Экономиканың түрлі саласындағы (аясындағы) концессия үлгі шарттарын бекіту туралы



бет2/3
Дата23.02.2016
өлшемі409.78 Kb.
#9037
1   2   3

6. Объектіні пайдалану
(Тарау егер Концессионердің объектіні пайдалануы Концессиялық жобада көзделсе енгізіледі)

40. Концессионер объектіні және/немесе өзге мүлікті дұрыс қалпында ұстайды, өзінің есебінен ағымдағы және күрделі жөндеу жүргізеді, объектіні және/немесе өзге мүлікті ұстауға арналған шығыстарды көтереді.


40-1. Концессионер қолданыстағы заңнамаға сәйкес концессионердің шығындарын өтеу және кірістер алу көздерін көрсетеді.
41. (алынып тасталды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008.09.25 N 886 Қаулысымен)
42. (алынып тасталды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008.09.25 N 886 Қаулысымен)
43. Концессия объектілері кепілдік мәні болып әрекет ете алмайды.
44. Концессионер шарт бойынша қызметін жүзеге асыруы нәтижесінде алған өнімдері мен кірістері,_________________________
                                         (Концеденттің меншігіне
_______________________________________ қоспағанда, Концессионердің
түсетін өнімнің атауы және көлемі,
кірістер мөлшері - керегі көрсетілсін)
меншігі болып табылады.

7. Концессионердің Концедентке объектіні беру тәртібі

45. Шарттың қолданылу мерзімі аяқталғаннан, ол мерзімінен бұрын бұзылғаннан кейін және шартта көзделген өзге жағдайларда Концессионер объектіні және ол бойынша барлық қажетті құжаттаманы күн ___ ішінде Концедентке береді, ал Концедент қабылдайды.


46. Шарттың қолданылу мерзімі аяқталған, сондай-ақ объектіні пайдалануға берген күннен кейін оны мерзімінен бұрын бұзған жағдайда, Концессионер Концедентке беретін объект шартқа 4-қосымшада көрсетілген жағдайда болуы, оның бейініне сәйкес пайдалануға жарамды болуы және оған үшінші тұлғалардың құқықтарының ауыртпалығы болмауы тиіс.
47. Объектіні пайдалануға беруге дейін шартты мерзімінен бұрын бұзған жағдайда Концессионер Концедентке беретін объектіге үшінші тұлғалардың құқықтарының ауыртпалығы болмауы тиіс.
48. (Егер бұл Концессиялық жобада көзделсе, енгізіледі). Концессионер Үлгі шарттың қолданылу мерзімі аяқталған, ол мерзімінен бұрын бұзылған күннен бастап және Үлгі шартта көзделген өзге жағдайларда күн ____ ішінде және Үлгі шартқа 5-қосымшада көрсетілген жағдайда және санда өзге мүлікті және ол бойынша барлық қажетті құжаттаманы Концедентке қайтарады, ал Концедент қабылдап алады.
49. Концессионердің Үлгі шарттың 45-тармағында (45 және 48-тармақтарында) көрсетілген объектіні және/немесе өзге мүлікті Концедентке беруі Тараптар қол қоятын объектіні және/немесе өзге мүлікті қабылдап алу-беру актісі бойынша жүзеге асырылады.
49-1. Мемлекетттік меншікке концессия объектілерін қабылдау тәртібін Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес республикалық меншікке билік ету құқығын жүзеге асыру жөніндегі уәкілетті мемлекеттік орган айқындайды.
50. Концедент_______________________________________________________
                 (олар басталған жағдайда Концедент қол қоюдан
________________________________жағдайда объектіні және/немесе өзге
бас тартуға құқылы жағдайлар көрсетілсін)
мүлікті қабылдап алу-беру актісіне қол қоюдан бас тартуға құқылы.
51. Концедент Үлгі шарттың 50-тармағы негізінде Үлгі шарттың 49-тармағында көрсетілген объектіні және/немесе өзге мүлікті қабылдап алу-беру актісіне қол қоюдан жалтарған жағдайда Концессионер Үлгі шарттың 50-тармағында көрсетілген жағдайларды жою жөнінде шаралар қабылдауға міндеттенеді.

8. Концеденттің Үлгі шарттың орындалуын бақылауды жүзеге
асыру тәртібі

52. Концедент Концессионердің Үлгі шарттың талаптарын, оның ішінде Үлгі шарттың 2-тармағында көрсетілген қызметті жүзеге асыру жөніндегі міндеттемелерді, Үлгі шарт бойынша міндеттемелерді орындау мерзімін, (егер Концессионердің объектіні пайдалануы Концессиялық жобада көзделсе, енгізіледі) сондай-ақ Үлгі шартта белгіленген мақсаттарға сәйкес объектіні пайдалану жөніндегі міндеттемелерді сақтауын бақылауды жүзеге асырады.


52-1. Бақылаудың негізгі бағыттары:
1) концессия объектілерінің бейінін пайдалану мен сақтаудың тиімділігі;
2) өндірілетін өнімнің (жұмыстардың, қызметтердің) көлемін арттыру және сапасын жақсарту;
3) өзіндік құнын төмендету және қызметтің кіріс бөлігін арттыру;
4) шартта анықталған барлық талаптар мен тәртіптерді сақтау;
5) қоршаған ортаны қорғау және жұмыстарды жүргізу қауіпсіздігі жөніндегі талаптарды сақтау болып табылады.
53. Концессионер Үлгі шарттың талаптарын Концессионердің орындауын бақылауды жүзеге асыратын Концеденттің уәкілетті органдарының өкілдеріне объектіге, сондай-ақ Үлгі шарттың 2-тармағында көрсетілген қызметті жүзеге асыруға жататын құжаттамаға кедергісіз қол жеткізуді қамтамасыз етеді.
54. Концессионер есепті кезең аяқталған күннен бастап_____күн ішінде Концессионердің Үлгі шарт бойынша міндеттемелерді орындауы туралы есепті Концедентке___________________________________________
(ай сайын, тоқсан сайын, әрбір жарты жылдық сайын, жыл сайын - керегі көрсетілсін)
береді. Есеп мынадай деректерді қамтуы тиіс:________________________
                      (Тараптармен келісілген деректер көрсетіледі)
55. Концедент Концессионердің қызметін бақылауды жүзеге асыру барысында Концессионердің Үлгі шарттың талаптарын сақтауына елеулі әсер етуі мүмкін бұзушылықтарды анықтаған кезде Концедент Концессионердің жіберілген бұзушылықтарды жою туралы талапты _____ күн ішінде жазбаша нысанда жібереді.
56. Тараптар Үлгі шарт бойынша міндеттерді орындау үшін қажетті ақпаратты бір-біріне уақтылы беруге және Үлгі шартта көзделген міндеттерді тиісінше орындауға әсер етуі мүмкін елеулі оқиғалардың басталуы туралы бір-біріне тез арада хабарлауға міндетті.

9. Үлгі шартты өзгерту, толықтыру және тоқтату талаптары

57. Концедент және Концессионер өзара келісім бойынша Үлгі шартқа қосымша келісімдер жасасу арқылы жазбаша нысанда Үлгі шартқа объектіні концессияға беру жөніндегі конкурстың талаптарын, бастапқы өлшемдерді және концессиялық жобаның сипаттамаларын өзгертпейтін өзгерістер мен толықтырулар енгізуге құқығы бар.


Үлгі шартқа объектіні концессияға беру жөніндегі конкурстың талаптарын, бастапқы өлшемдерді және концессиялық жобаның сипаттамаларын өзгертетін өзгерістер мен толықтырулар енгізуге оларды Үлгі шарттың кіріспесінде көрсетілген Концессиялар жөніндегі комиссиямен және мүдделі мемлекеттік органдармен келіскеннен кейін рұқсат етіледі.
58. Шарт мынадай жағдайларда қолданылуын тоқтатады:
1) Шарттың қолданылу мерзімі аяқталғанда;
2) Тараптардың өзара келісімі бойынша мерзімінен бұрын бұзылғанда;
3) сот шешімімен;
4) Концессионер таратылғанда;
5) Қазақстан Республикасының заңнамасында және шартта көзделген өзге жағдайларда.
59. Концедент объектіні_____________________________________________
         (салу, пайдалану, салу және пайдалану - керегі көрсетілсін)
ұлттық және экологиялық қауіпсіздікті, денсаулық сақтау мен адамгершілікті қамтамасыз етуге қауіп төндірген жағдайларда, шарттың талаптарын бір жақты өзгерту және/немесе шартқа толықтырулар енгізу немесе оны бұзу туралы шешім қабылдай алады, атап айтқанда:______________________________________________________
              (экономика саласына (аясына) байланысты жағдайлар көрсетіледі).
60. Концедент осы тараудың 59-тармағында көрсетілген құқықты іске асырған жағдайда, Концедент Үлгі шарттың талаптарын өзгертуге және/немесе Үлгі шартқа толықтырулар енгізуге байланысты қосымша шығындарды Концессионерге өтейді, сондай-ақ, Үлгі шартты бұзу немесе талаптарын өзгерту және/немесе Үлгі шартқа толықтырулар енгізу Концессионердің салғырттығынан не оның Үлгі шарт талаптарын орындамауынан туындаған жағдайдан басқа, Үлгі шартты бұзуға байланысты Концессионер шеккен залалдардың орнын толтырады.
61. Егер Тараптар объектіні_____________________________________іске
                  (салу, салу және пайдалану - керегі көрсетілсін)
асыру үшін осы Үлгі шартқа 2-қосымшада көрсетілген инфрақұрылымдық облигациялар бойынша мемлекет кепілгерлігін таңдаған жағдайда, инфрақұрылымдық облигациялардың айналым мерзімі ішінде облигацияларды ұстаушылардың құқықтары мен мүдделеріне қысым жасауға әкеп соғуы мүмкін Үлгі шарттың талаптарын өзгертуге және/немесе Үлгі шартқа толықтырулар енгізуге жол берілмейді.
62. Концессионердің Үлгі шарт бойынша өзінің құқықтары мен міндеттемелерін Концеденттің келісімімен объектіні пайдалануға енгізу сәтінен бастап талапты беру немесе Үлгі шарт бойынша борышты аудару жолымен үшінші тұлғаларға беруге құқығы бар.

10. Үлгі шарттың қолданылу мерзімі

63. Үлгі шарт тиісті тіркеу органында мемлекеттік тіркелген сәттен бастап күшіне енеді және_______________________________әрекет етеді.


                  (мерзімі Концессиялық жобаға сәйкес көрсетіледі)
64. Объектіні салу мерзімі 20__жылғы "__"__________
65. Мерзімі_________________________________________________________
          (моральдық жағынан ескірген және табиғи тозған жабдықты жаңғырту, жаңасымен, неғұрлым өндіргіш жабдықпен айырбастау, мүліктің сипаттамалары мен

____________________________________________________________________


пайдалану қасиеттерін жақсарту жөніндегі іс-шараларды жүзеге асыру - керегі көрсетілсін)
20_____жылғы "__"_______________
66. (Егер Концессионердің объектіні пайдалануы Концессиялық жобада көзделсе, енгізіледі) Концессионердің объектіні пайдалану мерзімі 20__ ж "__"_____ бастап 20___ж"__"_______________қоса алғанда.
67. Концессионердің Концедентке тиесілі Үлгі шарттың 69-тармағында көрсетілген шартқа сәйкес зияткерлік қызмет нәтижелеріне айрықша құқықтарды пайдалану мерзімі - _____________________________құрайды.
                           (күн, ай, жыл - керегі көрсетілсін)

11. Зияткерлік қызмет нәтижелеріне айрықша құқықтар

68. Концедентке Концессионер Үлгі шартты орындаған кезде өз есебінен алған зияткерлік қызметтің мынадай нәтижелеріне айрықша құқықтар тиесілі:


____________________________________________________________
(зияткерлік меншік объектілерінің атауы)
Зияткерлік қызметтің көрсетілген нәтижелеріне Концеденттің құқықтарын тіркеуді Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен_______________________________________________
                      (Концеденттен алынған өкілеттіктің негізінде
_____________________________________________________жүзеге асырады.
Концедент немесе Концессионер - керегі көрсетілсін)
69. Концессионердің Үлгі шарт бойынша міндеттемелерді орындауы мақсатында Концедент Үлгі шарттың 67-тармағында көрсетілген мерзімде Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Үлгі шарттың 68-тармағында көзделген зияткерлік қызмет нәтижелерін пайдалану құқықтарын өтеусіз негізде Концессионерге беру туралы Концессионермен шарт жасасуға міндетті.
70. Үлгі шартты тоқтату Үлгі шарттың 69-тармағында көзделген зияткерлік қызмет нәтижелерін пайдалану құқығын өтеусіз негізде Концессионерге беру туралы шартты тоқтату үшін негіз болып табылады.

12. Сақтандыру

71. Тараптар сақтандыруға жататын тәуекелдерді анықтайды, оларды Концессионер заңнамада белгіленген тәртіппен сақтандырады.


72. Сақтандыру мүліктік тәуекелдер және мыналарға байланысты жауапкершілік тәуекелдері үшін көзделеді:
құрылыс жүргізу орнына жеткізілетін жүктерді тасымалдауға және қоймаға орналастыруға;
жалға немесе лизинг бойынша пайдаланылатын мүлікті қоса алғанда, Концессионердің_______________________________________пайдаланылатын
      (құрылыста, құрылыста және пайдалануда - керегі көрсетілсін)
мүлкіне;
жерді қоса алғанда, қоршаған ортаны ластауға және қоршаған табиғи ортаға келтірілген зиянның салдарларын жоюға арналған шығыстарға;
үшінші тұлғалар алдындағы жалпы азаматтық-құқықтық жауапкершілікке байланысты.
73. Мемлекеттің қарыздар бойынша кепілгерлігін алуға үміткер Концессионердің Үлгі шартқа 2-қосымшада келтірілген мемлекет кепілгерлігімен тартылатын қарызды қайтаруды қамтамасыз ету талаптарын қанағаттандыратын сақтандыру шарты болуы тиіс.
74. Концессионер Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сақтандыру компанияларын өзінің қалауы бойынша таңдайды.

13. Құпиялылық

75. Үлгі шарттың ережелері, Үлгі шартты орындау үдерісінде қандай да болмасын Тарап алған немесе сатып алған ақпарат құпия болып табылады. Тараптар құпия ақпаратты Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген қажетті есептерді жасау үшін пайдалана алады.


76. Тараптар:
Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген тәртіппен сот немесе құқық қорғау органдарының сұратуларына ақпаратты беру;
ақпарат Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қаржылық және өзге есептілік алуға құқылы мемлекеттік органдарға берілген жағдайда;
үшінші тұлға осындай ақпаратты құпия ретінде қарау және оны Үлгі шартта көзделген Тараптар белгілеген мақсаттарда ғана пайдалану міндеттемесін өзіне алған жағдайда, Концессионерге қызметтер көрсететін осындай үшінші тұлғаға ақпарат берілген;
институционалдық инвестор осындай ақпаратты құпия ретінде қарау және оны Концессиялық жобада көзделген мақсаттарда ғана пайдалану міндеттемесін өзіне алған жағдайда, Концессионер Концессиялық жобаға қаржы қаражатын тарту туралы келіссөздер жүргізетін институционалдық инвесторға ақпарат берілген жағдайларды қоспағанда, құпия ақпаратты екінші Тараптың келісімінсіз үшінші тұлғаларға беруге құқығы жоқ.
77. Объектіні______________________________________________жүргізуге
          (салуды, салуды және пайдалануды - керегі көрсетілсін)
қатысты барлық құжаттар, ақпарат және есептер бойынша құпиялылықты сақтау мерзімі ____ жылға белгіленеді.

14. Форс-мажор

78. Тараптар Үлгі шарт бойынша қандай да болмасын міндеттемелерді орындамағаны немесе тиісінше орындамағаны үшін, егер осындай орындамау немесе тиісінше орындамау Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес еңсерілмес күш жағдайларынан (форс-мажор) туындаса, жауапкершілікте болмайды.


79. Еңсерілмес күш жағдайларына: мысалы, Үлгі шарт бойынша Тараптардың міндеттемелерді орындауына тікелей әсер еткен әскери жанжалдар, табиғи апаттар сияқты осындай мән-жай жағдайлары кезіндегі төтенше және күтпеген күш жатады. Келтірілген тізбе толымды болып табылмайды. Осындай мән-жайларға атап айтқанда, жұмыстарды орындау үшін қажетті қызметтердің немесе материалдардың болмауы немесе тапшылығы жатпайды.
80. Еңсерілмес күш туындаған жағдайда, олардан зардап шеккен Тарап форс-мажорлық жағдайлардың басталған күнін нақтылайтын және сипаттайтын жазбаша хабарламаны табыстау не почта арқылы жіберу жолымен бес күн ішінде ол туралы екінші Тарапты хабардар етеді.
81. Форс-мажорлық мән-жайлар туындаған кезде Тараптар қалыптасқан жағдайдан шығу шешімін іздестіру үшін тез арада келіссөздер жүргізеді және осындай мән-жайлардың салдарларын жоқ қылу үшін барлық құралдарды пайдаланады.
82. Форс-мажорлық мән-жайлардан туындаған Үлгі шарт бойынша жұмыстарды толық немесе ішінара тоқтату кезінде осы жұмыстарды жүргізу кезеңі форс-мажордың әрекет ету мерзіміне ұзартылады және форс-мажор тоқтатылғанға дейін жаңартылады.

15. Қоршаған ортаны қорғау және жұмыстарды жүргізу қауіпсіздігі бойынша талаптар

83. Қауіпсіздікті және қоршаған ортаны қорғауды қамтамасыз ету мақсатында Концессионер:


1) объектіні салу жөніндегі жұмыстарды жүргізу кезінде объектіні салуға тартылған персоналдың қауіпсіздігіне қойылатын, Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық кесімдерінде белгіленген нормалар мен талаптарды сақтауға және олардың сақталуын бақылауға;
2) объектінің жұмыс істеуін қамтамасыз етуге тартылған персоналдың қауіпсіздігіне қойылатын Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық кесімдерінде белгіленген нормалар мен талаптардың сақталуын қамтамасыз етуге;
3) Қазақстан Республикасының заңнамасына және Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарына сәйкес объектінің жұмыс істеуі нәтижесінде атмосфераға шығарындылардың саны мен химиялық құрамы бойынша нормалардың сақталуын қамтамасыз етуге;
4) (Егер Концессионердің объектіні пайдалануы Концессиялық жобада көзделсе енгізіледі) объектіні пайдалану кезінде Концессионердің қызметімен экологияға келтірілген зиянды барынша азайтуға бағытталған экологияны қорғау саласындағы Қазақстан Республикасының заңнамасына және Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарына сәйкес өзге іс-шараларды өткізуді қамтамасыз етуге міндетті.

16. Дауларды шешу тәртібі

84. Үлгі шартты орындауға және тоқтатуға байланысты даулар Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сәйкес келіссөздер жолымен шешіледі.


85. Егер Үлгі шартты орындауға және тоқтатуға байланысты даулар осы тараудың 84-тармағына сәйкес шешіле алмаған жағдайда, Тараптар дауды Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сәйкес сот тәртібімен, сондай-ақ Қазақстан Республикасының халықаралық коммерциялық төрелік соты туралы заңнамалық кесіміне сәйкес халықаралық төрелік сотқа жүгіну жолымен шешуге құқылы.

17. Қорытынды ережелер

86. Үлгі шартқа барлық қосымшалар мен толықтыруларға Тараптардың өкілетті өкілдері қол қоюы тиіс.


87. Үлгі шарт бойынша кез келген хат алмасу мынадай мекен-жай бойынша жіберіледі:
Концедент___________________________________________________________
Концессионер________________________________________________________88. Тараптардың құқықтық мәртебесін не ұйымдық-құқықтық нысанын өзгерту Үлгі шарттың қолданылуын тоқтатпайды және Тараптар Үлгі шартты бұзуға, оны өзгертуге ниет білдірген не құқық нормалары оны қайта ресімдеуді талап еткен жағдайларды қоспағанда, барлық құқықтар мен міндеттер тиісті құқық иелеріне көшеді. Бұл ретте Тараптар құқықтық мәртебесін, орналасқан орнын және өзге де деректемелерін өзгертуі туралы бірін-бірі жазбаша нысанда 3 күн мерзімде хабардар етуге міндетті.
89. Үлгі шарт бірдей заң күші бар мемлекеттік және Тараптар үшін қолайлы тілде_____________түпнұсқа данада, оның___________ данасы
Концедент үшін және________________данасы Концессионер үшін жасалды.

Тараптардың орналасқан жері және банктік деректемелері

      Концедент                                  Концессионер


  _______________                              _______________
  _______________                              _______________

Тараптардың қолдары

  _______________                            ________________


Концеденттің атынан                       Концессионердің атынан

Экономиканың түрлі саласындағы 


(аясындағы) концессияның жаңа 
объектісін салуға және пайдалануға
арналған үлгі шартқа 1-қосымша

Шарттың ерекше талаптары

      (Осы қосымшада Экономиканың түрлі саласындағы (аясындағы) концессияның жаңа объектісін салуға және пайдалануға арналған үлгі шартпен реттелмеген және концессия объектісін салу (салу және пайдалану) жоспарланатын экономика саласының (аясының) өзіндік ерекшеліктерінің салдары болып табылатын Концедент пен Концессионердің өзара қарым-қатынас аспектілері егжей-тегжейлі көрсетіледі).


      Қосымшада Экономиканың түрлі саласындағы (аясындағы) концессияның жаңа объектісін салуға және пайдалануға арналған үлгі шартта көзделген ережелер де көрсетіледі.

Тараптардың қолдары

      _______________                     _________________


      Концеденттің атынан                 Концессионердің атынан

Экономиканың түрлі саласындағы 


(аясындағы) концессияның жаңа  
объектісін салуға және пайдалануға
арналған үлгі шартқа 2-қосымша 

Мемлекеттік қолдау шарасы

      (Осы қосымшада Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Концессионерге берілетін концессионерді мемлекеттік қолдау шарасы егжей-тегжейлі көрсетіледі).



Тараптардың қолдары

      _______________                     _________________


      Концеденттің атынан                 Концессионердің атынан

Экономиканың түрлі саласындағы 


(аясындағы) концессияның жаңа 
объектісін салуға және пайдалануға
арналған үлгі шартқа 3-қосымша  

Жобалау-сметалық құжаттама

      (Осы қосымшада Концессионер әзірлеген концессия объектісін салуға және/немесе қайта жаңартуға арналған жобалау-сметалық құжаттама егжей-тегжейлі көрсетіледі. Сол сияқты Концессионердің концессия объектісін жақсарту жөніндегі қажетті шарттар мен талаптар да көрсетіледі).



Тараптардың қолдары

      _______________                     _________________


      Концеденттің атынан                 Концессионердің атынан

Экономиканың түрлі саласындағы 


(аясындағы) концессияның жаңа  
объектісін салуға және пайдалануға
арналған үлгі шартқа 4-қосымша

Концессия объектісі

      (Осы қосымшада техникалық-экономикалық ерекшеліктерді қоса алғанда, концессия объектісінің сипаттамасы көрсетіледі. Сол сияқты Экономиканың түрлі саласындағы (аясындағы) концессияның жаңа объектісін салуға және пайдалануға арналған үлгі шарттың ережелеріне сәйкес Концессионер концессия объектісін Концедентке берген кезде оның талап етілетін техникалық-экономикалық ерекшеліктері де көрсетіледі).



Тараптардың қолдары

      _______________                     _________________


      Концеденттің атынан                 Концессионердің атынан

Экономиканың түрлі саласындағы 


(аясындағы) концессияның жаңа  
объектісін салуға және пайдалануға
арналған үлгі шартқа 5-қосымша 

Өзге мүлік

      (Егер концессия жобасының шарттарында Концедент Концессионерге концессия объектісі болып табылмайтын мүлікті уақытша иеленуге және пайдалануға Экономиканың түрлі саласындағы (аясындағы) концессияның жаңа объектісін салуға және пайдалануға арналған үлгі шарттың қолданылу мерзіміне беруді көздейтін жағдайда осы қосымша әзірленеді. Осы қосымшада техникалық-экономикалық ерекшеліктерді, өзге мүліктің құрамына кіретін объектілердің тізбесін, Концессионердің өзге мүлікті иелену және пайдалану мерзімін қоса алғанда, өзге мүліктің құрамы, сипаттамасы көрсетіледі. Сол сияқты Концессионер өзге мүлікті Концедентке берген кезде объектілердің құрамы, тізбесі және өзге мүліктің талап етілетін техникалық-экономикалық ерекшеліктері де көрсетіледі).



Тараптардың қолдары

      _______________                     _________________


      Концеденттің атынан                 Концессионердің атынан

Экономиканың түрлі саласындағы  


(аясындағы) концессияның жаңа  
объектісін салуға және пайдалануға
арналған үлгі шартқа 6-қосымша 

Бизнес-жоспар

      (Осы қосымшада Концессионердің концессия объектісін концессияға беру жөніндегі конкурсқа әзірлеген және ұсынған бизнес-жоспар көрсетіледі. Егер бизнес-жоспарда Экономиканың түрлі саласындағы (аясындағы) концессияның жаңа объектісін салуға және пайдалануға арналған үлгі шартта бизнес-жоспарға енгізу көзделген ережелер болмаса, онда осы ережелер Экономиканың түрлі саласындағы (аясындағы) концессияның жаңа объектісін салуға және пайдалануға арналған үлгі шарттың 1-қосымшасына енгізіледі. Бұл ретте Экономиканың түрлі саласындағы (аясындағы) концессияның жаңа объектісін салуға және пайдалануға арналған үлгі шартқа тиісті сілтемелік нормаларға өзгерістер енгізіледі).



Тараптардың қолдары

      _______________                     _________________


      Концеденттің атынан                 Концессионердің атынан

Экономиканың түрлі саласындағы 


(аясындағы) концессияның жаңа 
объектісін салуға және пайдалануға
арналған үлгі шартқа 7-қосымша 

Жер учаскесін жалдау (қосалқы жалдау) шарты

      (Осы қосымшада Жер учаскесін жалдау үлгі шартының негізінде Концедент әзірлейтін және Экономиканың түрлі саласындағы (аясындағы) концессияның жаңа объектісін салуға және пайдалануға арналған үлгі шарттың 5-тарауында аталған ережелерді қамтитын Жер учаскесін жалдау (қосалқы жалдау) шарты көрсетіледі.)



Тараптардың қолдары

      _______________                     _________________


      Концеденттің атынан                 Концессионердің атынан

Қазақстан Республикасы  


Үкіметінің       
2006 жылғы 29 желтоқсандағы
N 1326 қаулысымен   
бекітілген     

      Ескерту. Үлгі шартқа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008.09.25 N 886 Қаулысымен.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет