Мәліметтерді толтыру жөніндегі түсініктемелер
1. Орталық беретін мәліметтер төлем туралы мынадай ақпарат кіретін 16 бағаннан тұрады:
1) 1-бағанда төлем жүргізу ортасына сәйкес келетін белгі (бұдан әрі - төлем жүргізу ортасының белгісі) көрсетіледі:
01 - банкаралық жүйе;
02 - клиринг жүйесі;
2) 2 және 3-бағандар толтырылмайды;
3) 4-бағанда алушы банктің банктік сәйкестендіру коды көрсетіледі, алушы банк клиентінің жеке сәйкестендіру коды толтырылмайды;
4) 5-бағанда бенефициар банктің банктік сәйкестендіру коды көрсетіледі, бенефициар банк клиентінің жеке сәйкестендіру коды толтырылмайды;
5) 6-бағанда ақша жіберушінің резиденттік белгісі көрсетіледі;
6) 7-бағанда ақша жіберуші экономикасы секторының коды көрсетіледі;
7) 8 және 11-бағандарда «KZ» көрсетіледі;
8) 9-бағанда бенефициар резиденттігінің белгісі көрсетіледі;
9) 10-бағанда бенефициар экономикасы секторының коды көрсетіледі;
10) 12-бағанда төлем белгілеу коды көрсетіледі;
11) 13-бағанда есептік кезеңдегі төлем саны көрсетіледі. Бір төлемді көрсеткен кезде баған 1 мәнді қабылдайды. Жаңа төлемнің өлшемдері 1, 4 - 12, 15 және 16-бағандардағы бұрыннан бар өлшемдермен сәйкес келген жағдайда, осы бағандағы мән 1-ге ұлғайтылады, ал 14-бағандағы мән жаңа төлемнің сомасына ұлғайтылады;
12) 14-бағанда төлемнің сомасы теңгемен, үтірден кейін екі белгіге дейін көрсетіледі;
13) 15-бағанда «KZT» көрсетіледі;
14) 16-бағанда Мәліметтерді толтыру жөніндегі осы түсініктемелердің 3-тармағында көзделген ақша төлемдерін жене аударымдарын жүзеге асыру тәсілдері белгілерінің бірі көрсетіледі: 01; 02; 03; 04; 05; 06; 07; 08; 09; 10; 11; 17; 18; 19.
2. Банктер, «Қазпочта» акционерлік қоғамы, бұрын еншілес банк болған заңды тұлға (бұдан әрі - қаржы ұйымдары) ұсынатын және Ұлттық Банк қалыптастыратын Мәліметтер филиалдардың деректері ескеріле отырып толтырылады және оның ішінде банк шотын ашпай:
1) Ұлттық Банкте ашылған корреспонденттік шоттар арқылы жүргізілген;
2) банкаралық жүйені және клиринг жүйесін (бұдан әрі - ақша аудару жүйелері) қоспағанда, төлем жүйелері арқылы және резидент банктер мен резидент емес банктердің ностро және лоро корреспонденттік шоттары бойынша, оның ішінде «Қазпочта» акционерлік қоғамы жүзеге асыратын почталық ақша аударымдары бойынша жүргізілген;
3) қаржы ұйымы мен оның клиенті арасындағы немесе қаржы ұйымының екі клиенті арасындағы, оның ішінде «Қазпочта» акционерлік қоғамы жүзеге асыратын почталық ақша аударымдары бойынша (бұдан әрі - банкішілік аударымдар) төлемдер бойынша ақпаратты қамтиды.
Қаржы ұйымдарының мәліметтері төлем туралы мынадай ақпаратты қамтитын 16 бағаннан тұрады:
1) 1-бағанда төлем жүргізу ортасының белгісі көрсетіледі:
03 - Ұлттық Банктегі корреспонденттік шот;
04 - Қазақстан Республикасы аумағындағы ақша аудару жүйесі;
05 - шет елге/шет елден ақша аудару жүйесі;
06 - Ұлттық Банктегі корреспонденттік шотты қоспағанда, Қазақстан Республикасы шегіндегі ностро және лоро корреспонденттік шоттары;
07 - Ұлттық Банктегі корреспонденттік шотты есептемегенде шет елге/шет елден ностро және лоро корреспонденттік шоттары;
08 - банкішілік аударымдар;
2) 2-бағанда Мәліметтер берілетін ақша аудару жүйесінің атауы көрсетіледі;
3) 3-бағанда төлем түрлеріне сәйкес келетін белгі (бұдан әрі - төлем белгісі) көрсетіледі:
01 - Мәліметтерді беретін қаржы ұйымы ақша аудару жүйелері арқылы жіберген төлем;
02 - Мәліметтерді беретін қаржы ұйымы ақша аудару жүйелері арқылы жіберген төлем;
03 - Мәліметтерді беретін қаржы ұйымы ностро корреспонденттік шоты арқылы жіберген төлем;
04 - Мәліметтерді беретін қаржы ұйымы ностро корреспонденттік шоты арқылы алған төлем;
05 - Мәліметтерді беретін қаржы ұйымы лоро корреспонденттік шоты арқылы жіберген төлем;
06 - Мәліметтерді беретін қаржы ұйымы лоро корреспонденттік шоты арқылы алған төлем;
07 - Мәліметтерді беретін қаржы ұйымының ностро корреспонденттік шотынан ақшаны басқа да есептен шығаруы;
08 - Мәліметтерді беретін қаржы ұйымының ностро корреспонденттік шотына ақшаны басқа да есептеуі;
09 - Мәліметтерді беретін қаржы ұйымының лоро корреспонденттік шотынан ақшаны басқа да есептен шығаруы;
10 - Мәліметтерді беретін қаржы ұйымының лоро корреспонденттік шотына ақшаны басқа да есептеуі;
11 - банкішілік аударым. Мәліметтерді беретін қаржы ұйымы әрі алушы банк, әрі бенефициар банк болып табылады.
Төлемнің «01» және «02» белгілері төлем жүргізу ортасының «04», «05» және «09» белгілері бойынша толтырылады. Төлемнің «03» - «10» белгілері төлем жүргізу ортасының «03», «06», «07» белгілері бойынша толтырылады. Төлемнің «11» белгісі төлем жүргізу ортасының «08» белгісі бойынша толтырылады;
4) 4-бағанда банктер, «Қазпочта» акционерлік қоғамы және бұрын еншілес банк болған заңды тұлға алушы банктің банктік сәйкестендіру кодын көрсетеді. Алушы банк клиентінің жеке сәйкестендіру коды толтырылмайды.
Ұлттық Банк Мәліметтерді қалыптастыру кезінде банкішілік аударым жүргізген жағдайда алушы банктің банктік сәйкестендіру кодын және алушы банк клиентінің жеке сәйкестендіру кодын көрсетеді, өзге төлемдер бойынша алушы банктің банктік сәйкестендіру коды ғана қойылады.
Мәліметтерді беретін қаржы ұйымы шет елден алған төлемдер бойынша Қазақстан Республикасының резидент емесі болып табылатын алушы банктің банктік сәйкестендіру коды қойылады.
Төлем жүргізу ортасының «04» және «05» белгілері бойынша соның негізінде төлем жүзеге асырылатын құжаттарда Қазақстан Республикасының резидент емесі болып табылатын алушы банктің банктік сәйкестендіру коды болмаған кезде Мәліметтердің 4-бағаны толтырылмайды.
5) 5-бағанда банктер, «Қазпочта» акционерлік қоғамы және бұрын еншілес банк болған заңды тұлға бенефициар банктің банктік сәйкестендіру кодын көрсетеді. Бенефициар банк клиентінің жеке сәйкестендіру коды толтырылмайды.
Ұлттық Банк Мәліметтерді қалыптастыру кезінде банкішілік аударым жүргізген жағдайда бенефициар банктің банктік сәйкестендіру кодын және бенефициар банк клиентінің жеке сәйкестендіру кодын көрсетеді, өзге төлемдер бойынша бенефициар банктің банктік сәйкестендіру коды ғана қойылады;
Мәліметтерді беретін қаржы ұйымы шет елге жіберген төлемдер бойынша Қазақстан Республикасының резидент емесі болып табылатын бенефициар банктің банктік сәйкестендіру коды қойылады.
Төлем жүргізу ортасының «04» және «05» белгілері бойынша соның негізінде төлем жүзеге асырылатын құжаттарда Қазақстан Республикасының резидент емесі болып табылатын бенефициар банктің банктік сәйкестендіру коды болмаған жағдайда Мәліметтердің 5-бағаны толтырылмайды;
6) 6-бағанда ақша жіберушінің резиденттік белгісі көрсетіледі.
Қаржы ұйымы алған төлемдер бойынша төлем жүргізу ортасының «04» және «05» белгілері бойынша соның негізінде төлем жүзеге асырылатын құжаттарда ақша жіберушінің резиденттігі туралы ақпарат болмаған жағдайда Мәліметтердің 6-бағаны толтырылмайды;
7) 7-бағанда ақша жіберуші экономикасы секторының коды көрсетіледі.
Қаржы ұйымы алған төлемдер бойынша төлем жүргізу ортасының «04» және «05» белгілері бойынша соның негізінде төлем жүзеге асырылатын құжаттарда ақша жіберушінің экономикасының секторы туралы ақпарат болмаған жағдайда Мәліметтердің 7-бағаны толтырылмайды;
8) 8 және 11-бағандарда жеке басын куәландыратын құжаттарға сәйкес азаматтығының елі (жеке тұлғалар үшін), заңды тұлғаның/филиалдың/ өкілдіктің тіркелген елі (заңды тұлғалар үшін) көрсетіледі.
Егер аудару үшін негіздеме болып табылатын құжаттарды ұсыну талап етілмеген немесе ұсынылған құжаттарда азаматтық немесе тіркеу елі көрсетілмеген жағдайда:
8-бағанда қаржы ұйымы алған төлемдер бойынша төлем алынған ел қойылады;
11-бағанда қаржы ұйымы жіберген төлемдер бойынша төлем жіберілген ел қойылады.
Ел ҚР МЖ 06 ИСО 3166.1-2001 «Елдердің атауы мен олардың әкімшілік-аумақтық бөлімшелерін белгілеуге арналған кодтар. 1-бөлік. Елдердің кодтары» деген Қазақстан Республикасының мемлекеттік жіктеушісіне сәйкес көрсетіледі. Халықаралық қаржы ұйымдары бойынша төлемдерді көрсеткен кезде «Халықаралық қаржы ұйымдары» ZZ коды қойылады;
9) 9-бағанда бенефициардың резиденттік белгісі көрсетіледі.
Қаржы ұйымы жіберген төлемдер бойынша төлем жүргізу ортасының «04» және «05» белгілері бойынша соның негізінде төлем жүзеге асырылатын құжаттарда бенефициардың резиденттігі туралы ақпарат болмаған жағдайда Мәліметтердің 9-бағаны толтырылмайды;
10) 10-бағанда бенефициар экономикасы секторының коды көрсетіледі.
Қаржы ұйымы жіберген төлемдер бойынша төлем жүргізу ортасының «04» және «05» белгілері бойынша соның негізінде төлем жүзеге асырылатын құжаттарда бенефициар экономикасының секторы туралы ақпарат болмаған жағдайда Мәліметтердің 10-бағаны толтырылмайды;
11) 12-бағанда төлем белгілеу коды көрсетіледі. Корреспонденттік шоттар бойынша келіп түскен халықаралық төлемдерді көрсеткен кезде Мәліметтердің 6, 7, 12-бағандарын корреспондент банктің төлем құжаттарының және төлем үшін негіздеме болып табылатын өзге құжаттардың негізінде Мәліметтерді беретін қаржы ұйымы толтырады;
12) 13-бағанда есепті кезеңдегі төлемдер саны көрсетіледі. Бір төлемді көрсеткен кезде баған 1 мәнін қабылдайды. Жаңа төлемнің өлшемдері 1 - 12, 15 және 16-бағандардағы бұрыннан бар өлшемдермен сәйкес келген жағдайда, осы бағандағы мән 1-ге ұлғайтылады, ал 14-бағандағы мән жаңа төлемнің сомасына ұлғайтылады;
13) 14-бағанда төлемнің сомасы теңгемен, үтірден кейін екі белгіге дейін көрсетіледі. Егер төлем шетел валютасымен жасалатын болса, ол бойынша мәліметтер төлем жасау кезіндегі валюталар айырбастаудың нарықтық бағамы бойынша теңгеге қайта есептеліп беріледі;
14) 15-бағанда төлем валютасының коды ҚР МЖ 07 ИСО 4217 2001 «Валюталар мен қорларды белгілеуге арналған кодтар» Қазақстан Республикасының мемлекеттік жіктеушісіне сәйкес көрсетіледі;
15) 16-бағанда осы Мәліметтерді толтыру жөніндегі түсініктемелердің 3-тармағында көзделген ақша төлемін және аударымдарын жүзеге асыру тәсілдерінің мынадай белгілерінің бірі көрсетіледі: 01; 02; 03; 04; 05; 06; 07; 08; 09; 10; 11; 12; 17; 18; 19.
Алынған төлемдер бойынша «20» белгісі көрсетіледі.
3. Ақша төлемі және аударымдарын жүзеге асыру тәсілінің белгісі ақша төлемін және аударымдарын жүзеге асырудың мынадай қолданылған тәсілдеріне байланысты айқындалады:
01 - төлем тапсырмасын ұсыну (клиенттердің және қаржы ұйымының төлем тапсырмалары, сондай-ақ бағалы қағаздар үшін есеп айырысуды жүзеге асыру кезінде бастама жасаған төлем тапсырмалары орындалған жағдайда көрсетіледі);
02 - төлемдік талап-тапсырманы ұсыну;
03, 04, 05, 07, және 09 - операциялар түрлердің кодтарды қою «Төлем тапсырмаларды, төлемдік талап-тапсырмаларды, инкассалық өкімдерді ресімдеу, пайдалану және орындау жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы» Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының 2000 жылғы 25 сәуірдегі № 179 қаулысында (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 1155 тіркелген) белгіленген талаптарына сәйкес қолданылады;
06 - тауарлар немесе қызмет көрсетулер үшін чектерді, жол чектерін беру (чек ұстаушыға тауарлар немесе қызмет көрсетулер үшін чектер төленген жағдайда, сондай-ақ, қолма-қол ақша алуға арналған чектерді қоспағанда, жол чектері төленуге қабылданған жағдайда көрсетіледі);
08 - төлем хабарламасын ұсыну;
10 - атқару парақтарының негізінде инкассалық өкімді ұсыну;
11 - банк шотын тікелей дебеттеу (банк шотын тікелей дебеттеу арқылы бенефициардың пайдасына ақша алуға ақша жіберушінің алдын ала келісімі болған жағдайда банк шотын тікелей дебеттеу шартына, банк заемы шартына, банк шоты шартына және басқа құжаттарға сәйкес жүзеге асырылған төлемдер орындалған жағдайда көрсетіледі);
12 - төлем ордерін ұсыну;
17 - почталық ақша аударымдары;
18 - банкоматтар арқылы салықтарды және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді төлеу;
19 - ақша төлемі немесе аударымдарын жүзеге асырудың өзге де тәсілдері.
№ 4 қосымша ҚР Ұлттық банкі басқармасының 16.02.02 ж. № 49 қаулысымен алып тасталды
Достарыңызбен бөлісу: |