Кредит көлемі - 3 (2+1+0), ECTS – 5 кредит
Пререквизит – Кәсіпорын экономикасы
Постреквизит - жоқ
Оқытудың мақсаты: Ұйымдастырушылық тәртіп саласында студенттердің кәсіби дағдылары мен білімдерін қалыптастыру.
Қысқаша мазмұны: Ұйымдастырушылық тәртіп пәні және мақсаттары. Ресурстартарға кеткен шығындар есебінің экономика сұрақтары, өндірістік техника және технологияны кеңінен қолдану, бизнес-жоспар құрастыру, маркетингті қолдану, ұйымдағы тәртіптің басқару мен тәжірибесін тиімді қолдану, ұжымды ұйымдастырушылық басқарудың теориясы және тәжірибесімен, ұйымдастырушылық теория сұрақтарымен танысу. Тиімді команданың дамуы мен қалыптастыру процесі, ұйымдағы жетекшілікті дамыту және тиімді басқару. Ол басқарушылық қызметтің көптеген әлеуметтік-психологиялық жақтарын ашып және ұйымдастырушылық тәртіп негізін игеруге көмек көрсетеді.
Күтілетін нәтижелер:
Білімі: Әртүрлі деңгейдегі ұйымдарда ұйымдастырудың теориясы мен қазіргі кездегі тұжырымдасын, қызметкерлердің қызметінің ұйымдастырылуының әртүрлі нысандарының артықшылықтары мен кемшіліктерін, командалық жұмысты ұйымдастыру тетігі мен ұйымдастырушылық құрылымын үйрену.
Икемділік: Ұйымдастырушылық тәртіпті басқару ерекшеліктерін және ұйымның өмірлік цикл кезеңін анықтай білу, жетекшілік стилінің әртүрлі типтерін қолдану.
Дағды: Тиімді басқару мен жетекшілік және менеджменттің ұйымдастырушылық-басқарушылық моделін құрастыру әдістемесін бойынша дағдылану.
Құзіреттілігі: Команда және топта жұмысты ұйымдастыру негізін; ұйымдағы өмірлік цикл моделін білу; алған білімін ұйымды тиімді басқару саласында қолдану.
Бағдарлама жетекшісі: аға оқытушы Омарбаева С.Т.
21
|
KMt 0221
| Коммерциялық менеджмент
Кредит көлемі - 3 (2+1+0), ECTS – 5 кредит
Пререквизит – Менеджмент
Постреквизит – жоқ
Оқытудың мақсаты: Материалдық сферадағы коммерциялық қызметтің басқару әдістері және функцияларын теориялық және тәжірибелік сұрақтарын қалыптастыру.
Қысқаша мазмұны: Экономикалық басқарудағы кәсіпкерлік қызмет. Кәсіпорындағы коммерциялық менеджмент маңызы және негізі. Басқару жүйесі және бизнес жүйесі. Операцияларды басқарудың жүйелік бағыты. Кәсіпкерлік қызметтегі коммерциялық менеджмент тиімділігі.
Күтілетін нәтижелер:
Білімі: Коммерциялық менеджментті қарастыратын анықтамалық - терминологиялық аппаратын; өнеркәсіптік кәсіпорындағы коммерциялық қызмет маңызын, коммерциялық қызметтің негізгі қағидаларын; халықаралық коммерциялық операцияларды жүзеге асыру техникасы және коммерциялық-делдалдық қызмет тұжырымдамасын білу қажет.
Икемділік: Коммерциялық қызметке, қаржылық нәтижелерге талдау жасау, коммерциялық тәуекелділікті анықтау мақсатымен әріптестік байланыс тиімділігін үйрену.
Дағды: Өнімді тиәмді өткізу, кәсіпорынды материалдық ресурстармен қамтуды жоспарлау, коммерциялық операциялар тиімділігіне баға беруге дағдылану.
Құзіреттілігі: Негізгі коммерциялық мәміле және операцияларды бір жүйеге қалыптастыру, оларды басқару тетігін, коммерциялық кәсіпкерлік мақмұнын білу.
Бағдарлама жетекшісі: аға оқытушы Зейнуллина А.Ж.
|
22
|
APB 0222
| Әлеуметтік процесті басқару
Кредит көлемі - 3 (2+1+0), ECTS – 5 кредит
Пререквизит – Менеджмент
Постреквизит – жоқ
Оқытудың мақсаты: Әлеуметтік сфераны басқару саласындағы студенттердің кәсіби дағдысы мен білімін қалыптастыру.
Қысқаша мазмұны: Қазіргі кезде мемлекет әлеуметтік сфераға көп көңіл аударады. Әлеуметтік процесті басқару пәні, мақсаты және міндеттері. Әлеуметтік процессті басқару және реттеу маңыздылығы. Әлеуметтік процесті басқару түрлері, әдістері және қағидалары. Шетел тәжірибесі.
Күтілетін нәтижелер:
Білімі: Қоғамдық процестердің қалыптасуын және қоғамдағы негізгі заңнамалардың дамуын; әлеуметтік басқарудың қағидалары мен әдістерін; әлеуметтік басқарудың ақпартпен қамтылуын негізін игеру.
Икемділік: Басқару саласының маманы ретінде өзінің білімін көрсету, қазіргі жағдайда оны тиімді бағалай білу.
Дағды: Басқару дағдаларын, жоспарлау, әлеуметтік процесті моделдеу және басқару, қоғамдық істерді басқарудағы модельдеу және нормативтік реттеу бойынша дағдылану.
Құзіреттілігі: Қоғамда болып жатқан әлеуметтік процестер мен экономикалық жағдайға талдау, қоғамдағы қоғамдық процестер саласындағы классификациясын, әлеуметтік ресурстар және технологиялар, басқару типінің әлеуметтік жетекшілік етуін білу.
Бағдарлама жетекшісі: аға оқытушы Кузьмина Л.В.
|
23
|
KMg 0223
|
Коммерциялық маркетинг
Кредит көлемі - 3 (2+1+0), ECTS – 5 кредит
Пререквизит - Маркетинг
Постреквизит – жоқ
Оқытудың мақсаты: Маркетингтің негізгі категориялары мен анықтамасын, маркетингтік зерттеудің құрастырушыларын, маркетингтік орта, тауар және қызмет көрсету нарығындағы тұтынушылық тәртіп негізі, нарықтағы тауарды орналастыру және сегменттеу, тауарлық саясат, баға жасау және баға саясаты, тауар қозғалысы жүйесі, маркетингті басқару және бақылауды игеру.
Қысқаша мазмұны: Коммерциялық маркетингтің теориялық негізі. Коммерциялық маркетинг кешеніндегі тауар және тауар саясаты. Жаңа тауарды жасау процесі. Баға жасау, баға саясаты және өткізуді болжау. Коммерциялық делдалдармен жұмым істеу және тауарды бөлу. Бөлшек сауданы қалыптастыру. Тауарды өткізі әдістері. Нарықта тауарды жылжыту және өткізу қызметін ұйымдастыру. Коммерциялық маркетинг жүйесіндегі қойма шаруашылығы маңызы.
Күтілетін нәтижелер:
Білімі: ҚР нарықтық экономикасындағы маркетинг рөлін білу
Икемділік: Нарықтың экономикалық конъюнктурасын талдай білу.
Дағды: Нарықты зерттеу саласындағы қызметтерін дағдылану.
Құзіреттілігі: Маркетингтің негізгі құралдарын қолдану және нарықты маркетингтік зерттеу.
Бағдарлама жетекшісі: доцент міндетін атқарушы Кушуков Г.С.
|
24
|
OS 0224
|
Өнеркәсіп статистикасы
Кредит көлемі - 3 (2+1+0), ECTS – 5 кредит
Пререквизит: 31 кредит
Постреквизит: жоқ
Оқытудың мақсаты:
Қысқаша мазмұны: Өнеркәсіп статистиканың нарықтық қатынаста-рының дамуы, меншік формаларының әр түрінің пайда болуы, өнеркәсіп статистикадағы макроәкономикалық көрсеткіштерді талдау, сапалы бағалау. Өнеркәсіп статистиканың ғылымдық негізі. Өнім статистикасы және еңбек статистикасыы. Өнеркәсіп статистикасының мәні мен мақсаты. Негізгі капитал статистикасы. Құрал-жабдықтар мен техникалық прогресс статистикасы. Қайтарым капиталы және еңбек құралы статистикасы.
Күтілетін нәтижелер:
Білімі: Өнеркәсіп статистиканың, Қазақстан Ұлттық статистикалық агенттігінің құрылымы мен мазмұнын білу және статистикалық көрсеткіштерді сапалы талдау.
Икемділік: Көрнекі және мәтіндік режимде статистикалық зерттеу нәтижелерін көрсету үшін өнеркәсіп облысында статистикалық ақпараттарды өз бетімен жинай,өңдей және талдай алу керек.
Дағды: Өнеркәсіп статистиканың объектісін анықтау, есебін жүргізу және ұйымдастыру тәртібін білу, статистикалық құжаттарды дұрыс толтыру.
Құзіреттілігі: Алған теориялық және тәжірибелік білімін, іскерлігін, дағдыларын өндірістік, ғылыми зерттеу және оқу педагогикалық қызметте қолдану
Бағдарлама жетекшісі: Шәкәрім атындағы Семей университетінің доценті Табулдина А.М.
|
25
|
KKE 0225
|
Кәсіпорындағы қаржылық есептілік
Кредит көлемі - 3 (2+1+0), ECTS – 5 кредит
Пререквизит: Бухгалтерлік есеп
Постреквизит: жоқ
Оқытудың мақсаты: Қаржылық есептілік концепцияларын менгеру және құрудың принциптері; бухгалтерлік баланстың құрылымын және мазмұнын зерттеу, қаржылық есептіліктің құрастырылуы және өткізілуі; қаржылық есептілік элементтер есебін оқыту: қысқа және ұзақ мерзімді, ұйымдардың капиталы мен міндеттемелерін; кірістер мен шығыстардың есебін менгеру, жәнеде қаржылық нәтижелерді анықтау.
Қықаша мазмұны: Есептілік, көрсеткіштердің жуйесі болғандық-тан,ол ұйымдардың шаруашылық қызметінің нәтижесі, олардың қаржылық және мүліктік нәтижелері. Қаржылық есептіліктің сапалы сипаттамасы.Мойындау және өлшеу критерилары. Бухгалтерлік баланстың, құрылымы және мазмұны.Бухгалтерлік тендеудің негізі. Шаруашылық операцияларының бухгалтерлік балансқа әсері. Кіріс және зиян есебі, оның мазмұны және құрылымы. Ақшалай қаржылар қозғалысының есебі: тікелей және жанама құрылу әдістері. Капиталдың өзгеруі бойынша есебі, оның мазмұны және құрылымы. Есеп саясатының құрылуы, оның мәні және мазмұны. Түсініктеме хаттың мазмұны. Консолидировтік баланстың құрастырылуы, және кіріс пен зиянның есебі.
Күтілетін нәтижелер:
Білімі: Қаржылық есептіліктін қүрастыруы бойынша негізгі принцип-тері мен әдістерін біледі.
Икемділік: Қаржылық есептіліктін қүрастыруы бойынша өздігімен әдістерін шеше біледі.
Дағды: Қаржылық есептіліктін қүрастыруы бойынша және тәжірибелік білімінде қолдана өздігімен әдістерін шеше біледі.
Құзіреттілігі: Бухгалтерлік балансты өз еркімен құрастыра алады, кіріс пен зиян есебін, ақшалай қаржылар қозғалысы бойынша есебін, меншікті капитал өзгерісінің есебі, есептік саясатын және түсініктеме хатты.
Бағдарламаның жетекшісі: аға оқытушы Дауленбаева М.Д.
|
26
|
BA 0226
|
Банктік аудит
Кредит көлемі - 3 (2+1+0), ECTS – 5 кредит
Пререквизит: 65 кредит
Постреквизит: жоқ
Оқытудың мақсаты: Банктік аудит бойынша теориялық негіздерді оқыту.
Қысқаша мазмұны: Банктік аудиттің мәні. Коммерциялық банктыі жарғылық қордының қалыптасуының дұрыстығын тексеру. Коммер-циялық банктердегі бухгалтерлік есептің қойылымының аудиті. Есеп айырысу операцияларының аудиті. Кассаның және кассалық операциялардың аудиторлық тексеруі. Коммерциялық банктердің активті операцияларының аудиторлық тексеру. Коммерциялық банктердегі бағалы қағаздардың операциясының аудиті. Коммерциялық банктердің табысытарын және кіріс пен шығысының аудиті. Банктегі салық салудың аудиті. Коммерциялық банктің балансын аудиторлық тексеру.
Күтілетін нәтижелер:
Білімі: Коммерциялық банктің жарғылық қордың қалыптасуын қалай тексеруді, банктегі салық салуды тексеруді және коммерциялық банктің балансының өтімділігін тексеруді біледі.
Икемділік: Банктерді тексеру бойынша нақты тапсырмаларды қоя алады және шеше алады, банктік аудитті аудиторлық тексеру әдістерін пайдалана алады.
Дағды: Аудитті жүргізу әдісі бойынша дағдысы болады.
Құзіреттілігі: Банктік аудит облысындағы базалық білімін,тәжірибе бойынша білімін қолдануқабілеттілігін, аудитті тиімді жүргізу бойынша дағдысын жариялайды.
Бағдарлама жетекшісі : Байдаирова К.Б.
|
27
|
ShKBE 0227
|
Шағын кәсіпорындардағы бухгалтерлік есеп
Кредит көлемі - 3 (2+1+0), ECTS – 5 кредит
Пререквизит – 65 кредит
Постреквизит – жоқ
Оқытудың мақсаты: Шағын кәсіпорындардағы бухгалтерлік шоттар мен бухгалтерлік балансты студенттерге меңгертіп, банктің мүлкі мен олардың қайнар көздерінің есебін жүргізуді оқытып, қорытынды есеп жасауды, яғни қаржылық есеп беруді жасауды үйрету.
Қысқаша мазмұны: Шағын кәсіпорындардағы бухгалтерлік есеп жүйесінің негізгі қағидаларын, әдістері мен есептің негізгі анықтамаларын қарастырады. Бухгалтерлік шоттар, бухгалтерлік баланс және оның құрамының сұрақтарын және есеп стандарттарын, құжат айналымының ұйымдастырылуын қарастырып, шағын кәсіпорындардағы қаржылық қорытынды есептілікті жасауды оқытады. Негізгі нормативтік құжаттар. Шағын кәсіпорын категориясын ұйымдастыруға жататын критерилер. Шағын кәсіпорындағы бухгалтерлік есеп ерекшеліктері. Шағын кәсіпорындағы есеп және есеп берушілік бойынша салық салудың жеңілдетілген жүйесі.
Күтілетін нәтижелер:
Білімі: Шағын кәсіпорындарда есепті жүргізудің негізгі қағидалары мен жүргізу әдістерін, тәртібін үйренеді.
Икемділік: Шағын кәсіпорындарда бухгалтерлік есепті және есептілікті құруды өз бетінше жүргізе алады.
Дағды: Шағын кәсіпорындарда бухгалтерлік есепті жүргізу бойынша сұрақтарды өз бетінше шешуге дағдыланады.
Құзіреттілігі: Шағын кәсіпорындарда бухгалтерлік алғашқы құжаттарын рәсімдеу, есептік регистрларды толтыру, сонымен қатар қаржылық есептілікті құру бойынша базалық білімін көрсетеді.
Бағдарлама жетекшісі: Ахунова Д.З.
|
28
|
BEK 0228
|
Бухгалтерлік есепті компьютерлендіру
Кредит көлемі - 3 (2+1+0), ECTS – 5 кредит
Пререквизит: 65 кредит
Постреквизит: жоқ
Оқытудың мақсаты: 1-С бухгалтерия бағдарламасының жүйесінің жұмысының негізгі компонентке негізделіп жасалған түрлерін үйрету, студенттерді бухгалтерлік есептің түрлі бөлімдерінде компьютерді қолдану мүмкіндіктерімен таныстыру.
Қысқаша мазмұны: «1С:Бухгалтерия пакет жұмысының жалпы қағидалары мен құрылымы. Бағдарламаны қосу. Конфигурация құрылымы: шоттар жоспары, құжаттар, анықтамалықтар, журналы. Операцияларды тіркеу тәсілдері. Жұмыс датасын бекіту. Объектілерді өшіру. Операциялар журналы. Есеп берулер. Константтар. Анықтамалықтарды толтыру. Көп деңгейлі анықтамалықтар. Алғашқы қалдықтарды енгізу және оларды тексеру. Есепті тұлғалармен есеп айырысу есебі. Материалдық құндылықтар есебі. Жабдықтаушылармен және мердігерлермен есеп айырысу есебі. Кассалық операциялар есебі. Енбекке ақы төлеу бойынша есеп айырысу есебі. Ұзақ мерзімді активтер есебі. Дайын өнім және негізгі өндіріс. Есеп айырысу есебі.
Күтілетін нәтижелер:
Білімі: 1С бухгалтерия пакет жұмысының жалпы қағидалары мен құрылымын меңгеру.
Икемділік: Операциялар тіркеу тәсілдерін, анықтамаларды толтыру және әр шаруашылық операция бойынша құжаттарды толтыруды үйрену.
Бағдарлама жетекшісі: Дүйскенова Р.Ж.
|
29
|
UShZh 0229
|
Ұлттық шоттар жүйесі
Несие көлемі-3 (2+1+0)
Пререквизит – 101 кредит
Постреквизит – жоқ
Оқытудың мақсаты: Студенттерге ғылыми пән ретінде статистиканың мазмұны туралы, оның негізгі түсініктерімен, маңызды статистикалық талдамалық көрсеткіштерді есептеу әдістері мен әдістемелерін оқыту.
Қысқаша мазмұны: «ҰШЖ» пәнін оқытудың негізі болып елдің бүтіндей экономикасы және экономика саласының әртүрлі бөлімдері сонымен қатар сыртқы экономикалық байланыс болып табылады. «ҰШЖ» пәнінің мақсаты өндірістің экономикалық операциялардың сандық сипатын және өнімдерінің көрсеткен қызметінің, табысының пайда болуын, бөлінуін, пайдалануылын зерттейді.
Күтілетін нәтижелер:
Білімі:
- ҰШЖ-дегі қолданылатын категориялар мен экономикалық көрсеткіштерді білу, ҰШЖ-дегі қолданылатын топтаулар мен классификацияларды білу.
- ҰШЖ-дегі қолданылатын баға түрлерін қарастыру;
- Ұлттық шоттардың байланысын , мазмұның түсіну, меңгеру;
- ҰШЖ концепциясындағы салааралық баланстың құрылу әдісін меңгеру;
- Әрбір шоттың құрылу әдісімен мазмұның қарастыру;
- Басқару шешімдерін уақытында қабылдау үшін макроэкономикалық көрсеткіштерірді қорытындылай білуді меңгеру.
Икемділік: Нарықтық экономикада пайдаланылатын топтаулар мен классификацияларды қолдана білу; ұлттық шоттардың макроэкономикалық көрсеткіштерінің нәтижесінде экономиканың жағдайын бағалай білу; экономиканы кешінді талдау мақсатында өндірістің тиімділігін арттырудың қорларын табу үшін статистикалық стандарттарды құрастыра білу; экономиканың дамуын болжау әдістері мен теориясын меңгеру; экономиканың және оның салаларының секторларының даму нәтижесін бағалай білу; экономикадағы табыстың пайда болу бөліну, пайдалану процессін зерттеу білу; сыртқы экономикалық байланысты талдай білу.
Дағды: ҰШЖ бойынша балансын құру дағдасанаң болуы.
Құзіреттілігі: Салааралық баланс аралығындағы білімін көрсету
Бағдарлама жетекшісі: аға оқытушы Байдаирова К.Б.
|
30
|
NI 0230
|
Несие ісі
Кредит көлемі - 3 (2+1+0), ECTS – 5 кредит
Пререквизит – 65 кредит
Постреквизит – жоқ
Оқытудың мақсаты: Несиелік саясаттың қалыптасу мәселелері. Несиелік келісім шартқа отыру және оның пайдалануын бақылау. Несиенің қайтымдылығын қамтамасыз ету. Кредитор банкті соттық, азаматтық-құқықтық және қылмыстық қорғау аспектілері. ҚР ақша- несие жүйесін жетілдіру жолдары.
Қысқаша мазмұны: Қазақстан Республикасында несие ісін қалыптастыру және дамыту. Ұлттық банкті қалыптастыру. Қазақстан Республикасында екі деңгейлі банк жүйесі. Арнайы қалыптасқан несие-қаржылық банк жүйесі (квазибанктер) олардың түрлері және спецификалық қызметі. Қазіргі кезеңдегі ҚР ақша-несие саясаты. Қазақстан Республикасының банктерінің пассивті операциялары. Қазақстан Республикасының банктерінің активті операциялары. Банк қызметтерінің түрлері. Қысқа мерзімді несиелендіруді ұйымдастыру. Нарықтық қатынастар жағдайындағы ссуда алушының несие қаблеттілігі несиені басқару ретінде.
Күтілетін нәтижелер:
Білімі: Коммерциялық банктерде несиелік, депозиттік, және басқа да жүргізілетін операциялардың теориялық негіздерін білу, сонымен қатар заңдық және номативтік құжаттарды білу, Қазақстан Республикасының территориясында банктік операцияларды жүргізудің механизімдерін игере білу және тәжірибенің болуы.
Икемділік: Әр түрдегі қаржы-экономикалық міндеттерді шешу барысындағы аналитикалық ойлауды дамыту, несие ісі аясындағы кәсіби қызығушылықты ояту.
Дағды: Икемді, тиімді несиелік жүиені құру кезіндегі әр түрдегі қаржы-экономикалық міндеттерді шешу барысында аналитикалық ойлау дағдысының болуы.
Құзіреттілігі: Несие ісі аясындағы базалық білімді көрсету, ерікті экономикалық ойлау және талдау дағдысын игеру; теорияда алған білімін практикада қолдана білу ептілігі, сапалы шешімдерді қабылдау бойынша шараларды ойластыру ептілігі.
Бағдарлама жетекшісі: аға оқытушы Есенгельдинова С.Ж.
|
31
|
Mik (1203) 0231
|
Микроэкономика
Кредит көлемі - 2 (1+1+0), ECTS – 3 кредит.
Пререквизиттер: Философия (таным әдістері), экономикалық теория.
Постреквизиттер: Макроэкономика.
Зерттеу мақсаты: «Микроэкономика» - нарықтық экономика жағдайында студенттерге ғылыми экономикалық танымдылықты, шаруашылық субъектілердің заңдылығы мен экономикалық жағдайларын талдай алуды қалыптастыру.
Қысқаша мазмұны: Бұл курста нарықтық экономиканың объектісі мен суюъектісі, нарықтың типтері мен түрлері, олардың негізгі элементтері, қызмет ету механизмі, өндіріс факторлары үшін сыйақылардың нысаны, кәсіпкерлік қызмет және пайдасы зерттеледі.
Зерттеуде күтілетін нәтижелер:
Білім: Қазіргі экономиканың тұжырымдамалары мен моделдерін теориялық меңгеру. Экономиканың субъектілер қызметінің заңдылығы мен ынталарын, нақты тауарлар мен ресурстар жағдайын, шығарылған өнім көлемі мен баға деңгейі қозғалысын талдауда тәжірибелік дағдыда пайдалану, сондай-ақ микроэкономикалық деңгейде (үй шаруашылығы, фирма, салалық нарық) мәселелі жағдайды шешу.
Істей алу: Тәжірибелік мысалдарды пайдаланып негізгі микроэкономикалық жаттығулар мен есептерді шешу.
Дағды: Өз бетінше микроэкономикалық ойлау мен талдау дағдысына ие болу.
Құзыреттілігі: Кәсіпорын экономикасының қазіргі жағдайына негізгі болжамды моделін құру.
Бағдарлама жетекші: э.ғ.к., доцент м.а. Б.Қуантқан
|
32
|
KE (3212) 0232
| |
Достарыңызбен бөлісу: |