Экономиканың дамуын мемлекеттік реттеу объектісі, ғылыми-әдіснамалық негіздері, мақсаттары және міндеттері



бет3/3
Дата30.09.2022
өлшемі28.79 Kb.
#461689
1   2   3
Экономиканы мемлекеттік реттеудің мəні, қажеттілігі жəне факторлары

Экономика дамуын мемлекеттік реттеудің мақсаттары. Экономика дамуын мемлекеттік реттеу-дің ең басты мақсаты – экономикалық және әлеуметтік тұрақтылық, шетелде және елдің ішінде қоғамдық құрылымды нығайту. Осы басты мақсаттан иерархиялық тәуелділікте болатын көптеген нақты жағдайлар пайда болады. Бұл нақты мақсат, яғни экономикалық кезеңді тегістеу объектісіне бағытталған. Шаруашылықтың салалық және аймақтық құрылымын жетілдіру секторлық, салалық жіне аймақтық құрылымға бағытталған. Көбіне жеке мақсаттарға дараланып қол жеткізу мүмкін емес.
Экономика дамуын мемлекеттік реттеу құралдары. Мемлекеттік реттеудің құралдары әкімшілік және экономикалық деп бөлінеді. Әкімшілік құралдары қосымша материалдық ынталандыруды құрумен немесе қаржылық залалдың қауіптілігімен байланысты емес. Ол мемлекет билігінің күшіне, яғни тыйым салу, рұқсат беру, күштеуге негізделеді (мысалы, үкімет Мәскеу шектерінде кәсіпорын салуға тыйым салды. Ол салық пен айыппұлды көбейткен жоқ, тек лицензия беруді тоқтатты). Мемлекет өндірістік кәсіпорындарды сол жерде кәсіптік оқытуға, өндірісте жұмыс істейтін жұмысшылар үшін тұрмыстық жағдай жасауға күштеу шарасы арқылы мәжбүрлейді.
Нарықтық экономикалы дамыған елдерде реттеудің әкімшілік құралы елеусіз көлемде пайдаланады. Олардың қызметінің аясы негізінен қоршған ортаны қорғаумен, әлеуметтік әлсіз қорғалған тұрғындар үшін жағдай жасаумен шектеледі.
Мемлекеттік реттеудің негізгі құралдары:
— қазыналық саясат, яғни шығындар мен салықтардың құқықтық
аумағындағы саясат;
— ақша саясаты;
табыстарды реттеу саясаты;
— әлеуметтік саясаты;
— баға бегіленімін мемлекеттік реттеу;
— сыртқы экономикалық реттеу;
Мемлекеттік реттеудің экономикалық құралдары ақша -кредит қаржылары мен бюджеттік саясатқа бөлінеді.
Негізгі экономикалық құралдар:
— есепке алу мөлшерін реттеу (Орталық банкпен жүргізілетін,
дисконттық саясат);
— елдің қаржылық институттары орталық банкте сақтауға
міндетті, ең аз резервтер мөлшерін белгілеу мен өзгерістері;
-мемлекеттік мекемелердің бағалы қағаздар рыногындағы мемлекеттік міндеттемелер эмиссиясы олармен сауда жасау және өтеу сияқты операциялары.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет