Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ Қ. Ш. Молдасан, К. А. Есенова білім берудегі менеджмент


Білім беру ұйымын басқарушыны көшбасшылыққа дайындаудың жүйелік-функционалды моделі



бет26/32
Дата08.02.2024
өлшемі191.13 Kb.
#491394
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   32
пед менеджментке китап шыгарганга

Білім беру ұйымын басқарушыны көшбасшылыққа дайындаудың жүйелік-функционалды моделі мазмұнын көшбасшылық құзыреттіліктерді, оқу-əдістемелік қолдауды, басқарушылық-педагогикалық кеңес беру, жобалау, инновациялық қызмет құрайды. Білім беру ұйымын басқарушыны көшбасшылыққа дайындаудың жүйелік-функционалды моделі бірнеше бөліктерден тұрады: мақсат, жағдай, үрдіс, нəтиже:
- Мақсат көшбасшылықты жүзеге асыру үшін білім беру ұйымының басшысынан мақсатты белгілеуді қарастырады.
- Жағдай, білім беру ұйымы басшысының кəсіби құзыреттілік деңгейіне, дайындаудың қағидаттарына, оның біліктілігін көтеруге мемлекет пен қоғам тарапынан қойылатын талаптар мен сұранысты қарастырады.
- Үрдіс, көшбасшылық құзыреттіліктерінің құрылымдық негізінде, оқу-əдістемелік қолдау, басқарушылық-педагогикалық кеңес беру негіздерінде жалпы мазмұны мен технологияларды жасауды біріктіреді.
- Нəтиже, «білім беру өнімдерін жобалау», «кəсіби жеке жетістіктер», «білім беру ұйымының инновациялық білім беру қызметі» т.б. бағыттарында дайындау үрдісінің тиімділігін көрсетеді.
Көшбасшылық құбылысын дамытудың жəне нығайтудың жетекші компоненттері - көшбасшы тұлғаның құзыреттілігінде стратегиялық, əлеуметтік, тапсырмалық, басқарушылық, стратегиялық ойлау қабілеті жəне көшбасшылардың мектепті дамытудың тұрақты нəтижелерін алдын ала көре білу функциясын орындау қабілеті, көшбасшылық жетістіктеріне баға беру жүйесі, көшбасшылықты меңгерудің сыртқы ресурстарын дамыту, мектеп ішілік басқару командаларының жеке-тұлғалық өсулері.
Мектеп директоры көшбасшы ретінде педагогтарды игі бастамаға ұмтылдыру үшін төмендегі əрекеттерді орындай алуын қамтамасыз етеді:
1. Оқушының жаңа сапаларын қалыптастырудағы өз миссиясын түсінуі жəне соған сай оқыту үдерісінде өзінің нені өзгертуі қажеттігін білуі;
2. Оқыту мақсаты ретінде білім алушылардың құзіреттілікке негізделген күтілетін нəтижелерін белгілей алуы;
3. Сабақты жоспарлау барысында педагогикалық əрекеттер мен мақсатқа жетудің құралдары ретінде қарастыра білуі;
4. Оқыту үдерісін ұйымдастыруда субъектаралық қарым-қатынас əрекеттерін тиімді пайдалана отырып, нəтижеге жету жолдарын анықтай алуы;
5. Сабақ соңында алынған нəтижелердің мақсатқа сəйкестік деңгейін талдай білуі, олқылықтарын ескере отырып, одан əрі жетілдіру жолдарын таңдай алуы.
Көшбасшылар субъектілер ретіндегі оқу-əрекеттік қарым-қатынасы өзіндік тұлғалық мүмкіндіктерін тануы арқылы өзін өзі дамытуға, жаңа əдістерді өз бетімен меңгеруге əсерін тигізеді. Бүгінгі көшбасшы бойында рефлексиялық жəне конструктивтік қабілеттері болуы аса маңызды.
Рефлексиялық қабілет - тұлғаның өзін-өзі тани білу қабілеті, оған өзге адамды түсіне алу, жан-дүниесімен қабылдай алу мен өзге адамның көзқарасы тұрғысынан өзіне сыни қарай алу қабілеттері кіреді.
Конструктивтік қабілет-жобалай, болжай, басқара алу арқылы өзгелерге ықпал ете алу қабілеті, оған өзге адамның əрекеттеріне, оның өз ықыласы мен ынтасы негізінде ықпал ету қабілеттері жатады. Бұл директордың жеке стилін құрап, өзара қарымқатынастық, педагогикалық əрекеттердің тиімділігіне ықпал етеді.
Бүгінде білім алушылардың өзіндік дамуына ықпал ететін көшбасшы педагогтардың маңызы зор. Білім алушылардың нəтижелерін қамтамасыз ететін оқыту жүйесінде педагогтар тарапынан оның құрылымдары мен мазмұнын, əдістемесін қамтитын ұйымдастырушылық өзгерістер қажет.
Көшбасшылық роль атқаратын директорлар мектеп жағдайында педагогтардың кəсіби дамуына көңіл бөледі. Өйткені, білім берудің нəтижеге бағытталуы педагогтарға жаңа талаптар қояды. Жаңа ақпаратты оқушыға түсіндіруші, мұғалімнің ролінің орнына тьюторлық, менторлық тұрғыдағы білім алушыны мотивациялау, кеңес беру сияқты жаңа қарым-қатынас деңгейі қажет болады.
Білім беру саласындағы көшбасшылық ұғымы өте үлкен мәнге ие. Білім саласындағы көшбасшылық – жауапкершілігі мол қызмет. Бизнес, қаржы, өнеркəсіптік аясындағы топ-менеджерлерге қарағанда, білім беру мекемесінің жетекшісінің стрессогендік жүктемелері пəн мұғалімінің, ғылыми қызметкердің функцияларын қоса атқарғандықтан, бірнеше есе өсетінін атап кету қажет.
Сонымен, көшбасшы ретінде педагог функцияларын арттыру жəне жетілдіру, кем дегенде, басқару бойынша оның қызметінің жүзеге асырылуының үш бағытына негізделеді:
– білім беру мекемесінің қызметімен;
– оқу-тəрбие үдерісімен, білім алушылардың дамуы мен білімімен;
– өзін-өзі дамыту жəне өз кəсіптілігін жетілдірумен.
Жоғарыда көрсетілген мәліметтердің барлығын зерделей келе, білім беру менеджрелерінің көшбасшылық қасиеттерінің мән- маңызын айқын үғынамыз. Сондықтан да әлемде бұл саланың даму қарқыны үлкен сұранысқа ие.
Көшбасшылықты жаңашыл тұрғыдан зерттейтін көзқарастарға атрибутивті, харизматикалық, трансформативті көшбасшылық концепцияларын жатқызуға болады.
Қазақстан Республикасының білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасында оқушылардың бойында белсенді азаматтық ұстанымды, жоғары адамгершілік ізгі қасиетпен қатар, көшбасшылық қасиеттерді қалыптастыру басты назарға алынған. Мәселен, сынып ішінде бірнеше оқушы басқаларға қарағанда көшбасшылығын қалай білдіреді. Ол алдымен сыртқы ортадағы қарым-қатынасынан аңғарылады. Оқушылардың көшбасшылық дағдыларын қалыптастыру негізінде ғалым педагогтардың арнайы еңбектері көрсетілген. Солардың бірі Е.Н. Емельянов оқушыны көшбасшылыққа жетелейтін мынандай қасиеттерді атап көрсетті :
-қарым-қатынас орната білу;
-топты қалыптастыра алу;
-мақсатты анықтау;
-қажет тапсырмаларды беру және оны орындату;
-адамдардың қажеттіліктерін, қызығушылықтарын білу;
-аз уақытта көп ақпаратты игере білу;
- кез келген жағдайда шешім қабылдай алу;
-үлкен шығармашылық қасиеттерінің болуы .
Сонымен қатар, баланың сөйлеу мәдениеті, басқаларды тыңдай білу сауаттылығы, тапсырманы жауапкершілікпен орындау шеберлігі, сауаттылықтың басты қызмет атқаратынын сезе білушілігі, кез-келген жағдайда қиындықтан жол таба білуі сияқты басты құндылыққа ие адами қасиеттерін қалыптастыру басты назарда болады.
Білім алушылардың өзіндік дамуына, сыни пікір білдіруге , өз ойын ашық айтуға ықпал ететін көшбасшы педагогтардың болуының маңызы зор.
Себебі, көшбасшы басшы директорлар мектеп жағдайында педагогтардың кəсіби дамуына, шығармашылық дамуына көп көңіл бөледі. Білім берудің нəтижеге бағытталуы бүгінгі күні педагогтарға жаңа талаптар қояды. Оқытушы ролінің орнына тьюторлық, менторлық тұрғыдағы білім алушыны мотивациялау, кеңес беру сияқты жаңа қарым-қатынас деңгейі қажет болуда. Менеджер үнемі сыртқы және ішкі ортaдaғы өзгерістерді бaқылaп, олaрдың өз әрекеттерімен aрaқaтынaсын белгілеп отыруы керек. Бaсқaру ғылымы ұжымдaрды бaсқaру мәселелерін зерттеуі керек.
Бaсқaрушы әртүрлі көзқaрaстaр мен ұмтылыстaрды сaрaлaп, олaрды ортaқ игілік үшін пaйдaлaнып және олaрды aлғa жылжыту үшін әртүрлі институттaрдың қызметін ұйымдaстыруы керек.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   32




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет