Экономикалық теорияның пәні және зерттеу әдістері соөЖ үшін тапсырмалар: 1 тапсырма



бет4/4
Дата06.12.2022
өлшемі23.3 Kb.
#466669
1   2   3   4
1-тақырып Экономикалық теорияның пәні жән

Мемлекеттік меншік бұл экономикалық қатынас, акционерлік формалармен қатар қоғамдық меншіктің бір түрі болып келеді. Бұл меншіктің формасында өндірістік өнімдер толығымен мемлекет иелігінде болады. Мемлекеттік меншік КСРО-да өте жоғары дамыған, өйткені ол командалық-әкімшілік экономиканың маңызды бөлігі болды. 
Ұжымдық меншік формасы – ортақтықтағы барлық мүшелерінің иемденуге және пайдалануға құқығы тең болатын меншіктің түрі. Бұл меншіктің субъектісі болып серіктестіктің мүддесін баяндайтын уәкілі ретінде топ немесе жеке тұлға шыға алады
Кооперативтік меншік - бiрлескен қызмет жүргiзуi үшiн өз құралдарын бірлестіріп, топтасқан тұлғалар меншiктерi. Коперативтік меншік әлемнің біраз елдерінде кең таралған. Кооперативтердің негізгі жұмысы ауылшаруашылық өнімін өңдеу және өткізу болып табылады.
Әріптестік меншік – меншік құқығы екі немесе бірнеше тұлғалардың иемдігінде болады. Ол әріптестікке қатысушылардың ерікті жинаулары (ақшалай немесе басқа түрде) негізінде құрастырылады. 
Акционерлік меншік – акциялардың іске асырылуы нәтижесінде құрастырылады. Акциялар фирмадағы пайданы дивиденд түрінде бір бөлігін алуға, сонымен бірге акционерлердің жалпы жиналысында дауыс беруге мүмкіндік береді.
4.Жекешелендіру — меншік қатынастарын реформалау арқылы мемлекеттік меншікті меншіктің басқа нысандарына айналдыру процесі. Ол бұрынғы социалисттік жүйеден нарықтық экономикаға көшудің өзекті шарты болып табылады, шаруашылық субъектілерінің іс белсенділігін күрт арттыру үшін, экономикалық бәсекелестікті жандандыру үшін жүргізіледі.
5. Бірінші кезеңде 1991-1992 жылдарға мемлекеттік меншікті мемлекет иелігінен алу және жекешелендіру бағдарламасы жасалды.
Екінші кезеңде 1993-1995 жылдарға мемлекет иелігінен алу және жекешелендірудің ұлттық бағдарламасы әзірленді. 
Үшінші кезеңде 1996-1998 жылдарға мемлекеттік меншікті жекешелендіру және қайта құрылымдау бағдарламасы әзірленді. 
Төртінші кезеңі (1999-2000 жылдар) мемлекеттік басқару деңгейлері және мемлекеттік меншікке билік ету арасында уәкілеттікті бөлу бойынша жаңа тәсілдермен сипатталады.
6.Шағын кәсіпорындарды сату үшін аукциондық және конкурстық әдістер қолданылды.
7. ЖЕКЕ кәсіпкерлер саны басым.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет