Әл-фараби атындағЫ Қазақ Ұлттық



бет2/3
Дата13.04.2024
өлшемі30.41 Kb.
#498606
1   2   3
срс философия

Негізгі бөлім


«Ізгі қала тұрғындарының көзқарастары туралы» («Қайырымды қала тұрғындарының көзқарастары туралы») трактаты - Әл-Фарабидің негізгі еңбектерінің бірі. Мұнда ұлы ғұлама тарихи дәлдігі жағынан сирек кездесетін өз заманындағы қоғамның көрінісін ерекше әлеуметтік утопиямен көрсетіп, әділетті әкімнің бейнесін суреттейді. Осының арқасында өзге де шетелдік философтардың еңбектеріне арқау бола алды. Жалпы бұл кітап алты тараудан тұрады. Бірінші бөлімде Алланың болмысы және оның сипаттары қарастырылады. Екінші бөлімде рухани жандар мен періштелер болмысы және аспан денелері туралы айтылады. Үшінші бөлімде аспан денелерінің өзара байланысы туралы айтылады. Төртінші бөлімде адам және оның жан, тән қуаттары туралы сөз қозғалса, ал бесінші бөлімде «қайырымды қала тұрғындары» кімдер, олардың ерекшелігі туралы баяндалады. Соңғы алтыншы бөлімінде надан көзқарастар мен қоғамдар, қайырымсыз қалалар мен басшылар, олардың іс-әрекеттерінің салдары жайында айтылады.
Әбу Насыр Әл-Фараби Бұл еңбекте мен жоғарыда айтып өткендей халықтың бақытқа кенелуін мемлекет басшысының бойындағы қайырымдылық қасиеттің болуымен байланыстырады және өз кезегінде бір елді басқаруды қайырымды және қайырымсыз деп екіге бөліп қарастырады. Қайырымды, білімді, мәдениетті басқару – халықты бақытқа бастайды, олардың іс-әрекетін, ерік-қасиетін осы жолға бағыттайды. Ал қайырымсыз, надан басқаруда теріс әрекеттер мен жаман қасиеттер бой алады. Сондықтан ол надан адам басқарған, озбырлыққа сүйенген, қайырымсыз, қатал мемлекеттік тәртіпке өзінің қатаң сыни көзқарасын білдіреді. Расыменде, өазіргі таңда көпшілік бақытты материалдық байлықпен байланыстырады және ақшам көп, материалдық жағдайым тұрақты болса менен асқан бақытты жан жоқ деп есептейді. Осы тұрғыдан халықтың әл-ауқатының жақсы болуы сол халық өмір сүріп жатқан мемлекеттегі басқару саясатына тәуелді. Егер басшы мемлекет басшысы иманды, білікті және ең бастысы қайырымды болса онда қарамағындағы халықтыңда өмір сүру сапасы жоғары болады. Жоғары жалақы, жақсы және тұрақты жұмыс орындарын ұсыну кімнің де болмасын өз қажеттіліктерін толық өтеуіне себепші болады Осы еңбегiнде ол «бақыт дегенiмiз – игiлiктердiң iшiндегi ең қадiрлiсi, ең үлкенi және ең жетiлгенi» деп атап көрсетедi және әр адамның оған толық құқығы бар дейдi. Ал ондай құқыққа ие болуға қайырымды қала тұрғындарының ғана мүмкiндiгi бар. Мұндай қалалардың басқа қалалардан басты айырмашылығы және негiзгi белгiсi – жоғары тәртiп пен оның тұрғындарының мәдениеттiлiгi және сыпайыгершiлiгi. Сондықтан, барлық жұмысты билік басындағыларға артып қойып, «мені қашан біреу бақытты қылады екен?» деген надан ойдан аулақ болу керек. Әл-Фараби «Бақытқа бiлiм, адамгершілік, имандылық, игiлiк нәтижесiнде ғана жетуге болады, ал ондай мүмкiндiк қайырымды қала тұрғындарындарының бойында көбiрек болатынды» деп көрсетеді. Демек, адам ең бірінші өзінің дұрыс ойлау және дұрыс іс-әрекет жасауға, үнемі білім алып, өз біліктілігін арттырып отыруға және қайырымды болуға ұмтылуы керек. Әрбір адам өз өмірі, өз бақыты үшін күресіп, адал еңбек ету арқылы ғана бақытқа кенеле алады. Тіпті осы еңбекте жазылған «Бақытқа жету мақсатымен бір-біріне көмектесіп отыратын халық - қайырымды халық. Егер халықтар бақытқа жету мақсатымен бір-біріне көмектесіп отырса, бүкіл әлем қайырымды болмақ» деген қанатты сөз жолдары арқылы қайырымды болудың, айналаңа көмектесіп, қамқор болудың қандай маңыздылыққа ие екендігін байқауға болады. Бақытқа жету мақсатында басқаларға көмектесу арқылы ізгілік қасиетті өзге де адамдырдың бойынан оятуға болатындығын дәлелдейді.
Әл-Фарабидың «Бақытқа жету туралы кітап», «Бақытқа жол сілтеу» атты еңбектерінің негізгі түпкі ойы – бақытқа жету туралы, сыйластық, адамгершілік, мейірімділік, ізеттілік, құрмет жайында. Әл-Фараби бақытқа жету ұғымынның мәселелерін, негізінен филосфиялық мәнмен ұштастырып қарастырған. Ол «Бақыт – әрбiр адам ұмтылатын ұлы мақсат» деп көрсетеді және сол секілді әрбір адам баласы дүние есігін ашқаннан кейін, өмірін бақытқа толы сәттермен өткізуге тырысады.
Әбу Насыр әл-Фарабидің “Бақытқа жету туралы кітап” еңбегіне сүйенсек адам басына дарыған төрт түрлі нәрсеге қол жеткізсе, олар бұл өмірде дүние бақытына кенеледі деген сенім бар. Олар: теориялық, ойшылдық ізгіліктер, этикалық ізгілік және практикалық өнер. Теориялық ізгіліктер адамға оқу арқылы санасына сіңетін ілім болса, ойшылдық ізгілік адамға оқыған, өмірде көрген-түйген заттарын ой елегінен өткізіп, көкейіне жеткізу арқылы келеді. Жиналған білім-ғылым, тағылым-тәрбиені адам этикалық ізгілікке сәйкес, өмірде қайырымды, пайдалы істерге практикалық тұрғыда қолдана алса, бұл төрт түрлі ілім бірін-бірі толықтырып, соның арқасында кемелденіп бақытқа жетеді. Осы аталып өтілген төрт ізгілікті қазіргі күнмен салыстырып өтетін болсақ теориялық және ойшылдық білімге ие болу әрине пайдалы, дегенмен оларды адам теріс, жағымсыз мақсатта да пайдалануына болады. Мысалы, ғылыми зерттеулер практикалық тұрғыда адам өмірін жақсартуға да және әлемде соғыс отының оянуына да себеп болуы мүмкін. Сол себепті этикалық ізгіліктің де алатын орны ерекше. Бүгінгі таңда адамның немесе кез келген заттың көшірмесін жасау (клондау) ғылым мен білім арқасында өте оңай іске айналды, бірақ ғалымдар этикалық нормаларға байланысты бұл тәжірибені іс жүзінде жаппай қолданудан шектеліп отыр. Осы секілді қазіргі заманнан алынған мысалдар «екінші ұстазымыз» Әбу Насыр әл-Фарабидің жүздеген жылдар бұрын дәлелдеп кеткен ойларының әлі күнге дейін актуалды екендігін дәлелдейді.
Сонымен қатар «Бақытқа жету туралы кітап» еңбегінде «адамның өмір сүру мақсаты ең жоғары бақытқа жету болатын болса, ол адам бақыт дегеннің не екенін білуі қажет және оны өзінің мақсаты етіп қойып, соған ұмтылуы керек. Сонан кейін ол бақытқа жету үшін не істеуге тиіс екенін біліп, соған әрекет жасауы керек» деп жазған. Сонымен қатар әл-Фарабидің айтуынша, адам өз бақытына қол жеткізу үшін жанында сол бақытқа жетелей алатын ұстазының болуы маңызды. Бұл ұстаз әрине көпті көрген, өмірден түйгені мол, тұлға ретінде жетілген адам болуы абзал. Жалпы алып қарастырсақ мұндай ұстазды табу өте қиын, қазіргі кезде мұндай адамдар жоқтың қасы деуге де болады. Бірақ қазіргі таңда халық арасында ақшасы көп, материалдық жағдайы жақсы адамдарды бақытқа жетелейтін ұстаз ретінде тану трендке айналды. Дәлірек аятқанда әлеуметтік желідегі инфлюенсерлердің көп ақша табуға көмектеседі деп жарнамаланатын онлайн сабақтарын, тренингтерін жастар қауымы сатып алады және соларға еліктейді. Осы тұста менің ойым өмірде адамға бақытқа жетуге көмектесетін бірден бір ұстаз ол оның ата-анасы. Олардың бізге қарағанда өмірден түйгені көп және саған шын мәнінде жаны ашып қолдайтын де осы жандар. Әрине ата-анамыз біз күткендей идеалды болмауы мүмкін, дегенмен олардың ойларын саралап, өмірде жасаған қателіктерінен сабақ алу арқылы да дамуға, жетістікке жетуге болады. Өмір болған соң сенің іс-әрекеттеріңді сынап немесе жеткен жетістігіңе көреалмаушылықпен қарайтын, аяғыңнан шалатын адамдар да табылады. Мұның өзі бақытқа жетелейтін жолды қиындатқанымен, сенің сол бақытқа шын мәнінде лайық екендігіңді дәлелдейді.
Әбу Насыр әл-Фapaби «Бaқытқа жол сiлтеу» aтты еңбегін қарастыратын болсақ адaм шексіз бaқыт туpaлы оның өз түciнiгi ең дұpыc және ең ұлы немеcе ең жетiлген игiлiк деп cенедi екен. Әрине әр адам бақыт ұғымын әртүрлі түсінеді және оны ең дұрыс нұсқасы деп біледі, себебі бұл адамның өзі үшін басқаларына қарағанда маңыздырақ. Әл-Фapaбидің ойынша, «мaқтауғa да, жaзғыpуғa да cоқтыpaтын үш жағдай бар». Оның ең алғашқысы - адамның іс-әрекеті, яғни жүріс-тұрысы, жасаған істерінің мақсат мазмұны. Өз бақытына жету жолында жасаған ірекеттері, қиындықтарға мойын сұнбай өз мақсатына қарай ұмтылуы немесе айламен, парақорлықпен айналысуы оның болашағына әсер етеді. Шыныменде, өмірде еш нәрсе оңайлықпен келмейді, кез келген арманды орындау үшін талмай ізденіп, еңбектену керек, ал керісінше жағдайда да ешбір әрекет жазасыз қалмайды. Екіншісі - құштарлық, ашу-ыза, рахат, жабырқаулық секілді адамның ішкі жандүние сезімдері. Эмоциялық күй мен санадағы тыныштық немесе уйым-қайғы адамның өмірдегі көзқарасына, әрекеттеріне әсер етпей қоймайды. Үшіншісі- адамның ақыл-парасаты. Адам ақылды болса, яғни көп оқып, ізденімпаз болса міндетті түрде жетістікке жетеді. Бірақ сол жиналған білімді дұрыс, оң бағытта қолдана білу керек. Осының бәрін бір жүйеге келтірсек, адамның әрекетшіл, ақыл- парасатты болуы, кемелдіктің жоғарғы сатысына көтерілуге септігін тигізеді және адам бақыттың жоғарғы сатысына қол жеткізеді немесе қайтадан төменге қарай құлдырауына себепші болады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет