақы төлеуге арналған түбіртекке код қоймайды. Заңды тұлғалар электр энергиясын, газды және суды пайдаланғаны үшін ақы төлеген кезде «Тауар үшін төлемдер» 710 коды қойылады.

 

9-бөлім - «Бюджетке төлемдер және бюджеттен төлеу



 

Бұл бөлімге мемлекеттік бюджетке төлемдер және мемлекеттік бюджеттен төлемдерді қайтару бойынша (зейнетақылар мен жәрдемақыларды қоспағанда) кодтары кіреді.

911-код 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Бюджет кодексінде және «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» 2008 жылғы 10 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Кодексінде (Салық Кодексі) көзделген есептелген (есептеп шығарылған) және өзге де бюджетке міндеттемелерді аударған кезде қойылады. Оған мемлекеттік кіріс органдары тексерулердің нәтижелері бойынша бюджетке міндеттемелер бойынша, салық төлеу мерзімдері өзгергенде (ұзартылғанда), камералдық бақылау нәтижелері бойынша бюджетке міндеттемелер бойынша төленетін сомалар жатпайды.

912-код салықтарды, бюджетке төленетін міндетті және өзге де төлемдердің мерзімдерін бұзғаны үшін бюджетке міндеттемелер бойынша өсімпұлдың есептелген сомасын төлеген кезде қойылады. Оған мемлекеттік кіріс органдары тексерулердің нәтижелері бойынша есептелген, салық төлеу мерзімдері өзгерген (ұзартылған) кезде есептелген, камералдық бақылау нәтижелері бойынша есептелген өсімпұл сомалары жатпайды.

913-код 2014 жылғы 5 шілдедегі Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы Қазақстан Республикасының Кодексіне сәйкес есептелген әкімшілік құқық бұзушылық үшін салынатын айыппұл сомаларын төлеген кезде қойылады. Оған мемлекеттік кіріс органдары тексерулердің нәтижелері бойынша салынатын; салықтарды төлеу мерзімдері ұзартылғанға дейін салынған айыппұл сомалары жатпайды.



914-код мемлекеттік кіріс органдары тексерулердің нәтижелері бойынша есептелген сомалар туралы хабарлама негізінде төлеуге ұсынылған салықтардың, бюджетке басқа да міндетті және өзге де төлемдердің сомаларын (өсімпұлдар мен айыппұлдарды қоспағанда) аударған кезде қойылады.

915-код мемлекеттік кіріс органдары тексерулердің нәтижелері бойынша есептелген өсімпұл сомаларын төлеген кезде қойылады. Оған бюджетке міндеттемелер бойынша есептелген салықтарды төлеу мерзімдері ұзартылғанға дейін есептелген, камералдық бақылау нәтижелері бойынша есептелген өсімпұл сомалары жатпайды.

916-код мемлекеттік кіріс органдары тексерулердің нәтижелері бойынша салынатын айыппұл сомаларын төлеген кезде қойылады. Оған Қазақстан Республикасының заңнамасын бұзғаны үшін салынатын (салықтық тексерулердің нәтижелері бойынша салынатындарды қоспағанда), салықтарды төлеу мерзімдері өзгерген (ұзартылған) кезде салынған айыппұл сомалары жатпайды.

917-код төлеу мерзімі өзгертілген (ұзартылған) салықтар сомасын бюджетке төлеген кезде қойылады.

918-код салықтарды төлеу мерзімдері өзгерген (ұзартылған) кезде есептелген өсімпұл сомаларын төлеген кезде қойылады. Оған салықтарды төлеу мерзімдерін бұзғаны үшін есептелген, мемлекеттік кіріс органдары тексерулердің нәтижелері бойынша есептелген, камералдық бақылау нәтижелері бойынша есептелген өсімпұл сомалары жатпайды.

919-код салықтарды төлеу мерзімдері ұзартылғанға дейін салынған айыппұлдардың сомалары төленген кезде қойылады. Оған салық салу саласындағы әкімшілік құқық бұзушылықтар үшін салынатын, 2014 жылғы 5 шілдедегі Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы Қазақстан Республикасының Кодексіне сәйкес есептелген, мемлекеттік кіріс органдары тексерулердің нәтижелері бойынша салынатын айыппұл сомалары жатпайды.

921-код камералдық бақылау нәтижелері бойынша анықталған бұзушылықтарды жою туралы хабарлама негізінде төлеуге ұсынылған салықтардың, бюджетке төленетін басқа да міндетті және өзге төлемдердің (өсімпұлды қоспағанда) сомаларын аударған кезде қойылады.

922-код камералдық бақылау нәтижелері бойынша есептелген өсімпұл сомаларын төлеген кезде қойылады. Оған бюджетке міндеттемелер бойынша есептелген, салықтарды төлеу мерзімдері өзгерген (ұзартылған) кезде есептелген, мемлекеттік кіріс органдары тексерулердің нәтижелері бойынша есептелген өсімпұл сомалары жатпайды.

923-код ұсынылмаған Тауарлар әкелу және жанама салық төлеу туралы өтініш бойынша өсімпұл аударған кезде қойылады.

924-код қосылған құн салығының асып кетуінің қайтарылған, мемлекеттік кіріс органдары тексеру жүргізу кезінде расталмаған сомасына есептелген өсімпұлды аудару кезінде қойылады.

961-код грант қаражаты есебінен сатып алынатын тауарлар (жұмыстар, қызмет көрсетулер) бойынша төленген қосылған құн салығын салық берешегін өтеу есебіне есепке алу кезінде қойылады.

962-код грант қаражаты есебінен сатып алынатын тауарлар (жұмыстар, қызмет көрсетулер) бойынша төленген қосылған құн салығын қайтару кезінде қойылады.

963-код Қазақстан Республикасында аккредиттелген дипломатиялық және оларға теңестірілген өкілдіктерге қосылған құн салығын қайтару кезінде қойылады.

964-код мемлекеттік кіріс органдары тексеру нәтижелері бойынша есептелген сомалар бойынша берешекті өтеу есебіне артық (қателесіп) төленген сомаларды есепке алу кезінде қойылады.

965-код мемлекеттік кіріс органының артық қосылған құн салығын қайтару мерзімін бұзғаны үшін салық төлеушінің пайдасына бюджеттен өсімпұл төлеу кезінде қойылады.

966-код мемлекеттік кіріс органының салықты, ақы төлеуді қайтару мерзімін бұзғаны үшін салық төлеушінің пайдасына өсімпұл төлеу кезінде қойылады.

967-код салық органының салықты, ақы төлеуді есепке алу мерзімін бұзғаны үшін салық төлеушінің пайдасына өсімпұлдар төлеу кезінде қойылады.

968-код салық төлеушілерге бюджетке міндеттемелер бойынша өсімпұлдардың артық немесе қателесіп төленген сомасын қайтару кезінде қойылады.

969-код камералдық бақылау нәтижелері бойынша есептелген сомалар бойынша берешекті өтеу есебіне артық (қателесіп) төленген сомаларды есепке алу кезінде қойылады.

971-код бюджеттен артық (қателесіп) төленген салық сомаларын, басқа да міндетті және өзге төлемдерді салық төлеушінің банк шотына қайтару кезінде қойылады.

972-код нөлдік мөлшерлеме бойынша салық салынатын айналымдар бойынша 2009 жылғы 1 қаңтарға дейін пайда болған қосылған құн салығын қайтару кезінде қойылады.

973-код есепке алынған қосылған құн салығының 2009 жылғы 1 қаңтардан кейін пайда болған, есептелген салық сомасынан асқан сомасын есепке алу кезінде қойылады.

974-код есепке алынған қосылған құн салығының 2009 жылғы 1 қаңтардан кейін пайда болған, есептелген салық сомасынан асқан сомасын қайтару кезінде қойылады.

975-код бюджетке төленетін соманы артық немесе қателесіп төлеген, салық сомалары мен бюджетке өзге міндеттемелерді бюджеттік жіктеушінің бір кодынан бюджеттік жіктеушінің басқа кодына аударған кезде қойылады.

976-код салықтар, бюджетке басқа да міндетті және өзге төлемдерді басқа мемлекеттік кіріс органдарына қате есептеген кезде, басқа мемлекеттік кіріс органдарына артық немесе қате төленген салықты және төлемді аударған кезде қойылады.

977-код нөлдік мөлшерлеме бойынша салық салынатын айналымдар бойынша 2009 жылғы 1 қаңтарға дейін пайда болған қосылған құн салығын есепке алу кезінде қойылады.

978-код салық төлеушілерге бюджетке міндеттемелер бойынша төленген айыппұл сомасын қайтару кезінде қойылады.

979-код басқа да төлемдер, оның ішінде ресми трансферттер (субвенциялар, бюджеттік алулар және басқалары) және заемдарды қайтару үшін қойылады.

991-код жеке тұлғалар - азаматтар салықтар сомаларын, бюджетке басқа да міндетті және өзге де төлемдерді (өсімпұлдар мен айыппұлдар сомасын қоспағанда) аудару кезінде қойылады.

992-код жеке тұлғалар - азаматтар бюджетке міндеттемелерді уақтылы өтемегені үшін есептелген өсімпұл сомаларын төлеу кезінде қойылады.

993-код жеке тұлғалар - азаматтар 2014 жылғы 5 шілдедегі Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы Қазақстан Республикасының Кодексіне сәйкес есептелген әкімшілік құқық бұзушылық үшін салынатын айыппұлдар сомаларын төлеу кезінде қойылады.

994-код жеке тұлғалар - азаматтар өткен жылдары толық төленбеген салықтарды өтеу кезінде қойылады.

995-код әкімшілік құқық бұзушылықтар үшін мемлекеттік кіріс органдары салған, 2014 жылғы 5 шілдедегі Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы Қазақстан Республикасының Кодексіне сәйкес есептелген айыппұлдар сомаларын төлеу кезінде қойылады.

996-код тауарлар импорты кезінде төленген қосылған құн салығын қайтару кезінде қойылады.

997-код резидент еместен жұмыстарды, қызмет көрсетулерді сатып алу кезінде төленген қосылған құн салығын қайтару кезінде қойылады.

998-код пайдалануға енгізілетін негізгі құрал-жабдықтар, жылжымайтын мүлікке инвестициялар, сатып алынған биологиялық активтер бойынша қосылған құн салығын қайтару кезінде қойылады.

 

Экономика секторларының және



төлемдер белгілеу кодтарын қолдану

және төлемдер бойынша оларға сәйкес

мәліметтер ұсыну қағидаларына

3-қосымша

 

Нысан



 

___________________________ ұсынады

(атауы)

 

20__ жылғы ____________ мәліметтер



(айы)

 

 



Төлемді жүргізу ортасы

Ақша аудару жүйесінің атауы

Төлем белгісі

Алушы банктің БСК, алушы банк клиентінің

ЖСК

Ақша жіберуші

Бенефициар банктің БСК, бенефициар банк клиентінің ЖСК

 


Бенефициар

Толық көрсету

Резидент-тік

белгі

Эконо-

мика

секторы

Ел

Резиденттік

белгі

Эконо-

мика

сек-торы

Ел

Төлем белгілеу коды

Есепті кезеңдегі

төлемдер саны

Төлемнің сомасы теңге

Төлем валю-тасы

Ақша төлемдері аударымдарын жүзеге асыру тәсілі

 


1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

12

13

14

15

16

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Басшы_________________ _____________________________________________________

               (қолы)                                                           (аты-жөні)

 

Бас бухгалтер___________ ____________________________________________________

                        (қолы)                                             (аты-жөні)



 

 



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет