Әктас жер қойнауын бағалау


ӘКТАСТЫ ӨНДІРУ ҮШІН ГЕОЛОГИЯЛЫҚ ЖӘНЕ ӨНДІРІСТІК ЖАҒДАЙЛАРДЫҢ ТАЛДАНЫЛУЫ



бет2/3
Дата11.06.2016
өлшемі0.69 Mb.
#128582
1   2   3

2 ӘКТАСТЫ ӨНДІРУ ҮШІН ГЕОЛОГИЯЛЫҚ ЖӘНЕ ӨНДІРІСТІК ЖАҒДАЙЛАРДЫҢ ТАЛДАНЫЛУЫ

2.1 Геологиялық және өндірістік жағдайлардың талданылуы

Қатты пайдалы қазбаларды кенорындардан шығару үш негізгі тәсілі арқылы жүргізіледі:

1. Ашық жұмыстар ( ашық тау жұмыстары);

2. Жер асты жұмыстар ( жер асты тау жұмыстары);

3. Геотехнологиялық жұмыстар ( заттарды сұйық фазаға ауысуы)

Тау технологиялық жұмыстарында негізгі үш жұмыс бар: ажырату, массивтен өндірілген тау массасын айыру, көлік сыйымдылығына ажырылған тау массасын тиеу, массаны күндізгі жер бетіне шығару. Бұл технологиялық сұхбат бұрынғы заманнан келе жатқан және оны бүгінгі күнге дейін өзгертілмеген емес. Тау жұмыстарының технологиясының жанаруы механизациялау және автоматизациялау жолдарымен дамып келеді.



Кенорынның ашық өндіру жұмыстары. Пайдалы қазбаларды өндіру және ашу тереңдіктен жер бетіне шығару жүргізіледі. Тау өндірісінде бұл кен шығаратын орын деп аталады.

Пайдалы қазбалардың тереңдігі орналасу жағдайына қарай кен шығарылатын орын көлденен жер үсті ойылған бауырында, пайдалы қазбаларды өзінің барлық тереңдігінде немесе төмен бөлігінде ашу.

Кен шығару орындарда ашық тазаланған аймақ өндірілген шикізатты уатуға жақсы жағдай жасайды және еңбек қауіпсіздігін қамтамасыз етеді. Бірақ тау жыныстарында бос тау жыныстардың саны жер үстіне шығару кезінде көп болуы мүмкін. Олар пайдалы қазбалардың денелерін (аршылым) көрсетпейді. Бос тау жыныстардың пайдалы қазбаларды өндіруі бірліктері аз болғаннан, ол бірліктің өзіндік құны көбейеді. Пайдалы қазбаларды өндіру барысында бос тау жыныстардың сандық қатынасы оның шығару саны аршылым коэффициенті деп аталады. Ол мынандай бірліктерде м/м, м/т, т/т көрсетіледі. Кен шығару орындарында аршылым коэффициенттері 0,5 - 10 бірлігіне дейін жетеді.

Кенорынның ашық жұмыстарында үлкен габаритті және мықты өндіріс механизмдері қолданылады. Сондықтан тау массасының жылдық өндіруі өте жоғары деңгейде болуы мүмкін ( он млн т). Ашық жұмыстардың еңбек өндірісі 5 - 8 есе жоғары, ал тау масасының 1 м шығару өзіндік құны 2 - 4 есе төмен, жерасты жұмыстардан қарағанда.

Ашық өндіру жұмыстарындағы пайдалы қазбалардың бірлік өзіндік құнына тең аршылым коэффициенті шекті аршылым коэффициентті деп аталады:
КВС = (СП- СО)/ СВС

Мұндағы:


СП - жерасты тәсілмен өндірілетін пайдалы қазбалардың бірлік өзіндік құны;

СО - аршылымның шығынсыз ашық тәсілмен өндіру;

СВС - аршылым 1м (1 т) өзіндік құны.

Ашық өндіру жұмыстарының терендігі аршылым шекті коэффициеттімен анықталады. Кен шығару орынның нақты көлемі пайдалы қазбалардың денелердің көлеміне байланысты. Тереңдігінің минималды көлемі ( 35- 40) х ( 50 -70)м құрайды. Пайдалы қазбалардың тереңдігі жатыс жағдайымен анықталынады және 200- 300м аспайды.



Кенорындардағы жерасты жұмыстары. Тау массасын жер үстіне шығару арнайы жұмыстармен жатық және шахта ашылу жүзеге асырылады. Жерасты жұмыстары тұрақты және көп жылды тау жыныстарында жүргізіледі Кенорынның ашылу сұхбаты пайдалы қазбалардың жатыс мінездемесі мен аймақ бедерімен анықталады. Кенорынның жатыс ашылуы қатты бөлінген бедер жағдайымен жүзеге асырылады. Жатысты жүргізу барысында орташа шығындар 5 - 7 есе аз, шахтадан қарағанда. Шахты құрылысы жазық бедер жағдайында қолданылады.



Шахтылар тік және иілу түрінде пайда болады.Кенорынның жерасты максималды тереңдігі нақты уақытта кейбір кендерде 2000м дейін, ал көп жағдайда 300 -700 м құрайды.

Геотехнологиялық тәсілмен өндіру. Қатты пайдалы қазбаларды шайландыру, қайнату, еріту және ілбіреуге айналу негізінде жүзеге асырылады. Геотехнологиялық тәсіл пайда қазбалардың бұрғылау жүйесінде немесе тау жұмыстардағы сорғыту арқылы жүзеге асырылады. Жерасты шаймаландыру тәсілі қазіргі уақытта уран және мыс өндіру үшін қолданылады.

2.2 Кенорынның қысқаша геологиялық мінездемесі.
Жер қойнауын пайдаланушылар — Қазақстан Республикасының аумағында, мұнай операцияларын қоса алғанда, жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды Қазақстан Республикасының заң актілеріне сәйкес жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғалар;

Уәкілетті органдар — бюджетке төленетін міндетті төлемдерді есептеуді және (немесе) жинауды жүзеге асыруға Қазақстан Республикасының Үкіметі уәкілеттік берген салық органдарын қоспағанда, Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдары;

Келісім - шарт - жерасты үймереттер құрылысы және эксплуатациясы, барлау және өндіру жұмыстарымен байланысты уәкілетті орган мен жеке немесе заңды тұлғалар арасындағы келісім - шарт;

Кенорын - табиғи қорлары жер қойнауынын бір бөлігі;

Өндіру - жер қойнауынан пайдалы қазбаларды өндіру кешен жұмыстары;

Пайдалы қазбалар - минералдар немесе табиғи минералдар агрегаты.

Кенорын Алматы облысы, Ескелді ауданында Құсақ көлінің сол жағында Төленгент ауыл жерінен батысқа қарай 18 км Текелі қаласынан 1000- 1130 м биіктікте теңіз деңгейі үстінде орналасқан. Ең жақын елді мекен Екпенді ауылы болып табылады. Кенорыннан 3 км солтүстікте Талдықорған- Текелі көлік жолы бойынша әктасты қант зауыттарына жеткізеді. Кенорыннан Екпенді ауылы жағынан бастап асфальт салынған.

Кен шығаратын орынның әктас жоспарлы өнімділігі 1 жылда 675 мың т шығарады. Әктас кенорындары қант өндірісі үшін пайданылады. Республикалық стандартқа сәйкес РСТ 316- 82 қант зауыттарында әктас сүті мен көмірқышқыл газды алу диффузиялық суларды тазалау үшін қолданылады.

Кенорын Жоңғар Алатаудың батыс жағында геологиялық тізбекте Селлур кешен тау жынысы және төрттік түзілімдер кіреді. Кенорын үлкен линза сияқты көрсетілген, ендік бағытта созылған және жер бетіне шоқы түрінде абсолюттік бағамен шығыста 1440 м, солтүстікте +950 м орналасқан.

Әктас арасында ұсақ денелер, порфирит сығылмалары, құм- саздар тақтатастар және құмтастар жиі кездеседі. Кенорын сұр- ақшыл, сұр, сұр- қара әктастар ұсынылады.

1958-1959 жылдары және барлауға дейін 1988- 1989 жылдары геологиялық барлау жұмыстарын жүргізу кезінде тау жүргізілімдері және су ұнғыма горизонттары ашылған емес.

Кенорыннан солтүстікке 0,5 км қарай эксплуатациялық ұнғыма бұрғыланған, ол кен шығару орнына суды қамтамасыз етеді.

Сапалы мінездеме және пайдалы қазбалар қорылары. Алматы кең емес жұмыстарын жүргізу кезінде әктас кенорны НРБ- 76/87 талабына сәйкестігін бекітті және барлық жұмыс түрлері үшін шексіз пайдалануға соның ішінде келесі технологиялық бағытта қолдануға болады:

1. Қант өндірісі үшін Mg < 1,45%, CaO >52,0% құрама талап етсе;

2. Металлургияда флюсалық шикізат Mg < 1,45%, CaO >52,0% құрамы талап етсе;

3. Химиялық өнеркәсіпте азот тынайтқыш өндірісі, тұздалған кальций, кальций карбиді CaO >52,0% талап етеді;

4. Құрылыс әктас өндірісі үшін.

5. Әйнек өнеркәсібінде әктас құрамында Mg < 1,45%, CaO >52,0% болса. Әктас құрамында 0,04-0,05 % деңгейінде болса, онда әктасты түссіз әйнек өнеркәсібінде қолдануға мүмкіндік береді.

6. Қышқыл жер қыртысында нейтралдау және минералды компонентін тындыру. Құрамында F ( < 0,15 % ), As ( 0,012 %) Pb (0,008%)

7. Карбонат үн өнеркәсібінде целлюлозды-қағаз қолданылады.

8. Резина өнеркәсібінде құрамында CaCO3 + MgCO3 92,8% аз емес.

9. Карбонат үн өндірісі үшін құрылыс және лак бояу өнеркәсібінде қолданылады.

Әктастың орташа химиялық құрамы (процент %):

CaCO3 - 95,46; MgCO3-0,94; CaO4- 0,84; Al2O3 + Fe2 O3 - 1,02; K2 O+ Na2 O- 0,22;

Қорлар 29.12.1990 жылдан 610 протокол пайдалы қазбалар қорлары бойынша аудандық комиссия ПГО "Южказгеология " бекітіледі және келесі сандық ( категория бойынша) түрінде көрсетіледі.

- Баланстық қорлар:

В- әктас 2 284 мың т, окремді әктас- 69,0 мың куб.м, порфириттер- 258,0 мың куб.м;

С1 - әктас 10 210 мың т, окремді әктас- 161 мың куб.м, порфириттер- 533 мың куб.м

С2 - әктастар3 776 мың т;

Барлығы әктастар- 16 270 мың т, окремді әктас -230 мың куб.м, порфириттер- 791 мың куб.м;

Кен шығары орнының контурдағы өндірістік қорлар:

В- әктастар 1 181 мың т, окремді әктастар және порфириттер- 134 мың куб.м;

С1 - әктастар 8 945 мың т, окремді әктастар және порфириттер- 421 мың куб.м;

Барлығы әктастар- 14 540 мың т, окремді әктастар және порфириттер- 555, 81 мың куб.м.

Ағымды жылдағы әктас пайдасы мен жоспарлы шығыс есебі бойынша 01.01.2007 ж қорлар келесі түрде болады:

В- әктастар 1 181 мың т, окремді әктастар және порфириттер- 134 мың куб.м;

С1 - әктастар 8 914 мың т, окремді әктастар және порфириттер- 421 мың куб.м;

С2 - әктастар 3 776 мың т

Барлығы әктастар- 14 508 мың т, окремді әктастар және порфириттер- 555, 81 мың куб.м.

Әктасты өндіру Келісм - шарт негізінде "Әктас" кенорында әктасты өндіру 02.04.1997 ж келісімделген және 07.09.2030 ж мерзіміне дейін ҚР Заңына сәйкес ұзарту құқығымен қорлар В және С1 категориялар 14,5 млн.т көлемінде жүргізіледі. ( Келісім - шарт Акт 02.04.1997ж 2-97-17 бекітілген)


2.3 Үй және өндірістік әктастың технологиясы.
Серіктестіктің өндірістік технологиялық циклі бір айналым жылға жабдықтарды эксплуатациялау жоспарлы - жөндеу жұмыстары мен профилактикалық жүргізулер үшін жоспарлы тоқтаулармен есептелінеді. Сонымен қатар өндірістік әктас үшін - екі ауыспалы, ал үй әктас үшін - тәулік бойы жұмыс істейді.

Өндірістік үрдіс технологиялық кешен операцияларынан тұрады: бұрғылау жарылыс жұмыстары, өндіру, әктастың тасмалдануы, уату, тұтынушыларға өнімді жөнелту, үй әктас өндірісінің күйдіру үрдісі.

Бұрғылау жарылыс жұмыстарын Алматы бөлігі ( " Алматывзрывпром") АО "Казвзрызпром" жүргізеді.

Бұрғылау СКУ станоктарымен 100 с диаметр долаттан 106 м жүзеге асырылады. Әктас тиелімі ЭКГ- 5А экскаваторымен автосамосвал БЕЛАЗ -540 тізбектік тиеліммен ДСЗ 1,5 км қашақтықта жүргізіледі. Аршылым жұмыстары 3-2503 экскавоторымен әзірленеді. Кәзіргі уақытта тау жыныстары +1040 және +1030 м горизонтында жүргізіледі.

Кен шығару орында жұмыс істеу уақыты бір айналым жылға бір ауысым (260 жұмыс күні) өндіру жұмыстары және тау аршылымдардың жоғалуы, жұмсақ аршылым жұмыстарында - маусымдық ( 140 жұмыс күні) жұмыстары жүргізіледі. Тау жыныстарының технологиялық сұхбаты келесі этаптардан тұрады:

1. Бульдозер тау жыныстарында жұмыс істеу және тасмалдау;

2. Аршылым тау жыныстарында тура экскавация жұмыстарын жүргізу және тасмалдау;

3. Әктасты өндіру және Уату - сұрыптау цехына тасмалдау. Пайдалы қазбаларды дайындау бұрғылау жарылыс жұмыстарымен жүзеге асырылады.

4. Бульдозерді қосымша жұмыстарында қолдану.

Технологиялық сұхбатқа сәйкес кенорындағы пайдалы қазбаларды бұрғылау жарылыс қабілетімен, ЭКГ-5А экскаватор БЕЛАЗ -540 автосамасвалға тиеліммен алғашқы әзірленуден кейін өнделеді.

Қайта өндеудің технологиялық регламенті. Пайдалы қазбаларды өндеу бұрғылау жарылыс қабілетімен жүргізілгеннен кейін, ЭКГ-5А экскаваторымен БЕЛАЗ-540 автосамосвалында тиелгеннен соң, әктасты тізбектелген тасылым түрінде жүргізіледі. Мұнда тау массасы 0-15, 15-25, 25-50, 50-60, 60-120,120-180 мм фракцияға уатылады және бөлінеді. 60-120, 120-180 мм фракцияларын облыстық зауыттарға әкетіледі, ал 0-15, 15-25, 25-50, 50-60 мм фракциялары өндірістік қалдықтары қойылымда тұрады, тұтынушыларға қажет болған кезде жіберіледі.

Жөндеу және қойылым шаруашылығы. Механизмдердің жоспарлы - ескерту және авариялық жөндеудің барлық түрлері механикалық жөндеу шеберінде жүзеге асырылады. Ол кен шығару орынның өндірістік аумағында орналасқан.

Қойылым шаруашылығы фракциялық тау массасын 0-15, 15-25, 25-50,50-60 қайта өндеу қойылма түрінде ұсынылған және тау- көлік жабдықтарына арналған қойылым бөлімдері бар. Тау массасының бөліну және іріктену кезінде әктас тауарының шығуы ( фракция 60-120, 120-180 мм ) жоспар бойынша жалпы тау массасынан 30 % - тен аз болмауы керек, ал технологиялық үрдістен өндегеннен кейін әктас тауардың шығуы 33% азайды. Кондицияланған емес тастың шығуы ( фракция 0-15, 15-25, 25-50, 50-60мм) 67% құрайды.



2.4 Қоршаған орта бойынша бағалау шаралары.
Атмосфералық ауаның ластану көздері. Тау өндірісінің атмосфералық ауаның ластану себептері:

- Аршылым жұмыстары;

- Әктасты өндіру.

Тау - көлік жұмыстарын жүргізу барысында қатты және газ күйіндегі заттардың шаң болуы мен шығарындылары атмосфераға зиян келтіреді. Шаңның қалыптасуы кен шығару орында экскаватор, бульдозер, автокөліктің жұмыс кезінде қозғалудан пайда болады. Рекультивациялық жұмыстар басталуына дейін кен шығару орнында жел соғудан, шаңның көтерілуі мүмкін. Шаңның қалыптасуынан басқа атмосферада газ күйіндегі ластауыш шығарындылары, көмірқышқыл, азот қышқылы, ангидрид сияқты заттар болады. Атмосфераға ластауыш заттардың шығарындылары мен қауіпті әрекет жасау комбинация қосымшалары, қауіп- қатер сыныптары, атмосфера ауасына бірнеше ластауыш заттардың жіберілетін Концентрациясының (ПДК) тізімі көрсетілген формулада концентрацияның сомасы 1- ден көп болмау керек:



С1 + С2 + Сn < 1

ПДК1 ПДК2 ПДКn

Мұндағы:

- С1, С2 .... Сn - атмосфера ауасындағы ластауыш заттардың нақты концентрациясы, мг/м



- ПДК1, ПДК2 .... ПДКn - ластауыш заттардың шекті жіберілетін концентрациясы, мг/м

Атмосфера ауасының ластану деңгейі. Ауаның қауіпті заттармен ластану деңгейі аудандағы үй тұрғызылған жер аймақтары мен өндірістік кәсіпорындардан тәуекел болуы мүмкін. Кен шығару орны өндірістік дамыған ауданда орналасқан. Кенорыннан шығысқа қарай 5 км-де Екпенді мрамор кенорны әзірленеді. Жақын арада (1-1,5км) Текелі - Көксу бұлағы, Қоғалы ауылы, Сарыөзек- Алматы асфальт салынған жолдары жатыр. Сондықтан ауаның ластану деңгейі кен шығару орны эксплуатациялаудан ғана емес, аудандағы барлық кәсіпорындардан тәуекелді болады.

Ауаны ластауыш заттардың шығарындылардың азаюы және қолдану қорытындысы бойынша инженерлік- техникалық шаралар кешені. Санитарлық нормаларға дейін ауа ластанудың төмендеуі үшін шаң және газды жою бойынша инженерлік - техникалық шаралар жүргізіледі. Жылу уақыт кезінде тау массасындағы аршылым жұмыстарында бір қазбалы экскаватормен бульдозермен экскавациялау , өндіру және рекультивациялау, көлік жолдарында шаңды бастыру барысында МП-15 суғару типті және К-701 дөңгелек трактормен жарты прицеп - цистерна 15 куб.м сиымдылығының көмегімен суғарылады. Қозғалтқыш жабдықтарының ішкі жануымен улы газдардың шығарындылардың азаюына катализатор қолданылуы рәсіьделеді.Одан өткен жұмсалған газдар 90 % тазартылады. Қазандықтан әсер ететін ластауыш заттардың шығарындылардың азаюы үшін ұстауыш қондырғылар ды қарастырылады. Ол шығарындылардың 80-85% азайтады.

Жағымсыз метеорологиялық талаптар мерзімі бойынша шаралар. "Жағымсыз метеорологиялық талаптар бойынша шығарындыларды реттеу туралы әдістемеге" сәйкес ЖТМ мерзіміне шаралар әзірленіледі. Өйткені кен орналасқан жерде 10 000 адамнан астам елді мекен жоқ.

Жер үсті және жер асты су қауіпсіздігі. Кенорын жұмысының гидрогеология шаралары қарапайым. Жер асты судың негізгі көздері бұлақтар және атмосфера инфильтрациясы , қардың еруі және күз кезіндегі ұзақ жауын-шашындар. Кен шығару орында ашық су сұхбаты қарастырылады.

Кәсіпорында пайда болатын қатты қалдықтар. Қатты тұрмыстық қалдықтар бір түрлі талон бойынша арнайы көлікте шығарылады. Жұмыс істелген аккумуляторлар, резина айырбастау орындарына өткізіледі. Жұмсалған майлар көліктердің жабдықтарын майлау үшін қолданылады.

Жердің рекультивациясы. Кен шығару орны өнімі аз жайылым жерлерде орналасқан. Кен шығару орнының рекультивация жобасы 1974 ж Стройпроект НИИ институтымен құрылған. Осыған сәйкес 12 босалқы және 2 га егістік жерлерді қалпына келтіруі тиіс. Кен шығару орнының ПСП жерді қалпына келтіруге қолданылады. Сондықтан кенорында рекультивациялық жұмыстар жүргізілген емес. Нақты уақытта кенорын аралық жұмыстар сатысында және аршылым жұмыстарды өткізу талап етпейді. Сондықтан кен шығару орынның рекультивациясы өндірілмейді. Болашақ жобада әктастың аршылым жұмыстарының рекультивациясы қарастырылады.

Ластауыш заттардың шығарындылардың нормасының тәртібін бұзғаны үшін жауаптылығы мен ықпал ету шектері. Кәсіпорының жауапкершілігі:

- Шығарындылар, сылқыма және қалдықтар бойынша мониторинг, табиғатты пайдалануға рұқсат беруге бекіту қағазы арқылы ерекше шарттардың талаптарын сақтау;

- "Қоршаған ортаны қорғау" бөлімі, ПДВ және ПДС жобаларының шараларын орындауды қарастырады;

- Кәсіпорын аймағын санитарлық-экологиялық талаптарға сәйкес қадағалау;

- Заңға сәйкес қоршаған ортаны ластағаны үшін толық ақа төлеу;

- Қоршаған ортаға ластауыш заттардың шығарындыларының нормативі орталық ұйымның қоршаған ортаның қауіпсіздік облысы бойынша арнайы табиғат пайдалану рұқсатын беру арқылы бекітеді. Ластауыш заттардың шығарындылардың негізгі нормативі ПДС жобасы болып табылады. Ластауыш заттардың шығарындылардың нормативі жоқ болса немесе мерзімнен өтіп кетсе, онда ластауыш заттардың барлық массасы нормадан тыс болып қарастырылады. Нормадан тыс ластауыш заттардың ақысы есептеу жолдарымен анықталады. Мемлекеттік ұйымның жабдықтар бойынша қадағалауын тексереді және ондық мөлшерде төленіледі.Қоршаған ортаның ластауыш заттардың ақысы Кәсіпорын тоқсан сайын бірінші айдың 15 күнінен қалмай төленіледі.Бекітілген тарифтерге сәйкес әрбір ластауыш заттың түріне бөлек төленетін ақысы болады.

Қоршаған ортаның ластауыш заттардың шығарындылардың бекітілген шектердің асып түсуіне төленетін ақысы 1-ші кестеде көрсетілген.
2 кесте -Қоршаған ортаның ластауыш заттардың шығарындылардың бекітілген шектердің асып түсуіне төленетін ақысы.


Қоршаған ортаның ластауыш заттардың шығарындылардың бекітілген шектерден асып түсу ақысы(барлық салалар үшін)

Төленетін ақылар анықтамасы



1

2

1-ге дейін

1

1,5-ге дейін

2

2-ге дейін

3

2,5-ге дейін

4

3-ке дейін

5

3,5-ке дейін

6

4-ке дейін

7

4,5-ке дейін

8

5-ке дейін

9

5-тен көп

10

Есептемеде 2005ж ҚР Бақылау- сынақ зертханасында шығарындылардың құрамында қауіпті заттарды анықтау барысында аэродинамикалық қорытындылар көрсетілген. Технологиялық жабдықтардың жұмыс істеу кезінде өлшемдер жүргізіледі.

Атмосфераға қауіпті заттардың қатері аэродинамикалық қорытындысы көздері әк- жандыру пештері:

- Қиылысу диаметрі- 1,0м

- Қоршаған ортаның бирометрикалық қысымы- 705;

- ГВС аэродинамикалық параметрлері орташа жылдамдық м/с-2,35

Қауіпті заттардың шығарындылардың қорытындысы 2 - ші кестеде көрсетілген.
Пайдаланған ақпарат: Есептеме «Әктас жер қойнауын бағалау»

3 кесте ЖШС "Әктас" шығарындылардың құрамындағы қауіпті заттар.




Қауіпті заттарды шығаратын жабдықтардың аты

Қауіпті заттардың аты




Қауіпті заттардың шығарылатын көлемі




ПДВ

Бақылау бойынша

Орташа

Жыл/т


Орташа

Жыл/с


Орташа

Жыл/т


Орташа

Жыл/с

Әк- жандыру пеші 35

31.03.2005ж

Тексерілген күні


Органикалық емес шаң SiO2 сода

20-70%

102,2

4,38

56,92

2,44


Ангидрид


3,5


0,15


2,28


0,0977

Оксид көміртегі


45,49


1,95


42,29


1,81

4 кесте - ЖШС "Әктас"шығарындылардың құрамындағы ластауыш заттар.


Номер, сынақ алынған шарты мен жері

Ингредиенттің аты


Құрамы мг/м


Шығарындылардың қуаттылығы г/сек


Әк- жандыру пеші №35



Органикалық емес шаң SiO2 сода

20-70%


1 327,58


2,44

Ангидрид


53,08

0,0977

Оксид көміртегі



985,35

1,81

Пайдаланған ақпарат: Есептеме «Әктас жер қойнауын бағалау»

Бақылау өлшемдерінің қорытынды жұмыстарынан кейін максималды- қызыл шығарындылар барлық ингредиенттер бойынша бекітілген нормадан аспайды. Шығарындылардың барлық заттардың нақты қуаттылығы нормадан төмен. Кәсіпорын барлық табиғатты қорғау шараларын орындайды, табиғатты пайдалану нормасын жақсы қадағалайды.

3 ШЫҒЫН ТӘСІЛМЕН БАҒАЛАУ

Таза активтер құнының әдісі

Бағалау бизнесіне шығынды тәсілдеме кәсіпорынның құнымен әкелінген шығындар жағынан қарастырылады. Активтердің баланстық құны және кәсіпорынның инфляцияны болдырмау міндеттемесі есеп беру әдістерін қолданылатын нарық коньюктурасының өзгерісі, ережеге сай, нарық құнымен сәйкес келмейді. Нәтижесінде бағалаушы алдында кәсіпорынның балансын түзету жұмыстарын жүргізу есебі тұрады. Оны іске асыру үшін нарық құнына негізделген әрбір актив балансына бөлек бағалау жүргізіледі, одан кейін міндеттеменің ағымды құны анықталады және соңында нарық құнына негізделген кәсіпорын активтерінің сомасынан барлық міндеттеменің ағымды құны есептелінеді. Нәтижесі кәсіпорынның меншік капиталының бағаланатын құны көрсетіледі.



Тозуды бағалау. Негізгі қорлаодың тозу нормативті және эксперт әдісімен анықталынады және талдау мен есептеуден тұрады:

- Табиғи тозу;

- Функционалдық тозу ;

- Экономикалық ескіру.

Тозу - бұл жылжымайтын мүлік обьектілерінің табиғи, функционалды және басқада сипаттамаларының уақыт бойынша жойылу процесі.

Табиғи тозу- обьектіні пайдалану, күту жағдайларымен байланысты тозу мен бұзылудан, табиғи - климаттық және басқа да факторлардың әсерінен туындаған зақымданулардың салдарынан обьектінің құнын жоғалту.

Функционалдық тозу - жетілдірілген сәулетті, ауқымды - жоспарлау, сындырлы немесе басқа сипаттамадағы қазіргі заманғы ұй- жайлар мен ғимараттарға тән функцияларын жүзеге асырудың мүмкін еместігі нәтижесінде бағалау обьектісінің құнын жоғалтуы.

Экономикалық ескіру- жылжымайтын мүлік нарығында өзгерістердің нәтижесінде қоршаған ортаның әсер ету салдарынан ( экономиканың, демографиялық жағдайларға, тұтынушылардың төлем қабілеттілігіне және басқа да аймақтық факторларға шарттастырылған, қалыптасқан нарықта сұраныс пен ұсыныстар көлемінің қатынасы) обьектінің құнын жоғалту.

Мүлікті қалпына келтіру құнының қалдығы ( Соц ) толық қалпына келтіру (Св) құнының айырмашылығымен және формула бойынша жалпы қорланған тозу ( Инак ) анықталады:


Соц = Св - Инак
Мүлікті бағалау барысында техникалық инвентиризациядан басталған, олардың қорытындысы 2-5 қосымшаларда келтірілген.
Үймерет, ғимарат және табыстау қондырғыларын бағалау.

Үймерет, ғимарат және табыстау қондырғылардың алғашқы қалпына келтіру құны экономика саласындағы қалпына келтіру құнының бағалар көрсеткіш жинағында ( УПВС) анықталады. Статистикалық ұйымдардың коэффициенттер бойынша индексациясын есептеу арқылы жүзеге асырылады.

Үймерет, ғимарат және табысбау қондырғылардың толық қалпына келтіру құны келесі формулармен анықталады:
СВ = V * K84 * K91 * KT * УДП * КК * ККЛ * Ктр * Ксм * Кулуч ,
Мұндағы:

СВ - толық қалпына келтіру құны;

V- құрылым көлемі;

K84 K91 - бағалардың өзгеру коэффициенті сәйкес келген жыл деңгейіне, олардың мағынасы Госстрой СССР 94 01.05.1983ж Госстрой СССР 14-Д 06.09.1990ж қосымшаға сәйкес қабылданады.

KT - жыл деңгейіне сәйкес келген бағалардың өзгеру коэффициенттері, олардың мағынасы ай сайын бойынша ҚР Статистика агентігінің мәліметтері ҚР- ның әрбір облыс және сала бойынша қабылданады. Алматы облысы үшін КТ - 106,026;

УДП - құрылыс көлемінің бірлік құнының көрсеткішінің үлес салмағы. "Үймерет және ғимарат халық шаруашылық саласындағы қалпына келтіоу құнының көрсеткіштері " жинағы бойынша қабылданады;

КК - үймерет және ғимарат үшін мүлікті түзету коэффициенттері;

ККЛ - ауданның климатына түзету коэффициенті. Алматы облысы 3- топқа жатады, УПВС коэффициенттері әрбір жинағында көрсетіледі;

Ктр - индекстерге арнайы аймақтық коэффициенті. Бұрынғы Талдықорған облысы 1,06-ға тең.

Ксм - сейсмологиялық жағдайды анықтау коэффициенті Қр 1.2-4-98 " Сейсмологиялық аудандардағы құрылыс" Алматы,1998ж. ҚР сейсмологиялық аудан бойынша 8- балды аймақ болса, бағалау обьектісінің территориясы Ксм - 1,04 қабылдайды.

Кулуч - арнай және әрлеу жұмыстарының сапасын жақсарту бойынша түзету коэффициенті. Кулуч -1,0 тең.

Жылжымайтын мүлік обьектісі бойынша толық қалпына келтіру құны:

- үймерет және ғимарат- 223 288,2 мың т;

- табысбау қондырғылары - 19 303,5 мың теңге 12 қосымшада келтірілген.

Олардың баланстық құны 6 415,2 мың теңге және 1 644,5 мың теңгені құрайды. Толық қалпына келтіру құны кәсіпкерлік пайда мен қосылған құн салығымен есептелінеді.

Кәсіпкерлік пайда- құрылысқа кеткен жалпы шығындардың ақшалай түсімінің сомасын жоғарлауын талап етеді және құрылыс салушыға көрсетілген обьект қаржылық жағдайы тұрақты.

УПВС жинағының жалпы бөліміне сәйкес өлшемнің бірлік құнының нормативі жоспарлы қорлануы болады. ҚР Минстрой 14.11.1995ж АК 05-6-1881 хатына сәйкес СМР-ға бастапқы сапа ретінде жоспарлы қорлану нормасы қабылданады. 01.01.1991ж бастап бағалардың анықталуы жүзеге асырылған, тура және жанама шығындар сомасынан 8,0% көлемінде алынады. Кәзіргі күнде құрылыс ұйымның кәсіпкерлік пайда деңгейі төмен.

Құрылыс кезінде нақты пайда көлемі табыскер мен мердігер арасындағы шартпен анықталады. Зерттеулердің көрсетуі бойынша құрылыс ұйымдары Қазақстанда қазіргі уақытта азаматтық құрылыс обьектілерінің жүргізу барысында тура және жанама шығындардың орташа 25% пайда деңгейінде жұмыс істейді.

Қосылған құн салығы ( НДС) 1991 жылдан бүгінгі күнге дейін бағалардың өзгеруі коэффициентімен ( Кт ) есептелінеді.

Үймерет және ғимараттың толық қалпына келтіру құнын анықтау үшін жоспарлы қорлану 25% бойынша қайта есептеу керек, осыған сәйкес қосылған құн салығы көбейеді.

Жылжымайтын мүлік обьектісі бойынша толық қалпына келтіру құны:

- үймерет және ғимарат- 258 435,4 мың теңге

- табыстау қондырғылары- 22 779,5 мың теңгені құрайды.

Үймерет және ғимараттардың негізгі конструкциялық элементтерінің (фундамент, қабырғалар, каркас, қоршаулар) физикалық тозуы ғимараттың қызмет ету мерзіміне байланысты " Үймерт және ғимараттардың физикалық тозудың бағалау ережесі" РДС РК 07-7-99, Алматы, 1999ж 5-ші қосымшада есептелінуі келтірілген. Басқа элементтер ( есік, терезе, еден ойығы, арнай және басқа жұмыстар) тозуы әр обьект бойынша эксперттік әдіспен анықталынады.

Үймерет, ғимарат және табыстау қондырғылардың физикалық тозуының бағалау қорытындысы 6 қосымшада келтірілген.

Технникалық жағдайына қарай қанағаттандырады:

- үймерет және ғимарат - 34,6 немесе 89 488,4 мың теңге

- табыстау қондырғылары - 27,5 немесе 6 265, 8 мың теңге ( 12 қосымшада келтірілген)

Үймерет және ғимараттың функционалды тозуы анықталмаған емес. Өйткені олар үлкен емес қызмет ету мерзімі бар және қазіргі заманға бойынша құрылыс талаптары сай салынған.

Нарық бойынша керекті ақпараттың жоқ болу себептерінен экономикалық ескіру анықталмаған.

Жылжымайтын мүлік обьектісі бойынша жалпы тозуддың қорлануы физикалық тозумен тең болды және 95 745 мың теңгені құрайды:

- үймерет және ғимарат - 89 488 мың теңге

- табыстау қондырғылары - 6 265 мың теңге.

Толық қалпына келтіру құнынан қорлану тозу сомасы алынғаннан кейін, жылжымайтын мүлік обьектісінің қалпына келтіру құны есептелінеді. Бұл шығын тәсілімен анықталған нарықтық құн.

Бағалау обьектісі бойынша үймерет, ғимарат және табыстау қондырғылардың бағалау құны 11.01.2006 жылға жер телімін қоспағанда шығын тәсілімен есептегенде 185 460 мың теңгені құрайды:

- үймерет және ғимарат - 168 947 мың теңге

- табыстау қондырғылары - 16 513 мың теңге
Жер пайдалану құқығының бағалау құны.

Серіктестіктің жекеменшік ретінде екі жер телімі бар, бір жер телімі ұзақ мерзімге уақытша жалға беру құқығымен қолданылады.Жер телімі жылжымайтын мүлікке жатады, ал жер пайдалануды уақытша (ұзақ мерзім, қысқа мерзім) жалға беру материалды емес активке жатады. Екінші нарықта ақпараттың болмауынан бағалауда нормативті құн әдісі қолданылады. Жер телімінің пайдалану құқығының есептеу құқығы 7 қосымшада көрсетілген. Серіктестіктің жер телімінің пайдалану құқығының нарықтық құны 11. 01.2006 жылға 417 мың теңге немесе 32 619 АҚШ долл. Құрайды, оның ішінде:

- жекеменшік құқығы ретінде екі жер телімі 3 260 мың теңге немесе 25 508 АҚШ долл.

- жалға беру құқығы 909 мың теңге немесе 7 111 АҚШ долл.

Жылжымайтын мүлік обьектісінің нарықтық құнын шығын әдісімен есептегенде бағалау күніне 188 721 мың теңге немесе 1 476 233 АҚШ долл Құрайды, оның ішінде:

- үймерет және ғимарат - 168 947 мың теңге немесе 1 321 550 АҚШ долл.

- табыстау қондырғылары - 16 513 мың теңге немесе 129 175 АҚШ долл.

- жекеменшік құқығы ретінде жер телімі - 3 260 мың теңге немесе 25 508 АҚШ долл.

Осыдан басқа Серіктестік жер телімін жалға берілген құқығымен нарықтық құны 909 мың теңге немесе 7 111 АҚШ долл. ( материалды емес актив) иеленеді.
Машина, станоктар және негізгі құралдарды бағалау.

Жылжымалы мүлік обьектісі сериялық өндіріс обьектілеріне жатады. Осыған байланысты бағалау үшін шығын әдісі қолданылмайды. Пайда тәсілдемесі керек емес. Бағалау тек нарықтық ақпаратәдісімен жүргізіледі.

Автотранспорттық құралдарды бағалау. Көліктердің нарықтық құны мына түрде негізделінеді:

1. жаңа көліктер бағасы

2. эксплуатациядағы көліктер бағасымен анықталады.

Алматы қаласындағы жаңа көліктердің бағасы толық қалпына келтірілген құнан физикалық тозу құнын алып тастағаннан кейін бағалау құны ( қалпына келтіру құнның қалдығы) анықталынады. Алматы қаласындағы сауда үйлері мен зауыт- шығарушылардың бағалары көрсетілген. Әрбір қосымшада "Ескеру" деген бағанада 11 желтоқсан 2006ж ақша бірлігінде көрсетіледі.

Физикалық тозуды көлікті пайдаланудан бастап жасы жүрген қашықтығы бойынша мына формуламен есептелінеді:
Иф = 100(1-е)Ω
Мұндағы: Ω- көліктің эксплуатация кезінен бастап нақты жүрген қашықтығы мен жасына тәуекел функциясы.

8 қосымшада әрбір көліктің әр түріне қарай формула келтірілген. 21 қосымшаға сәйкес оқу- әдістемелік кітап " Оценка автотранспортных средств" Андрианов Ю.В, издательство "Дело" Москва 2002ж. 15 қосымшада арнайы техникалық- бульдозер, экскаватор, автокранның бағалау құны анықталған. Одан кейін бұрынғы техника- аналог бағалары негізінде бағалау жүргізілді. Обьект - аналогтары 9.1-9.20 қосымшаларда көрсетілген арнайы техника және автокөліктерді сату жайында www.koleso.kz саитынан алынған. Нарықта прицептер бойынша бұрынғы және эксплуатацияда сату туралы ақпараттың жоғынан, олардың нарықтық құны жаңа прицептердің бағасымен анықталды. Көлік және арнайы техниканың жаңа, бұрынғы және эксплуатацияда болған негізінде қорытындыларды келістірумен есептелінеді. 0,4 және 0,6 сәйкес коэффициенттері 9 қосымшада қолданылған. Бағалау күніне нарықтық құн:

- автотранспорттық құралдар - 24 967 мың теңге немесе 195 301 АҚШ долл.

- арнайы техника- 66 262 мың теңге немесе 518 323 АҚШ долл құрайды.

10 және 11 қосымшаларда станоктар мен жабдықтардың және негізгі құралдардың басқа түрлерінің нарықтық есептеулері келтірілген.

Негізгі құралдар бойынша қалпына келтіру құны Алматы қаласындағы сауда үйлердің және зауыттардың бағаларына сәйкес анықталды:

- Көлік, станок және жабдықтар- 24 162 мың теңге

- Негізгі құралдардың түрлері бойынша 951 мың теңге, 19 қосымшада келтірілген.

Көлік, станок және жабдықтардың физикалық тозу Серіктестіктің мамандарының пікірімен берілген мәліметтер бойынша анықталынды.

Физикалық тозу:

- Көлік, станок және жабдықтар бойынша - 41, 7% немесе 10 073 мың теңге ( техникалық жағдайы - қанағат)

- негізгі құралдардың түрлері бойынша- 45,4 % және 431 мың теңге.

Көрсетілген құралдар бойынша функционалды және экономикалық ескіру анықталған жоқ. Жалпы тозудың қорлануы физикалық тозумен тең және ол мынаны көрсетеді:

- көлік, станок және жабдықтар бойынша - 10 073 мың теңге;

- негізгі құралдардың түрлері бойынша - 431 мың теңге құрайды.

Бағалау күніне нарықтық құн:

- көлік, станок және жабдықтар - 14 808 мың теңге немесе 110 207 АҚШ долл.

- негізгі құралдардың түрлері - 520 мың теңге немесе 468 АҚШ долл. құрайды.




Өндірістік қорлар, тауарлар, дайын өнім және тауар- материалды құндылықтарды бағалау.

Өндірістік қорлар, тауарлар, дайын және тауар- материалды құндылықтар айналым құралдарына жатады. Бағалау күніне Серіктестік жіберілген бағамен жүргізілді. ТМҚ аналог түрлері қолданыстағы сату бағасымен нарықтық құны сәйкес келмейді. Дайын өнімнің есептеленілуі бухгалтерлік есептемеде олардың өзіндік құны бойынша жүргізіледі.

Бағалау күніне 12 қосымшада көрсетілген ТМҚ және дайын өнімді қосқанда нарықтық құны 904 мың теңгені құрайды, оның ішінде:

- ТМҚ 7 978 мың теңге немесе 62 408 АҚШ долл.

- дайын өнім- 1 066 мың теңге немесе 8 343 АҚШ долл.
Дебиторлық борышты бағалау.

13 қосымшада дебиторлық борышты дисконттау жүргізіледі. Серіктестік бағалау күніне қарызгердің төлем қабілеті дебиторлық борышты өтеу перспективасы 1 198 мың теңге немесе 9 375 АҚШ долл құрайды. Бухгалтерлік есеп бойынша дебиторлық борыштың жалпы сомасы 100 % құрайды, оның ішінде:

- алу есептері бойынша 1 135 мың теңге немесе 8 882 АҚШ долл.

- корпаративті салық- 63 мың теңге немесе 493 АҚШ долл.


Мүліктік кешенге кірмейтін Серіктестік бизнесінде қолданылатын нарықты құнды бағалау.

Тасшақпа жолдарды жөндейтін құрылыс кәсіпорындарына сатылады. Тасшақпаны бағалауды шығын әдісі қолданылмаған. Өйткені тасшақпаның құны анықталмаған емес. Қазіргі уақытта Серіктестік бір жылда 5 000 тоннаға дейін (НДС қоспағанда) 1 тоннасы 837 теңге сатады. Алматы облысы нарығын зерттегенде аналог өнім шығарылатын ұйымдардың бағалануы:

- АО "Тас" талгар ауданы, Бесағаш ауылы, Чехов көшесі 8, тел:8-(3272) 252 94 28 жуылмаған құм 1 тоннасы 900 теңге, тасшақпа 1 тоннасы фракциясы 20-60 мм 1 380 теңге.

- Кен шығару орын "Ақсай" Каменка ауылы, тел:8-(3272) 295 72 43 көрсетілген өнімнің түрлері бойынша 827 теңге және 902 теңге.

Тасшақпаның нарықтық құны 423 705 мың теңге немесе 3 314 340 АҚШ долл 1 тоннасы үшін 827 теңге бағасы.
Мүлік кешенінің жалпы шығын тәсілімен бағалау құны (активтердің қорлану әдісі)

Серіктестіктің мүлік кешенінің бизнесте қолданылуы жер телімі құқығымен, бірақ кенорынды пайдалану құқығын алып тастағандағы активтердің қорлану әдісімен бағаланған құны 305 768 мың теңге немесе 2 391 808 АҚШ долл боды.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет