Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ оқу-әдістемелік кешені Мамандығы: Құқықтану Шифр: 5В030100



Дата29.11.2023
өлшемі52.13 Kb.
#484839
Тест сурактары әкімшілік-құқықтық қатынастар теория және практика каз


Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ оқу-әдістемелік кешені
Мамандығы: Құқықтану
Шифр: 5В030100
Пән: Әкімшілік-құқықтық қатынастар: теория және практика мәселелері
9.Тест тапсырмалары

1 Әқімшілік құқық құқықтың қай саласына жатады:


A) құқықтың жариялы саласына
B) құқықтың жеке салаларына
C) Жеке және жариялы құқық институттарын бірдей қамтитын кешенді салаларға
D) Жеке құқық институттарының артықшылығы болатын кешенді салаларға жатады
E) Құқықтың негізгі (базалық) институттық салаларының бірі
ANSWER: E

2 Қазақстан Республикасы әкімшілік құқығының пәні:


A) Мемлекеттің тек қана құқық қорғау органдары қызметінің аясындағы қоғамдық қатынастар
B) Жергілікті өзін-өзі басқару аясындағы қоғамдық қатынастар
C) Тек қана жоғарғы өкілді және атқарушы билік органдарын ұйымдастыру мен олардың қызметінің аясындағы қоғамдық қатынастар
D) Мемлекеттік әкімшілікті ұйымдастыру мен оның қызметінің аясындағы қоғамдық қатынастар
E) Сот жүйесін ұйымдастыру мен оның қызметінің аясындағы қоғамдық қатынастар
ANSWER: D

3 Әкімшілік құқықтың реттеу пәні:


A) Teргеу мен анықтауға прокурорлық қадағалау жүргізу аясындағы қатынастар
B) Тек қана маслихаттар мен әкімдерді ұйымдастыру мен олардың қызметінің аясындағы қатынастар
C) Мемлекеттік басқару органдарын ұйымдастыру мен олардың қызметінің аясындағы қатынастар
D) Қоғамдық бірлестіктерді ұйымдастыру мен олардың қызметінің аясындағы қатынастар
E) Сот жүйесін ұйымдастыру мен оның қызметінің аясындағы қатынастар
ANSWER: C

4 Әкімшілік құқықтың пәні бола алмайды:


A) Орталық атқарушы органдарды ұйымдастыру мен олардың қызметінің аясындағы қатынастар
B) Әкімдіктерді ұйымдастыру мен олардың қызметінің аясындағы қатынастар
C) Бақылау-қадағалау органдарын ұйымдастыру мен олардың қызметінің аясындағы қатынастар
D) Неке және отбасы қатынастары
E) Үкімет қызметін ұйымдастыру мен олардың қызметінің аясындағы қатынастар
ANSWER: D

5 Әкімшілік құқықтың реттейтін қатынастары:


A) Сот органдарының сот төрелегін жүзеге асыру аясындағы қатынастар
B) Тек қана мемлекеттің жоғарғы өкілді және атқарушы органдарын ұйымдастыру
C) Өкілді билік органдарының заң шығару қызметінің аясындағы қатынастар
D) Атқарушы билікті жүзеге асыру аясындағы қатынастар
E) Адамдардың арасындағы қатынастар
ANSWER: D

6 Әкімшілік құқық зерттейді:


A) Мемлекеттік емес ұйымдардағы басқарудың мәселелерін
B) Қоғамдық және діни бірлестіктерді басқарудың мәселелерін
C) Мемлекеттік басқарудың мәселелерін
D) Мемлекеттің жоғарғы (республикалық) өкілді және атқарушы органдардағы және саяси партиялардағы басқару мәселелерін
E) Мемлекеттік және жеке ұйымдардың қызметтерінің аясындағы басқарудың мәселелері
ANSWER: C

7 Төменде көрсетілген қатынастардың қайсысылары әкімшілік құқықтың пәні бола алмайды


A) Азамат пен сот арасындағы әкімшілік құқық бұзушылық жөніндегі қатынастар
B) Діни бірлестік пен Әділет министрлігінің аясындағы қатынастар
C) Қазақстан Республикасы Президенті мен облыс әкімінің арасындағы қатынастар
D) Азамат пен саяси партияның арасындағы қатынастар
E) Министрлік пен оған бағынатын ұйымдардың арасындағы қатынастар
ANSWER: D

8 Төменде көрсетілген қатынастардың қайсылары әкімшілік құқықтың пәніне жатуы мүмкін


A) Кәсіптік одақтардың арасындағы қатынастар
B) Азамат пен мемлекеттік басқару органының арасындағы қатынастар
C) Қағамдық бірлестік пен тұтыну кооперативінің арасындағы қатынастар
D) Мемлекеттік емес білім мекемелерінің арасындағы қатынастар
E) Діни қоғамдық бірлестіктер арасындағы қатынастар
ANSWER: B

9 Әкімшілік құқық құқықтың дербес саласы ретінде пайда болды:


A) 17-ғасырда
B) 18-ғасырда
C) 19-ғасырда
D) 20-ғасырда
E) 21-ғасырда пайда болды
ANSWER: B

10 Бұрын мына атаулардың қайсысы әкімшілік құқық үшін тән еді:


A) Полициялық құқық
B) Жариялы құқық
C) Мемлекеттік әкімшілік құқығы
D) Муниципиальдық құқық
E) Хан жарлықтары
ANSWER: A

11 Әкімшілік құқық ғылым ретінде қай елдерде пайда болды:


A) АҚШ-та
B) Азия елдерінде
C) Еуропа елдерінде
D) Африка елдерінде
E) Жапония елдерінде
ANSWER: A

12 Әкімшілік құқықтың әдістері:


A) Тек қана императивтік (бұйрықтық)
B) Императивтік және диспозитивтік
C) Тек қана диспозитивтік
D) Тек диспозитивтік, ал ерекше жағдайларда императивтік
E) Инфрақұрылымдық
ANSWER: B

13 Әкімшілік құқықтың ерекше бөлімі қамтиды:


A) Қоғамдық өмірдің әр түрлі аяларындағы басқару институттарын
B) Мемлекеттік қызмет пен әкімшілік мәжбүрлеудің институттарын
C) Әкімшілік жауаптылық пен әкімшілік іс жүргізу (процесс) институттарын
D) Әкімшілік құқықтың әр түрлі субъектілерінің құқықтық мәртебесін
E) Адамдардың жеке өмірі
ANSWER: A

14 Әкімшілік құқық мыналарға бөлінеді:


A) Жалпы және ерекше бөлімдерге
B) Жалпы және арнайы бөлімдерге
C) Ерекше және арнайы бөлімдерге
D) Жалпы және мамандандырылған бөлімдерге
E) Жалпы және жалғастырылған бөлім
ANSWER: A

15 Әкімшілік құқық төменде аталған салалардың қайсысына неғұрлым жақын:


A) Азаматтық іс жүргізу құқығына
B) Конституциялық құқыққа
C) Неке және отбасы құқығына
D) Еңбек құқығына
E) Жер құқығына
ANSWER: B

16 Төменде аталған нормалардың қайсысы әкімшілік-құқықтық норма болып табылады:


A) Республика өзінің азаматтарын қорғауға және одан тысқары жерде қамқорлыққа кепілдік етеді
B) Заңды тұлғаның өзінің аты жазылған мөрі болады
C) Үкімет биліктің атқарушы органдарының барлық жүйесін басқаруды ұйымдастырады
D) Кәсіптік одақтар ұжымдық шарттар бойынша материалдық жауаптылықта болмайды
E) Некеге 18 жастан бастап тұруға болады
ANSWER: C

17 Әкімшілік құқықтың субъектілері ретінде ұйымдардың әкімшілік-құқықтық мәртебесінің негізгі элементі болып табылады:


A) Деликтілік қабілеттілік
B) Құқықтар мен міндеттер
C) Құқықтық субъектіліктегі шектеу
D) Құрылу тәртібі
E) Тек қана міндеттер
ANSWER: B

18 Көрсетілген ұйымдардың қайсысы коммерциялық емес ұйымдар қатарына жатпайды:


A) Тұтыну кооперативі
B) Шаруашылық серіктестік
C) Мемлекеттік кәсіпорын
D) Өндірістік кооператив
E) Акционерлік қоғамдар
ANSWER: C

19 Төмендегі нормалардың қайсысы әкімшілік-құқықтық норма болып табылмайды:


A) Шет ел азаматы ҚР-нан тысқары шығарып жіберілуі мүмкін
B) Мемелекеттік қызметке кіру, тағайындау немесе сайлау негізінде жүзеге асырылады
C) Жол қозғалысына қатысушылардың жолдарда еркін жүруіне құқы бар
D) Республика Президенті өкілеттігін жүзеге асыру кезеңінде саяси партиядағы қызметін тоқтатады
E) Заңды тұлғаларды тіркеу үшін тіркеу құжаттарының топтамасын тапсыру қажет
ANSWER: D

20 Төмендегі аталған нормалардың қайсысы әкімшілік-құқықтық болып табылады:


A) Басқа мемлекеттің аумағында қылмыс жасаған ҚР-ның азаматын ол мемлекетке беруге жатпайды
B) ҚР-да мемлекеттік меншік пен жеке меншік танылады және бірдей қорғалады
C) Іркіліс кезінде және жұмыс орнында жоқ жұмыскерді уақытша орнын басу қажет болған жағдайда білікті жұмысшылар мен қызметшілерді төмен білікті жұмысқа яғни жұмыстарға ауыстыруға болмайды
D) Төлқұжаттарды тіркеу тәртібін Ішкі Істер Министрлігі белгілейді
E) Тінтуді жургізген кезде екі айғақты адамның қатысуы міндетті болып табылады
ANSWER: D

21 Нұсқама нысаны бойынша әкімшілік-құқықтық нормалар


A) Әдетте өктем
B) Әдетте диспозитивті
C) Диспозитивті, ал ерекше жағдайларда өктем сипатында
D) Тек диспозитивті сипатта болады
E) Әр түрлі
ANSWER: E
22 Төменде аталған нормалар түрлерінің қайсысы белгілі бір әрекеттерді жасауға міндеттейді:
A) Міндеттейтін
B) Тыйым салатын
C) Шектейтін
D) Көтермелейтін
E) Жасайтын
ANSWER: A

23 Төменде аталған нормалардың түрлерінің қайсысы белгілі бір қызметке тыйым салады:


A) Міндеттейтін
B) Тыйым салатын
C) Уәкілеттік беретін
D) Көтермелейтін
E) Ұйымдастыратын
ANSWER: B

24 Төменде аталған нормалардың түрлерінің қайсысы белгілі бір қызметке шектеу қояды:


A) Шектейтін
B) Міндеттейтін
C) Көтермелейтін
D) Уәкілеттік беретін
E) Ұйымдастыратын
ANSWER: A

25 Төменде аталған нормалардың түрлерінің қайсысы лауазымды тұлғаларға мемлекеттік-биліктік құзырет береді:


A) Міндеттейтін
B) Көтермелейтін
C) Уәкілеттік беретін
D) Тыйым салатын
E) Шектейтін
ANSWER: C

26 Төмендегі аталған әкімшілік-құқықтық нормалардың қайсысы материалдық емес нормалар болып табылады:


A) Азаматтардың мемлекеттік әкімшіліктердің заңсыз іс-әрекеттеріне сотқа шағымдануға құқығы бар
B) Азаматтардың мемлекеттік әкімшіліктердің заңсыз іс -әрекеттеріне жоғарғы тұрған органдарға шағымдануға құқығы бар
C) Азаматтардың шағымдары әкімшілік тәртіппен 30 күннің ішінде қаралады
D) Азаматтардың мемлекеттік әкімшіліктің заңсыз іс-әрекеттеріне соттық және әкімшілік тәртіппен шағымдануға құқығы бар
E) Лауазымды тұлғалар өздерінің уәкілеттіктерін жүзеге асырған кезде қажетті мәліметтер мен құжаттамаларды алуға құқылы
ANSWER: C

27 Премьер-министр шығарады:


A) Қаулы
B) Қаулылар мен өкімдер
C) Жарлықтар, қаулылар және өкімдер
D) Қаулылар және шешімдер
E) Шешімдер
ANSWER: B

28 Үкіметтің қызмет етуінің ұйымдық нысаны болып табылады:


A) Үкіметтің алқасы
B) Үкіметтің президумы
C) Үкіметтің мәжілісі (отырысы)
D) Үкімет бюросы
E) Үкіметтің басқармасы
ANSWER: C

29 ҚР-сы Үкіметтің отырысы кемінде жүргізіледі:


A) Айына бір рет
B) Екі айда бір рет
C) Он күнде бір рет
D) Он бес күнде бір рет
E) Айына екі рет
ANSWER: A

30 Үкімет актілерінің күшін кім жоя алмайды:


A) Президент
B) Парламент
C) Бас прокурор
D) Президент және парламент
E) Жоғарғы сот
ANSWER: C

31 Көрсетілгендердің қайсысы Үкіметтің өкілеттігін тоқтата алады:


A) Парламент
B) Президент
C) Бас Прокуратура
D) Конституциялық Кеңес
E) Жоғарғы сот
ANSWER: B

32 Үкіметтің құрамына кіреді:


A) Премьер-министр, оның орынбасарлары, министрлер және басқа лауазымды тұлғалар
B) Премьер-министр, оның орынбасарлары, министрлер, Президентке тікелей есепті және бағынышты орталық атқарушы органдардың басшылары
C) Премьер-министр, оның орынбасарлары, министрлер, Президентке тікелей есепті және бағынышты орталық атқарушы органдардың басшылары, Ведомстволық басшылары
D) Президент, Премьер-министр, оның орынбасарлары, министрлер
E) Бәрі де дұрыс
ANSWER: B

33 Үкіметтің қызметі реттеледі


A) «Үкімет туралы» Конституциялық Заңмен
B) «Үкімет туралы» Президенттің Жарлығымен
C) «Үкімет туралы» жай Заңмен
D) «Үкімет туралы» Қаулымен
E) «Үкімет туралы» кодекспен
ANSWER: A

34 Әкімшілік құқықтың қайнар көздері болуы мүмкін емес:


A) Ведомстволардың актілері
B) Маслихаттардың актілері
C) Заңды тұлғалардың ассоциацияларының актілері
D) Конституциялық кеңестің актілері
E) Діни бірлестіктің шағымы
ANSWER: E

35 Әкімшілік құқықтың қайнар көздері болуы мүмкін:


A) Соттың кез-келген актілері
B) Соттың қылмыстық істер бойынша үкімдері
C) Соттың азаматтық істер бойынша шешімдері
D) Жоғарғы Соттың әкімшілік құқық бұзушылық жөніндегі нормативтік қаулылары
E) Соттың есеп берулері
ANSWER: D

36 Қоғамдық бірлестіктердің актілері:


A) Әкімшілік құқықтың қайнар көздері болып табылуы мүмкін емес
B) Әкімшілік құқықтың қайнар көздері болып табылуы мүмкін
C) Қоғамдық бірлестіктер қызметінің мәселелері бойынша әкімшілік-құқықтың қайнар көздері болып табылуы мүмкін
D) Үкіметтің шешімі бойынша әкімшілік құқықтың қайнар көздері болып табылуы мүмкін
E) Олардың қызметін ұймдастыру мәселесі бойынша болуы мүмкүн
ANSWER: A

37 Мемлекет аралық келісімдер:


A) Әкімшілік құқықтың қайнар көздері болуы мүмкін емес
B) Әкімшілік құқықтың қайнар көздері болуы мүмкін
C) Президенттің тиісті шешімі болған жағдайларда әкімшілік құқықтың қайнар көздері болуы мүмкін
D) Үкіметтің тиісті шешімі болған жағдайда әкімшілік құқықтың қайнар көздері болуы мүмкін
E) Заңмен қарастырылмаған
ANSWER: B

38 Діни бірлестіктердің актілері:


A) Әкімшілік құқықтың қайнар көздері болуы мүмкін емес
B) Әкімшілік құқықтың қайнар көздері болуы мүмкін
C) діни бірлестіктердің қызмет мәселелері бойынша әкімшілік құқықтың қайнар көздері болуы мүмкін
D) Үкіметтің тиісті шешімі бойынша әкімшілік құқықтың қайнар көздері болуы мүмкін
E) Заңда қарастырылуы мүмкін
ANSWER: A

39 Саяси партиялардың актілері:


A) Әкімшілік құқықтың қайнар көздері болуы мүмкін емес
B) Әкімшілік құқықтың қайнар көздері болуы мүмкін
C) Саяси партиялардың қызметі мәселелері бойынша әкімшілік құқықтың қайнар көздері болуы мүмкін
D) Үкіметтің шешімдері бойынша әкімшілік құқықтың қайнар көздері болуы мүмкін
E) ҚР заңымен қарастырылмаған
ANSWER: A

40 Мыналардың қайсысы ҚР әкімшілік құқығының қайнар көзі болады:


A) Сот прецеденті
B) Әкімшілік прецеденті
C) Әдет-ғұрыптар
D) Нормативтік құқықтық актілер
E) Жоғарыда аталғандардың барлығы
ANSWER: =D

41 Әкімшілік құқықтық нормалары мыналардың қайсысында болуы мүмкін:


A) Конституцияда
B) Прокурордың наразылығында
C) Сот үкімдерінде
D) Діни қайнар көздерде
E) Судьяның шешімінде
ANSWER: A

42 Әкімшілік құқықтың нормалары мыналардың қайсысында болуы мүмкін емес:


A) Президент жарлықтарында
B) Үкімет қаулыларында
C) Әкімшілік қаулыларында
D) Конституцияда
E) Діни бірлестіктің ережесінде
ANSWER: E

43 ҚР-да Министрліктер құрылады


A) Президентпен
B) Үкіметпен
C) Парламентпен
D) Үкімет Президенттің келісімімен
E) Конституциялық Кеңеспен
ANSWER: A

44 Әкімшілік- құқықтық қатынастардың пайда болуы негізіне мыналардың қайсысы жатады:


A) Тек уақиғалар
B) Тек іс-әрекеттер
C) Іс-әрекеттер мен уақиғалар
D) Тек қана әкімшілік құқық бұзушылықтармен байланысты іс-әрекеттер
E) Айғақтарда жатады
ANSWER: C

45 Әкімшілік-құқықтық қатынастардың негізгі ерекшеліктеріне мыналардың қайсысы жатады:


A) Әкімшілік- құқықтық қатынастарға әдетте мемлекеттік орган қатысады
B) Әкімшілік-құқықтық қатынастар міндетті түрде құқық бұзушылықтардан туындайды
C) Әкімшілік-құқықтық қатынастардан туындайтын даулар сот тәртібімен шешіледі
D) Әкімшілік құқықтық қатынастардың субъектілері көп жағдайларда ұйымдар болуы мүмкін
E) Жария құқық нормаларымен реттеледі
ANSWER: A

46 ҚР-да Үкіметтің құрамына кірмейтін Орталық атқарушы органдар құрылады:


A) Президентпен
B) Үкіметпен
C) Парламентпен
D) Үкімет Президенттің келісімімен
E) Конституциялық Кеңеспен
ANSWER: A

47 ҚР-да ведомстволар құрылады:


A) Президент және Үкіметпен
B) Президентке тікелей есепті және бағынышты мемлекеттік органдармен
C) Парламент
D) Үкімет Президенттің келісімімен
E) Президентпен
ANSWER: E

48 Төменде аталған әкімшілік-құқықтық қатынастардың қайсысы тік болып табылады:


A) Ішкі істер министрлігі мен Мемлекеттік кіріс министрлігінің Кеден комитетінің арасындағы ақпараттар алмасу мәселелері жөніндегі қатынастар
B) Қаржы министрлігі мен Статистика жөніндегі агенттіктің бірлесіп актілер дайындау мәселелері бойынша қатынастары
C) Азамат пен аудан әкімінің арасындағы азаматтардың шағымдарын қарау мәселелері жөніндегі қатынастар
D) Қаржы министрлігі мен оған ведомстволық жағынан бағынышты кәсіпорынның арасындағы мүлік беру мәселелері жөніндегі қатынастары
E) Ұлттық Банкінің ұйымдары мен басқа қоғамдық ұйымдар
ANSWER: C

49 Әкімшілік- құқықтық қатынастар мына нормалардың қайсысымен реттеледі:


A) Коституциялық құқықтың
B) Әкімшілік құқықтың
C) Азаматтық құқықтың
D) Конституциялық құқық және әкімшілік құқықтың
E) Қылмыстық құқықпен реттелуі мүмкін
ANSWER: B

50 Әкімшілік-құқықтық қатынастардан туындайтын даулар:


A) Тек сот тәртібімен шешіледі
B) Тек әкімшілік тәртіппен шешіледі
C) Соттық және әкімшілік тәртіппен шешіледі
D) Міндетті түрде алдын-ала әкімшілік тәртіппен қаралып сот тәртібімен шешіледі
E) Азаматтық кодекспен
ANSWER: C

51 Әкімшілік-құқықтық қатынастар – бұл:


A) Жеке-құқықтық қатынастар
B) Жариялы (мемлекеттік)-құқықтық қатынастар
C) Ұйымдастыру сипатындағы жеке-құқықтық қатынастар
D) Корпаративтік сипаттағы жеке-құқықтық қатынастар
E) Келісім-шарттық сипаттағы жеке-құқықтық қатынастар
ANSWER: B

52 Әкімшілік- құқықтық қатынастар қалыптасуы мүмкін:


A) Екі азамат арасында
B) Екі мемлекеттік емес ұйымдар арасында
C) Екі мемлекеттік органдар арасында
D) Екі мемлекеттік емес кәсіпорындар арасында
E) Екі мемлекеттің арасында
ANSWER:C

53 Әкімшілік- құқықтық қатынастарда әрдайым болады


A) Азамат
B) Мемлекеттік орган
C) Мемлекеттік емес ұйым
D) Кәсіпорын
E) Салық комитеті
ANSWER:B

54 Әкімшілік құқықтың субъектісі ретіндегі азаматтардың әкімшілік-құқықтық мәртебесінің негізгі элементі болып табылады:


A) Деликтілік қабілеттілік
B) Құқықтар мен міндеттер
C) Әрекет қабілеттіліктегі шектеу
D) Құқық қабілеттіліктегі шектеу
E) Оқиға мен әрекет
ANSWER: B

55 Әкімшілік құқық субъектілерінің құқықтық мәртебесі реттеледі


A) Заңдармен, жарлықтармен, Үкіметтің қаулыларымен
B) Заңдармен және саяси партиялардың актілерімен
C) Заңдармен және соттардың үкімдерімен
D) Заңдармен және қоғамдық бірлестіктердің актілерімен
E) Тек Президенттің жарлықтарымен
ANSWER: A

56 Әкімшілік құқық субъектілерінің құқықтық мәртебесі реттелмейді:


A) Заңдармен
B) Президенттің жарлықтарымен
C) Үкіметтің қаулыларымен
D) Діни бірлестіктердің актілерімен
E) Кооперативтің ережесімен
ANSWER:D

57 Аталған ұйымдардың қайсысы әкімшілік құқықтың субъектісі болуы мүмкін


A) Ведомство
B) Акционерлік қоғамның бақылау кеңесі
C) Саяси партияның ревизия комиссиясы
D) Жоғарғы оқу орнының әдістемелік кеңесі
E) Еншілес Акционерлік қоғам
ANSWER:A

58 Азаматтардың әкімшілік құқық қабілеттігі пайда болады


A) Туған кезден бастап
B) 18 жастан бастап
C) 16 жастан бастап
D) 14 жастан бастап
E) Кейбір кезде 13 жастан
ANSWER: A

59 Азаматтардың жартылай әкімшілік әрекет қабілеттігі пайда болады


A) Әртүрлі жаста, оның ішінде 14 жасқа дейін де
B) 15 жастан бастап
C) 16 жастан бастап
D) 18 жастан бастап
E) Тек 18 жастан бастап
ANSWER:A

60 Әкімшілік құқықтың жеке субъектісінің әкімшілік құқықтық субъектілігінің көлеміне көбірек әсер етеді:


A) Адамның жынысы
B) Діни сенімділігі
C) Лауазымы және орындалатын еңбек қызметінің сипаты
D) Отбасы жағдайы
E) Әлеуметтік жағдайы
ANSWER: C

61 Төменде аталған құқықтардың қайсысы азаматтардың әкімшілік -құқықтық мәртебесіне кіреді


A) Жеке меншікте кез-келген мүлкі болу құқығы
B) Серіктестіктен бір немесе бірнеше қатысушыларды шығаруда талап ету құқығы
C) Мемлекеттік кәсіпорын қызметкерінің қызметтік іс-сапарға қатысты шығындарын өтеуді талап ету құқығы
D) Мемлекттік қызметке кіру құқығы
E) Өмір сүру құқығы
ANSWER: D

62 Төменде көрсетілген құқықтардың қайсысы азаматтардың әкімшілік-құқықтық мәртебесіне кірмейді:


A) Қару иемдену құқығы
B) Құратын мекемені тіркету құқығы
C) Лицензия алу құқығы
D) Есім алу құқығы
E) Орын ауыстыру құқығы
ANSWER:D

63 Төменде көрсетілген құқықтардың қайсысы азаматтардың әкімшілік-құқықтық мәртебесінің элементі болып табылады:


A) Әркімнің өмір сүруге құқығы бар
B) Әркімнің еңбек ету бостандығына құқығы бар
C) Азаматтар балалардың денсаулығына қамқорлық жасауға міндетті
D) Сезікті, тергеу әрекеттерінің хаттамаларымен танысу құқылы
E) Азамат сатып алған жылжымайтын мүлікті тіркеуге міндетті
ANSWER:E

64 Мемлекеттік қызметшілер:


A) Әкімшілік құқықтың субъектілері болып табылмайды
B) Әкімшілік құқықтың субъектілері болып табылады
C) Тек әкімшілік жауапкершілікке тартылған жағдайларда әкімшілік құқықтың субъектілері болып табылады
D) Тек сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар жасаған жағдайда әкімшілік құқықтың субъектілері болып табылады
E) Әкімшілік құқықтың объектілері
ANSWER: B

65 Көрсетілген органдардың қайсысы Үкіметтің құрамына кірмейтін орталық атқарушы орган болып табылады:


A) Ішкі істер министрлігі
B) Білім министрлігі
C) Қаржы министрлігінің салық комитеті
D) Қаржы министрлігі
E) Мемлекеттік қызмет жөніндегі агенттік
ANSWER: E

66 Көрсетілген органдардың қайсысы ҚР-ның Президентіне тікелей есепті және бағынышты мемлекеттік орган болып табылады:


A) Ішкі істер министрлігі
B) Төтенше жағдайлар жөніндегі министрлігі
C) Ұлттық қауіпсіздік комитеті
D) Қорғаныс министрлігі
E) Сыртқы істер органы
ANSWER: C

67 Үкіметтің құрамына кірмейтін Орталық атқарушы органның басшысы тағайындалады:


A) Үкіметпен
B) Президентпен
C) Министрмен
D) Президент Үкіметтің ұсынысымен
E) Парламентпен
ANSWER: B

68 Министрлік басшысы тағайындалады:


A) Үкіметпен
B) Президентпен
C) Министрмен
D) Парламентпен
E) Премьер министрмен
ANSWER: B

69 Министрлік актілері келесі нысандарда рәсімделеді:


A) Бұйрықтар
B) Бұйрықтар және қаулылар
C) Бұйрықтар және шешімдер
D) Бұйрықтар, қаулылар және шешімдер
E) Қаулылар
ANSWER: A

70 Министрліктердің актілерінің күшін жоюуы мүмкін


A) Президент немесе Үкіметпен
B) тек Президентпен
C) тек Үкіметпен
D) Президентке тікелей есепті және бағынышты мемлекеттік органдармен
E) Парламентпен
ANSWER: A

71 Үкіметтің құрамына кірмейтін Орталық атқарушы органдар актілерінің күшін жоюы мүмкін:


A) Президент немесе Үкіметпен
B) тек Президентпен
C) тек Үкіметпен
D) Президентке тікелей есепті және бағынышты мемлекеттік органдармен
E) Парламентпен
ANSWER: A

72 ҚР-да жергілікті атқарушы билік органы болып табылады


A) Әкім және әкімшілік
B) Әкім
C) Маслихат
D) Маслихат және әкімшілік
E) Әкімшілік пен маслихат
ANSWER:A

73 Облыс әкімі:


A) Президентпен тағайындалады
B) Үкіметпен тағайындалады
C) Облыстық маслихатпен сайланады
D) Облыстық маслихаттың келісімімен Үкімет тағайындайды
E) Аудан тұрғындарымен сайланады
{Дұрыс жауабы}=A

74 Төменде көрсетілген міндеттердің қайсысы азаматтардың әкімшілік-құқықтық мәртебесіне кірмейді:


A) Көлік құралын жол полициясы органдарында тіркеу міндеті
B) Жоғары қауіп затты міндетті сақтандыру міндеті
C) Заңмен бекітілген жағдайларда медициналық тексеруден өту міндеті
D) Шақыру бойынша алдын-ала тергеу органына келу міндеті
E) Әскерге бару
ANSWER: E

75 Мемлекеттік әкімшіліктің заңға қайшы әрекеттеріне шағым беру тәртібі әкімшілік тәртіппен реттеледі:


A) Азаматтық кодекспен
B) Азаматтық іс-жүргізу кодексімен
C) "Жеке және заңды түлгалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы" Қ.Р. 2007 жылы 12 қантардың заңымен
D) "Мемлекеттік басқару органдары мен лауазымды адамдардың құқыққа қарсы әрекеттеріне сотқа шағымдану тәртібі туралы" КСРО заңымен
E) ҚР-ның Конституциясымен
ANSWER: C

76 Мемлекеттік әкімшіліктің заңға қайшы әрекеттеріне сот тәртібімен шағымдану тәртібі реттеледі:


A) Азаматтық кодекспен
B) Азаматтық іс-жүргізу кодексімен
C) "Азаматтардың өтініштерін қарау тәртібі туралы" Президенттің заңдық күші бар жарлығымен
D) "Мемлекеттік басқару органдары мен лауазымды адамдардың құқыққа қарсы әрекеттерін туралы сотқа шағымдану тәртібі туралы" КСРО заңымен
E) ҚР-ның Конституциясымен
ANSWER: B

77 Мемлекеттік әкімшіліктің заңға қайшы әрекеттері туралы сотқа шағымдану үшін:


A) Жоғарғы тұрған органға алдын-ала өтініш жасау қажет
B) Жоғарғы тұрған органға алдын-ала өтініш жасаудың қажеті жоқ
C) Судьяның қарап шешуі бойыша жоғарғы тұрған органға алдын-ала өтініш жасау қажет
D) Тек мемлекеттік орган жоғары тұрған органға бағынышты болған жағдайда ғана жоғарғы тұрған органға алдын-ала өтініш жасау қажет
E) Жоғарғы тұрған органға өтініш жасау қажет
ANSWER: D

78 ҚР-дағы шетел азаматтары бола алмайды:


A) Діни бірлестіктердің мүшелері ретінде
B) Саяси партиялардың мүшелері ретінде
C) Қоғамдық бірлестіктердің басшылары ретінде
D) Қоғамдық қорлардың құрылтайшылары ретінде
E) Жеке кәсіпорынның жұмысшысы ретінде
ANSWER:B

79 Қайсы бекітілім заңға сәйкес келеді:


A) Шетел азаматтары діни бірлестіктердің мүшелері бола алмайды
B) Шетел азаматтары апта сайын ішкі істер органдарына тіркелу үшін келуге міндетті
C) Шетел азаматтары әкімшілік жауапкершілікке тартылуға жатпайды
D) Шетел азаматтары үшін еркін жүріп-тұру бостандығына шек қойылған
E) Шетел азаматтарының ешқандай құқығы жоқ
ANSWER: D

80 Заңды тұлғалар мемлекеттік тіркеуге жатады:


A) Әділет органдарында
B) Мемлекеттік статистика органдарында және әділет органдарында
C) Әкімдіктерде
D) Қаржы министрлігінің органдарында
E) Маслихаттарда
ANSWER: A

81 Діни бірлестіктер тіркеледі:


A) Әділет органдарында
B) Статистика органдарында
C) Жергілікті атқарушы органдарында
D) Мәдениет министрлігінің органдарында
E) Ішкі істер органдарында
ANSWER: A
82 Қоғамдық бірлестіктер тіркеледі:
A) Әділет органдарында
B) Статистика органдарында
C) Жергілікті атқарушы органдарында
D) Мәдениет министрлігінің органдарында
E) Қоғамдық бірлестіктер ұйымында
ANSWER: A

83 Заңды тұлғалардың қатысуымен болатын, төменде көрсетілген әрекеттердің қайсысы әкімшілік құқық нормаларымен реттеледі:


A) Банктен несие алу
B) Мемлекеттік кәсіпорын қызметкерінің контракт мерзімінің аяқталуына байланысты жұмыстан шығуы
C) Демонстрация өткізу үшін рұқсат алу
D) Сол ұйымдағы басқа жұмысқа ауыстыру
E) Демалысқа шығу
ANSWER: C

84 Заңды тұлғалардың қатысуымен болатын, төменде көрсетілген әрекеттердің қайсысы әкімшілік құқық нормаларымен реттелмейді:


A) Белгілі-бір қызмет түрімен айналысу үшін лицензия алу
B) Автомобильді жол полициясы органдарында тіркеу
C) Құрылып жатқан мекемені тіркеу
D) Банктегі есеп-шотты жабу
E) Заңды тұлғаға ат беру

85 Заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеуден өткізудің жалпы мерзімі:


A) 1 ай
B) 15 күн
C) 10 күн
D) 5 күн
E) 19 күн
ANSWER: A

86 Әкімшілік құқықтың субъектілері болуы мүмкін:


A) Тек қана заңды тұлғалар
B) Заңды тұлға болып табылатын да, табылмайтын да ұйымдар
C) Тек қана коммерциялық ұйымдар
D) Тек қана заңды тұлғалар мен мемлекеттік органдар
E) Тек қана мемлекеттік органдар
ANSWER: B

87 Төменде көрсетілген құқықтардың қайсысы ұйымдардың әкімшілік- құқықтық мәртебесіне кіреді:


A) Лицензия алу құқығы
B) Азаматтарды жұмысқа қабылдау құқығы
C) Сату-сатып алу шартының шарттарын өзгерту құқығы
D) Банкте есеп-шот ашу құқығы
E) Азаматтық-құқықтық келісім шарттарды жасасу
ANSWER: A

88 Қоғамдық бірлестіктерді құру үшін кемінде болуы керек:


A) 5 адам
B) 10 адам
C) 20 адам
D) 50 адам
E) 2 адам
ANSWER: B

89 Шаруашылық жүргізуші субъектілерді, ұйымдарды тексеру мемлекеттік тіркелуге жатады


A) Юстиция органдарында
B) Ішкі істер органдарында
C) Прокуратура органдарында
D) Статистика органдарында
E) Салық комитетінде
ANSWER: A

90 Қазақстанда атқарушы билік органдары жүйесін басқарады:


A) ҚР-ның Президенті
B) ҚР-ның министрліктері
C) ҚР-ның Үкіметі
D) ҚР-ның Конституциялық Кеңесі
E) ҚР-ның Ішкі істер органы
ANSWER: C

91 Төменде көрсетілген органдардың қайсысы атқарушы билік органдары жүйесіне кірмейді


A) Президент
B) Үкімет
C) Министрлік
D) Үкімет құрамына кірмейтін орталық атқарушы органдар
E) Әкім
ANSWER: A

92 Атқарушы билік органдары бағынады:


A) Заң шығарушы органдарға
B) Сот органдарына
C) Конституциялық Кеңеске
D) Жоғары тұрған атқарушы органдарға
E) Соттарға
ANSWER: D

93 Атқарушы органдардың басшылары әдетте:


A) Жоғары тұрған лауазымды тұлғамен тағайындалады
B) Тұрғындармен сайланады
C) Өкілді органдармен сайланады
D) Аппараттың бөлімдерімен сайланады
E) Тек Президентпен ғана
ANSWER: A

94 Атқарушы органдарды басқа мемлекеттік органдардан айыратын ерекшеліктердің бірі:


A) Мемлекеттік-биліктік қызметтерді орындайды
B) анықталған құзыреті бар
C) Актілер шығарады
D) Мемлекеттік мәжбүрлеу аппаратын иелеген
E) Тек қана заңдарды жүзеге асырады
ANSWER: A

95 Атқарушы билік органдары айналысады:


A) Мемлекеттік басқарумен
B) Заң шығарушы қызметпен
C) Сот қызметімен
D) Прокурорлық қадағалаумен
E) Реттеумен
ANSWER: A

96 Көрсетілген органдардың қайсысы атқарушы билік органдарына көбірек ықпал етеді:


A) Президент
B) Парламент
C) Сот
D) Конституциялық Кеңес
E) Есеп комитеті
ANSWER:A

97 Атқарушы билік органдары бағынады:


A) Тек қана Үкіметке
B) Тек қана Президентке
C) Президент пен Үкіметке
D) Президент пен Бас прокурорға
E) Тек қана Үкіметке
ANSWER: C

98 Атқарушы билік органдарының құқықтық мәртебесін анықтайтын негізгі ережелер бекітілген:


A) Азаматтық кодексте
B) Конституцияда
C) Жергілікті мемлекеттік басқару туралы заңда
D) Әкімшілікте
E) Мемлекеттік қызмет туралы Заңда

99 Үкіметтің құрылымын құрайды:


A) Министірліктер және басқа орталық атқарушы органдар
B) Министірліктер және мемлекеттік комитеттердің төрағалары
C) Министірліктер, Орталық және жергілікті атқарушы органдар
D) Министірліктер, Орталық атқарушы органдар және ведомствалар
E) Тек қана Министірліктер
ANSWER: A

100 Үкімет шығарады:


A) Қаулы
B) Қаулылар мен өкімдер
C) Жарлықтар, қаулылар және өкімдер
D) Қаулылар және шешімдер
E) Шешімдер
ANSWER: A

101 Әкімдіктер келесі актілерді шығарады:


A) Шешім
B) Бұйрықтар
C) Қаулылар
D) заң
E) Шешім мен жарлық
ANSWER: A

102 Әкім келесі актілерді шығарады:


A) жарлық
B) жолдау, қаулылар және өкімдер
C) қаулылар, шешім және өкім
D) шешім және өкімдер
E) бұйрықтар
ANSWER: D

103 Әкім актілерінің күші жойылуы мүмкін


A) Президентпен
B) Облыстық маслихат депутаттарымен
C) Аудан прокурорымен
D) Облыстық әділет басқармасымен
E) Бәрі дұрыс
ANSWER: A

104 Жергілікті атқарушы органдардың қызметі реттеледі:


A) Жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы Заңмен
B) Жергілікті өкілдік және атқарушы органдар туралы Заңмен
C) Жергілікті өкілдік органдар туралы Заңмен
D) Әкімшілік туралы Заңмен
E) Дұрыс жауап жоқ
ANSWER: A

105 Қандай әкімшілік-аумақтық бірлікте әкімдік құрылмайды:


A) Облыста
B) Республикалық маңызы бар қалада
C) Облыс ауданында
D) Қалада
E) Ауылда
ANSWER: E

106 ҚР-да мемлекеттік қызметшілер:


A) Барлық мемлекеттік ұйымдарда істейді
B) Тек қана мемлекеттік органдарда істейді
C) Тек мемлекеттік органдар мен мемлекеттік кәсіпорындарда істейді
D) Мемлекеттік кәсіпорындарда ғана істейді
E) Мемлекеттік органда істемейді
ANSWER: A

107 Көрсетілген қызметшілердің қайсысы әкімшілік лауазымға ие:


A) Министр
B) Облыс әкімі
C) Агенттік төрағасы
D) Әділет министрлігінің бөлім бастығы
E) Премьер-министр
ANSWER: D

108 Көрсетілген қызметшілердің қайсысы саяси лауазымға ие:


A) Парламент мәжілісі аппараттық бөлімінің (консультаты) кеңесшісі
B) Президент әкімшілігі басшысының кеңесшісі
C) Премьер-министр Кеңсесінің сектор меңгерушісі
D) Қазақстан Республикасының Конституциялық Кеңесінің мүшесі
E) Бәрі дұрыс
ANSWER: D

109 Мемлекеттік қызметші:


A) Өкілдік билік органдарының және жергілікті өзін-өзі басқару органдарының мүшесі бола алады
B) Оқытушылар, ғылыми және өзге де шығармашылық қызметтен басқа, ақы төленетін өзге де жұмыс атқаруға болмайды
C) Кәсіпкерлік қызметпен айналысуға болады
D) Саяси партия мүшесі бола алады
E) 14-жастан асқан азамат бола алады
ANSWER: B

110. Мемлекеттік қызметшілерге тәртіптік жауаптылықтың қандай шаралары қолданылмайды:


A) Ескерту
B) Сөгіс
C) Қатаң сөгіс
D) Төмен ақы алатын лауазымға ауыстыру
E) Барлық жауап дұрыс
ANSWER: D

111. Отставка институты тән:


A) Тек қана әкімшілік қызметшілер үшін
B) Тек қана саяси қызметшілер үшін
C) Әкімшілік және саяси қызметшілер үшін
D) Әкімшілік қызметшілер үшін, ерекше жағдайларда саяси қызметшілер үшін
E) Бүкіл қызметшілер үшін
ANSWER: B

112. Көрсетілген шаралардың қайсысы мемлекеттік қызметшілерге тәртіптік жаза ретінде қолданылады:


A) Өлім жазасы
B) Әкімшілік қамау
C) Айыппұл
D) Қызметке сәйкес еместігі туралы ескерту
E) Арнайы құқықтан айыру
ANSWER: D

113. Мемлекеттік қызметке қабылданатын азамат үшін сынақ қандай мерзімге бекітілген:


A) 1 айға дейін
B) 2 айға дейін
C) 3 айға дейін
D) 6 айға дейін
E) 1 жылға дейін
ANSWER: C

114. Мемлекеттік қызметшілердің қайсысы аттестациядан өтеді:


A) Тек қана әкімшілік мемлекеттік қызметшілер
B) Әкімшілік және саяси мемлекеттік қызметшілер
C) Тек қана саяси мемлекеттік қызметшілер
D) Президентпен тағайындалатын мемлекеттік қызметшілер
E) Орталық атқарушы билік органдарының жетекшілері
ANSWER: A

115. ҚР-да мемлекеттік қызметшілердің құқықтық мәртебесі реттеледі:


A) ҚР Конституциясымен
B) «Мемлекеттік қызмет туралы» Заңмен
C) «Мемлекеттік қызмет туралы» Президенттің Заң күші бар Жарлығымен
D) «Мемлекеттік қызмет туралы» Президент Жарлығымен
E) Азаматтық кодекспен
ANSWER: B

116. Көрсетілген тұлғалардың қайсысы мемлекеттік қызметші болып табылады:


A) Облыс маслихатының депутаты
B) Мемлекеттік Жоғарғы оқу орнының ректоры
C) Аудан маслихаты секретариатының басшысы
D) ҚР-ның Президенті
E) Мәжіліс депутаты
ANSWER: C

117. Мемлекеттік қызметшілердің мынадай құқығы бар:


A) Өкілдік органның депутаты және жергілікті өзін-өзі басқару органдарының мүшесі болуға
B) Оқытушылық, ғылыми және өзге де шығармашылық қызметтен басқа, ақы төленетін өзге де жұмыс атқаруға
C) Кәсіпкерлік қызметпен айналысуға, соның ішінде шаруашылық жүргізуші субъектілерді басқаруға
D) Діни бірлестіктердің мүшесі болуға
E) Дұрыс жауап жоқ
ANSWER: D

118. Мемлекеттік қызметшілердің құқығы жоқ:


A) Лауазымдық міндеттемелерін атқарумен байланысты жеке пайдасы, мақсаты үшін азаматтар мен заңды тұлғалардың қызметін пайдалану
B) Қоғамдық ұйымдардың басшысы болуға
C) Біліктілігін арттыруға
D) Өзеркімен жұмыстан шығуға
E) Сот әділдігін жүргізуге
ANSWER: A

119. Мемлекеттік қызметке түсуге не кедергі болады:


A) Нәсілі
B) Денсаулығының жағдайы
C) Білімі
D) Ұлты
E) Әлеуметтік жағдайы
ANSWER: C

120. Мемлекеттік қызметке кіруге қажетті жас шамасы


A) 16 жас
B) 17 жас
C) 18 жас
D) 21 жас
E) Кез келген жас мөлшері
ANSWER: C

121. Мемлекеттік- қызметтік қатынастың тоқтауына негіз бола алмайды:


A) Тұлғалардың өз еркімен жұмыстан босату туралы арыз беруі
B) Келісім-шарт мерзімінің бітуі
C) Мемлекеттік қызметшінің зейнеткерлік жасқа келуі
D) Саяси партияға кіруі
E) Діни бірлестіктің мүшесі болса
ANSWER: E

122. Мемлекеттік басқарудың құқықтық нысандарына жатпайды:


A) Мемлекеттік басқарудың нормативтік актілерін шығару
B) Мемлекеттік басқарудың жеке актілерін шығару
C) Әкімшілік шарттар жасау
D) Іс-жүргізу және есеп
E) Ақша эмиссиясын енгізу
ANSWER: E

123. Әкімшілік шарттардың ерекшелігі мынада:


A) Олардың жасалуы азаматтың құқық нормаларымен реттеледі
B) Олар белгісіз мерзімге жасалады
C) Атқарушы билік органы әкімшілік шарттың бір тарабы болады
D) Олар ұйымдастырушылық және жария сипатқа ие болады
E) Олар Азаматтық кодекспен реттеледі
ANSWER: C

124. Мемлекеттік басқарудың құқықтық нысанына жатады:


A) Іс жүргізу
B) Мемлекеттік басқарудың жеке актілерін шығару
C) Есеп
D) Мұрағат ісі
E) Мәліметтер жинау
ANSWER: B

125. Төменде көрсетілген мемлекеттік басқарудың әдістерінің қайсысын ең көп деңгейде әкімшілік құқық зерттейді:


A) Әкімшілік иландыру
B) Әкімшілік мәжбүрлеу
C) Үйлестіру әдісі
D) Келісім әдісі
E) Әкімшілік түсіндіру
ANSWER: B

126. Мемлекеттік басқарудың әдістері деп нені түсінеміз:


A) Мемлекеттік басқаруды заңдылықтармен қамтамасыз ету тәсілдерін
B) Мемлекеттік әкімшіліктің қызметінің қағидаларын
C) Басқарылатындардың қызметіне ықпал ету тәсілдерін
D) Құқықтық қатынас субъектілері қызметінің қағидаларын
E) Қоғамдық қатынастарды реттеуін
ANSWER: A

127. Қандай шара әкімшілік мәжбүрлеу шарасына жатпайды:


A) Әкімшілік ұстау
B) Ескерту
C) Сендіру
D) Медициналық айықтыру орнына жеткізу
E) Айыппұл
ANSWER: C

128. Әкімшілік мәжбүрлеу мынадан құралады:


A) Жағымды үлгілерді көрсету
B) Заңды сыйлайтын мінез-құлықты үгіттеу
C) Мәжбүрлеп емдетуге жіберу
D) Моральдық ұялту
E) әңгімелесу
ANSWER: C

129. Мемлекеттік басқару тәжірибесінде қолданылады:


A) Тек қана мәжбүрлеу әдісі
B) Тек қана иландыру әдісі
C) Иландыру және мәжбүрлеу әдісі
D) Иландыру әдісі, ерекше жағдайларда мәжбүрлеу шаралары
E) Сендіру
ANSWER: C

130. Әкімшілік шарт дегеніміз:


A) Мемлекеттік басқарудың құқықтық нысандарының бірі
B) Мемлекеттік басқарудың әдістерінің бірі
C) Мемлекеттік басқарудың құқықтық емес нысандарының бірі
D) Иландыру әдістерінің бірі
E) Барлық жауап дұрыс
ANSWER: A

131. Төменде көрсетілген актілердің қайсысы жеке актілерге жатады:


A) білім беру қызметін лицензиялау Тәртібі туралы Үкімет қаулысы
B) Заңды тұлғалардың мемлекеттік тіркеу ережесі туралы Әділет Министрінің бұйрығы
C) Коммерциялық магазиндердің жұмыс істеу ережесі туралы әкімшіліктің шешімі
D) Лицензия беру туралы әкімнің шешімі
E) Соттың шешімі
ANSWER: E

132. Орталық атқарушы органдарының шығаратын актілерінің басқа мемлекеттік органдардың актілерінен айырмашылығы мынада:


A) Атқарушы билік органдарының актілері заңға тәуелді сипатқа ие
B) Атқарушы билік органдарының актілерін сотқа даулау мүмкін емес
C) Атқарушы билік органдарының актілері жалпыға бірдей міндетті сипатқа ие емес
D) Атқарушы билік органдарының актілерін тек Республикалық органдар шығарады
E) Олардың мәртебесі жоғары
ANSWER: A

133. Төменде көрсетілген актілерінің қайсысы туынды актілерге жатады:


A) Ережелер
B) Бұйрықтар
C) Шешімдер
D) Қаулылар
E) Өкім
ANSWER: A

134. Төменде көрсетілген актілердің қайсысы негізгі актілерге жатады:


A) Регламенттер
B) Ереже
C) Нұсқау
D) Шешімдер
E) Бұйрықтар
ANSWER: D

135. Үкімет құрамына кірмейтін министрліктер мен орталық атқарушы органдардың актілері мынадай ара қатынаста болады:


A) Бір деңгейде болады
B) Министрлік актілері Үкімет құрамына кірмейтін Орталық атқарушы органдардың актілерінен жоғары
C) Үкімет құрамына кірмейтін орталық атқарушы органдардың актілері Министрлік актілерінен жоғары
D) Министрлік құзыреті жөніндегі мәселелерге байланысты ғана Министрліктің актілерінің Үкімет құрамына кірмейтін орталық атқарушы органдардың актілерінен жоғары
E) Дұрыс жауап жоқ
ANSWER: A

136. Орталық және жергілікті атқару органдарының актілері қай органда мемлекеттік тіркеледі:


A) ҚР-ның Үкіметінде
B) ҚР-ның Қаржы министрлігі органдарында
C) ҚР-ның Ікі істер органдарында
D) ҚР-ның Әділет министрлігінде
E) Қаржы министрлігінде
ANSWER: D

137. Әкімшілік актілерге ресми түсіндірме береді:


A) Актілерді қабылдаған органдар немесе лауазымды тұлғалар
B) Үкімет
C) Әділет министрлігі
D) Конституциялық кеңес
E) Егемен Қазақстан газеті
ANSWER: A

138. Әр түрлі деңгейдегі нормативтік құқықтық актілердің құқық нормаларында қайшылықтар болған жағдайда, мына нормалар қолданылады:


A) жоғары деңгейдегі актінің
B) Кейінірек қабылданған актінің
C) Жалпылама актінің
D) Арнайы актінің
E) Кез-келген актінің
ANSWER: A

139. Міндетті түрде жариялауға жатады:


A) Кез келген нормативтік құқықтық актілер
B) Парламенттің, Президенттің және Үкіметтің нормативтік құқықтық актілері
C) Кәсіпкерлік қызметтің мәселелеріне қатысты нормативтік құқықтық актілер
D) Азаматтардың құқықтарына, бостандықтары мен міндеттеріне қатысты нормативтік құқықтық актілер
E) Заңды тұлғалаларға қатысты актілер
ANSWER: D

140. Мына төмендегі органдардың қайсысы Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы істерді қарайды:


A) Әкім
B) Маслихат
C) Прокурор
D) Кәмелетке толмағандардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссия
E) Cанитарлы-эпидемиологиялық қызмет
ANSWER: D

141. Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы хаттаманы толтыру мақсатында құқық бұзушыға мына әкімшілік мәжбүрлеу шаралардың қайсысы қолданылады:


A) Әкімшілік үстау
B) Мәжбүрлеп емдеу
C) Жол жүру ережесін білуін тексеру
D) Заттарын және құжаттарын тарклеу
E) Әкімшілік камау
ANSWER: A

142. Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы істер қаралады:


A) Тек жасалған орнында ғана қаралады
B) Жасалған орнында, және де көлік құралдарын тіркеуге алған орны бойынша немесе құқық бұзушының тұрғылықты жері бойынша қаралады
C) Тек құқық бұзушының тұрғылықты жері бойынша қаралады
D) Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы хаттаманы толтырған жері бойынша
E) Тек әкімшілік құқық бұзушылық кодексте қарастырылады
ANSWER: B

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет