Экотоксикология» пәнінің оқу-әдістемелік кешені №1 басылым 050608-«Экология» мамандығына арналған



бет17/17
Дата25.02.2016
өлшемі0.76 Mb.
#19600
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   17

Пайдаланған әдебиеттер


1.Қ. К. Қайырханов. Жануарлар биохимиясы. Алматы-1997

2. Қазақ тілі терминдерінің салалық ғылыми түсіндірме сөздігі: Геология— Алматы: "Мектеп" баспасы", 2003.

3.ӀSВN 5-7667-8188-1 ӀSВN 9965-16-512-2

4.Мұнай және газ геологиясы танымдық және кәсіптік-технологиялық терминдерінің түсіндірме сөздігі. Анықтамалық басылым.- Алматы: 2003. ISBN 9965-472-27-0

5.Қазақ энциклопедиясы

6.С. Сейтов «Биологиялық химия» 1997 жыл,114-149 бттер.



Биогеохимия және экотоксикология пәні


Дәріс тақырыбы № 5 :Денсаулық үшін зиянды органикалық және бейорганикалық заттар.
Мақсаты - 050608-«Экология» мамандығындағы студенттерге биосферада организмдердің қатысуымен жүретін геохимиялық процестерді зерттеп қана қоймай, сонымен қатар талдау жасау

Денсаулық үшін зиянды органикалық және бейорганикалық заттар.



  1. Ауыр металдардың ағзаға әсері. Күміс.

Қазақ халқы ежелден күмістің адам ағзасына пайдасы бар деп сеніп, күміс ыдыстан тамақ ішіп, күміс әшекейлер тағып, сәби дүниеге келгенде нәрестені күміс теңге салынған суда шомылдырып, «Баланың күні күмістей жарық болсын» деген жоралғы жасаған. Металдың өзінің әдемілігімен қатар, таңғажайып емдік қасиеті де жоқ емес. Күмістің емдік қасиеті медицинада дәлелденген. Емшілер өте ерте заманда-ақ күмістің қасиетін ерекше бағалаған. Мысалы, Үндістанда, Египетте, Ресейде күміс қосылған суды түрлі ауруларға ем ретінде пайдаланған. Адамдар мұндай судың өмірлік қуат беретін ерекше сиқыры барлығына сенген. Ғалымдар болса, күмістің бұл қасиеттеріне ХІХ ғасырдың аяғында ғана мән беріп, зерттей бастапты. Күміс сумен әрекеттескенде иондалып, оның құрамында ұзақ сақталады. Сондықтан күміс қосылған су ағзадағы көптеген зиянды микроағзаларды жояды. Адам ағзасының тұмау және жұқпалы ауруларға төтеп бере алмауының себебі иммундық жүйедегі күмістің азаюынан болады. Күміс тек қана ауру тудыратын элементтерді жойып қоймай, ағзадан зиянды токсиндер мен микробтарды шығарады. Тіпті ағзада аз ғана күміс жетіспеушілігі байқалған жағдайда адамның жұмыс істеу қабілеті төмендеп, қорғаныш қасиеті азайып, тез шаршау пайда болады. Шетелдік дәрігер Роберт Бекер күміс иондарының адам ағзасындағы жасушалардың көбеюіне әсер ете алатындығын дәлелдеген. Ол өзінің ғылыми кітабында күміс иондарының қатерлі ісік ауруына шалдыққан адамдардың жасушаларын қайта тірілтіп, көбеюіне көмегі барлығын жазған. Алынған жері

  • Күміс

  • су

  • халық емі

  • күміс ыдыстар

  • медицина

  • Бөлісу…

«Күміс» суды үйде жасауға арналғана иондаушы(ионизатор). Бұл құрылға 60 тонна суды күмістей алады екен. Үш адамнан тұратын жанұяға бұл су бес жылдам астам уақытқа жетпек.

Құрылғы екі түрлі күміс су жасай алады:

1. Ауыз су, күміс иондарының концентрациясы — 35 мкг/литр. Мұндай су санитарлық нормалара бойынша тамаққа(әшуге) жарамды деп саналады (СанПиН 2.1.4.539-96 бойынша ауыз суының күмістік құрамы 50 мкг/литр)ге шейін. Дәрігерлер бұл суды сусын ретінде және түрлі кеселдерді болдырмау шарасы ретінде де пайдалануға болады деп кеңес береді.

Орасан зор пайдасы — асқазан мен ішек жолдарындағы ауыруларды емдеуі(болдырмауы). Тамақ даярлаған кезде де қолданған дұрыс. Түрлі тосаптар мен тұздаулар жасағанда да пайдасы зор. Ыдыстар мен бала ойыншықтарын жуу арқылы бактерияларға қарсы шараларға да таптырмайды.

2. Күміс иондарының концентрациясы 10 000 мкг/литр болатын су. Мұндай суды өкпе-бронх ауыруларына қарсы(ингаляция), жуынуға, өсімдіктерді суғаруға, жеміс-жидектреді жууға қолданған абзал.

Қазақ халқы ежелден күміске ерекше мән берген. Күмістің адам ағзасына пайдасы бар деп сенген жұрт күміс ыдыстан тамақ ішіп, күміс әшекейлер тағып, сәби дүниеге келгенде нәрестені күміс теңге салынған суда шомылдырып, «Баланың күні күмістей жарық болсын» деген жоралғы жасаған. Металдың өзінің әдемілігімен қатар, таңғажайып емдік қасиеті де жоқ емес. Кейбіреулердің айтуынша, ол адам ғұмырын ұзартады- мыс.

Әлі күнге дейін кей өңірлерде сәбидің “бірінші тісінің шығуына” байланысты күміс қасық сыйлау дәстүрінің сақталғаны да кездейсоқ жайт емес. Ерте заманнан бері күмістің түрлі жамандықтан сақтайтын қасиеті бар деген де сенім бар. Күмістің бұл қасиетін молдалар суды тазарту үшін де қолданған.

Халқымыз қадір тұтатын күміс — жұмсақ, қақтауға төзімді, оңай өңделетін металл және жарқыраған ашық түсімен көз тартады. Оның осы қасиетін зергерлер барынша шебер пайдаланған.

Шеберлер әшекей бұйымдарды көбіне алтын мен күмістен жасаған. Қазақтар күмістің адамға игі әсер ететін айрықша қасиетін ерте кезден-ақ білген. Сондай-ақ, асыл тастардың қасиетіне сенушілік қазақ халқының тұрмыс -дәстүрінде әлі де болса сақталып келеді. Інжу көз қарашығын шел басудан, көз сүйелінен, ноғаладан, ал маржан дуаның әсерінен немесе азғындаушылыққа ұрынудан сақтайды. Сарғылт дүр (янтарь) тамақ ұрасы мен жемсау ісігін басады, әрі дұрыс жолға бастайды.

Күміс — ем

Күмістің адам ағзасына емдік қасиеті ерекше екенін медицина да дәлелдеп отыр. Емшілер өте ерте заманда-ақ күмістің қасиетін ерекше бағалаған. Мысалы, Үндістанда оны адам иммунитетін көтеруге қолданса, Египетте  жараға  жабыстырған. Ал, Ресейде шіркеулердегі күміс қосылған суды киелі деп санаған. Адамдар мұндай судың өмірлік қуат беретін ерекше сиқыры барлығына сенген. Ғалымдар болса, күмістің бұл қасиеттеріне  ХІХ ғасырдың аяғында ғана мән беріп зерттей бастапты. Сонымен, күміс адам ағзасына неліктен жақсы  әсер береді? Мәселе бұл металлдың өте күшті табиғи антисептикалық қасиетінде болып тұр. Күміс сумен әрекеттескенде иондалып, оның құрамында ұзақ сақталады. Сондықтан күміс қосылған су ағзадағы көптеген зиянды микроағзаларды жояды. Бұрын ауруға қарсы  дәрілер (антибиотиктер)  өндірілгенге дейін күмісті ем ретінде жиі пайдаланып келген. Кейін дәрілер пайда болысымен ол ысырыла бастапты. Бірақ антибиотиктерді көп ішкен адам ағзасы сол дәріге үйреніп, аурудың беті қайтпай қоятын кездері де болады. Ал, күміспен емделгенде ондай жағдай кездеспейді екен. Ол өзінің белсенділігін жоймайды.



Күміс залалсыздандырады

Күмісті тек медицинада ғана емес, косметологияда, тіпті, саяжайларда бағбандар тыңайтқыш ретінде пайдаланса, аспаздар күміс қосылған сумен тағам әзірлеген. Сондай-ақ, оның залалсыздандыру қасиеті де бар. Мысалы, күміс қосылған сумен балалар ойыншықтарын, бөлмелерді тазалап қоюға болады. Жұқпалы аурулардың алдын алуда күмістің пайдасы зор.                                                                  — Кіршіксіз таза күміс су – бүгінде ең керемет дәрі, – дейді Пенсильван университетінің профессоры, АҚШ-тың Халықаралық Ғылым академиясының мүшесі Рустум Рой. — Оның шипалылығы сондай, Ауғанстандағы, Ирактағы Америка әскері осы суды ғана пайдаланады.                                                                   АҚШ Президенті дизенфекция үшін қолын осы сумен шаяды екен. Ал, қарапайым халық кәдімгі таза суды күміс құтыға құйып, дем салып, емге ішкен.



Күміс қуат береді

Адам ағзасының тұмау және жұқпалы ауруларға төтеп бере алмауының себебі иммундық жүйедегі күмістің азаюынан болады. Күміс тек қана  ауру тудыратын элементтерді жойып қоймай, ағзадан зиянды токсиндер мен микробтарды қуып шығады. Тіпті, ағзада аз ғана күміс жетіспеушілігі байқалған жағдайда адамның жұмыс істеу қабілеті төмендеп, қорғаныш қасиеті азайып, тез шаршау пайда болады. Аталған микроэлементке қаныққан ағза сирек ауырады, тәбеті де жақсы болады. Тарихшылар  ертедегі вавилондықтар мен гректер күмістің залалсыздандратын қасиетін ескеріп, патшалары пайдаланатын ауыз суды күміс ыдыстарда сақтағанын анықтаған.  Бұны археологтардың  қазбаларынан да кездестіруге болады.  Біздің заманымызға дейінгі 4000 мың жыл бұрынғы патшалардың қабірлерінен  де күміс ыдыстар табылған. Әйгілі Геродоттың жазбаларында да  Парсы патшасының суды күміс  ыдыстарда сақтағаны  көрсетілген.

Күміс суының сиқырын сонау Зұлқарнайын кезіндегі жауынгерлер  де білген. Олар су ішетін торсықтарына күміс теңгелер салып жүреді екен. Ежелгі Ресейде де құдыққа қой басындай күміс  тастайтын болыпты. Бұл елдің жұқпалы аурулардан аман қалуына көмектескен

Рак ауруын емдейді

Шетелдік дәрігер Роберт Бекер күміс иондарының адам ағзасындағы жасушалардың көбеюіне әсер ете алатындығын дәлелдеген. Ол өзінің ғылыми кітабында күміс иондарының рак ауруына шалдыққан адамдардың  жасушаларын қайта тірілтіп, көбеюіне көмегі барлығын жазған. Ол: «Менің қарамағымда созылмалы сүйек инфекциясына шалдығып, жарасында рак ісігі пайда болған науқас  емделді. Ол  сүйекті кесіп тастаудан бас тартты және менен күміс иондарымен емдеуді өтінді. Мен оның жарасын күміс қолдану тәсілімен емдедім.  Үш айдан соң аурудың беті бері қарады. Рак жасушалары  қалыпқа түсті. Кейін сол адамды сегіз жылдан соң кездестіргенімде ол өзін өте жақсы сезінетіндігін айтты», — деп жазыпты.


Пайдаланған әдебиеттер


    1. Қ. К. Қайырханов. Жануарлар биохимиясы. Алматы-1997

    2.  Қазақ тілі терминдерінің салалық ғылыми түсіндірме сөздігі: Геология— Алматы: "Мектеп" баспасы", 2003.

    3. ӀSВN 5-7667-8188-1 ӀSВN 9965-16-512-2

    4. Мұнай және газ геологиясы танымдық және кәсіптік-технологиялық терминдерінің түсіндірме сөздігі. Анықтамалық басылым.- Алматы: 2003. ISBN 9965-472-27-0

    5. Қазақ энциклопедиясы

    6. С. Сейтов «Биологиялық химия» 1997 жыл,114-149 бттер.



Биогеохимия және экотоксикология пәні

Дәріс тақырыбы № 6 : Табиғи ресурстар және олардың классификациясы.
Мақсаты - 050608-«Экология» мамандығындағы студенттерге биосферада организмдердің қатысуымен жүретін геохимиялық процестерді зерттеп қана қоймай, сонымен қатар талдау жасау



Табиғи ресурстар және олардың түрлері


Табиғи ресурстар - адамның өз мұқтажын қамтамасыз ету және көздеген мақсатына жету үшін пайдаланатын қоршаған ортадағы заттардың, құбылыстардың, табиғи денелердің жиынтығы. Оларға ауа, күн, жел, су, жер, орман, табиғи құрылыс материалдары, пайдалы қазбалар және т.б. жатады.

Табиғи ресурстардың бірінші белгісі - олардың түрі. Бұл белгіге сәйкес олар табиғи құбылыстар (күн энергиясы, жел, мұхиттардағы су деңгейінің көтерілуі мен судың қайтымы), өсімдіктер әлемі, жануарлар әлемі, табиғи заттар (су, ауа, топырақ) және пайдалы қазбалар (мұнай, алтын, т.б. әртүрлі рудалар) болып бөлінеді. Сонымен қатар пайдалы қазбалар пайдалануға дайын (көмір, бағалы тастар, тұз) және өңдеуді қажет ететін (мұнай, синтетикалық тыңайтқыштар) болуы мүмкін.

Табиғи ресурстардың екінші белгісі - олардың қоры. Бұл белгісі бойынша оларды сарқылатын және сарқылмайтын деп бөледі.

Сарқылмайтын табиғи ресурстар - табиғатты ұзақ пайдалану кезінде саны мен сапасы өзгермейтін немесе аздап қана өзгеретін табиғи физикалық құбылыстар және денелер. Мұндай ресурстарға Күн энергиясы, жел энергиясы, қозғалыстағы су энергиясы, жер қойнауы энергиясы жатады. Қоршаған ортаның ауасы мен суы саны бойынша өзгермеуі мүмкін, бірақ адамның тіршілігі барысында сапасы төмендеуі әбден мүмкін. Бұл табиғи байлықтар қазіргі таңдағы техника мен технологияның көмегімен (су, шаң, газ тазалау, сондай-ақ санитарлық-гигиеналық шаралар) сарқылмайтын бола алады.

Сарқылатын табиғи байлықтар - табиғатты пайдалану барысында саны мен сапасы өзгеретін табиғи физикалық құбылыстар және денелер.

Үшінші классификациялық белгі - сарқылатын табиғи байлықтардың орнына кайта келуі. Бұл белгісі бойынша сарқылатын байлықтардың мынадай түрлері бар:

- қалпына келетін -өсімдіктер, жануарлар және микроорганизмдер әлемі;

- қалпына келмейтін - миллиондаған жылдар бойы жер қойнауында түзілген пайдалы қазбалар (қара, түсті, асыл және сирек кездесетін, радиоактивті металдар рудалары, мұнай, газ және т.б.);



- салыстырмалы қалпына келетін - пайдалануға қарағанда орнына қайта келуі баяу жүретін ресурстар (құнарлы қара топырақ, үлкен жастағы ағаштар - секвойя, баобаб және т.б.).

Пайдаланған әдебиеттер


    1. Қ. К. Қайырханов. Жануарлар биохимиясы. Алматы-1997

    2.  Қазақ тілі терминдерінің салалық ғылыми түсіндірме сөздігі: Геология— Алматы: "Мектеп" баспасы", 2003.

    3. ӀSВN 5-7667-8188-1 ӀSВN 9965-16-512-2

    4. Мұнай және газ геологиясы танымдық және кәсіптік-технологиялық терминдерінің түсіндірме сөздігі. Анықтамалық басылым.- Алматы: 2003. ISBN 9965-472-27-0

    5. Қазақ энциклопедиясы

    6. С. Сейтов «Биологиялық химия» 1997 жыл,114-149 бттер.


Биогеохимия және экотоксикология пәні


Дәріс тақырыбы №7:Топырақтың ластануы.
Мақсаты - 050608-«Экология мамандығындағы студенттерге биосферада организмдердің қатысуымен жүретін геохимиялық процестерді зерттеп қана қоймай, сонымен қатар талдау жасау
Топырақтың ластануы

    1. Табиғаттың ластануы

    2. Бүліну процессі




Табиғаттың ластануы дегенде біз оған тән емес агенттердің енуі немесе бар заттардың консентрациясының (химиялық, физикалық, биологиялық) артуын, санның нәтижесінде қолайсыз әсерлер туғызуын түсінеміз. Ластандырушы заттарға тек улы заттар ғана емес, зиянды емес немесе ағзаға қажет заттың оптималды консентрациядан артық болуы да жатады. 
Ластануды жүйенің тепе – теңдігін бұзатын кез келген агент ретінде бағалауға болады. 
Ластану әр түрлі белгілері бойынша жіктеледі: 
• шығу тегі бойынша: 
табиғи және жасанды (антропогенді); 
• пайда болу көзіне байланысты: 
а) өндірістік, ауыл шаруашылық, транспорттық және т.б.; 
ә) нүктелік (өнеркәсіп орнының құбыры), объектілі (өнеркәсіп орны), шашыраған (егістік танабы, бүкіл экожүйе), трансгрессивті (басқа аймақтар мен мемлекеттерден енетін); 
• әсер ететін ауқымына байланысты: ғаламдық, аймақтық, жергілікті; 
• қоршаған ортаның элеметтері бойынша: атмосфера, топырақ, гидросфера және оның әр түрлі құрам бөліктері (әлемдік мұхит, тұщы су, жер асты сулары, өзен сулары және т.б.); 
• әсер ететін жеріне байланысты: химиялық (химиялық заттар мен элементтер), физикалық (радиоактивті, радиациялық жылулық, шу, электромагниттік), физико – химиялық (аэрозольдер), биологиялық (микробиологиялық және т.б); 
• әсер етудің периодтылығына байланысты: бірінші ретті (өнеркәсіп орындарының қалдықтары), екінші ретті (смогты құбылыстардың өнімдері); 
• тұрақтылық дәрежесі бойынша: өте тұрақты – 100 және 1000 жыл тұратын (азот, оттегі, аргон және басқа инертті газдар), тұрақты – 5-25 жыл (көмірқышқыл газы, метан, фреондар), тұрақсыз (су буы, көміртегі тотығы, күкіртті газ, күкіртсутек, азоттың қостотығы, озон қабатындағы фреон). 
Неғұрлым ластаушы зат тұрақты болса, оның қоршаған ортада жиналу эффекті жоғары. Кез келген ластаушы затты үш параметр бойынша бағалауға болады: қоршаған ортаға түсетін көлеміне, улылығына және тұрақтылық дәрежесіне қарай. Мысалы, көмірқышқыл газының қолайсыз эффектісін оның қоршаған ортаға түсетін көлеміне және ұзақ сақталу уақытына, олай болса оның жинақталуы және осыған байланысты парниктік эффекттің пайда болуы қамтамасыз етеді. 
Өндірілетін ресурстардың тек 2 – 3% ғана пайдалы өнім ретінде қолданылады, ал қалғаны қалдықтар (бос жыныс, шлактар және т.б). 
Адам қызметінің көңіл аударарлық нәтижесіне қоршаған ортаға оған тән емес, тірі ағзалар үшін бөтен (ксенобиотиктер) заттардың шығарылуы жатады. Тбиғатта 2 мыңдай бейорганикалық және шамамен 2 млн. органикалық қосылыстар бар. Адам қазір 8 млн. – нан астам қосылыстарды синтездей алады. Жыл сайын олардың саны бірнеше мыңға артып отырады. 
Жер бетіндегі адам мекен етпейтін кеңістіктің болуы (құрлықтың жалпы ауданы 149 млн. км2 болса, мұндай жерлердің үлесіне шамамен 48 млн. км2 тиеді) қазіргі дағдарыстың ғаламдық сипатын жоққа шығармайды. Бұл ең алдымен атмосфера мен судың қозғалғыштығына байланысты. Мысалы, мұнайлы қабықшамен әлемдік мұхиттың бетінің 15 – 25% ластанған. Қазіргі кезде атомдық двигательдер мен радиоактивтік қалдықтардың көмілуі нәтижесінде әлемдік мұхиттың радиоактивті ластануы зор қауіп төніп отыр. 
Табиғат ресурстарын пайдалану жылулық ластанумен, яғни жер маңы кеңістігінде қосымша энергияның жиналуымен байланысты. 
Биосфераның жылулық балансының бұзылуын атмосфераның шаңдануының артуы, өсімдік жабынының булануының өзгеруі, топырақ пен су қоймаларының бетінен ластануының өзгеруі қамтамасыз етеді. Мұнайлы қабықша булануды 20 – 30% - ға тежейді. Нәтижеде ғалымдардың болжауы бойынша ауаның орташа жылдық температурасы 1 – 30С – ға артады. Ал мұның өзі биосфераның термодинамикалық немесе жылулық дағдарыс жағдайына өтуіне әкеліп соқтыруы мүмкін. 
Қазіргі кездегі озон қабатын бұзатын негізгі антропогенді фактор фреондар болып есептеледі. Соңғы жылдары атмосфераның жоғары қабатындағы озонның мөлшерінің кемуі байқалуда. Солтүстік жарты шардың орталық және жоғары ендіктерінде бұл кему 3% құраған. Мәліметтер бойынша озонның 1% - ға кемуі терінің қатерлі ісігімен ауру деңгейін 5 – 7% - ға арттыруы мүмкін. 
Көптеген мемлекеттер фреондардың өндірісін 50% кеміту және оларды басқа пропиленттермен алмастыру туралы міндеттеме қабылдады. 
Судың ластануы. Ластануға судың барлық категориялары: мұхит, континенттік, жерасты, әртүрлі дәрежеде ұшырайды. 
Судың ластануы ең бірінші рет су қоймаларына әр түрлі ластаушы заттардың келіп түсуіне байланысты болады. Екінші ретті ластану бірінші ретті ластаушылардың әр түрлі тізбекті реакцияларға түсуі арқылы жүреді. Ластаушы заттарға негізінен топырақ эрозиясының өнімдері, минералдық тыңайтқыштар, улы химикаттар және т.б заттар жатады. Ластаушы заттардың басым көпшілігін амосфералық жауын – шашын әкеледі. Сулардың канализация ағысымен, тұрмыстық қалдықтармен, өнеркәсіп орындарының қалдықтарымен, су таранспорттарымен ластану үлесі де жоғары. Қазір бүкіл планетада іс жүзінде қандай да бір дәрежеде адам қызметі нәтижесінде ластанбаған беттік тұщы су көзі жоқ деуге болады. 
Қазіргі кезеңнің өзекті мәселелерінің бірі – радиациялық ластану болып қалып отыр. Қазақстан территориясында қуатты ядролық сынақтардың ең көп мөлшері жасалды. Олар еліміздің территориясының біраз бөлігінің радиациялық ластануына әкелді. Қазақстан территориясында радиациялық ластану себептеріне мыналар жатады: Семей ядролық полигонында жасалған жарылыстардың салдары, радиоактивті материалдарды пайдаланатын атомдық өнеркәсіп орындары, ғламдық жауындар, халық шаруашылық мәселелерін шешу мақсатында жасалған жер асты ядролық жарылыстар, табиғи радиоактивтілік, радиоактивті қалдықтар.

Пайдаланған әдебиеттер


    1. Қ. К. Қайырханов. Жануарлар биохимиясы. Алматы-1997

    2.  Қазақ тілі терминдерінің салалық ғылыми түсіндірме сөздігі: Геология— Алматы: "Мектеп" баспасы", 2003.

    3. ӀSВN 5-7667-8188-1 ӀSВN 9965-16-512-2

    4. Мұнай және газ геологиясы танымдық және кәсіптік-технологиялық терминдерінің түсіндірме сөздігі. Анықтамалық басылым.- Алматы: 2003. ISBN 9965-472-27-0

    5. Қазақ энциклопедиясы

    6. С. Сейтов «Биологиялық химия» 1997 жыл,114-149 бттер.


Өзіндік жұмыс тақырыптары

  1. Биогеохимия пәні

  2. Оның міндеттері
  3. Ферменттердің қысқаша тарихы

  4. Ферменттердің әсер ету механизмі

  5. Гармондардың жалпы сипаттамасы, зат алмасудағы қызметі


    1. Инфекцияның түрлері, инфекцияның таралу жолдары  
      8. Негізгі эпедемиялық түсінік 
      9. Қауіпті қалдықтар түрлері

10.Зиянды заттардың классификациясы
11.Табиғаттың ластануы

12.Бүліну процессі


13.Табиғи ресурстар және олардың түрлері


14. Ауыр металдардың ағзаға әсері

15. Пестицидтердіѕ қолдану саласы



16.Адам денсаулығы

17. Витаминдерге жалпы сипаттама



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   17




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет