Экономикалық талдаудың дәстүрлі тәсілдері


Факторлардың әсерін есептеу мына схема бойынша жүргізіледі



бет2/2
Дата23.05.2023
өлшемі95.1 Kb.
#474168
1   2
экономикалық талдау әдісі мен әдістемесі

Факторлардың әсерін есептеу мына схема бойынша жүргізіледі:
  • 1-ші фактордың әсері =І орын алмастыру – болжамдық көлем
  • 2-ші фактордың әсері =ІІ орын алмастыру- І орын алмастыру
  • 3-ші фактордың әсері =ІІІ орын алмастыру-ІІ орын алмастыру
  • 4-ші фактордың әсері = ағымдағы көлем-ІІІ орын алмастыру
  • факторлардың жиынтық әсері

Мысалы: шығарылған өнім көлемін анықтап оның өзгеруіне факторлардың тигізген әсерін шығару.

Көрсеткіштер

Бол-жам

Ағымда-ғы

Ауыт-қу

Орын алмастырулар

І о

ІІ о

ІІІо

1.Жұмыскерлердің
саны

15

13

-2

13

13

13

2. Кәсіпорынның жұмыс күндері

30

28

-2

30

28

28

3. Бір күндік жұ­мыс саға­ты­­ның саны

8,0

8,4

+0,4

8,0

8,0

8,4

4. 1 сағатта­ғы өнімділік (мың тг.)

7,5

7,8

+0,3

7,5

7,5

7,5

Өнім көлемі (мың теңге) (1*2*3*4)

27 000

23849,3

-3150,7

23400

21840

22932

Факторлардың әсерін есептеп шығару:

  • Жұмыскерлердің саны =23400-27000=-3600 мың теңге
  • Кәсіпорынның жұмыс күндері =21840-23400=-1560 мың
  • Бір күндегі жұмыс сағаттарының саны =22932-21840=+1092 мың теңге
  • Бір сағаттағы өнімділік =23849,3-22932=+917,3 мың теңге
  • Факторлардың жиынтық әсері

  • =(-3600)+(-1560)+1092+917,3=-3150,7 мың теңге.

Баланстық әдіс баланстық байланыс­ты­ру формуласына негізделген:
Он+П=Ок+ПВ+Р
Мұнда
Он және Ок – кезеңнің басындағы және соңындағы тауарлар қалдығы;
П – тауарлардың түсуі;
ПВ – тауарлардың өзге де кетуі;
Р – сатудан түскен түсім.
Сатудан түскен түсім :
Р=Он+П-ПВ-Ок

Көрсеткіштер

Болжам

Ағымд
мәліметтер

Ауытқу

Әсері

1. Айдың басына тауарлар қал­дығы

8340

8580

+240

+240

2. Тауарлардың түсуі

12898

13156

+258

+258

3. Тауарлардың өзге де кетуі

841

915

+74

-74

4. Айдың соңы­на тауарлар қал­ды­ғы

7395

7587

+192

-192

Сатудан түскен түсім

13002

13234

+232

+232

Мысалы: саудадан түскен түсімді анықтау және өзгеріс­терге факторлардың әсерін есептеп шығару.

3.Математикалық әдістері: математикалық статистика әдістері, эконометрикалық әдістер, корреляция-регрессиялық талдау


Экономикалық талдаудың экономико-математикалық әдістер:
  • индекстік әдіс
  • топтастыру әдісі
  • орташа шамалар әдісі
  • салыстырмалы және абсолюттік шамалар әдісі
  • вариация көрсеткіштер әдісі
  • корреляциялық және регрессиялық талдау

Индекстік әдіс өткізуден түскен түсімге өнім бағасы және өткізілетін өнім көлемінің әсерін есептеу үшін қолданылады. Оның үстіне баға (p) арқылы, ал саны (q) арқылы белгіленеді.
Бағаның әсері
Санының әсері
Факторлардың жиынтық әсері
Мысалы: өткізілетін тауарлардың саны мен бағасының сатудан түскен түсімге әсерін есептеп шығару:

Тауар түрлері

Баға (р) мың теңге

Жұп саны (q)

Болжам
(Р0)

Ағымдағы
(Р1)

Болжам
(q0)

Ағымдағы
(q1)

1. Туфли

12

17

15

18

2. Етіктер

30

32

19

21

3. Бәтіңкелер

24

27

25

20

  • болжам бойынша түсім

  • ∑р0q0= (12*15)+(30*19)+(24*25)=1350 мың тг.
    2) ағымдағы түсім
    ∑p1q1= (17*18)+(32*21)+(27*20)=1518 мың тг.
    3) cалыстырмалы бағада түсім
    ∑p0q1 = (12*18)+(30*21)+(24*20)=1326 мың тг.
    4)Түсімнің ауытқуы 1518 -1350=168 мың тг.
    5)Бағаның әсері
    =1518-1326= 192 мың тг.
    6) Санының әсері
    = 1326-1350= -24 мың тг.
    7) Факторлардың жиынтық әскрі 192+(-24)=168 мың тг.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет